Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен микробиология 2015 ОМ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
267.78 Кб
Скачать

«Аэробтардың таза дақылын бөлу (зерттеудің 1-2 күндері)»

Шаг 1

Бірінші күн: Бактериялық ілмекті жалынның үстінде стерилдеу, салқындату, тексеру материалы бар пробиркаға еңгізіп, ілмектің ұшын материалға тигізу

Шаг 2

Сол қолмен Петри табағы шетін көтеріп бактериялық ілмекті ішіне енгізеді

Шаг 3

Қоректік ортаның бір шетіне ілмекпен бірнеше штрих жасайды

Шаг 4

Бактериялық ілмекті көтеріп материалды параллелді штрих түрінде табақтың бір шетінен екінші шетіне дейін 5-6 мм аралықта себеді

Шаг 5

Жалынның үстінде бактериялық ілмекті стерилдеу, штативке қою. Себілген материалды термостатта температурасы 37°С - 18-24 сағат инкубация жасайды.

Шаг 6

Екінші күн: Өскен колониялардың дақылдық белгілерін талдау: колонияларға сипаттама беру

Шаг 7

Морфологиялық белгілерін зерттеу. Бактериялық ілмекті жалынның үстінде стерилдеу, салқындатып алған соң колонияның жартысынан бекітілген жағынды-препарат дайындалынады, Грам әдісімен бояу, микроскоптан қарау, морфологиясын және тинкториалдық қасиеттерін анықтайды.

Шаг 8

Таза дақыл бөлу үшін – Бактериялық ілмекті жалынның үстінде стерилдеу, салқындату, күдікті колонияның екінші жартысын ілмекпен алып қиғаш агарға себеді.

Шаг 9

Жалынның үстінде бактериялық ілмекті стерилдеу, штативке қою.

Шаг 10

Себіндіні термостатта 370С температурада - 18 – 24 сағат инкубациялайды.

«Аэробтардың таза дақылын бөлу (зерттеудің 3-4 күндері)»

Шаг 1

Үшінші күні. Қиғаш агарда дақылдың тазалығын тексеру: бекітілген жағынды-препарат дайындап, Грам әдісімен бояу, микроскоптан қарау, микроорганизмнің морфологиясын және тинкториалдық қасиеттерін анықтау.

Шаг 2

Биохимиялық белгілерін зерттеу: идентификациясы үшін тесттерді таңдау, осы тесттерді қою.

Шаг 3

Бөлінген таза дақылдың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау тестің қою

Шаг 4

Төртінші күн. Бөлінген дақылды идентификациялау: қойған тесттер қорытындысын есептеу.

Шаг 5

Бөлінген таза дақылдың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау тестің қорытындылау

Шаг 6

Қорытындысы. Бактериологиялық зерттеу нәтижесін арнайы құжат-бланкасын толтыру және антибиотикограмма қорытындыларын толтыру.

«Анаэробтардың таза дақылын бөлу (зерттеудің 1-2 күндері)»

Шаг 1

Бірінші күн. Китта-Тарроци ортасы бар пробирканы ыстық сулы моншада 10-20 мин қыздырады, 30-370С температураға дейін салқындатады.

Шаг 2

Бактериялық ілмекті жалынның үстінде стерилдеу

Шаг 3

Стерилді бактериалық ілмекпен тексеру материалынан тамшы алынады.

Шаг 4

Тексеру тамшысын Китта-Тароцци ортасы пробиркаға еңгізеді.

Шаг 5

Екінші күн. Себінділерді тексереді, орта лайланып бактериялар түбінен бастап өссе және газ бөлінуі байқалған болса, одан жағынды-препарат дайындалынады.

Шаг 6

Жағынды препаратты Грам әдісімен бояу, микроскоптан қарау. Қорытындысы: жағындыда ірі спорасы бар грамоң таяқшалар.

Шаг 7

Китта-Тароцци ортасынан материалды қанды қантты агарға, пробиркадағы ұзын қантты агарға, темір-сульфитті агарға (Вильсон-Блер ортасы) егеді.

Шаг 8

Анаэробтық жағдайда инкубация жасайды: СО2 инкубаторда, эксикаторда немесе анаэростатта температурасы 370С - 24-48 сағатта.