8 Билет.
1 сұрақ.И.Ф. Харламов «Әдіс –оқыту барысында ұстаздың қолданатын тәсілдері мен білімді игеру-
ге бағытталған түрлі дидактикалық міндеттерді шешу үшін шәкірттің оқу- танымдық
әрекетін ұйымдастыруы. Оқыту әдісінің көмегімен оқушы белгілі деңгейдегі білімді, іскерлік
әрекеттің машық, дағдысын игереді, дүниетанымын қалыптастырады, қабілетін өрістетеді.
Оқыту әдісінің атқаратын қызметі-білімдендірудегі тиісті мақсатқа жету, ал мақсатқа жету
оқытушының шеберлігіне, білімдарлығына, оқу процесін тиімді ұйымдастыра білуіне және
шәкірттерді ынталандыра алуына байланысты» дейді.
«Әдіс» деп оқытушының тұжырымдамасын бейнелейтін, белгілі-бір мақсатқа жетелейтін, оқытуды ұйымдастырудың тетігі, оқытушының іс-тәжірибесін бейнелейтін оқыту жүйесі деп түсінеміз. Жоғары оқу орындарында ағылшын тілін жалпы білім беру пәні ретінде филологиялық мамандықтардың студенттеріне оқытуда олардың кәсіптік даярлығын қалыптастыруда В.Оконьнің оқыту әдістерінің классификациясы 6-кестеде ұтымды әдістердің бірі ретінде қарастырылады (кесте 6)
Мысалы, филологиялық мамандықтар студенттеріне ағылшын тілін кәсіптік бағыттап
оқытуда, олардың кәсіптік қызметіне қажетті интеллектуалдық бостандық, рухани
тәуелсіздік төмендегі әдістер классификациясы негізінде қалыптастырылады.
Атап айтсақ, импрессивтік әдіс бойынша студенттер әдеби шығармалармен жұмыс істейді (шығарма және оның авторы жайлы ақпарат, оның негізгі идеясын анықтау, салыстыру, өз пікірін білдіру, студенттің белсенділігін ұштау), экспрессивтік әдіс студенттің қандай-да бір тапсырманы өз жанынан шығаруын (өлең, әңгіме, презентация) немесе жұппен, топпен жасауын қарастырады. Бұл әдістердің ерекшелігі оларды әрбір практикалық сабақта студенттердің қатысымдық бағытта өздігінен жұмыс істеу, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу шеберліктерін қалыптастыруда қолдануға бейімділігі. Сондықтан,
аталған әдістерді қолдану: сабақты тиімді ұйымдастыру, тілді кәсіптік бағытта оқыту және студенттің меңгерген білімін қолдана алу мүмкіндіктерін кеңейту, студенттердің өздік жұмысын
тиімді ұйымдастыру, студенттердің танымдық, шығармашылық
белсенділігін арттыру, бағалау дағдыларын қалыптастыру ағылшын тілін оқытуды тиімді жүзеге асырудың алғышарттары болады.
Әдісарқылы оқытушы түрлі оқу құралдарын, студенттердің білім деңгейін, берілген сағат
санын ескере отырып, түрлі әдістемелік тәсілдер
ді қолданады. Жұмыс барысында ағылшын
тілін оқыту тәжірибесінде қолданылып жүрген түрлі әдістер зерделенді. Әрбір әдістің өзіндік
ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
6-кесте. Оқыту әдістерінің классификациясы
–танымдық белсенділікке негізделген білімді (репродуктивтік мазмұндағы) игеру
әдістері (әңгіме, талқылау, материалмен жұмыс);
–шығармашылық танымдық белсенділікке негізделген білімді өздігінен меңгеру
әдістері (проблемалық әдіс, ойындар т.б.);
–эмоционалдық-көркемдік белсенділікке негізделген бағалау әдістері (импрессивті әдіс, эк-спрессивті әдіс, жаттығулар);
–практикалық әдістер.
Жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқытуда студенттердің кәсіптік-қатысымдық
даярлығын қалыптастыру мақсатталғандықтан, сыни ойлау және шығармашылық-
ізденімпаздық қадамды дамытуға ықпал ететін, оқытушы мен студенттің өзара қарым
-қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған қатысымдық әдіс ағылшын тілін оқытуда басшылыққа алынады.
2 сұрақ. Педагогикалық тұрғыдан ойлауды қалыптастыру үшін жоғары мектептегі оқыту процесінің дамуы мен мәнін, құрылымын, қисынын (логикасын) түсіну маңызды. Ол үшін оқыту процесінің негізгі құрылымдық бөліктерін бөліп алу қажет.
Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б.
Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да– сабақ өз маңызын жойған емес.
Сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму) жүйесі ретінде дайындалады.
Педагогикалық процестің біртұтастығы тұрғысынан сабақты оны ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде қарастыру қажет. Сыныпты - сабақтық жүйенің барлық артықшылықтары тек сабақта ғана көрініс табады.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың артықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында: мұғалімге материалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың, басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын, сондай-ақ оқушының мақсатқа жетудегі негізгі құралы және қызмет тәсілін таңдау және құрудың шарты ретінде көрінеді
