ЖАҚСЫ ТАПСЫРЫҢЫЗДАР 06304 ГРУППАЛАСТАРЫМ!!!! P/S KOLYA ZHUMABAEV
1билет
1 сұрақ.Оқу пәні ретіндегі педагогика дамуның негізгі кезеңдері.
К.Д. Ушинский ғылыми педагогиканың қалыптасуының маңызды кезеңі-халық педагогикасы деп есептеген. Ол пед.қ тәрбие жүйелерін халық өмірінің ерекшеліктерімен байланыстыра түсіндіреді
Содан кейін педагогиканың дамуында екі үлкен кезеңді белгілейді
1)ғылымға дейінгі кезең;
2)пед.қ ғылым ретінде қалыптасу кезеңі
Соңғы уақтта ғана неміс педагогы Франц Хофман педагогиканың дамуында үш кезеңді көрсетеді:
Ерте кезең. Оны автор тәрбие даналығы деп атайды. Бұл адамзаттың педагогикалық ойлаудан, тәжірбиемен тексерілген ойлауға қарай көшу кезеңі. Осы кездегі пед.қ көздер: Ежелгі Египет папирустары, « Соломон тәсіл өсиет кітабы» және т.б
Екінші кезең- «Пайдагогия» Бұл кезеңнің қалыптасуында Ежелгі Грецияның педагогикалық ойлары ерекше орын алады. Бұнда педагогикалық білім саяси, философиялық және психологиялық білімнің бір бөлігі болып табылады.
Педагогиканың дербес ғылыми теория ретінде қалыптасу кезеңі Бұл кезең Чехтің ұлы педагогы Я.А. Коменский есімімен тығыз байланысты. Коменскийдің «Ұлы Дидактика» еңбегі-педагогиканы ғылым ретінде жүйелеген оқулық және әдістемелік құрал.
Қазақстан қоғамында болған өзгерістерге байл. Педагогика ғылымы: социалистік, коммунистік, демократиялық, гуманистік сипатта дамып отырды.
Қазақстанда пед ойлардың дамуы ұлы данышпандардың (Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Ш Уәлиханов, Ы. Алтынсарин А.Құнанбаев, Ж Аймаутов және т.б) Еңбектері мен көзқарастары әртүрлі тарихи кезеңдерде қазақ халқын оқыту мен тәрбиелеуде қозғаушы күшке айналды.
2сұрақ Іскерлік ойын құрылымы
Іскерлік ойындары - бұл да белсенді оқытудың бір түрі. Ойынның бұл түрі әртүрлі практикалық жағдайларды көрсету арқылы жүзеге асады. Іскерлік ойыны сабақтың дәстүрлі емес түріне жатады. Іскерлік ойынның негізі- проблемалық педагогиканың ситуацияларды тудыру және оларды әртүрлі проблемалық ролдік шешуді жүйесі. Ойында образға кіру ерекшелігі басқа ойындармеи салыстырғанда проблемалық жағдайларды шешуші фактор ретінде қарастырылады.
Іскерлік ойында ойыншыларда екі түрлі козқарас қалыптасады. Біріншіден, ойыншы образға кіріп, ойын образын жасайды яғни осы образды толық сіңіреді, басқалармен осы образда қарым-қатынаста болады. Екіншіден, бұл ойыншылар арасындағы нағыз қарым-қатынас орнығады, себебі әр ойыншы образды өзі деп есептейді. Образға кіру жолында ойын шарты тез үғынылады сондай - ақ төзімділік, басқалардың ойын құрметтеу, бірігіп жұмыс атқару, жауапкершілік қалыптасады.
Әрбір ойын мағынасына қарай өзіне тән қүрылымы, рөлі, сюжеті болады және мұғалімнің басқарып, жүргізуіне байланысты ерскшеленеді. Ойынның ойдағыдай өтуі жүргізушінің атқаратын жұмысы толық қарастырылған жағдайда ғана болады. Ол әрбір ойыншының өзіндік ерекшеліктері, мүмкіндіктерін, олардың ойынға тез енуін ойындық ситуацияға кіруін сюжетті ары қарай дамыту дәрежесін білгенде ойын сәтті өтеді. Әрбір топ ойынды өзінше дамытып, жаңа көзқарастар туғызтып, жаңа нәтижелер шығара алады.
Жүргізуші ойыншыларды ойынға дайындап, ұйымдастырып, ойынды өткізіп, соңында қорытынды жасап, ойынға қатысушыларды бағалайды. Ойын алдында бірнеше күн бұрын жүргізуші ойынға қатысушыларды ойынның мақсатымен, мағынасымен, кұрылымымен, ойынның сюжетімен, рөлімен таныстырып, үй тапсырмаларын беріп, орындалғанын қадағалап, рөлдерді бөлуге көмектеседі. Рөлдердің орындалуы мен сюжеттің дамуына қатаң шарт қою ойынға кызығушылықты және ойыншылардың сюжетті дамытуына кері әсерін тигізеді. Қатаң ережемен ұсынылатын ойын біркелкі жаттығуларға ұқсап, қызығушылықты жоғалтады. Ойын басында жүргізуші ойыншылардың бірқалыпты эмоциялық тұрактылығын қамтамасыз етумен қатар, психологиялық тұрғыдан образға кіруге жағдай жасайды. Бұл іскерлік ойынын жүргізуге 45 - 90 минут кетеді Ойынның ең маңызды кезеңі - қорытынды жасап, пікір таласу. Қорытынды жасау ойынға кететін уақыттың тең жартысын алады
Іскерлік ойындарда: кіріспе, іскерлік ойындардың өтілуі әдістемесі және көрнекі құралдары сипатталады. Кіріспе бөлімінде іскерлік ойындардың педагогтарды оқыту жолындағы мағынасы жайлы сөз: етіледі. Іскерлік ойындардьң өтілу шарттары мен өтілу әдістемесі керсетіледі және іскерлік ойын материалдары қарастырылады.
3-сұрақ «Білім беру мазмұны» тақырыбына сыни тұрғыдан ыойлауды дамыту технологиясын пайд арқ сабақ жоспарын құру
Тақырыбы: Білім беру мазмұны
Сабақтың мақсаты: Студенттерді білім мазмұны туралы толық ақпаратпен қаруландыру. ҚР білім мазмұны туралы түсінік беру Білім мазмұны құрылымы мен принциптеріне толық мәлімет беру.
Жоспары:
1.Білім беру мазмұны туралы түсінік және оның мәні
2.Білім мазмұнын қалыптастырудың принциптері және ұстанымдары.
3.ҚР «Білім туралы» заңы және білім мазмұнына қойлатн жалпы талаптар
4.Оқу жоспары,бағдарламалары,оқулық және оқу құралдары
5.Оқулыққа қойылатын талаптар.
Сабақ әдісі: Венн дианраммасы, екі жақты күнделік,презентация
1-кезең Қызығушылықты ояту
1.Білім дегеніміз не
2.Білім нені қамтиды
2-кезең-НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.Топтық жұмыс Білім алушылар үш шағын топқа бөлінеді. Алдарына дәріс плакат маркер үлест Әрқайсысы бөлек тапсырма алады
1-топ тапсырмасы: «Презентация» Дәріс мәтіні бойынша Білім мазмұны тақ презентация даярлайды
Үлестірмелі материал:
1 Білім мазмұны-жас ұрпақты неге оқыту керек деген сұраққа нақты жауап болып таб
Білімнің мазмұны – оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл ғылыми білімнің іскерліктіңң және дағдының жүйесі Осы жүйе негізінде оқуш.ң ақыл оиы қабілети дамиды
Білім мазмұнының түрлері: • күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер; • көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер; • болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары; • белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер; • ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер; • әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер. Сонымен ғылыми білім — болмысты іс жүзінде тану нәтижесі, болмысты дұрыс түсіну құралы. Білім, дүние дамуымен бірге өзгеріп және жетілдіріліп, дүниетінымдық және тәрбиелік идеялар бір ұрпақтан екіншіге негізінен ұйымдастырылған, нақты мақсаты бар оқыту арқылы беріледі.
2-топ тапсырмасы «Венн диаграммас» Берілген плакатка жаңа тақрп боинша отра білім беру жүиесі мен касиптік б б жүиесінің, жоғары білім беру жүйесінің ерекшелігін ортақ қасиеттерин Венн диагрна салады
Үлестірмелі материал «Білім туралы заң»
Кәсіптік бб – білім беру жүйесінің маңызды саласы; мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққадаярлау, қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру. Бастауыш кәсіптік білім беру ісі негізгі жалпы білім беру базасы негізінде кәсіптік мектептер мен кәсіптіклицейлерде жүзеге асырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша біліктіжұмыскерлерді (жұмысшыларды, қызметшілерді) даярлауға бағытталған. Кәсіптік мектепте оқу мерзімі 2 – 3 жыл, кәсіптік лицейде – 3 жыл, ал ерекше маңызды кәсіптер және бірегей жабдықтарға күтім жасауға байланысты кәсіптер бойынша –4 жыл.
Орта білім – ғылым негіздерін білуді талап ететін, қоғамға пайдалы еңбекке қатысуға және жоғары білім алуға қажетті білім мен дағдылар жиынтығы. Орта білім жалпы және арнаулы болып бөлінеді. Жалпы орта білім ежелгі Грекия мен Римде белгіліболғанмен, Батыс Еуропада классикалық мектептер 'XV – XVI ғасырларда ғана орнықты.
Жоғарғы білім – толық орта білім негізінде жоғары оқу орындарында берілетін және тиісті дипломмен куәландырылатын маманның кәсібибіліктілік дәрежесі. Ежелгі Шығыс елдерінде (Қытай, Мысыр, Вавилон, Ассирия, т.б.) б.з.б. түрлі сатылы мектептер пайда болды. Ежелгі Грекия философтары білім беру жүйесін жете зерттеу мәселесіне көп көңіл бөлді. Платон (б.з.б. 428 - 348) өзінің үш сатылы білім беру жүйесінде абстракциялы ойлау қабілеті байқалған жастар үшін жоғары – үшінші сатыны ұсынды
3топ тапсрмасы «Екі жақты күнделік» Берілген плакаттың ортасынан сзп оң жағыына бүгінгі тапқрп боинша мәселені сол жағна сол жагна шешу жолдарн жазу керк
3-КЕЗЕҢ –толғаныс
Жаңа сабақты қорытындылау үшін студенттерге сөзжұмбақ құру тапсырылады
2 Билет
1сұрақ. Педагогиканы оқыту процесі және оның ерекшеліктері.
Өркениеттің қазіргі даму сатысының ерекшеліктері мәдениеттің, экономиканың, қоғамдық және жеке өмірдің барлық аймақтарндағы жаһандық инновациялармен байланысты.
Инновациялық білім берудің мақсаты-жаңаны игеріп қана қоймай, сондай жаңаны ойлап шығара алатын жаңашыл маманды қалыптастыру.
Кәсіби білім беру мақсаты- педагогикалық іс-әрекеттің жүйеқұраушы қызметі. Мақсатты таңдауға оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін таңдау тәуелді болады. Педагогикалық мақсаттардың түрлері өте көп Олардың ішінен білім берудің нормативтік мемлекеттік мақсаттарын, қоғамдық мақсаттарды, оқытушылардың өздерінің бастамашыл мақсаттарын бөлуге болады. Педагогикалық өзара әрекет кезінде субъект арасында түрлі ақпараттың коммуникативті, психологиялық, методолиялық, ұйымдастырушылық жане басқарушылық байланыс орнатылады.
Бірінші кезең-жоспарлау. Пед мақсат, міндетке баиланысты. Жоспарлау бейімділігімен, жоспарлармен, бағдарламасымен, басқа да құжаттардың негізін есепке алу
Екінші кезең-дайындық. Оқу бағдарламасына, құжаттың жоспарына сүйеніп бөліктерді моделдеу.
Үшінші кезең- ұйымдастыру. Прогрессивті-педагогикалық технология мен әдістемелерді негізге алып, бағдарлама жоспар, тұжырымдаманы жүзеге асыру.
Төртінші кезең- түзету. Оқу-тәрбие процесінің компаненттерін түзету. ЖОО оқу тәрбие үрдісіне, ұйымдастыру бөліміне өзгерістер енгізу
Бесінші кезең- қорытынды шығару Пед процестің нәтижелі талдау қызметін, жетістікті диагностикалау, міндеттердің ауытқуын, табыс пен сәтсіздіктің себебін анықтауға мүмкіндік береді.
2-сұрақ Іскерлік оиынды ұйымдастырудағы приниптер
Іскерлік ойындары - бұл да белсенді оқытудың бір түрі. Ойынның бұл түрі әртүрлі практикалық жағдайларды көрсету арқылы жүзеге асады. Ойында ойыншынын кәсіби — педагогикалық ойлау образына енуі, бұл ойынның басты ерекшелігі болып табылады. Іскерлік ойынның негізі- проблемалық педагогиканың ситуацияларды тудыру және оларды әртүрлі проблемалық ролдік шешуді жүйесі. Ойында образға кіру ерекшелігі басқа ойындармеи салыстырғанда проблемалық жағдайларды шешуші фактор ретіндс қарастырылады. Ойыншы белгілі ережелерді қолдана отырып ойынның толық мағынасын түсініп, талдау жасап, алда болатын өзгерістерді жобалап отыруы қажет. Әртүрлі педагогикалық жағдайларды модельдеу болашақ педагогтың әрбір ойын кәсіби түрде жеткізе білуге жетелейді. Осылай ойлау кабілеті нәтижесіндс ойыншылар педагогикалық образға толығымен кіріп, қандай өзгеріс болатынын түсіне алады. Ойыншыларда педагогикалық процесс моделінің біркелкі образы ойьнда болған әртүрлі жағдайлар нәтижесінде калыптасады. Бұл модель жеке түлғалық сипатқа ие болады және ойын кезіндегі ойыншының жасаған іс - әрекетінің таңбасына ойыншының өзін ойын барысында ұстай білуі, ойын толық жеткізе білуін және әр ойыншының өзіне ғана тән ерекшеліктеріне байланысты калыптасады. Сонымен қатар іскерлік ойынның барысында әр ойыншыда өзін басқалардың көмегімен, яғни сырт көзбен қадағалау және басқаларды да танып білу қалыптасады. Өздеріне берілген тапсырмаларды бірігіп шешу жолында өзіндік нәтиже шығарумен қатар басқалармен бірігіп жұмыс істеу және ой тудыру әрбір ойыншыда қалыптасатын жайт Ойынның шартты модельдері және ойын барысында жинақталған іс-әрекеттер ойыншылардың көзқарасын едәуір кеңейтеді.Іскерлік ойында ойыншыларда екі түрлі козқарас қалыптасады. Біріншіден, ойыншы образға кіріп, ойын образын жасайды яғни осы образды толық сіңіреді, басқалармен осы образда қарым-қатынаста болады. Екіншіден, бұл ойыншылар арасындағы нағыз қарым-қатынас орнығады, себебі әр ойыншы образды өзі деп есептейді. Образға кіру жолында ойын шарты тез үғынылады сондай - ақ төзімділік, басқалардың ойын құрметтеу, бірігіп жұмыс атқару, жауапкершілік қалыптасады.Білім алу процесі, оны толықтыру, негізін түсіну екі кезеңнен өтеді:
- ойын барысында: образ арасындағы қарым — катынас кезеңі;
- қорытындылау кезінде: пікірталас кезеңі;
Ойын шартында ойыншыларға таныс жайттар көп кездессе және олар образға толық кіре алса ойын қызықты да мағыналы болып өтеді.
Әрбір ойын мағынасына қарай өзіне тән қүрылымы, рөлі, сюжеті болады және мұғалімнің басқарып, жүргізуіне байланысты ерскшеленеді. Ойынның ойдағыдай өтуі жүргізушінің атқаратын жұмысы толық қарастырылған жағдайда ғана болады. Ол әрбір ойыншының өзіндік ерекшеліктері, мүмкіндіктерін, олардың ойынға тез енуін ойындық ситуацияға кіруін сюжетті ары қарай дамыту дәрежесін білгенде ойын сәтті өтеді. Әрбір топ ойынды өзінше дамытып, жаңа көзқарастар туғызтып, жаңа нәтижелер шығара алады.
3-сұрақ «Оқыту формалары» тақырыбына сабақ жоспары
Тақырыбы: Оқыту формалары
Сабақтың мақсаты: Оқытуды ұйымдастырудың формалары туралы негізгі түсініктер қалыптастыру.
Жоспары:
1. Оқу формасы түсінігі
2. Оқу формаларының қалыптасуы мен жетіліп баруы
3. Оқу процесін ұйымдастыру формалары
4. Оқу түрлері
Сабақ әдісі: Венн дианраммасы, екі жақты күнделік,презентация
1-кезең Қызығушылықты ояту
1.Оқыту формалары дегеніміз не
2-кезең-НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.Топтық жұмыс Білім алушылар үш шағын топқа бөлінеді. Алдарына дәріс плакат маркер үлест Әрқайсысы бөлек тапсырма алады
1-топ тапсырмасы: «Презентация» Дәріс мәтіні бойынша Оқыту формалы тақ презентация даярлайды
Үлестірмелі материал:
Оқушылардың білім мазмұнын игеру іс-əрекеттері əрқилы формада жүзеге асып барады. Латын сөзі «форма» тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нəрсенің құрылымы дегенді аңдатады. Оқуға байланысты форма екі мағынада қолданылады: 1) оқу формасы; 2) оқу-ұйымдастыру формасы. Дидактикалық категория ретінде оқу формасы оқу процесі ұйымдастырылуының сырттай көрінісін білдіреді. Ол оқу процесінің мақсаттары, мазмұны, əдістері мен құрал-жабдықтарына, материалдық жағдайларына, қатысушылар құрамы жəне т.б. элементтеріне тəуелді. Оқушылар санына, оқу уақыты мен орынына, іске асыру тəртібіне орай оқу формасы əрқилы болып келеді. Қазіргі мектеп тəжірибесінде келесідей оқу формалары қалыптасқан: жеке-дара, топтық, толық сыныптық, ұжымдық, жұптастық, дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс сыныптық жəне сыныптан тыс, мектептік жəне мектептен тыс, əлбетте, мұндай топтастырудың (классификация) жетілген ғылыми негіздемесі əзірге болмай тұр. Дегенмен, осы тұрғыдан оқу формаларының көптүрлілігін біршама ретке келтіру мүмкін.
2-топ тапсырмасы «Венн диаграммас» жеке-дара, топтық оқыту формаларының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін диаграммага салады
Үлестірмелі материал Жеке-дара оқу формасы мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасқа келуінен құралады. Оқудың топтық формасында оқушылар əрқилы мүдде- мақсатқа орайласқан топтарда оқиды, тəрбиеленеді. Толық сыныппен жұмыс (фронталь) формасы оқуда мұғалім бір мезетте барша оқушылармен, біркелкі тапсырма, міндет белгілеп, сынып қатысушыларының бəріне ортақ іс-əрекеттер төңірегінде бірқалыпты оқу жұмыстарын алып барады. Оқудың ұжымдық формасы. Бұл оқу түрінің фронталь оқу формасынан өзгешелігі: сынып оқушылары өздеріне тəн ара қатынас, өзара ықпал жасау ерекшеліктерін сақтаумен біртұтас, мақсат-мүддесі ортақ, біртекті жұмыс бағытында бірігіп, бекіген ұжым ретінде қарастырылады. Жұптасып оқуда негізгі өзара байланысты оқу əрекеттері екі оқушының қатысуымен орындалады. Дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс, сыныптық жəне сыныптан тыс, мектеп ішілік жəне мектептен тыс оқу жұмыстары өздерінің өткізілетін орындарымен белгіленеді.
3топ тапсрмасы «Екі жақты күнделік» Берілген плакаттың ортасынан сзп оң жағыына бүгінгі тапқрп боинша мәселені сол жағна сол жагна шешу жолдарн жазу керк
3-КЕЗЕҢ –толғаныс
Жаңа сабақты қорытындылау үшін студенттерге сөзжұмбақ құру тапсырылады
