- •Дәріс тезистері
- •1 Агрохимия ғылымының қалыптасуы мен даму тарихы
- •2 Агрохимия ғылымының міндеттері мен зерттеу әдістері
- •3 Тыңайтқыш - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн арттырудың басты факторы
- •Дүниежүзінің кейбір мемлекеттерінде бір гектар егістікке қолданылған минералды тыңайтқыш мөлшері мен дақылдан алынған өнім
- •Қазақстан Республикасында тыңайтқыш қолдану жағдайы
- •Өсімдіктің қоректенуі мен оны реттеу әдістері
- •1 Өсiмдiктiң химиялық құрамы
- •2 Өсiмдiктiң қоректенуi, оның түрлері.
- •4 Өсiмдiктiң қоректенуiне сыртқы орта факторлардың әсерi
- •5 Тұздардың физиологиялық реакциясы
- •Өсімдіктің қоректенуі және тыңайтқыш қолданумен байланысты топырақтың қасиеттері
- •1 Топырақ құрамы
- •2 Топырақтың сіңіру қабілеті
- •3 Топырақ қасиеттері
- •4 Қазақстанның негізгі топырақтарының агрохимиялық қасиеттерi
- •Тыңайтқыштар туралы негізгі түсінік. Азотты тыңайтқыштар
- •1 Тыңайтқыштар туралы түсінік және оны жіктеу
- •2 Өсімдік үшін азоттың маңызы
- •3 Топырақтағы азот қосылыстары және олардың өзгеруі
- •4 Азот тыңайтқыштарының құрамы мен қасиеттері және тиімділігін арттыру жолдары
- •Фосфорлы тыңайтқыштар
- •1 Өсімдік үшін фосфордың маңызы
- •2 Топырақ құрамындағы фосфор қосылыстары және олардың өзгеруі
- •3 Фосфор тыңайтқыштары, оларды алу жолдары, құрамы мен қасиеттері, топырақпен әрекеттесуі және қолдану ерекшеліктері
- •Калий тыңайтқыштары
- •1 Өсімдік үшін калийдің маңызы
- •2 Топырақ құрамындағы калий қосылыстары және олардың өзгеруі
- •3 Калий тыңайқыштары, оларды алу жолдары, қасиеттері және қолдану. Калий тыңайтқыштарының тиімділігін арттыру жолдары
- •Микротыңайтқыштар және кешенді тыңайтқыштар
- •1 Өсімдік үшін микроэлементтердің маңызы. Топырақ құрамындағы микроэлементтердің мөлшері
- •2 Микротыңайтқыштар, құрамы, қасиеттері ауылшаруашылық дақылдарына қолдану ерекшеліктері
- •3 Комплексті тыңайтқыштарды жіктеу
- •4 Күрделі тыңайтқыштар, құрамы, қасиеттері, ауылшаруашылық дақылдарына қолдану ерекшеліктері
- •5 Күрделі-аралас тыңайтқыштар, қасиеттері, ауылшаруашылық дақылдарына қолдану ерекшеліктері
- •6 Аралас тыңайтқыштар, тыңайтқыштарды араластыру техникасы мен ережелері, қолдану ерекшеліктері
- •Органикалық тыңайтқыштар
- •1 Төсенішті көң, құрамы, түрлері, сақтау әдістері, қолдану ерекшеліктері
- •2 Қордалар, құс саңғырығы, жасыл тыңайтқыштар (сидераттар)
- •Құс саңғырығы құрамындағы қоректік элементтердің орташа мөлшері, %
4 Қазақстанның негізгі топырақтарының агрохимиялық қасиеттерi
Қазақстанның топырағы құрамы мен түрі жағынан сан алуан.
Ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды тиімді пайдалану үшін әрбір аймақ топырақтарының ерекшеліктерін жете білу керек. Ол ауыл шаруашылығы дақылдардан мол өнім жинауға кепілдік береді.
Топырақтың агрохимиялық қасиеттеріне оның құрамындағы қара шірік, қоректік заттардың жалпы және жылжымалы түрінің мөлшері, реакциясы, сіңіру сиымдылығы, негізбен қанығу дәрежесі, механикалық құрамы жатады.
Қара топырақ. Бұл топырақтың басқа топырақтарға қарағанда табиғи құнарлылығы жоғары болады.
Сілтсізденген қара топырақта 8-9 проценттей қара шірінді мөлшері болады және оның мөлшері төменгі қабаттарға қарай бірте-бірте азая береді. Қара шірінді көп қабаттың қалыңдығы 50-60 см - ге дейін жетеді. Бүл топырақ қоректік элементтерге едәуір бай, құрамында 0,5-0,6 процент шамасында жалпы азот, 0,3-0,4 процент жалпы фосфор болады.
Кәдімгі қара топырақ ең құнарлы болып саналады. Оның қара шірінді қабатының қалыңдығы 45-85 сантиметрге дейін жетеді. Карбонат тұздары 40-50 сантиметрден басталады. Бүл топырақ қоректік заттарға бай. Жыртылатын қабатының 1 гектарында 130-160 тонна қара шірінді, 8-10 тонна азот қоры бар екендігі анықталып отыр. Кәдімгі қара топырақта жалпы және алмаспалы калий мөлшері жоғары, ал фосфордың жалпы қоры біршама мол болғанымен жылжымалы түрі аз. Сондықтан оған фосфор тыңайтқыштарын қолданудың маңызы орасан зор.
Оңтүстік қара топырақта қара шірінді мөлшері аздау болады да, қара шірінді қабатының қалыңдығы 40-50 сантиметрден аспайды.
Ақ түйіршіктер түріндегі карбонаттар топырақтың 60-70 см тереңдігінен бастап анық көріне бастайды, ал 100-120 см төмен гипс кездеседі. Оңтүстік қара топырақ жағдайында егіншіліктің тиімді жүйелерін қолдану арқылы, егіске берілетін тыңайтқыштардың тиімділігін арттырады.
Қара қоңыр топырақ қара топыраққа қарағанда құнарлылығы төмен болып келеді. Қара шірінді қабатының қалыңдығы 40-50 см аспайды, ал құрамындағы қара шірінді 3-4 процент мөлшерінде болады. Қара қоңыр топырақтың да күңгірт қара қоңыр, кәдімгі қара қоңыр, ашық қара қоңыр сияқты түрлері кездеседі. Бүл аталған қара қоңыр топырақ түрлері агрохимиялық қасиеттері жөнінен бір-бірінен едәуір өзгеше келеді.
Күңгірт қара қоңыр топырақтың қара шірінді қабатының қалыңдығы 35-45 см, оның ішіндегі неғұрлым құнарлы, өсімдікке пайдалы қара шірігінің қалыңдығы- 12-15 см. Карбонаттар негізінен 45-50 см тереңдікте орналасқан. 100 г топырақта 30-35 мг/экв алмаспалы негіздер болады. Қүрамында орта есеппен 0,2-0,3 % азот, 0,1-0,2 % фосфор болады.
Қара қоңыр топырақ өзінің барлық қасиеті жағынан күңгірт қара топыраққа ұқсас болғанымен құнарлылығы сәл төмендеу болып келеді. Құрамында қара шірінді аздау және оның қалыңдығы 25-30 сантиметрден аспайды. Механикалық құрамы жағынан әртүрлі болып келеді. Әсіресе құм, құмдақ қара қоңыр топырақ қоректік заттармен нашар қамтамасыз етілген. Сондықтан мол өнім алу үшін топырақта ылғал жинау және тыңайтқыш қолдану шараларын жүзеге асырудың маңызы үлкен.
Ашық қара қоңыр топырақ, қара шіріндінің мөлшері, оның жалпы қоры, қалыңдығы және қоректік заттардың шамасы жағынан қара қоңыр топыраққа жақын. Мұнда қара шіріндінің мөлшері 3 проценттен аспайды. Ашық қара қоңыр топырақ калий элементіне бай, ал фосфордың жалпы қоры көп болғанымен өсімдікке сіңімді түрі аз
Қара қоңыр топырақ территориясының оңтүстігіне қарай, үлкен алқапты боз топырақ аймағы алып жатады. Боз топырақтағы қара шіріндінің мөлшерінде0,7-1,5 процент болады, қабатының қалыңдығы 10-12 сантиметрден аспайды. Бүл топырақтың механикалық құрамы көбінесе орташа және ауыр саз балшықты болып келеді. Боз топырақты құрайтын аналық тау жынысы карбонатты және майда саз балшықтардан тұратындықтан, олар көбінесе карбонатты болып келеді.
Боз топырақтың агрохимиялық өзгешелігі - калий элементіне аса бай, ал азот өте аз болады. Бүл топырақ фосформен орташа дәрежеде қамтамасыз етілген.
Сондықтан, бұл жерлерде егіншілікке азот және органикалық тыңайтқыштарды пайдаланудың маңызы үлкен.
Сор және сортаң топырақтар тұзды болып келеді, қара шірінді мөлшері аз, әрі оның қабаты жұқа, өсімдіктер үшін қоректік заттары шамалы. Түздардың көптігі сонша, олар кейде жер бетіне шығып қар сияқты ағарып жатады.
Сор және сортаң топырақтарды пайдалану, өте күрделі мелиорациялық жұмыстарды жүзеге асыруды талап етеді.
Слайдтар, кестелер.
Бақылау сурақтар:
Топырақ ерітіндісі, топырақ ауасы мен қатты фазасының құрамы қандай, олардың өсімдік қоректенуде маңызы?
Топырақтың минералдық және органикалық бөліктері, олардың өсімдік қоректенуде маңызы?
Топырақтың сіңіру қабылеті дегеніміз не және олардың түрлерін атаңыз?
Топырақтың сіңіру қабылетінің өсімдік қоректенудегі маңызы?
Топырақтың сіңіру сиымдылығы, топырақ ерітіндісінің реакциясы, қышқылдылық және сілтілік, буферлік дегеніміз не және олардың тыңайтқыш қолдануда маңызы?
Қазақстанның негізгі топырақ типтерінің агрохимиялық көрсеткіштерін атаңыз?
Әдебиеттер:
1 Агрохимия (под ред. Минеева В.Г.) - М., 2001
2 Елешев Р.Е., Бекмағанбетов А. Агрохимия. – Алматы, 1989
3 Елешев Р. Е., Смағұлов Т.С., Балғабаев Ә.М. Агрохимия және тыңайтқыш қолдану жүйесі. – Алматы, 2000 ж
4 Тазабеков Т.Т. Топырақтану. – 1998
Дәріс № 4, 5, 6
