Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bilim_Nazarbaeva-Koteru-tasymaldau.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.12 Mб
Скачать

2.3. Тиеу-түсіру машиналары туралы жалпы мəліметтер

2.3.1. Қолданылуы жəне жалпы жіктелуі

Тиеу-түсіру машиналары (ТТМ) полиграфиялық өндірісте, те-міржол көліктерінде жəне шаруашылықтың басқа салаларында ірі салмақты контейнерлерінде, жабық вагондарда, автомобильдер-де, қоймаларда, кемелерде өздерінің жақсы маневрлігімен тиімді қолдану көрсеткіштеріне байланысты кең қолданыс тапқан. Мұндай тиеуіштерге аз ақша жұмсалады, олардың өзін ақтау мерзімі өте аз.

83

КТМ циклді əрекет ететін машинаға жатады жəне: жүкті қармау, оны түсіру жəне тасымалдау, қармаудан жүкті босату сияқты опе-рацияларды орындайды. Кейбір операциялар түгел немесе жар-тылай біріктірілген. Операцияларды біріктіру мүмкіндігі маши-на маневрлігі мен жүргізуші кестесіне байланысты жүктелген жұмыстардың өнімділігін арттыратын маңызды фактор болып табы-лады.

Дара – ыдысты, қағаз орамдарын, сусымалы жүктерді қармау қосымша жүктеу қондырғыларын қажет етпейді. Тоқтаусыз көлік жұмыстарына жүкті ілу, босату үшін жұмысшы күші (стропальщик-тер, такелажниктер) керек емес.

Рельсті, пневмодөңгелекті, шынжыр табанды крандармен салыс-тырғанда, тиегіш машиналары жүктелген күйінде үлкен өндіріс алаңдарда, қоймаларда едəуір қашықтарда тасымалдай алады. Мобильдік автономдық жетектермен жабдықталған көп номен-клатуралы тез ауыстырылатын жүк қармау айла-бұйымдармен жабдықталғандықтан, оларға кең көлемде қолдану мүмкіндігі, кез келген орынға қолдану тəуелсіздігі, тиеу-түсіру машиналарына əмбебапты қасиет береді.

Тиеу-түсіру машиналарының конструктивті орындалуы, қолдану аясы жəне жұмыс қондырғыларының түрлері жүктеме жұмыстарын жүргізу кезіндегі істері негізделген 2.12-суретте келтірілген.

Іштен жану қозғалтқышты (ІЖҚ) жетекті əмбебап автотиегіштер тасымалдану қашықтығы 200 м-ге дейінгі жақсы желдетілетін бөлмелер мен ашық алаңдарда жұмыс жасауға қолданылады.

Аккумулятор батареясынан қоректелетін жетекті əмбебап электр-тиегіштер тасымалдау қашықтығы 100…120 м-ге дейінгі жабық орындарда, ғимараттарда, цехтарда жүктеме жұмыстарын жүргізуге көп қолданылады.

Фронталь жылжымалы жүккөтергішті тиегіштер қойма жұмыс-тарында қолданылады, ептілігі жоғары, өнімділігі жəне жылдамдық көрсеткіштері бойынша əмбебап тиегіштерге жол береді, тасымал-дау қашықтығы 50 м-ге дейін, жүк көтеру биіктігі 6…8 м, арнайы ұсыныс бойынша жасалған түрі 15…20 м-ге дейін жүкті көтере алады.

Біржақты, бүйірлі жылжымалы жүккөтергішті тиегіштер ұзын өлшемді жүктерді (бөренелер, прокат, темір-бетонды дайындамалар жəне т.б.) жəне ірі контейнерлерді жүктейді. Олар аккумулятор ба-тареясынан қоректенетін, бірақ жүк көтергіштігі аз, сонымен қатар ІЖҚ-тан қоректенетін, олардың жүккөтергішті жоғары, 40…60 т-ға

84

дейін жетеді. Тасымалдау қашықтығы, жүккөтергіштігі тиегіштердің жетек түріне байланысты 1000 м-ге дейін жəне одан да жоғары бо-лады.

Электрарбалар өздігінен аударылатын шанақты жəне шөмішті қозғалмайтын платформалы, бірақ платформасы көтерілетін немесе тұрақты түрде болады, жүктерді 100 м жəне одан көп қашықтықтарға тасымалдауға арналған.

Тартқыштар 0,25-тен 5000 кН-ге дейінгі тарту күшімен сипатта-лады, жүктерді арбада немесе тіркемеде 100....1000 м қашықтыққа тасымалдауда пайдаланылады. Кейінгі кезде электр- жəне авто-тартқыштар шығарылуда, соңғылары жоғары тарту күші жəне жыл-дамдық көрсеткішімен ерекшеленеді.

Портальді тиегіштер ұзынөлшемді жүктерді, ірі тонналы кон-тейнерлерді тиеп-түсіруге жəне оларды тасымалдау үшін пайдала-нылады. Тасымалдау қашықтығы 500…1000 м-ге дейін штабельдеу биіктігі 4,5 ... 7 м, ол контейнерді екі немесе үш қабатты текшеленуіне байланысты.

Басқаруы жəне жүргізуі пульт арқылы басқарылатын электр-тиегіштердің, электрштабелелердің, электрарбалардың, электртарт-қыштардың негізгі түрлерінен басқа конструкциясы кіші өлшемді, тар өткелде, қойма ішінде жəне полиграфия цехтарында өндірісте қолданылатын қағаз материалдарын тасымалдайтын немесе ите-ру таяқшасымен басқарылатын машиналары көп тараған. Соңғы уақытта басқару пульті оператормен, қармау қондырғысымен бірге жүккөтергіштің тік бағытында орналасатын жүктерді текшелеп жинауға арналған электрштабелер кең тарауда. Мұндай тиегіштерді жүктерді ұяшықтарда, сөрелерде, сақтайтын қоймаларда қызмет жасау үшін пайдаланады. Жүкқармау қондырғылары үш перпен-дикуляр бағытта қозғалатын машиналар сөрелі қоймаларда қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында қолданылады.

ТТМ қозғалту қондырғыларының түрі бойынша авто- жəне электр тиегіштер болып бөлінеді. Қозғалтқыш қондырғы түрі машинаның техникалық көрсеткіштері мен қолданылу аясына байланысты.

Аккумулятор батереяларының электр сыйымдылығының шек-теулігіне орай, электртиегіштер көтеру жылдамдығы, тасымалдауы аз шамада жəне негізінен тегіс асфальтті немесе бетон жабынды алаңдарда жұмыс істеуге арналған.

Автотиегіштердің жекелей жүккөтергіштігі ұқсас электр тие-гіштермен салыстырғанда, көтеру жылдамдығы 2…2,5 есе жоғары, сонымен қатар қозғалысы да 2…5 есе жоғары болады. Олар тегіс емес

85

Тиеу-түсіру машиналары

2.12-сурет. Алға созылғыш жүк көтергішімен жабдықталған тиеу-түсіру машиналарын жіктеу

86

жол жағдайларында жұмыс жасай алады жəне өтімділігіне қатысты шектелуі аз. Қозғалу механизмдерінде гидромуфтаны, гидротранс-форматорды, гидроқозғалтқышты жəне электр-дизель жетекті қол-дану, машиналардың тарту көрсеткіштерін, жүргізушінің жұмыс істеу жағдайын жақсартады. Автотиегіштерді қолдану аясы қал-дық газдардың зияндылығына байланысты жабық, желдетілмейтін бөлмелерде қолдануға мүлдем болмайды, бұл кемшілікті азайту үшін үлкен конструкторлық зерттеу жұмыстары жүргізілуде, онда қалдық газдарға нейтрализатор қолдану, яғни зиянды заттардың азаюына көмектесетін, қысылған газда жұмыс жасайтын қондырғыларды орнату мəселелері қаралуда. Автотиегіштерді жүргізуші жəне олар-ды қамтамасыз ететін жұмыскердің іскерлігі мен білімі жоғары болуы қажет, өйткені автотиегіштер, электртиегіштерге қарағанда басқарылуы қиын жəне қозғалтқышы жиі жөндеуді қажет етеді [7, 9, 10, 11].

Тиегішті жəне қозғалтқыш қондырғыны таңдау кезінде маши-наның пайдалануын ұйымдастыруды жəне қолдану шығындарына кететін қаржы мөлшерін ескерген жөн.

Зерттеу нəтижесіне сүйенсек [6, 7], егер бензиндік қозғалтқышты автотиегіштің бағасын 100% деп алсақ, онда дизельді қозғалтқышты автотиегіштер бағасы 113%, электртиегіштік 137… 140% құрайды (қоректену құрылғыларының бағасын есептемегенде).

Бірақ энергетикалық қондырғылардың пайдалану шығындары көбінесе, машинаның жұмыс істеу шартына тəуелді, себебі ол электртиегіштерде аз болады. Егер жүктердің BI жеңіл класс тү-рін 100% деп алсақ, онда басқа жүктелу мен жетек түрлерін салыстырғанда ол мынадай қатынаста болады:

Жүктемелеу

Жүктемелеу

Энергетикалық қондырғыларды орнатуға

класы

коэффициентті

кететін шығындар,%

электртиегіштер

дизельді

карбюраторлы

В жеңіл

0,125 дейін

100

151

174

В2 орташа

0,125...0,25

125

188

218

В3 ауыр

0,25....0,50

156

235

272

В4 аса ауыр

0,50...1

195

294

340

Қоймадағы жұмыстарды механизациялау үшін электр жүйесінен қоректенетін кабельді электр тиегіштерді қолданады. Олардың энергиясыйымдылығы шектелмеген, бірақ жүкті тасымалдау ра-

87

диусы қоректендіретін кабель ұзындығымен анықталады (əдетте, 25 ... 50 м шамасында).

Кабельді электр тиегіштердің басқа тиегіштерге қарағанда, бұрылу-қозғалу сапасы төмен жəне бұл жүктеу жұмыстарда қол-данылуының аясын шектейді. Əсіресе, жердегі рельссіз көліктерді дестелі жəне контейнерлі тасымалдаударда қолдануы тиімді, сондай-ақ оларды ауыспалы жүкқармау айла-бұйымдармен жабдықтап, əртүрлі – дара, сусымалы жүктерді тиеуге бейімдеуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]