- •5В060900-«География» мамандығы
- •Мазмұны
- •Қызылорда облысының әкімшілік ауданның құрамы
- •Қызылорда облысының әкімшілік аудандарындағы суармалы егістік жерлердің өсу қарқыны
- •Қызылорда облысы бойынша 2010-2015 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының индикативтік жоспары
- •2. Сырдария ауданындағы күріш шаруашылығының
- •3. Шаруашылықты жүргізудің өндірістік түрлері жағдайында күріш өндірудің рентабельділігін арттырудың мәселелері мен жолдары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Қорытынды
Ауданның күріш өндірісін негізгі бағыттар бойынша дамытуды жаңғыртудың перспективалы жоспарларын дайындау үшін (өндірістің өзіндік құнын төмендету, күріштің жаңа сорттарын шығару және тұқым шаруашылығын химияландыру, күріш өңдеу өнеркәсібінің қалдықтарын терең өңдеу технологиясын енгізу, ауыл шаруашылығы техникалары мен материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуді жаңарту үшін пайдаланылған ресурстардың тиімділігін арттыру) бірінші кезекте техникалық жаңарту жүретін күріш өндірісінің басым технологияларын анықтау қажет.
Отандық күрішке Қытай өнімі негізгі бәсекелес болса, соңғы уақытта оның орнын ресейлік күріш басты. Бұған Кедендік одақтың да ықпалы бар. Және ресейлік тауар өндірушілер үшін импорттық кедендік баж салығының алынып тасталуы сияқты артықшылықтың көмегі көп. Сонымен қатар, күріштің сапасына, әсіресе, гендік өзгеріске ұшыраған өнімге қатысты күшейген талаптар Ресейге қытай күрішін алып келуге едәуір тосқауыл болды. Жалпы, күріш шаруашылығында проблемаларды кешенді түрде шешу үшін «Ресей күріші» атты федералдық бағдарламасының маңызы жоғары болып тұр.
Күріш бағасын көтеру мен ауылшаруашылығы саласын көтермелеудің бір бағыты «Азық-түлік корпорациясы» АҚ арқылы 30-40 мың тонна көлемінде күріштің мемлекеттік сатып алуын қарастыру да артықтық етпейді. Бұл шаруашылықтарға қарызынан құтылудың және жұмысшылардың жалақысын берудің тиімді жолын қарастырады. Әрине, ол іске асқанда ғана. Бір күріштен қаншама өнім алуға болады. Күріш майы, крахмал, спирт, тағы басқа да өнім өндіруді дамыту керек.
Жалпы, баға саясаты жөнінен көптеген мәселе бар. Бұған күріш тұқымының да ықпалын қосуға болады. Қазір 1987 жылы шыққан «Ақмаржан» сортын пайдалану әлі жалғасып келеді. Жергілікті топыраққа лайықталған бұл тұқым сортынан өткен жылы жақсы өнім келгенін мамандар жасырмады. Дегенмен тұқымның тозғаны шындық. Бұл орайда күріштің жаңа сорттары мен күріштің ауыспалы егісі дақылдарын, оны өсіру технологияларын жасап, өндірушілерді қамтамасыз етуге тиіс «Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС болып табылады. Алайда, көп істе кедергі бар. Мысалы ғалымдар шығарған «Арал – 202» сортын дамыту үшін қаражат керек. Ауылшаруашылығы басқармасының айтуынша, биыл аталған институтқа 75 млн. теңге қаражат бөлінген. Бұл техникалық базаны жетілдіруге жұмсалды. Олар өткен жылы 200 гектарға егілген егісті биыл 500 гектарға ұлғайтып, элиталық тұқымды арттыруды қолға алған. Осыдан кейін тұқым сорттары жақсара түседі деген үміт бар. Бірақ ол әлі іске аспаған жұмыс. Жалпы облыстың ауылшаруашылығына көбірек қаражат бөлінсе бұл жоспарлар іске асары анық.
Қолдағы мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда дүниежүзінде 3,5 млрд.-тан астам адам күріш тұтынады екен. Бағалы өнімге сұраныс та жылма-жыл артып келеді. Аудан диқандары елімізді дақылдың 60 пайызымен қамтамасыз етсе, сыр маржаны шетелдің 10 мемлекетіне экспортқа шығарылады. Олардың қатарында Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан сынды елдер бар.
