- •Дәріс тезистері
- •1 Агрохимия ғылымының қалыптасуы мен даму тарихы
- •2 Агрохимия ғылымының міндеттері мен зерттеу әдістері
- •3 Тыңайтқыш - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн арттырудың басты факторы
- •Дүниежүзінің кейбір мемлекеттерінде бір гектар егістікке қолданылған минералды тыңайтқыш мөлшері мен дақылдан алынған өнім
- •Қазақстан Республикасында тыңайтқыш қолдану жағдайы
- •Өсімдіктің қоректенуі мен оны реттеу әдістері
- •1 Өсiмдiктiң химиялық құрамы
- •2 Өсiмдiктiң қоректенуi, оның түрлері.
- •4 Өсiмдiктiң қоректенуiне сыртқы орта факторлардың әсерi
- •5 Тұздардың физиологиялық реакциясы
- •Өсімдіктің қоректенуі және тыңайтқыш қолданумен байланысты топырақтың қасиеттері
- •1 Топырақ құрамы
- •2 Топырақтың сіңіру қабілеті
- •3 Топырақ қасиеттері
- •4 Қазақстанның негізгі топырақтарының агрохимиялық қасиеттерi
- •Тыңайтқыштар туралы негізгі түсінік. Азотты тыңайтқыштар
- •1 Тыңайтқыштар туралы түсінік және оны жіктеу
- •2 Өсімдік үшін азоттың маңызы
- •3 Топырақтағы азот қосылыстары және олардың өзгеруі
- •4 Азот тыңайтқыштарының құрамы мен қасиеттері және тиімділігін арттыру жолдары
- •Фосфорлы тыңайтқыштар
- •1 Өсімдік үшін фосфордың маңызы
- •2 Топырақ құрамындағы фосфор қосылыстары және олардың өзгеруі
- •3 Фосфор тыңайтқыштары, оларды алу жолдары, құрамы мен қасиеттері, топырақпен әрекеттесуі және қолдану ерекшеліктері
- •Калий тыңайтқыштары
- •1 Өсімдік үшін калийдің маңызы
- •2 Топырақ құрамындағы калий қосылыстары және олардың өзгеруі
- •3 Калий тыңайқыштары, оларды алу жолдары, қасиеттері және қолдану. Калий тыңайтқыштарының тиімділігін арттыру жолдары
- •Микротыңайтқыштар және кешенді тыңайтқыштар
- •1 Өсімдік үшін микроэлементтердің маңызы. Топырақ құрамындағы микроэлементтердің мөлшері
- •2 Микротыңайтқыштар, құрамы, қасиеттері ауылшаруашылық дақылдарына қолдану ерекшеліктері
- •3 Комплексті тыңайтқыштарды жіктеу
- •4 Күрделі тыңайтқыштар, құрамы, қасиеттері, ауылшаруашылық дақылдарына қолдану ерекшеліктері
- •5 Күрделі-аралас тыңайтқыштар, қасиеттері, ауылшаруашылық дақылдарына қолдану ерекшеліктері
- •6 Аралас тыңайтқыштар, тыңайтқыштарды араластыру техникасы мен ережелері, қолдану ерекшеліктері
- •Органикалық тыңайтқыштар
- •1 Төсенішті көң, құрамы, түрлері, сақтау әдістері, қолдану ерекшеліктері
- •2 Қордалар, құс саңғырығы, жасыл тыңайтқыштар (сидераттар)
- •Құс саңғырығы құрамындағы қоректік элементтердің орташа мөлшері, %
5 Тұздардың физиологиялық реакциясы
Өсімдікті қоректендіру үшін қолданылатын минералдық тұздар бір-бірінен химиялық және физиологиялық қасиеттері бойынша ажыратылады. Химиялық қасиеттері бойынша олар мынадай топтарға бөлінеді:
1. Бейтарап тұздар (KCl, K2SO4, NaNO3, Ca(NO3)2, (NH4)2SO4).
2. Гидролиттік сілтілік тұздар (K2CO3, (NH4)2CO3).
3. Гидролиттік қышқыл тұздар (KH2PO4, Ca(H2PO4)2).
Өсімдік өзінің өсіп-даму кезеңдерінде иондарды талғап сіңіреді. Сөйтіп тұздардың физиологиялық реакциясы өзгереді. Топырақ құрамындағы өсімдік пайдаланбаған аниондар мен катиондар оның ерітіндісінің реакциясын қышқылдық немесе сілтілік жаққа қарай ауыстырады. Егер өсімдік тыңайтқыш құрамындағы анионды көп пайдаланса физиологиялық сілтілік‚ ал катионды көп пайдаланса физиологиялық қышқыл деп есептейді. Мысалы‚ аммоний сульфаты-(NH4)2SO4 физиологиялық қышқыл тыңайтқыштар қатарына жатады. Өйткені өсімдік бұл тыңайтқыш құрамындағы SO42- анионына қарағанда NH4 катионын көп сіңіреді. Ал SO42- анионы сутек (Н+) катионы мен әрекеттесіп күкірт қышқылы түзіледі де қышқылды реакция туғызады. Са(NO3)2, NaNO3 физиологиялық сілтілік тыңайтқыштар болып есептеледі. Себебі өсімдік олардың құрамындағы NO3- анионын Са2+‚ Na+ катиондарымен салыстырғанда көп пайдаланады.
Аммоний селитрасының (NH4NO3) физиологиялық реакциясы түрлі факторларға байланысты. Алайда оның физиологиялық қышқылдылығы хлорлы аммоний мен аммоний сульфатына қарағанда әлсіз.
Калий тыңайтқыштарының қышқылдылығы аммонийлі азот тыңайтқыштарымен салыстырғанда өте әлсіз болып есептеледі. Тіпті калий тыңайтқыштарының физиологиялық қышқылдылығы өсімдік түріне байланысты. Д.Н.Прянишников лабораториясында жүргізілген тәжірибелер-калий тыңайтқыштарын қант қызылшасы‚ күнбағыс‚ жүгеріге қолданғанда олардың физиологиялық реакциясы күштірек‚ ал сұлы‚ арпа дақылдарына бергенде өте әлсіз болған. Бұл қант қызылшасы‚ күнбағыс‚ жүгері өсімдіктерінің арпа мен сұлыға қарағанда калийді әлдеқайда көп пайдалануына байланысты.
Слайдтар, кестелер.
Бақылау сурақтар:
Өсімдіктің әртүрлі топтарының құрамындағы құрғақ зат пен судың арақатынасы қандай?
Әртүрлі дақылдардың құрғақ заттары неден түрады және олардың элементік құрамы?
Органоген және күл, макро- және микроэлементтер дегеніміз не?
Өсімдік қоректенуінің негізгі түрлерін атаңыз?
Тамыр арқылы қоректену дегеніміз не және өсімдік қоректенуі жөніндегі қазіргі көзқарастар?
Тұздардың физиологиялық реакциясы дегеніміз не?
Өсімдіктің қоректік заттарды қабылдауына сыртқы жағдайлар қалай әсер етеді?
Әдебиеттер:
1 Агрохимия (под ред.Б.А.Ягодина) – М., 1989
2 Агрохимия (под ред. Минеева В.Г.) - М., 2001
3 Прянишников Д.Н. Избранные сочинения. Т.1, 2, 3 - Москва, 1967
4 Елешев Р.Е., Бекмағанбетов А. Агрохимия. – Алматы, 1989
5 Елешев Р. Е., Смағұлов Т.С., Балғабаев Ә.М. Агрохимия және тыңайтқыш қолдану жүйесі. – Алматы, 2000 ж
Дәріс №3
Өсімдіктің қоректенуі және тыңайтқыш қолданумен байланысты топырақтың қасиеттері
Дәрiс мақсаты: өсімдіктің қоректенуі мен тыңайтқыш қолдануға байланысты топырақ қасиеттерінің өзгеруі, республикамыздың негізгі топырақтарының агрохимиялық қасиеттері жөнінде толық мағлұматтар беру.
Түйінді сөздер: топырақ құрамы, қышқылдық, сілтілік, буферлік, топырақтың сіңіру кешені, сіңіру қабілеті, топырақтың агрохимиялық көрсеткіштері
Сұрақтар:
1 Топырақ құрамы
2 Топырақтың сіңіру қабілеті
3 Топырақтың қасиеттері
4 Қазақстанның негізгі топырақтарының агрохимиялық қасиеттерi
