Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тезисы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
880.64 Кб
Скачать

6 Аралас тыңайтқыштар, тыңайтқыштарды араластыру техникасы мен ережелері, қолдану ерекшеліктері

Ауыл шаруашылығында күрделі және күрделі-аралас тыңайтқыштармен қатар құрғақ тыңайтқыш қоспаларын дайындау және оларды қолдану да маңызды болып келеді. Қоспа құрамы жағынан әртүрлі болып саналады. Сондықтан концентрациясына, қоректік заттарының арақатынасына қарай оларды әртүрлі ауылшаруашылығы дақылдарының қажеттілігіне сәйкес бейімдеу оңайға түседі. Минералдық тыңайтқыштар қоспаларын дайындауда олардың сапасының, физика-механикалық және физика-химиялық қасиеттерінің жақсы болуына назар аударылуы тиіс. Тыңайтқыш қоспаларын дайындау және сақтау кезінде жеке бөліктері бір-бірімен өзара химиялық реакцияға түсуі мүмкін. Сондықтан, қоспа дайындауға арналған тыңайтқыштарды дұрыс таңдаудың маңызы зор. Тыңайтқыш қоспасын дайындау үшін мынадай ережелерді орындау керек:

1. Қоректік заттар ысырап болатын болса немесе физикалық қасиеті нашар масса түзілсе, минералдық тыңайтқыштарды бір-бірімен араластыруға болмайды.

2. Құрамында азот аммиак түрінде болатын тыңайтқыштарды (аммоний селитрасы, күкірт қышқыл аммоний, аммофос) сілтілі тыңайтқыштармен (томасшлак, фосфатшлак) араластыруға болмайды, өйткені араластырған кезде аммиак бөлінеді.

3.Суперфосфатты аммиак селитрасымен араластырғанда гигроскопиялығы жоғары кальций нитраты және азоттың оксидтері түзіледі де қоспаның қасиеті нашар болады.

4. Күкірт қышқыл аммоний тыңайтқышын суперфосфатпен араластығанда гипс пайда болады да қоспа қатып қалады, оны топыраққа енгізу алдында тағы ұнтақтауға тура келеді.

5. Суперфосфатты мочевинамен араластырғанда қоспаның ылғалдылығы жоғарлайды.

6. Өте ылғал тыңайтқыштарды бір-бірімен араластыруға болмайды.

7. Ұнтақ күйіндегі тыңайтқышты түйіршікті тыңайтқышпен қосып, қоспа дайындауға болмайды.

8. Химиялық құрамы біртекті тыңайтқыш қоспаларын дайындау үшін араластыратын компоненттердің гранулометриялық құрамы бірдей немесе өзара жақын болуы тиіс.

9. Тыңайтқыш қоспаларының сапасы едәуір дәрежеде олардың құрамындағы қоректік заттардың арақатынасына байланысты. Мысалы, қоректік заттардың арақатынасы 1:1:1 мөлшерінде алынған аммиак селитрасынан, суперфосфаттан, калий хлоридінен дайындалған қоспада 60 күн сақтаудан соң 8,4%, ылғал, ал арқатынасы 1:1,5:1,5 мөлшердегі осындай қоспада 5,5% ылғал болған.

10. Қоспа дайындауға арналған компоненттердің қасиеті ауыл шаруашылығы дақылдарының талаптарына сай болуын ескеру керек.

Сонымен шаруашылықта қоспа дайындау технологиясы мынадай ретпен орындалады: қоймада нығыздалып қалған тыңайтқыштарды ұнтақтау және електен өткізу, дайындалған тыңайтқыштарды бір-бірімен араластыру, қоспаны тиеу, қоспаны қоймаға немесе егістікке тасымалдау.

Тыңайтқыш қоспасын дайындау мерзімін шаруашылықтың нақты жағдайына қарай шешу керек.

Слайдтар, кестелер.

Бақылау сурақтар:

  1. Микротыңайтқыштар дегеніміз не?

  2. Жекелеген микроэлементтрердің өсімдік тіршілігіндегі рөлі жөнінде атаңыз?

  3. Бор, молибден, марганец, мырыш және мыс микротыңайтқыштарының негізгі түрлерін атаңыз?

  4. Микротыңайтқыштарды қолданудың қандай әдісі тиімді болып есептеледі?

  5. Қандай тыңайтқыштар комплексті деп аталады және олардың жіктелуі?

  6. Күрделі тыңайтқыштардың негізгі қасиеттері және алу тәсілдері?

  7. Қандай тыңайтқыштар күрделі-аралас деп аталады? Олардың алынуы, қасиеттері және қолдану?

  8. Жай тыңайтқыштарды араластыруда қандай талаптар қойылады?

Әдебиеттер:

1 Елешев Р.Е., Бекмағанбетов А. Агрохимия. – Алматы, 1989

2 Елешев Р. Е., Смағұлов Т.С., Балғабаев Ә.М. Агрохимия және тыңайтқыш қолдану жүйесі. – Алматы, 2000 ж

3 Агрохимия (под ред. Минеева В.Г.) - М., 2001

4 Елешев Р.Е. Фосфорные удобрения и урожай. - А.-А., 1985

5 Справочник по применению удобрений (под ред.Пономаревой А.Т.). – Алма-Ата, 1981

Дәріс №12