25 Билет
«Педагогика мамандығына кіріспе» курсына студенттердің білімі мен білігін бақылау формалары мен түрлері.
ЖОО – дағы бақылау жүйесін емтихандар, сынақтар, ауызша жауаптар (әңгімелесу), жазбаша бақылау, реферат, коллоквиум, семинарлар, курстық жұмыстар, зертханалық бақылау жұмыстары, жобалар, күнделік жазбалары, бақылау журналдары құрайды. Ауызша бақылау барысында тек білім тексеріліп қоймайды, сонымен қатар, ауызша сөйлеуге жаттығады, педагогикалық қарым қатынас дамытылады. Жазбаша жұмыстар материалдың меңгерілу деңгейін құжат түрінде көрсетуге мүмкіндік береді, бірақ оны өткізуге көп уақыт жұмсалады. Бақылау түрлерін үйлесімді біріктіру – ЖОО – дағы оқу процесін ұйымдастырылу деңгеінің көрсеткіші және оқытушының педагогикалық біліктілігінің маңызды көрсеткіші. Педагогикалық бақылау ағымдық, тақырыптық, аралық, қорытынды, соңғы болып бөлінеді. Ағымдық бақылау студенттерді үлгерімі төмен не жоғары деп ажыратуға мүмкіндік береді, оқу мотивациясын тудырады(сұрау, бақылау, тапсырмалар, өзін – өзі бақылау мәліметтерін тексеру).Тақырыптық бақылау – бағдарламаның нақты тақырыбын және тарауының нәтижелерін бағалау. Аралық бақылау – оқу материалының бір бөлігінен келесі сатысына өту үшін әрбір студенттің оқу жетістіктерін тексеру. Қорытынды бақылау – курс бойынша емтихан. Соңғы бақылау – мемлекеттік бақылау, дипломдық жұмысты не жобаны қорғау.
.2. Оқыту формалары.
Форма (латын сөзі «forma» - сыртқы бейнесі, сыртқы көрінісі дегенді береді) – бұл белгілі бір мазмұнның сыртқы бейнеленуі. Форма жекелей және топтық болып бөлінеді. Жекелеу – топтық форманың дамуының көрінісі ретінде сынып – сабақ жүйесі енгізілді. Оқытуды ұйымдастыру формалары - белгілі бір тәртіпте және мезгілде жүзеге асырылатын оқытушы мен білім алушылардың біріккен іс әрекетінің қиындысы. Оқытудың ұйымдастыру формалары әртүрлі өлшемдер бойынша жіктеледі:
Білім алушылардың санына қарай; бұқаралық, ұжымдық, топтық, шағын топтық, жеке;
Оқу орнына қарай; аудиторияда және аудиториядан тыс формалар;
Колледждегі, ЖОО – ғы оқыту формалары; дәріс, семинар, практикалық және зертханалық сабақтар, СОӨЖ, СӨЖ, т.б. жұмыс;
Оқыту уақытының ұзақтығына қарай; кредиттік жүйе (50минут), сызықтық жүйеде қосарланған сабақ (80 – 90 минут), әр түрлі ұзақтыұтағы сабақтар.
Білім берудің даму тарихында әртүрлі оқыту жүйесінде оқыту формасының біреуі басымдықта қолданылды; жекелік – топтық (орта ғасыр мектептерінде), өзара оқыту, білім алушылардың қабілеттеріне қарай саралап оқыту, бригадалық оқыту.
3 Миға шабуыл әдісі Миға шабуыл әдісі –топта жұмыс істеуде шығармашылық белсенділігін жігерлендіру негізінде оқушыларға ситуация шешімі жауабының бірнеше жолын айтуға мүмкіндік беретін, идеялармен шешімдерді қабылдаудың тиімді әдісі
Интерактивті оқыту әдісі – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.
Интерактивті оқытудың мәнісі – кластағы барлық оқушы таным үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным үрдісінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр оқушы өзіне тән еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерімен алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл үрдіс мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады.
Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:
-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;
-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;
-педагогикалық қолдау көрсету.
Интерактивті әдістерге мыналар жатады:проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікірталастар, топпен жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, сын тұрғысынан ойлау әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, «инсерт» әдісі, сахналау, тест сынағы әдісі, дебат, т.б.
Интерактивті әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды: тақта, кітаптар, бейне материалдар, слайдтар, флипчартттар, постерлер, компьютерлер және т.б. пайдалана отырып,таныстырулар жатады.
«Миға шабуыл» («ми шабуылы», «ми штурмы» немесе «дельфи») әдісі бойынша берілген сұраққа әр оқушы жауап бере алады. Маңыздысы – айтылған көзқарасқа баға қоймау керек, барлық жауап қабылданады және әр пікір тақтаға немесе қағазға жазылғаны дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері тиіс. Бұл әдісті кері байланыс алу үшін қолдануға болады. Мысал ретінде өзім өткізген бір сабақтан үзінді ұсынамын. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін 6-класта қазақ тілінен «Менің әуес ісім – кітап оқу» тақырыбы бойынша өткен сабақта осы әдісті қолдандым. Оқушыларға берілген сұрақ: Кітап бізге не береді? Осы тақырып төңірегінде өздерінің ойларын айтуға ұсыныс жасадым. Барлық ой-пікірлерді қабылдап, жазып алдық. Орыс тілді болғандықтан оқушыларға қиын болған жағдайда, қайталаттым және олардың пікірін айтуы бойынша жаздым. Әдіс қағидасы бойынша мұндайларға жол беріледі. Оқушылардың арасында кітаптың қазіргі кезде пайдасы аз, оны оқуға көп уақыт зая кетеді, кітаптар түсініксіз жазылған, қателер бар, қызық емес деген пікірлер де айтылды. Дегенмен оқушылардың басым көпшілігі кітап- адам үшін рухани байлық, өмірде жолдас, ақылшы, кітапты көп оқыған адам білімді, жан-жақты болады деген тұжырымдаманы ұсынды. Ереже бойынша барлық идеялар мен талқылаулар айтылып біткен соң, берілген тапсырма қайта еске салынды. Бұдан соң жазып алынған пікірлер оқылды. Осы пікірлер бойынша қандай қорытынды жасауға болатынын сұрап, бұл әдіс бойынша жұмысты аяқтадым. Оқушылар «Кітап – білім бұлағы» деген қорытындыға келді. «Миға шабуыл» әдісі қажеттілігіне қарай тиімді әдіс болып табылады және мынадай мәселеледір шешуге болады:
-даулы мәселелерді талқылау;
-талқылауға қатысуға онша сенімді емес қатысушыларды ынталандыру;
-қысқа мерзім ішінде идяны көптеп жинау
