- •2)Сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастырудыңміндеттері және олардың педагогикалық ерекшеліктері.
- •2) Мұғалімнің сабақты өткізуге даярлану кезеңдері
- •5 Билет
- •2)Оқушылардың білімдерін, ептіліктерін дағдыларын даярлау принцпі
- •2)Кәсіпке оқытудың әдістері. Оларды классификациялау. Репрудиктивті және проблемалық ізденс әдістері
- •Отбасы тәрбиесі туралы а.С Макаренконын в,а. Сухомлинскийдің а. Құнанбаевтің педагогикалық идеялары.
2)Оқушылардың білімдерін, ептіліктерін дағдыларын даярлау принцпі
Бағалаудың ең басты мақсаты, ол баланың өсіп жетілуін анықтап, оқушының қай деңгейге жеткенін бағалап, оқу бағдарламасындағы сабақтарды солардың талаптарына сай етіп, әр баланың тәжірибесінің табысты болуына себін тигізу. Ерекше талаптары бар қосымша көмек немесе араласуды қажет ететін баланы анықтау бағалаудың тағы бір себебі болып келеді. Дұрыс жасалған бағалау, нұсқау беру әдісі нені үйреніп, нені жаттап жатқандығы арасындағы белсенді байланысты қамтамасыз етуі керек. Әр баланың кеміс жерлерін тапқаннан гөрі, олардың жетістіктерін атап көрсету, нұсқауды мәлімдеу арқылы балаға нені оқыту керектігімен қалай оқыту керектігін көзге түртіп көрсетуі, нұсқаудың үздіксіз және жүйелі жасалып, бірізділікті сақтап отыру, баланың әлеуметтік, әсершіл, танымдық даму процестеріне бағытталып, жан-жақты болып ескерілуі, ата – аналармен мұғалімдер, мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы бірлескен белсенді қарым-қатынастың қамтамасыз етілуі, оқып үйренудің маңыздылығын айтып отыру керектігі. Оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа жетуіне қолайлы жағдай туғызылуы. Оқушылар мен олардың ата – аналарын бағалау жүйесінің анық түсінікті болуы. Дәстүр бойынша бала үлгерімі әрдайым қолданылып жүрген қағаз және қалам арқылы бағалау жұмыс қағаздары, апталық үлгеру тестілері және қалыпты тест арқылы бағаланып келеді. Мұғалімдер білім алушыға баға бергенде өздеріне олардың ата – аналарына және басшыларға оқушыларға көптеген жетістіктерінің дәлелі ретінде сандық көрсеткіштерді берген. Дегенмен, кейінгі кездегі білім беру бағыты көптеген мұғалімдердің баланы бағалайтын және оның өсіп жетілуіне себін тигізетін жаңа әдістерді ашып, зерттеп жатқандығы белгілі. Бағалау әр түрлі мақсаттарға қызмет ете алады. - оқушылар өздеріне өздері жауапты болып, білім алу процесін өздері бақылай алатын халге жетеді. - Мұғалімдер оқу процесін тиімдірек етіп бағыттай алады. - Мұғалімдер қай оқушыға көмек қажет екендігін анықтай алады. - Білім берушілер білім алушылардың өсіп жетілу жетістіктерін анықтай алатын болады. Бүгінгі таңда ынталықпен белсенділікті арттыруда осындай қосымша бағалау әдістері өзін-өзі ақтап отыр. Бағалау процесіне мұғалімдер, оқушылар, ата – аналар және мектеп әкімшілігі қатысуы тиіс. Мұғалімдер оқушылардың өсіп жетілуін және білім алуын үнемі бақылап отыруы тиіс. Үздіксіз бағалау мұғалімдерге балалар мен олардың жасаған жұмыстары жайлы сөйлесіп, осы мәліметті оқу бағдарламасына бағыттау үшін негіз етіп қолдануына мүмкіндік береді. Бағалау ісіне ата – ананың қатысы тек табельді қабылдап, баланың жазған жұмыстарын анда-санда қарап шығу міндеттерінен әлде-қайда кеңірек болуы тиіс. Баланың жасаған жұмыстарынан деректі дәлелдер көрсе, ата-аналар баланың қаншалықты ілгерілегендігі жөнінде анық мағлұмат алады. Баланың жасаған жұмыстарының жинағы, оның уақыт аралығындағы ойлау мен даму сапасын анық көрсетеді. Мәліметтерді қорытындылап отыру, ата – аналарға есеп беру процесін түсінікті де тиімді етпек. Бастауыш мектептерге арналған бағдарламаның моделін алға жылжыту үшін бағалаудың осы түрлерін қолдану қажет. Сонда біз оқыту және бағалау бірін-бірі толықтырып, оқу процесінде дұрыс бағыттағы даму тәжірибелерін қолданылып жатыр деп айта алатын боламыз
№6 билет
Ғылыми педагогикалық зерттеудің жалпы әдіснамалық негіздері
Зерттеу әдістері – обьективті шындықты көру,танып білу. Педагогика дамуындағы негізгі фактор оның үнемі толықтырылып отырылуында және зерттеу әдістерінің нақтылығында. Педагогика ғылымының жаңа тәсілдермен толықтырылуы басқа ғылымдармен тығыз байланысының арқасында. Зерттеу жұмыстарының педагогикамен байланысы үнемі, жоғары қарқынмен дамуда. XVIII ғасырдан бастап педагогика ғылымының мазмұны практикалық бақылау нәтижесінде теориялық тұжырымдармен толықты. Сол уақыттағы педагогикалық практиканың маңызды тұлғалары: Г.Песталоцци, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, А.Н.Толстой, П.П.Бионский, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий және т.б. Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық тәжірибелер XIX ғасырдан бастап зерттеле бастады. XXғ басында-ақ педагогикалық эксперимент термині өзінің нақты мәнін алды және кең таралды. Эксперименттік педагогиканың атақты тұлғалары немістің және американың ғалымдары: В.Лай және Э.Мейман, С.Холл,Э.Торндайх болды. Зерттеу процесінде нақты мәліметтерді алу үшін олар талапқа сай болуы керек. Онда көбінесе философия қарастыратын зерттелетін құбылыстардың мәнін түсіну қарастырылады. Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес. Мәліметтердің өзгеруіне және эксперименттік жұмыстың шартының өзгеруіне байланысты нәтиже де әр түрлі болады. Эксперимент жүргізу үшін бір кішкене ғана компонентті өзгерткен жөн және сол кезде алынатын мәлімет бірден өзгереді. Бұл жағдайда алынатын мәліметтердің дұрыстығы, зерттеу жұмыстарының саны мен алынған нәтижеге байланысты. Педагогикада зерттеу жұмыстарын жүргізгенде эксперимент обьектісінің моральді – этикалық ережелерін қатаң ұстанған жөн. Педагогикалық процесс кезінде адам денсаулығына зиян келтірмеу және оқушылардың дамуын жақсылап ойластырып, жоспармен жұмыс жасаған дұрыс. Қазіргі кезде педагогикалық зерттеу жұмыстарының үлкен жүйесі бар, оларға: педагогикалық бақылау,зерттеу сұхбаты,педагогикалық эксперимент,математикалық статистика,педагогикалық ойлардың теориялық анализі және т.б. жатады.
