- •2)Сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастырудыңміндеттері және олардың педагогикалық ерекшеліктері.
- •2) Мұғалімнің сабақты өткізуге даярлану кезеңдері
- •5 Билет
- •2)Оқушылардың білімдерін, ептіліктерін дағдыларын даярлау принцпі
- •2)Кәсіпке оқытудың әдістері. Оларды классификациялау. Репрудиктивті және проблемалық ізденс әдістері
- •Отбасы тәрбиесі туралы а.С Макаренконын в,а. Сухомлинскийдің а. Құнанбаевтің педагогикалық идеялары.
2) Мұғалімнің сабақты өткізуге даярлану кезеңдері
Мұғалім сабақты пысықтау, бекіту және соған орай оқушылармен практикалық жұмыстарды орындау барысында олардың белсенділігін оятуы тиіс. Әсіресе, оқушылардың қабілетімен қатаң санасып отыруы керек. Сондықтан, олармен жеке дара немесе топтық және ұжымдық әрі фронталдық жұмыс түрлерін ұйымдастырады. Оқыту процесі - мұғалімнің бір мезгілде барлық оқушыларды бірыңғай оқытуы болғанымен де, негізінен ол оқушының жеке дара жұмысының түрі. Себебі, әрбір оқушы оны өзінің шама-шарқысы, дайындық жағдайына байланысты өзінше қабылдап, меңгереді. Соған орай жеке дара жұмыс әр оқушының өз бетімен жұмыс істеуге, білімді саналықпен ұғынуға дағдыландырады, оларды қоршаған ортадағы құбылыстар-дың заңдылықтарын оқып білуге ықыласын тудырады, ойлау белсенділігін арттырады. Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан мұғалімнің жеке жоспарының үлгісі төмендегідей: Оқу бағдарламасының берілген тарауы бойынша сабақтың күні мен реттік саны анықталады. Сабақтың тақырыбы. Сабақтың мақсаты. Сабақтың құрылымы немесе дидактикалық кезеңдері. Сабақтың мазмұны. Оқыту әдіс-тәсілдері. Сабақ құралдары. Үй тапсырмасы. Қорытынды, сабақтың аяқталуы. Сабақтың анағұрлым негізгі бөлігі - оның төртінші және бесінші кезеңі болып табылады. Сабақтың әрбір құрамды буынына немесе дидактика-лық элементтеріне мұғалімнің жұмсайтын уақытын көрсетудің мәні зор. Содан кейін барып оның қалған буын-дары мен мазмұны ашып көрсетіледі. Сабақты бұлай жоспарлау мұғалімге сабақ барысын нәтижелі ұйымдас-тыруға қолайлы жағдай туғызады. Одан әрі қарай оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері қарастырылады. Оқыту әдістерін қолдану нақты атап көрсетіледі. Содан кейін сабақта қолданылатын әр түрлі оқу құралдары (карта, глобус, приборлар, оқу-әдістемелік кітаптары, көмекші оқу құралдары т.б.) және оны пайдалану әдістемесі көрсетіледі. Сабақтың соңғы буыны - үй тапсырмасын беру.
5 Билет
Оқыту процесінде этнопедагогика материалдарын пайдалану
Бүгінгі таңда Қазақстанда этнопедагогика арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру проблемаларын айқындауда Р.К Төлеубекованың, Ж.Б Сәдірмекованың, Б.Ж Мұқанованың еңбектері ерекше ғылыми құндылыққа ие болып отыр. Халық педагогикасы дәстүрі негізінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері А.Әлімбаевтың, С.Қ Абильдинаның зерттеулерінде әр қырынан сөз болады. Халық педагогикасы ұлттық тәжірбиелер мен тағлымдардан тұратын бай қазына. Өшпес өнеге, тәрбие өрнектері: жырлар, ертегілер, аңыздар, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, мақал-мәтелдік сөздер, ұлттық салттар мен дәстүрлер, рәсімдер, әдеп-ғұрыптар, ұлттық ойындар, үлгі-өнегелер- халықтың қ ұнды мұрасы, тәлім-тәрбиенің баға жетпес қайнар көзі. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдерде болған. Мәселен, мақал-мәтелде – адамгершілік, имандылық, тәрбиесіне байланысты, әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақ пен айтыстарда – ақыл-ой тәрбиесі, өлең, жыр, дастандарда әсемдік тәрбиенің негізгі принциптері, ал халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде ертегілер пайдаланылған. Демек, халықтық педагогика – тәлімдік, тәрбиелік ой-пікірдің бастауы, халықтың мұрасы. Қазақ халқының тәсілдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде көптен кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.Қазақ этнопедагогика материалдыры: жұмбақтар, мақал-мәтелдер, сәндік-қолданбалы өнер, ертегілер, жаңылтпаштар пайдаланылған шаралар өңделді. Бұл қазақ этнопедагогика материалдары сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда қолданылды. Қазақ этнопедагогика материалдарын пайдалану бойынша жүргізілген жұмыстың тиімділігін анықтау үшін төмендегідей өлшемдер алынды: 1. Халық тәрбиесі элементтері туралы білімнің қалыптасуы; 2. Отанға деген сүійпеншіліктің қалыптасуы; 3. Адамгершілік сапаларының қалыптасуы;
