- •Дәріс тезистері
- •1 Агрохимия ғылымының қалыптасуы мен даму тарихы
- •2 Агрохимия ғылымының міндеттері мен зерттеу әдістері
- •3 Тыңайтқыш - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн арттырудың басты факторы
- •Дүниежүзінің кейбір мемлекеттерінде бір гектар егістікке қолданылған минералды тыңайтқыш мөлшері мен дақылдан алынған өнім
- •Қазақстан Республикасында тыңайтқыш қолдану жағдайы
- •Өсімдіктің қоректенуі мен оны реттеу әдістері
- •1 Өсiмдiктiң химиялық құрамы
- •2 Өсiмдiктiң қоректенуi, оның түрлері.
- •4 Өсiмдiктiң қоректенуiне сыртқы орта факторлардың әсерi
- •5 Тұздардың физиологиялық реакциясы
- •Өсімдіктің қоректенуі және тыңайтқыш қолданумен байланысты топырақтың қасиеттері
- •1 Топырақ құрамы
- •2 Топырақтың сіңіру қабілеті
- •3 Топырақ қасиеттері
- •4 Қазақстанның негізгі топырақтарының агрохимиялық қасиеттерi
- •Тыңайтқыштар туралы негізгі түсінік. Азотты тыңайтқыштар
- •1 Тыңайтқыштар туралы түсінік және оны жіктеу
- •2 Өсімдік үшін азоттың маңызы
- •3 Топырақтағы азот қосылыстары және олардың өзгеруі
- •4 Азот тыңайтқыштарының құрамы мен қасиеттері және тиімділігін арттыру жолдары
- •Фосфорлы тыңайтқыштар
- •1 Өсімдік үшін фосфордың маңызы
- •2 Топырақ құрамындағы фосфор қосылыстары және олардың өзгеруі
- •3 Фосфор тыңайтқыштары, оларды алу жолдары, құрамы мен қасиеттері, топырақпен әрекеттесуі және қолдану ерекшеліктері
- •Калий тыңайтқыштары
- •1 Өсімдік үшін калийдің маңызы
- •2 Топырақ құрамындағы калий қосылыстары және олардың өзгеруі
- •3 Калий тыңайқыштары, оларды алу жолдары, қасиеттері және қолдану. Калий тыңайтқыштарының тиімділігін арттыру жолдары
- •Микротыңайтқыштар және кешенді тыңайтқыштар
- •1 Өсімдік үшін микроэлементтердің маңызы. Топырақ құрамындағы микроэлементтердің мөлшері
- •2 Микротыңайтқыштар, құрамы, қасиеттері ауылшаруашылық дақылдарына қолдану ерекшеліктері
- •3 Комплексті тыңайтқыштарды жіктеу
- •4 Күрделі тыңайтқыштар, құрамы, қасиеттері, ауылшаруашылық дақылдарына қолдану ерекшеліктері
- •5 Күрделі-аралас тыңайтқыштар, қасиеттері, ауылшаруашылық дақылдарына қолдану ерекшеліктері
- •6 Аралас тыңайтқыштар, тыңайтқыштарды араластыру техникасы мен ережелері, қолдану ерекшеліктері
- •Органикалық тыңайтқыштар
- •1 Төсенішті көң, құрамы, түрлері, сақтау әдістері, қолдану ерекшеліктері
- •2 Қордалар, құс саңғырығы, жасыл тыңайтқыштар (сидераттар)
- •Құс саңғырығы құрамындағы қоректік элементтердің орташа мөлшері, %
Калий тыңайтқыштары
Дәрiс мақсаты: калийдің өсімдік қоректенуде маңызы, топырақтағы калийдің формалары мен мөлшерлері, калий тыңайтқыштарының құрамы, қасиеттері және оларды қолдану жөнінде толық мағлұматтар беру
Түйінді сөздер: калий, калий тыңайтқыштары, алмаспалы сіңіру, тиімділік
Сұрақтар:
1 Өсімдік үшін калийдің маңызы
2 Топырақ құрамындағы калий қосылыстары және олардың өзгеруі
3 Калий тыңайқыштары, оларды алу жолдары, қасиеттері және қолдану. Калий тыңайтқыштарының тиімділігін арттыру жолдары
1 Өсімдік үшін калийдің маңызы
Калий-өсімдіктер тіршілігіне қажетті элементтердің бірі. Орыс ғалымы К.А.Тимирязев: “Өсімдікке калий қажет, ол калийсіз тіршілік ете алмайды‚”-деген болатын. Калий өсімдікте ион түрінде, цитоплазма коллоидтарында,ал негізінен (80-процент шамасында) клетка шырынында тұздар түрінде кездеседі. Ол органикалық қосылыстар құрамында болмайды. Калий өсімдіктің жас мүшелерінде көбірек болады. Көпшілік өсімдік күлінде оның мөлшері едәуір, ал картоп түйнегінде барлық күл мөлшерінің 50-проценттен астамы калий үлесіне тиеді. Егер азот, фосфор дәнде көп болса, калий дәнді дақылдардың сабанында көбірек кездеседі. Калий өсімдіктердің бір мүшесінен екіншісіне тез еніп, түнде оның біразы өсімдіктен топыраққа бөлінеді. Көне жапырақтағы осы элементтің біраз бөлігін жаңбыр суы шаяды. Оны өсімдік қайтадан қабылдайды. Бұл құбылысты реутализация деп атайды. Өсімдік тіршілігінде калий көптеген физиологиялық процестерге қатысады. Ол қарапайым және күрделі көмірсулардың синтезделуіне ықпал етіп, жапырақтағы көмірсулардың тамырға жылжуына себепші болады. Сөйтіп қант қызылшасының тамырында қанттың, картоп түйнегінде крахмалдың молаюына көмектеседі. Фотосинтез және тыныс алу процестері өсімдіктің калиймен қоректену деңгейіне байланысты.
Калий өсімдік организмдегі кейбір ферменттердің қызметіне әсер етеді. Мысалы, амилаза, инвертаза сияқты ферменттердің белсенділігін арттырады.
Өсімдікте кейбір витаминдердің түзілуі калий элементінің қатысында өтеді. Мәселен, аммиактан азотты органикалық заттардың пайда болуына әсер ететін тиамин витамині калий қатысында түзіледі. Калий жетіспесе плазма коллоидтарының суды ұстап тұру қабілеті төмендейді, өсімдік сола бастайды. Калий ауыл шаруашылығы дақылдарының суыққа және түрлі ауруларға төзімділігін күшейтеді.
Калий өсімдік клеткаларының толысуына, бүршіктердің неғұрлым қаулап жетілуіне үлкен әсер етеді.Д.Н. Сабин калий, натрий, кальций өсімдіктердің цитоплазма құрылымын жақсартатын ролін көрсетті.
Ауыл шаруашылығы дақылдары вегетациялық дәуірінде калийді түрліше дәрежеде пайдаланады. Мысалы, көкөніс, қант қызылшасы, картоп,қарақұмық, темекі сияқты дақылдар астық дақылдарына қарағанда калийді молырақ қабылдайды. Дақылдардың негізгі және қосымша өнімдерінде калий мөлшері бірдей болмайды. Мысалы, пайдаланатын бүкіл калийдің 15 проценті дәнді дақылдардың өнімде, 85 проценті сабанда, ал картоп түйнегінде 95 проценті жинақталады. Кейбір дәнді бұршақ тұқымдастардың дәнінде калий көп болады. Сондықтан ауыл шаруашылығы дақылдарын тыңайтуда калий элементінің рөлін білудің маңызы үлкен.
