13 Билет
1) Оқыту және тәрбие үрдісінде шығармашылық ойлауды дамыту
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдерқабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі.
«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» — дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі.
Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп. Мысалы: тірек сөздер беру арқылы әңгіме құрастыру, өлең құрастыру, мысалдарды, ертегілерді сахналау, шығарма жазу, ертегі мазмұны бойынша сурет салу, т.б.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі төменде көрсетілгендей:
1. Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.
2. Шығармашылық ізденіске жетелейді.
3. Өз ісіне деген сенім пайда болады.
4. Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
5. Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
6. Шығармашылдық белсенділік артады.
Осылардың нәтижесінде дарынды, қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Мен істеймін – өзінің пәнге деген қызығушылық тетігін табуы.
Мен үшін керек – пәннің өз өміріне деген қажеттілігін сезінуі, талаптануы, оқуы, ізденуі.
Мен істей аламын – өз біліміне деген сенімділігі.
2 )Қазіргі кезде үздіксіз білім беру және алу барлық елдерде өзекті мәселе болып отыр. Үздіксіз білім алу мәселесі осы заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың, саяси және әлеуметтік экономикалық өзгерістердің әсерінен туындаған мәселе. «Халықпен халықты, адаммен адамды теңестіретін нәрсе білім», - деп ұлы жазушымыз М.Әуезов айтқандай, республикамыздың басқа мемлекеттермен экономика, мәдениет саясат жағынан тең дәрежеде тұрып, олармен бәсекеге түсе алуы адамдардың білімді де білікті болуын талап етеді. Педагогикалық сөздікте өз бетімен білім алу – белгіленген тұлғалық және елеулі білім беру мақсаттарына бағытталған арнайы ұйымдастырылған өзіндік іс-әрекеті мен жүйелі танымдық іс-әрекетінің мәнін анықтайды. Олай болса, біздің зерттеу мәселемізге байланысты оқушыларға үздіксіз білім беру жұмысын ұйымдастыру барысында ақпарттық технологияларды пайдалану біліктілігін қалыптастыруда танымдық қызығушылықты қанағаттандыру, кәсіби-педагогикалық сұраныстарды есепке алу, аудио-бейнелік тәсілдерді қолдану тетіктерін меңгеру міндеттері қойылады. Қазіргі білім беру саласына ақпараттық технологиялардың енгізілуі жыл сайын кешенді сипат алуда. Оқушыларға үздіксіз білім беру жұмысын ұйымдастыру барысында ақпараттық технологияларды пайдалану басты мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оның бірі, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану негізінде білім алу әрекеттерінің тиімділігін арттыруға бағытталса, екіншісі, ақпараттық қоғам сұранысына сай келетін, жаңаша ойлау қабілетін дамытуға негізделген тұлғаны қалыптастыру
Үздіксіз білім беру бұл үздіксіз оқыту мен тәрбиелеу емес немесе бекітілген оқу мерзімімен және оқу орнының қабырғасымен шектелмейді, ол – адамға білімнің белгілі бір көлемін беруге, бағытталған білім түріне ауысу болып табылады. Тек жеке тұлғаға, субьектіге бағытталған білім ғана адамның жылдам өзгеріп жатқан қоғамдық және экономикалық өмір талаптарына сай жауап бере алуын қамтамасыз ете алады.
Үздіксіз білім алу нәтижесінде білім алушы бірқатар мүмкіндіктерге ие бола алады: педагогикалық өз бетімен білім алу мүмкіндігі; сапалы білімге қол жеткізуі; білім алушының танымдық ой-өрісінің дамуы; қызмет саласында әрбір жанның өз шеберлігін жетілдіруі, өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай жасауы; психологиялық (жеке адамның қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты толық дамуына): психологиялық кедергілер мен проблемаларды ашу; ауызша сөйлеу кемшіліктерін жою; экономикалық: уақытты тиімді пайдалану; шығыс көздерін азайту (оқу материалдарына кететін шығын, көлік шығындары, қағаздармен жұмыс жүргізу т.с.с);
Үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі құралы - виртуалды білім кеңістігін құруға мүмкіндік беріп отырған Интернет жүйесі. Қазіргі кезде көптеген аналитиктердің айтуынша Интернет – ең арзан оқуту құралы болып табылады. Мектептерде, жоғарғы оқу орындарында оқушылар, студенттер телекоммуникациялық жүйені қолдана отырып, электронды пошта арқылы түрлі конференцияларға қатыса алады. Тыңдаушылар мен білім алушылар үздіксіз білім алуда білім беру прцесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында өз бетінше Интернет желісінің көмегімен ала алады. Сонымен бірге сапалы білім алу үшін жаңа ақпараттық технологияның құралдарымен жұмыс істей білуі тиіс. Қоғамды ақпараттандыру жағдайында, қоғамның әрбір мүшесінің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда, үздіксіз білім беру жүйесінің маңызы зор. Үздіксіз білім алу нәтижесінде әр салада әмбебап қызмет ете алатын, білікті, білімді, рухани бай, өз мүмкіндігін жан-жақты көрсете алатын тұлға қалыптасады.
3) «Білім беру мазмұны» тақырыбына әдістемелік сипаттама
Түрлі оқулықтар мен әдістемелік нұсқауларды сараптай келе бұл материалды ұсынудың мынадай нұсқауы берілген:
Оқытушы терминге анықтама береді, тарихына, пайда болуына шолу жасалады. Жақсы меңгерту үшін мына фактіні айтуға болады: Ежелгі Грецияда мұғалімді дидаскал деп атаған. Мұғалімдерге арналған нұсқауларда дидактика жайындағы материал берілген. Онда оқытумен қатар, тәрбие мәселелері де айтылған. Кейінірек дидактика тек білім беру мен оқыту мәселелеріне көшеді.
Я.А.коменскийдің «Ұлы Дидактикасынан» кейін оның дифференциалану процесі жүреді. Соңынан бастауышта білім беру дидактикасы қалыптасады. Оның пайда болуына мына жағдайлар себепші болды: 1. ХІІІ ғ. басталған өндірістің дамуы. Өндіріске білімді адамдар қажет болды.
2.Буржуазия өкілдері тек бастауыш мектептерді ашады.
3.Озат қоғам қайраткерлері бастауыш негіздемесін жасайды.
Оқушыларға өткен ғасырдың көрнекті педагогымен таныстырып, олардың айтқөан сөздеріне талдау жасалады. Содан кейін ҚР-ң Білім туралы заңында көрстеілген білім берудің міндеттерміен, мемлекеттік құжаттармен танысады. Білім берудің мазмұны сипатталады. Дидактика білімі беру мазмұнында, оқу пәндерінің құрылымында оқытудың түрлі дейңгейіндегі оқу материалын меңгерудің жалпы жолдарын белгілейді. Білім берудің мазмұнының құжаттары оларды қалай оқу керектігін теориялық мәселелерді меңгеруді, қандай жаттығу жұмыстарын, практикалық және лабораториялық жұмыстарды өткізуді ұйымдастырады. мұғалім оқыту процесінің ерекшеліктерін ескере отырып, материалды оқыту сипатына өзгерістер, қосымшалар енгізуіне болады. Содан соң оқу бағдарламаларына, жоспарларына мемлекеттік стандартқа сипаттама беріледі. Білім берудің мазмұнының ерекшеліктерінде атап өткен жөн. Кеешенді сипатта, байланыстылығымен, сабақтастығы мамандық таңдау, ғылым негіздерін меңгеру және т.б. Оларды бағдарламадан, оқулықтан басқа материалдардан үзінді келтіруге болады.
Практикалық сабақтарда белгілі бір тақырып бойынша сабақтың мақсатын белгілеу, сабақтың үлгісін құру және т.б. тапсырмалар беріледі.
