5 Билет
1 сұрақ. Шығармашылық ойлау критеррийлар.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім алуын қамтамасыз етуге жеке шығармашылық қабілеттерін дамуы үшін жағдай жасауға міндетті делінген. Мектепте алған білім баланың шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беріп оны өнімді, шығармашыл, өзіндік ойлауға үйретуі тиіс. Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушысының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған. Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қара сөзінде бала өмірге келгендегі қабілеттері әрі қарай дамытуды, шыңдауға қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал, назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді Психологтар бала қабілетінің екі түрлі деңгейі болатынын дәлелдейді. Соның бірі шығармашылық әдіс – жаңа нәрсені ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Ол үшін оқушыға бағыт-бағдар бере отырып, баланың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беру керек деп ойлаймын.Оқушының өз бетімен жұмыс жүргізуі – шығармашылық қабілетті дамытудың басты жолы. Бұл ізденіс, ойлау әрекетімен тікелей байланысты. Ол үшін балаға берілетін білім сабақтастықты қажет етеді. Мысалы, еліктеуіш сөздер тақырыбына орай айналадағы естілген дыбысты, адамдардың, жануарлардың сыртқы пішінін әр түрлі еліктеу сөздер арқылы жаттықтыру, еліктеуіш сөз қатысқан мәтінді оқу, табиғат құбылысына бақылау жасату, еліктеуіш сөз қатысқан сипаттама мәтін құрату, көркем мәтіннен еліктеуіш сөздерді табу, оқушының тілін дамыту ғана емес, шығармашылықпен жұмыс жүргізуге де әсер етеді, яғни оқушы ізденеді, талаптанады, ойланады.Оқу іс әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болуы керек. Ол үшін мұғалім бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы қажет. Ал оқушы өз тарапынан белсенділік, дербестілік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы шығармашылық әрекетті қалыптастыра алады. Сонымен бірге, әрбір сабақ үстінде шығармашылық тапсырма беріп отыруы тиіс. Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап, әр сынып бойынша әрі қарай жалғастыра беруге болады.
2 сұрақ. Кредиттік білім беру жүйесі
Қазақстан жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту технологиясы енгізілгені бәріне мәлім. Мақалада кредиттік жүйе жағдайында оқытудың белсенді әдістерін қолдану тиімділігі көрсетілген. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың және дүниежүзілік білім бері кеңістігіне енудің негізі болып кредиттік оқыту жүйесіне көшу саналады. Жоғары оқу орындарының оқу процесіне кредиттік жүйені енгізудің негізгі мақсаты білім алушы жастарға білім беру жұмысын жақсартып, жетілдіру болып отыр. Кредиттік оқыту технологиясы Қазақстанның дүниежүзілік деңгейге көтеріліп, біздің ұлттық білім беру бағдарламамызды халықаралық дәрежеде тануға мүмкіндік береді. Еліміздегі білім беруді дамыту Концепциясына орай Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары үш деңгейлік жүйеге- бакалавриат, магистратура, докторантураға көшірілді. Оның негізгі бір кезеңі болып кредиттік оқыту жүйесін біртіндеп енгізу саналады. Кредиттік оқыту жүйесіне өту - жоғары білім берудің дамуының заңды кезеңі. Енді студенттер бұрынғыдай «сессиядан-сесияға» дейін деген ұранмен оқуды қысқартып, бүкіл оқу жылы бойы әр түрлі тапсырмаларды жүйелі түрде орындайтын болады. Студенттің жеке оқу траекториясын таңдауына мүмкіндік туды. Оның өзі оқытудың көп нұсқалығын мүмкін етеді. Егер оқу кестесі мүмкіндік берсе студент басқа бағыт бойынша, басқа мамандық бойынша сабаққа қатысуына болады. Нәтижесінде студент қосымша мамандық алып немесе аралас мамандануды меңгеруі мүмкін. Сонымен қатар олар басқа курстың және басқа мамандық студенттерімен араласа алатын болады. Кредиттік оқыту жүйесінің тиімділігі оқытушылар үшін де, студенттер үшін де айқын көрінеді, олар келесідей:
оқылатын пәндер саны қысқарады;
студент оқытушыны өзі таңдайды, оқу траекториясын белгілеуге эдвайзер көмекке келеді;
сынақ тапсыру болмайды;
студент өзінің білімділік бағытын пәндерді таңдау арқылы қалыптастырады, білімді бағалаудың рейтингтік жолы білімді бағалауды шынайы әрі көрнекі етеді, студенттер білімі деңгейі жағынан ұпайлары арқылы айырылады;
студенттің күні бойы қолы бос болмайды;
Дәріс жағдаятының мазмұны келесідей қағидаларға байланысты жобаланады:
-теориялық проблема (оқытушы берген ақпарат бойынша);
-жағдаят түріндегі мысал (оқытушы мысал келтіреді);
-жағдаятты шешу (студенттер орындайды);
- осы келтірілген схема бірнеше рет қайталанады.
3 сұрақ ) тәрбие әдістері сабақ жоспары
Тақырыбы: Тәрбие әдістері
Сабақтың мақсаты: Студенттерге тәрбие әдістері туралы түсінік беру, тәрбиелеушілер мен тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекетті байланысын түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Презентация,түртіп алу, топтық және жұптық жұмыс.
Жоспары:
1. Тәрбие әлеуметтік құбылыс.
2. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері.
3. Тәрбиенің мақсат-міндеттері.
4. Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу
1 Қызығушылықты ояту
1 «Ассоциация» құру Жұптық жұмыс Студенттер жұп болып «Тәрбие» сөзіне ассоцияция жасайды.
2 Негізгі кезең
Топтық жұмыс Білім алушылар шағын 3 топқа бөлінеді Алдарына дәріс плакат маркер үлестіріледі
1-топ тапсырмасы «Презентация» Дәріс мәтіні бойынша Тәрбие әдісі тақырыбына презентация даярлайды
Үлестірмелі материал
Тәрбие әдістері — ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Ол балалардың тіршілік, әрекет, қарым-қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейді. Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптікқұзыр деңгейі айқындалады. Тәрбие әдістеріне бақылау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу, әрекеттерді ұйымдастыру және т.б. жатады. Тәрбие әсерінің дағдарысы — тәрбие әрекеттестігінде пайда болатын қиыншылық, мәселелер. Түрлері: әрекет дағдарысы (тым кедергісіз болғандықтан даму процесі тоқталадьі), орта дағдарысы (бала айналасы оң әсер туғызудан қалады), зат дағдарысы, сөз дағдарысы,т б
2-топ тапсырмасы
Жалпы тәрбиеге байланысты ертегі көрініс құру
3-топ тапсырмасы
Топ студенттерін ұяшықтар алаңна шақырамыз Ұяшықтарға барлық дәріс материалдарының мазмұны бойынша сұрақтар жасырылған Студенттер таңдап алған сұрақтарына топпен ойлана отырып жауап береді
3-КЕЗЕҢ Толғаныс
Екі жақты күнделік (кесте толтыру)
Нені білгім келді?
Нені үйрендім
