- •2)Сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастырудыңміндеттері және олардың педагогикалық ерекшеліктері.
- •2) Мұғалімнің сабақты өткізуге даярлану кезеңдері
- •5 Билет
- •2)Оқушылардың білімдерін, ептіліктерін дағдыларын даярлау принцпі
- •2)Кәсіпке оқытудың әдістері. Оларды классификациялау. Репрудиктивті және проблемалық ізденс әдістері
- •Отбасы тәрбиесі туралы а.С Макаренконын в,а. Сухомлинскийдің а. Құнанбаевтің педагогикалық идеялары.
2)Кәсіпке оқытудың әдістері. Оларды классификациялау. Репрудиктивті және проблемалық ізденс әдістері
Кәсіптік оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары. Жалпытехникалық және арнайы пәндер бойынша оқу сабақтарын ұйымдастырудың негізгі формалары. Оқытудың сабақтағы, сабақтан тысғ сыныптан тыс және мектептен тыс формалары. Сабақ – мектеп шеберханаларындағы оқушылар еңбегін ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқушылардың оқу еңбектерін ұйымдастырудың формалары: фронтальды, топтық және т.б. Кәсіптік оқыту әдістері. Кәсіпке оқытудың әдістері мен құралдары. Әдістерді классификациялау. Оларды сабақта тиімді пайдалану. Оқу әдістері. Оқыту әдістері. Оқытудың белсенді және интерактивті әдістері. Проблемалық оқыту. Түсіндіру-иллюстративті әдістер: пікір алысу, әңгіме, түсіндіру, лекция, әдебиетпен жұмыс т.б. Демонстрациялау әдістері. Практикалық әдістер. Жаттығу – іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың негізгі әдісі. Жаттығу түрлері. Оларға қойылатын талаптар. Жаттығуды ұйымдастыру және өткізу әдістері. Нұсқаулар, олардың түрлері. Кіріспе нұсқау және ағымдағы нұсқау. Кәсіптік оқытудың оқу-материалдық базасы. Оқу бөлмелеріне, оларды жабдықтауға және безендіруге, оқушылардың жұмыс орындарына қойылатын эргономикалық және психологиялық-педагогикалық талаптар.
№7 билет
Отбасы тәрбиесі туралы а.С Макаренконын в,а. Сухомлинскийдің а. Құнанбаевтің педагогикалық идеялары.
С. Макаренконың «Балаға берілген дұрыс тәрбие - бұл бақытты қарттық, ал нашар тәрбие - біздің болашақтағы сорымыз, біздің көз жасымыз» деген ұлағатты сөзі.Абай. Қара сөздер: Абайдың жетінші сөзінде бала туралы, ақыл үйрену мен насихат тыңдау мәселелері сөз болады. «Жас бала – анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары… Біреуі білсем…көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген». Осы Абай айтқан екі мінезден автордың өзіне екіншісі ұнап тұрғанын, жүрегіне жақын қонымдысы да сол екенінде дау жоқ. Абай осы екінші мінезділерді тыңдайды, оларды ұнатады.
Оқу шеберханалары. Оларға қйылатын талаптар. Жұмыс орынаа қойылатын талаптар
№8 билет
Жеке тұлғаның ақыл ой мәдниетін қалыптастыру
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ", "Ақылды сатып ала алмайсың", "Ақыл — тозбас киім, білім — сарқылмас булақ" деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады. Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес. Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі — адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері. Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері, олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі. Сондықтан біз жеке-жеке ойлаудың түрлеріне тоқталамыз. Бірақ кейбіреулерін кейінірек атап кеткен жөн. Жалпы айтқанда ойлау дегеніміз не? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау таным іс-әрекетіндегі күрделі процесс. Ал таным — бұл әржақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалы
сының адам миында бейнеленуі.
Тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың міндеттері мазмұны құралдары
Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен өсемдікті дұрыс қабылдасауды және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізгі компонентері: • Эстетикалық қабылдау. • Эстетикалық сезім. • Эстетикалық талғам.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - оқушының бойында көркем-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіру болып табыладЭстетикалық тәрбиенің міндеттері: • Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту. • Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру. • Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдасауды тәрбиелеу. • Оқушыларды әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбиенің міндеттері. Педагогика эстетикалық тәрбиені өмірдегі және өнердегі әсемдікті қабылдау, сезіну, түсіну қабілеттерін дамыту ретінде әсемдік заңы бойынша қоршаған дүниені жасауда өзі ұмтылуға тәрбиелеу, көркем іс-әрекетке араласу және шығармашылық қабілеттерді дамыту ретінде анықтап береді. Эстетикалық тәрбиеде өнерге ерекше роль беріледі. Ол толғанта, қуанта отырып, балалар алдында өмір құбылыстарының мәнін оларды қоршаған дүниеге үңіле қарауға мәжбүр етеді, әсер ықпалын бастан кешіруге, зұлымдықтан жиренуге итермелейді. Баланы адам қарым-қатынасындағы жақсылық пен зұлымдықты ажырата білуге, формалар, сызықтар, үндер, бояулар әдемілігін қабылдауға үйрету дегеніміз оның жанын жақсартып, тазартып, мазмұндандыра түсу деген сөз. Психологтар мен педагогтардың бірлесіп атқарған зерттеулері соңғы жылдары балалардың ақыл-ой және эстетикалық іс-әрекеті адамгершілік қасиеттерінің деңгейі неғұрлым жоғарылағанын көрсетті.
№9 билет
Білім беру жөніндегі негізгі мемлекеттік құжатар «білім туралы» Заң, білім беру мемлекеттік стандартты 2011-2020ж.ж арналған ҚР білім беру дамуының Мемлекеттік бағдарламасы.
Бағдарламаның Паспорты" деген бөлімде: бағдарламалық мақсаттарда: бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы көрсетілетін қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыру;"; міндеттерінде: алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: "2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету;"; жетінші абзац алып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "балаларды мектепке даярлау үшін олардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету; республикадағы демографиялық жағдайды және халықтың білім алуға деген қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін ұлғайту; мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы проблемаларын шешу үшін қажетті қаржылық-экономикалық жағдайлар жасау; мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді жүзеге асыру және олардың біліктілігін тұрақты түрде арттыру; инклюзивті білім беруді дамыту (мектепке дейінгі ұйымдарды пандустармен, кіреберістермен, көтергіштермен, лифтілермен және т.б. жарақтандыру); оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын енгізу есебінен тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту;"; нысаналы индикаторларда: "3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етілген;" деген алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: "2020 жылы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтамасыз етілетін болады;";
№10 билет
Тәрбиенің мақсаты , міндеті мазмұны және олардың өзара байланысы
Тәрбиенің негізгі мақсаты- жеке адамды қалыптастыру және оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Осы тұрғыдан санағанда тәрбие мәңгілік болып табылады. Ол адамзат қоғамының пайда болуымен қатар жарық көрді және оның дамуының барлық кезеңдерінде өмір сүреді. Ата-аналар балаларға, ересектер кішілерге, тәжірибелілер тәжірибесі аздарға өз тәжірибесін береді. Іс-әрекет, еңбек, тәртіп, өздерін қоршағандар мен қарым-қатынас, табиғатпен өзара әрекет нәтижесінде адамдар қоғамдық нақты өмір салтын қабылдайды. Адамзат қоғамының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Әрбір қоғамдағы мемлекет өз мүмкіндігіне орай саяси-экономикалық күш-қуатын, саяси даму сатыларын өткеріп, жүргізіп келеді. Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты-әрбір тұлғаны жан-жақты жарасымды етіп тәрбиелеу, яғни үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру. Мақсат - бұл да бейне, бірақ онан келетін қанағаттану тек ішкі қабылдаудан емес, сол бейнені іс-әрекетке қосып шындыққа айналдырудан. Бұл бейне субьект белсенді әрекетке бағыттайды, ықпал жасайды. Туындап отырып, мақсат ойға алған, көздеген нәтижеге жетпей, өз қанағатын таппайды. Арман субьекттің енжарлығынан келіп шығады, әрекетсіздікке байланысты, ал мақсат- іс-әрекет, белсенді қызметтің бастау көзі. Міндет - бұл мақсатқа жету жолдарындағы бір саты, орындалуы қажет нәтиженің бір бөлігі, осы бөлік өзінің іс-әрекеттік бітімін таппаса, жалпы нәтиже де жоқ. Мақсат, міндеттің орындалуы туралы сөз ететін болсақ. Мақсаттың ұмыт болуы-жалпы стратегиялық бағыттың жойылуына әкеліп соғады, ендеше, міндеттер де тактикалық бағдар ретінде өз маңызын жояды. Мысалы, бағбан адамдарға лаззат берер бақ бергісі келді, бірақ нақты істерді (міндеттерді) орындау күйбелеңімен жүріп, тиісті орынға гүл егуді ұмытты, соның салдарынан бақ, лаззат беру сипатынан айырылды, яғни негізгі мақсат іске аспады, сонымен атқарылған міндеттер ( атызды дайындау, суару, күтім жасау-бәрі де) босқа кетті. Егер тәрбие мақсатының жалпылығы сақталса, онда педагогтің қадам сайын алға қойып, әр сәт сайын шешіп отыратын әрекеттің бәрі-міндеттер болып табылады. Тәрбиенің міндеттеріне: 1.Тәрбиелік жетістіктердің ұлттық тәрбиеге негізделген әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың ұлттық сана сезімін, имандылық қадір-қасиеттерін қалыптастыру. 2.Оқушыларды білімге, ғылымға деген ынталарын арттыру, ақыл-ой қабілеттерін, дүниетанымдық көзқарастырын қалыптастырып, білімнің барлық саласын игеруге, тәрбие жүйесінің талабына сай, қоғамдық мәдени іс-шараларға араластыру. 3.Мәдени іс-шараларда жас ұрпақтың мәдени мұра мен білімді жүйелі меңгеруге, рухани құнды игіліктерін бағалай білуге тәрбиелеу. Ұлттық мәдениетпен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Бұл міндеттермен қоса адам бола білу қабілетін жетілдіру, әлеуметтік қатынастарға араласа білу қабілетін түзу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өмірлік бағыт қалыптастыра біліп, өз тіршілігінің мазмұнын реттей алу, қабілетін орнықтыру, тұрмыстық міндеттерге дайындау, өмірлік еңбекке дайындық, отбасылық өмірге дайындық, бос уақыттарын мазмұнды өткізуге дайындау шаралары т.б.
Жаттығу әдісі. Жаттығу ұйымдастыру және өткізу. Оларға қойылатын талаптар.
Жаттығу әдісі[1], педагогикада — оқушының іскерлігі мен дағдысын қалыптастырып, қайрат-жігерін дамытуға бағытталған оқыту әдісі. Бұл әдіс арқылы оқушы алған білімін тәжірибеде қолданып, білімін тереңдетіп, оның шығармашылық қабілеті дамытылады. Оқушы оқу материалдарын сапалы түсініп, игергеннен кейін, әуелі сол материалға байланысты қарапайым, одан кейін бірте-бірте күрделі жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Оқу, үйрену, ұғынғанын тәжірибеде қолдану, іскерлікке дағдылану жүйесі арқылы оқушы білімді толық игереді. Ауызша Жаттығу әдісі (математикадан ауызша есептеу,тарихтан атаулы даталарды есте ұстау, тілден сөз бен сөйлемдерді дұрыс айтуға жаттығу), жазбаша Жаттығу әдісі (тіл мен математикадан), практикалық Жаттығу әдісі (математика, физика, химия, т.б. пәндерде өлшемдік құралдарды пайдалану дағдыларын қалыптастыру) болып бөлінеді.
Жаттығу әдісі арқылы іскерлік пен дағдыны қалыптастыру бірнеше кезеңнен тұрады:
бірінші кезеңде мұғалім оқушының қабылдап, түсінген білімінің негізінде оларға жаттығудың мақсатын, міндетін түсіндіреді;
екінші кезеңде мұғалім жаттығудың дұрыс орындалуын көрсетеді;
үшінші кезеңде алғашқы игерген білімін оқушы тәжірибеде пайдаланады;
төртінші кезеңде оқушылардың алған дағдысын тәжірибеде өз бетімен қолдана білуі іске асады.
Жаттығу әдісін қолданғанда оқушылардың еліктеуін және шығармашылық іс-әрекетін есепке алумен қатар, олардың ой толғанысын, өзіндік шешімін де ескеру қажет. Қазіргі кезде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері бойынша Жаттығу әдісі бір жүйеге түсіріліп, жоғары тиімділікпен жүргізіледі. Жаттығу әдісі арқылы оқыту теориясын тәжірибемен байланыстыру ұстанымы жүзеге асырылады;[2]
