4 Билет
1 сұрақ Проблемалық (мәселелік) оқыту технологиясы. Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Атап айтқанда:
- оқушының белсенділігін арттырады;
- оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселе туғызады.
Мұғалім кез-келген сабағын өткен тақырыппен байланыстыра отырып, проблемалық сұрақ тудырып, оқушылардың шығармашылық ізденісіне түрткі жасай отырып өткізсе, оқушылардың пәнге деген ынта-ықыласы арта түседі. Бұрын мұғалім негізгі білім беруші болғандықтан оқушыларға өз білгенін басынан аяғана дейін баяндап түсіндіретін болса, қазіргі жаңа педагогикалық технологияларға сүйенсек, мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыт-бағдар беруші, бақылаушы, рөлінде. Бұл технологиялардың бірден-бір тиімді тәсілі сабақ барысында оқушыларға проблемалық сұрақтар қоя отырып оқушылардан ғылыми жауап талап ету.
Егер әр сабақ осы тәсілмен өтетін болса, оқушылар кез-келген қиын сұрақты шеше алуға дағдыланып, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, ғылымилыққа бет бұратыны сөзсіз. Бұл дегеніміз оқушылардың кез келген пәннен терең білім алуының негізгі көзі. Ғылыми білім логикасының түп-төркіні проблемалы жағдайлардың логикасы болып табылады. Проблемалы жағдайлар мазмұнның белгісіздігіне қарай, проблемалықтың деңгейіне қарай, ақпарат сәйкессіздігінің түріне қарай, басқа да әдістемелік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Проблемалы оқыту технологиясы – бұл роблемалы жағдайларды, оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға негізделген технология. Педагогикалық проблемалы жағдай белсенділікті оятатын әрекеттердің, таным обьектісінің жаңалығын, маңыздылығын, сұлулығын және басқа да ерекшеліктерін айқындайтын мұғалім сұрақтарының негізінде туындайды. Психологиялық – проблемалық жағдай жасаудың өзіндік жеке ерекшеліктері бар. Тым қиын не тым жеңіл танымдық міндет оқушылардың ойында проблемалық жағдай туғызбайды.
Проблемалы жағдайларды оқу үрдісінің барлық, яғни жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде, жаңа сабақты бекіту, тексеру кезеңдерінде ойластыруға болады. Мұғалім проблемалы жағдай (ситуация) туғызып, оның шешімін іздеуге оқушыларды бағыттайды. Сөйтіп, бала өз оқуының субьектісіне айналады, соның нәтижесінде бала жаңа білім игеріп, әрекет әдістерін меңгереді.
2 сұрақ. Дистанциялық оқу – бұл оқу технололгиялық көмегімен қашықтықта білім алу мүмкіндігі. 2005жылдың 6 мамырында Ресей федерециясының білім және ғылым министірлігі мынанадай бұйрық шығарды. Қашықтықта білім беру тенологиясы ақпараттық және телекомуникациялық технологияларды қолдану арқылы орташаландырылған намесе толық емес орташаландырылған мұғалім мен оқушының ара қатынасы .... Қазіргі уақытты дистанциялық оқу көбнесе интернет арқылы қолданылады ал пошталық жүйк кем қолданылад. Мұғалім сабақты вертуальді сыныпта өткізеді ол жерге студен өзіне соны қалағанда немесе ыңғайлы болған кезде кіре алады. Сыныпқа кіру үшін студентте және құпия болуы керек ол оқуға түскен кезде беріледі. Дистанциялық оқудың қосымша мүмкіндіктерін қарастырып көрейік. 1)Күнделікті тапсырма мен жұмыстан қол үзбей оқу мүмкіндігі 2)Оқу сізге ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерде өтеді. 3)Оқу барысында алған біліміңізді сол мезетте өзіңіздің фирма немесе компанияңызда қолдануға болады. 4)Оқу барысында өзіңіізге қажетті консултациямен туындаған сұрақтарыңызға мұғалімдерден жауап алуыңызға болдаы 5)Оқу аяқталған соң мамандығыңыз бойынша біліміңізді жоғарлату жөнінде мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі 6)Жоғарға екінші жоғарғы білім алу жөнінде мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. -жоғарғы білім жөнінде диплом -кәсіби дайындық диплом. -Кәсіби дайындық куәлігі -Мамндығы бойынша білімін жоғарлату куәлігі -Жоғарыда айтылған құжаттардың барлығы мемлекеттік үлгідегі құжат болып табылады. Ең маңыздысы дистанциялық курустың аяғында сіз жаңа мамандығы бойынша еркін жұмыс істей аласыз. Егер сізге күндізгі бөлімдегі оқу ыңғайлы деп шешсеңіз онда біз сіздің назарыңызды оқу курсына аударамыз. Сіз компьтерлік саауатыңызды ашу үшін кампьтерлік курстардан өтіп үйренуіңізге болады
3 сұрақ «Тәрбиенің мақсаты» тақырыбына «сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясын» пайдалану арқылы сабақ жоспарын құрастыру
Тақырыбы: Тәрбиенің мақсаты
Мақсаты: жасөспірімдерді өмірге дайындау, олардың жеке тұлғалық даму және қалыптасу жолында жетістіктерге жету үшін жүргізілетін тәрбие жұмыстарыныңалдын ала анықталатын (болжамдалатын) нәтижелері. Негізгі мақсаты жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру
Өткізу әдістері: Студенттермен диалог, мәселелік түсіндіру тәсілі; «Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» стратегиялары: ассоциация, эссе жазу, түртіп алу
Жоспар: 1. Тәрбие әлеуметтік құбылыс. 2. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері. 3. Тәрбиенің мақсат-міндеттері. 4. Тәрбие процесінің мәні. 5. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері. 6. Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу.
1-КЕЗЕҢ – Қызығушылықты ояту
1жаттығу «Ассоциация»
Тәрбиелі адам қандай болуы тиіс? Деген сұрақ қойылып , олардың жауаптары тақтаға жазылады
2 Ауызша пікір алмасу
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді. Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды. Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс. Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады. 2. Мақсат дегеніміз - бір нерсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты — жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау. Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті. Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі. Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді.
3 Топтық жұмыс: «Түртіп алу»
Студенттер 3 топқа бөлініп, оларға тапсырмалар беріледі Жұмыс орындалған соң шығармалар тыңдалады және оның себептері талқыланады
