- •Дәріс тезистері
- •1 Агрохимия ғылымының қалыптасуы мен даму тарихы
- •2 Агрохимия ғылымының міндеттері мен зерттеу әдістері
- •3 Тыңайтқыш - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн арттырудың басты факторы
- •Дүниежүзінің кейбір мемлекеттерінде бір гектар егістікке қолданылған минералды тыңайтқыш мөлшері мен дақылдан алынған өнім
- •Қазақстан Республикасында тыңайтқыш қолдану жағдайы
- •Өсімдіктің қоректенуі мен оны реттеу әдістері
- •1 Өсiмдiктiң химиялық құрамы
- •2 Өсiмдiктiң қоректенуi, оның түрлері.
- •4 Өсiмдiктiң қоректенуiне сыртқы орта факторлардың әсерi
- •5 Тұздардың физиологиялық реакциясы
- •Өсімдіктің қоректенуі және тыңайтқыш қолданумен байланысты топырақтың қасиеттері
- •1 Топырақ құрамы
- •2 Топырақтың сіңіру қабілеті
- •3 Топырақ қасиеттері
- •4 Қазақстанның негізгі топырақтарының агрохимиялық қасиеттерi
- •Тыңайтқыштар туралы негізгі түсінік. Азотты тыңайтқыштар
- •1 Тыңайтқыштар туралы түсінік және оны жіктеу
- •2 Өсімдік үшін азоттың маңызы
- •3 Топырақтағы азот қосылыстары және олардың өзгеруі
- •4 Азот тыңайтқыштарының құрамы мен қасиеттері және тиімділігін арттыру жолдары
- •Фосфорлы тыңайтқыштар
- •1 Өсімдік үшін фосфордың маңызы
- •2 Топырақ құрамындағы фосфор қосылыстары және олардың өзгеруі
- •3 Фосфор тыңайтқыштары, оларды алу жолдары, құрамы мен қасиеттері, топырақпен әрекеттесуі және қолдану ерекшеліктері
- •Калий тыңайтқыштары
- •1 Өсімдік үшін калийдің маңызы
- •2 Топырақ құрамындағы калий қосылыстары және олардың өзгеруі
- •3 Калий тыңайқыштары, оларды алу жолдары, қасиеттері және қолдану. Калий тыңайтқыштарының тиімділігін арттыру жолдары
- •Микротыңайтқыштар және кешенді тыңайтқыштар
- •1 Өсімдік үшін микроэлементтердің маңызы. Топырақ құрамындағы микроэлементтердің мөлшері
- •2 Микротыңайтқыштар, құрамы, қасиеттері ауылшаруашылық дақылдарына қолдану ерекшеліктері
- •3 Комплексті тыңайтқыштарды жіктеу
- •4 Күрделі тыңайтқыштар, құрамы, қасиеттері, ауылшаруашылық дақылдарына қолдану ерекшеліктері
- •5 Күрделі-аралас тыңайтқыштар, қасиеттері, ауылшаруашылық дақылдарына қолдану ерекшеліктері
- •6 Аралас тыңайтқыштар, тыңайтқыштарды араластыру техникасы мен ережелері, қолдану ерекшеліктері
- •Органикалық тыңайтқыштар
- •1 Төсенішті көң, құрамы, түрлері, сақтау әдістері, қолдану ерекшеліктері
- •2 Қордалар, құс саңғырығы, жасыл тыңайтқыштар (сидераттар)
- •Құс саңғырығы құрамындағы қоректік элементтердің орташа мөлшері, %
Тыңайтқыштар туралы негізгі түсінік. Азотты тыңайтқыштар
Дәрiс мақсаты: минералдық тыңайтқыштар, олардың жіктелуі, өсімдік үшін азоттың маңызы, азот тыңайтқыштарының құрамы, қасиеттері, алынуы және қолдану жөнінде түсінік беру.
Түйінді сөздер: тыңайтқыштар, жіктеу, азот, азот тыңайтқыштары, аммонийлі, нитратты, амидті, аммонийлі-нитратты тыңайтқыштар, тиімділік
Сұрақтар:
1 Тыңайтқыштар туралы түсінік және оны жіктеу
2 Өсімдік үшін азоттың маңызы
3 Топырақтағы азот қосылыстары және олардың өзгеруі
4 Азот тыңайтқыштарының құрамы мен қасиеттері және тиімділігін арттыру жолдары
1 Тыңайтқыштар туралы түсінік және оны жіктеу
Тыңайтқыштарға, құрамында өсімдікке қажетті қоректік элементтері болатын және топырақ қасиеті мен құнарлылығын жақсарту үшін пайдаланылатын заттар жатады.
Өсімдік пен топыраққа әсер етуіне қарай, тыңайтқыштарды шартты түрде тура және жанама деп жіктейді. Тура тыңайтқыш негізінен өсімдіктің қоректенуін жақсарту үшін, ал жанама тыңайтқыштарды топырақ қасиетін өзгерту мақсатында қолданылады. Бұған әк, гипс сияқты мелиоранттар жатады. Шығу тегіне қарай, тыңайтқыштар жергілікті (көң, көң садырасы, күл т.б.) және өндірістік болып ажыратылады. Химиялық құрамына байланысты тыңайтқыштар минералды және органикалық топтарға жіктеледі. Минералды тыңайтқыштар құрамындағы қоректік заттар тұздар түрінде болады. Құрамындағы қоректік эленменттің санына сәйкес минералды тыңайтқыштар жай (біржақты), комплексті (жан-жақты) деп бөлінеді Жай минералдық тыңайтқыштар құрамында бір ғана қоректік элемент болады. Бұған азот, фосфор, калий, микротыңайтқыштар жатады. Комплексті тыңайтқыштар құрамында екі немесе бірнеше қоректік элементтер кездеседі.
2 Өсімдік үшін азоттың маңызы
“Батыс Еуропадағы егіншіліктің бүкіл тарихы, егінің орташа шығымдылығымен анықталады да, ал ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің азотпен қамтамасыз етілу дәрежесіне байланысты,”-деген болатын академик Д.Н.Прянишников.
Азот жер бетіндегі ең көп таралған элемент. Ол табиғатта бос күйінде және түрлі қосылыстар түрінде кездеседі. Ауа құрамының 78 % осы газ болса, жер қыртысында азот қосылыстары 0,04 % құрайды.
Қоректік элемент ретінде өсімдік тіршілігінде азот маңызды рөл атқарады. Ол барлық белок құрамына енеді де, өсімдік клеткасы протоплазмасының басты бөлігі болып саналады. Белокта азоттың мөлшері оның жалпы массасының салмағының 16-18 процентіне тең болады. Азот фотосинтез құбылысына қатысатын хлорофилл мен протоплазманың клетка ядросының аса маңызды бөлігі-нуклеин қышқылдарының құрамында кездеседі. Сонымен қатар азот фосфатидтерде, алкалоидтарда, кейбір витаминдер мен ферменттерде және өсімдік клеткасындағы басқа көптеген органикалық заттарда болады.
Өсімдік үшін азот көзі болып есептелінетін, топырақтағы қосылыстарды мынадай топтарға бөледі: 1) азот қышқылының тұздары, 2) аммоний тұздары, 3) азотты қышқыл тұздары, 4) азоттың кейбір органикалық, қосылыстары (мочевина, амин қышқылдары). Түйнек бактерияларының қатысуымен бұршақ тұқымдас өсімдіктер атмосферадағы бос азотты пайдаланады. Өсімдік нитратты азотты органикалық заттарды синтездеу үшін пайдалана алмайды. Ол әуелі аммиак түріне айналады.
Өсімдік қабылдаған нитратты азот аммиакқа дейін мына схема бойынша тотықсызданады:
HNO3
HNO2
H2N2O2
NH2OH
NH3
нитрат нитрит гипонитрит гидросиламин аммиак
Бұл реакция нитратредуктаза, нитритредуктаза, гипонитритедуктаза, гидросиламинредуктаза ферменттерінің қатысында өтеді.
Нитраттардың тотықсыздануына ферменттерден басқа мыс, темір, молибден қатысады.
Аммиак және нитраттардың тотықсыздануынан топырақтан пайда болған аммиак, өсімдіктің анаэробты және аэробты тыныс алудың бастапқы сатысында пайда болған органикалық кетоқышқылдармен әрекеттеседі де алғашқы амин қышқылдарын түзеді. Мұны аминдеу реакциясы дейді.
1.COOH:COCH2COOH+NH3=COOHC=NHCH2COOH+H2O
қымыздық сірке қышқылы
2.COOHCOCH2CH2COOH+NH3=COOHC=NHCH2CH2:COOH+Н2O
кетоглютамин қышқылы
3. CH3COCOOH+NH3=CH3CHNH2COOH+H2O
пирожүзім қышқылы аланин
4. COOH*CH=CH*COOH+NH3=COOHCHNH2CH2COOH
фумар қышқылы аспарагин қышқылы
Осы ферменттік реакциялар көмірсулар мен белокты заттардың алмасуының арасында байланыс болатынын көрсетеді. Аминдеу реакциясынан түзілген аспарагин, глютамин, аланин сияқты амин қышқылдары өздерінің амин топтарын басқа органикалық қышқылдарға ауыстыра алады. Бүл құбылысты қайта аминдеу реакциясы дейді.
1.COOHCH2CHNH2COOH+CH3COCOOH=
=CH3CHNH2COOH+COOHCH2COCOOH
2. COOHCH2CH2CHNH2COOH+CH3COCOOH=
=CH3CHNH2COOH+COOHCH2СH2COCOOH
3.COOHCH2CH2CHNH2COOH+COOHCOCH2COOH=
=COOHCH2COCOOH+COOHCHNH2CH2COOH
Қайта аминдеу реакциясының амин қышқылын дезаминдеуі мен белокты синтездеуде маңызы үлкен. Дезаминдеу реакциясы жүргенде амин қышқылынан кетоқышқылы және аммиак түзіледі. Өсімдік пайда болған кетоқышқылын көмірсуларды синтездеуге жұмсайды, ал аммиак аминдеу реакциясына қатысады.
Сонымен бірге аспарагин, глютамин қышқылдары аммиакты қосып алып, өздерінің амидтері-аспарагин мен глютамин түзеді.
COOHCH2CHNH2COOH+NH3=CONH2CH2CHNH2COOH+H2O аспарагин
COOHCH2CH2CHNH2COOH+NH3=
=COONH2CH2CH2CHNH2 СOOH+H2O
глютамин
Д.Н.Прянишников аспарагин, глютамин амидтерінің өсімдікте, түрлі себептермен шоғырланған аммиактың улы әсерін тежейтіндігін дәлелдеген болатын.
Өсімдікте тек белокты заттар түзіліп қана қоймайды, оның аммиаққа дейін ыдырауы да жүреді. Сонымен белоктың синтезделуі аммиакпен басталып, ыдырауы аммиакпен аяқталады.
Жас өсімдіктерде көбінесе белоктың синтезделу процесі басым болса, есейген өсімдіктерде оның ыдырауы басымырақ болады. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, жас өсімдік белогінің құрамындағы азот 3 күн ішінде толық жаңарады, ал қурай бастаған күнбағыс жапырағының белогының құрамындағы азоттың тек 10 күн ішінде, 12 проценті ғана, жаңарған. Д.Н.Прянишников пен оның шәкірті И.Г.Дикусардың ғылыми зерттеулері көрсеткендей, өсімдіктің азотты-аммиак және нитрат түрінде қабылдауына түрлі факторлар әсер етеді. Өсімдіктің азотты аммиак түрінде, сыртқы орта реакциясы бейтарап болған жағдайда жақсы, қышқылдық болса нитратқа қарағанда нашар сіңіреді. Өсімдіктің нитратты немесе аммиакты азотты сіңіруіне, сыртқы ортадағы катиондар мен аниондардың концентрациясының әсері үлкен. Субстратта кальций, магний, калийдің көбеюі аммиакты азоттың сіңірілуіне оң әсерін тигізеді. Нитратпен қоректенуде өсімдіктің фосфор, молибден сияқты элементтермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор.
Аммиакты және нитратты азот тиімділігі өсімдіктің биологиялық ерекшіліктері мен құрамындағы көмірсулар мөлшеріне байланысты. Құрамында көмірсулар көп болатын өсімдіктер аммиакты азотты жақсы сіңіреді.
Өсімдіктер құрамында орта есеппен 1-3 процент азот болады. Бірақ оның мөлшері өсімдікті өсіру ортасына, олардың сорттарының ерекшіліктеріне, қолданылатын агротехникалық шараларға қарай біраз өзгеріп отырады. Өсімдіктің жеке мүшелеріндегі азоттың жалпы мөлшері бірдей емес. Азоттың ең көп проценті тұқымында, әсіресе бұршақ дақылдарының дәнінде кездеседі. Азот вегетативтік мүшелердің ішіндегі жапырақтарда көп, сабақтарда азырақ, тамырларда одан да азырақ болады.
Өсімдіктің азотпен қоректендіруін жақсарту, органикалық заттардың қарқынды синтезделуіне ықпал етеді. Азотпен артық қоректендірген жағдайда өсімдіктің вегетативтік массасы күшті жетіліп, вегетативтік дәуірі ұзарып жемістің пісуі кешеуілдейді, ауа-райының қолайсыз жағдайына қарсы тұру қабілеті төмендейді. Мысалы, күздік бидайдың суыққа төзімділігі нашарлайды, белок емес азотты қосылыстар көбейді.
