Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Төлегенова Ш.М дипломдық жұмыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.81 Mб
Скачать

3. Шаруашылықты жүргізудің өндірістік түрлері жағдайында күріш өндірудің рентабельділігін арттырудың мәселелері мен жолдары

3.1 Сырдария ауданы күріш өндірісі тиімділігін арттырудың шарттары мен факторлары

Кеңес одағы тарағанға дейін Қазақстанда 160-180 мың гектар жерге дейін күріш егіліп 500 мың тоннаға дейін күріш жиналатын. Қазіргі таңда елімізде күріш егіс көлемі 80 мың гектарға жетер жетпес болып олып отыр, ал жиналатын өнім де 200 мың тоннаға жете алмайды. Сол кездерде салынған, аса көп қаражат жұмсалған, жартылай инженерлік күріш чектерінің системасы мен каналдар системасы да жылма жылғы жөндеу жұмыстары жүргізілмегендіктен нашарлап бара жатыр. Қазақстан үкіметі ауыл шаруашылығы үшін біраз жағдайлар жасап жатыр, дегенмен күріш өсіру саласы әлі де болса үкіметтің назар аударуын қажет ететін салалардың бірі. Мұнан үш төрт жыл бұрын Ресейдің күріш саласы Қазақстандікінен төмен болатын, ал қазірге келетін болсақ ол ел бізден анағұрлым ілгері кетті, оның негізгі себебі Ресей үкіметінің күріш саласына өте көп назар аударуында болып отыр. Біздің елімізде бидай сияқты астық өніміне біршама жақсы көңіл бөлініп отырғанмен күріш саласы ылғи да қағыс қала беретін сияқты[21].

Қазақстан үкіметі үстіміздегі жылға дейін ауылшаруашылығына тыңайтқыш, мұнай өнімдерін, күріш суаруға қажетті сулар үшін олардың құнының 40 пайызына дейін дотация беріп келген болатын. Биыл күріш егілген жердің әрбір гектарына 6740 теңге, ал жоңышқа егілген жердің әр гектарына 1034 теңге беретін болып отыр, сонымен қатар күріш суаруға қажет су үшін оның құнының 40 пайызын төлемек болып отыр. Республика бюджеті күріштің элиталық және бірінші, екінші репродукциялалық тұқымын өсіргені үшін 28 млн теңге берсе, обылыстық бюджеттен осы мақсатқа 51 млн. теңге бөлініп отыр. Обылыстық бюджет Ресей мемлекетінің Краснояр өлкесінен күріштің жаңа элиталық сорттарын сатып алуға 100 миллион теңге бөлді. Ауыл шаруашылық өнімдерін шығарушылар үшін үкімет қосымша сый ақысы жоқ қарыздар беріп, сонымен қатар лизинг арқылы жаңа ауылшаруашылық техника алуға жағдай жасады. Ауыл шаруашылық кәсіпкерлеріне арналған қаржылық қолдау қоры өзінің бұрыннан істеп келе жатқан көмектерін әрі қарай жалғастыруда[22,23].

Дегенмен ауылшаруашылығының күріш өндіру саласында шешуін қажет отырған сұрақтар көп. Атап айтқанда:

  • соңғы жылдарда перикуляриоз сияқты күріш ауруы кеңінен етек алып отыр. Бұл ауруға қарсы қолданылатын фундазол, колоссал сияқты фунгицидтерді сатып алу жеке шаруа қожалықтары үшін өте қиынға соғып, күріштің бұл ауруының кеңірек жайылуына жол беріліп отыр. Осындай күріш өнімін күрт азайтатын ауруларға қарсы қолданылатын қымбат дәрі-дәрмек алу үшін үкімет тарапынан шаруа қожалықтарына көмек болыңқырамай тұр;

  • ұсақ шаруа қожалықтарының күріш егілетін жерді тегістеу жұмыстарын жасайтын техникалары жоқ деп айтуға болады. Ал тегістелмеген жерге суға бастыру кезінде су тегіс жайылмайды, тереңде қалып қойған күріш тұқымдарының су тереңдігін жеңіп шығуына қауқары жетпей күріш егісі ала ала болып шығады, сонымен қатар су да бос ысырап болады;

  • тағы да сол техниканың ескілігінен, аздығынан ұсақ шаруашылық ғылыми тұрғыдан негізделген егіс айналымын сақтамай, тек қана күріш дақылын егіп жерді тоздырып отыр. Осының салдарынан біраз жерлер айналымнан шығып қалып отыр;

  • Үкімет тарапынан көрсетіліп отырған субсидиялық көмек жеткіліксіз, және оны алу үшін жасалатын процедураларды жасауға ұсақ шаруа қожалықтарының мұршасы келмейді;

  • ұсақ шаруа қожалықтарындағы жер қазу жұмыстарына арналған техниканың жоқтығынан суару арықтары мен қашыртқылар бірнеше жылдар бойы тазаланбай топырақ басып кеткен, мұның өзі тапшы су қорын толық пайдалана алмауына әсерін тигізіп, ал егіс жинау алдында суды босатқанда қашыртқылар суды тартып алып кете алмай, жер уақытылы кеппей қалып комбайндардың жүре алмауына себеп болып отыр. Тазаланбаған су қашыртқыларының ұзындығы 10 мың км-дей болып қалады. Мұның өзі егісті жинау мерзімін создырып жіберіп, күріштің қыркүйектің суығына ұшырауына соқтырады. Уақытынан кеш жиналған күріштің дәні төгіліп, өнімнің азайуына себеп болса, суыққа ұшыраған күріштің тауарлық сапасы да күрт төмендеп кетеді;

  • жылма жыл қосалқы бөлшектердің, жанар-жағар майлардың, минералдық тыңайтқыштардың және де басқа материалдардың бағасы ұдайы өсіп келеді, сонымен қатар күрішті үстемелеп қоректендіруге қолданылатын авиация қызыметінің бағасы да үздіксіз өсуде. Бірақ та соңғы бірнеше жылдарда күріш өнімдерінің нарықтық бағасы өспей отыр (бұған негізгі себеп Қытай, Египет елдерінен келетін арзан күріш).Осындай себептер күріш саласына инвесторлардың қызықпауына әсерін тигізсе, екінші жағынан шаруа қожалықтарының күріш саласынан пайда көре алмай жылма-жылғы қарыздары көбейіп, шаруашылықтарының құлдырауына әкеліп тіреп отыр. Бұлай кете берсе еліміз күріш саласын жоғалтып алуы да ықтимал.

Қазіргі нарықтық баға кезінде күріш саласы өзінің шығындарын жабу үшін әр гектардан кемінде 35 центнерден өнім алуы керек. Бірақ еліміздегі тұқым өсіру саласының құлдырап кетуіне байланысты, техниканың ескілігі мен аздығынан, қаражаттың тапшылығынан күріш өсіру технологиясының бұзылуы салдарынан, мұндай өнім алатын шаруашылықтар жоқтың қасы. Егу мерзімі мен жинау мерзімі созылып кетіп, жыл мерзімінің қолайлы сәттерін толығымен пайдалана алмай отыр.

Жұмысшылардың айлығы күріш өнімінің өзіндік құнының 25 пайызы шамасында, ал отандық күріштің тіпті өз еліміздің ішіндегі бәсекелестік қабілетінің нашарлығынан олардың айлығын әрі қарай өсіру мәселесі тіпті қиынға соғып тұр. Сырттан келген күріш өнімдеріне қарағанда біздің күріштің өзіндік құны қымбат, ал сапасы нашар. Елімізде өсірілетін күріштің дені "Маржан" мен "Кубань 3" сорттары, олар елімізде 1983 және 1963 жылдардан бері өсіріліп келеді. Егіле бастағаннан бері біраз жылдар өткендіктен, сонымен қатар тұқымды жетілдіру жұмыстарының ұдайы жүргізілмей жатқандығынан күріштің бұл сорттар тым азып кетті деуге болады, дәндері тым ұсақ болып өзінің сорттық белгілерінен айрылып қалды, мөлдірлігі (стекловидность) де азайып кетті. Дегенмен елімізде аздап болса да жаңа тұқым мәселесімен айналысып жатқан ғылыми зерттеу ұжымдары бар. Жаңа сорттардың көптеп шығарылуына, оларды ауыл шаруашылығына тезірек беруге кедергі болып отырған ғылыми зерттеу ұжымдарындағы қаржы тапшылығы. Жоғарыда айтып өткендей еліміздің күрішті аймағы болатын Қызылорда өңірінде күріштің бұл өңірде 20 жылдан бері болмай соңғы уақытта қайта шыққан перикуляриоз атты ауруы ұлғайып келеді, ал "Маржан" сорты бұл ауруға ең төзімсіз сорт. Осы аурумен күресу мақсатында, күріш саласын сақтап қалу мақсатында Қызылорда өңіріне Ресейдің Краснояр өлкесінен күріштің "Новатор", "Янтарь", "Рапан" сияқты жаңа сорттары әкелінді. Олар өздерін жақсы көрсетсе, Қызылорда өңірін жерсініп кетсе оларды тұқым ретінде қолдану жоспарланып отыр. Бұл сорттар Қызылорда өңірінде етек алып отырған перикуляриоз ауруына төзімді сорттар. Айта кететін бір жайт, көршілес Ресей елінде, күріш тұқымымен айналысатын ғылыми орталықтар жылына ондаған күріштің жаңа сорттарын ауылшаруашылығына беріп отыр. Ал біз күні бүгінге дейін егіп отырған, кезінде Краснояр ғылыми орталығында шығарылған күріштің "Кубань 3" сорты ол елде баяғыда ұмыт болған. Біздің елдің күрішшілері тәжірибе алмасу мақсатында Ресей, Италия және Қытай елдерінің дихандарымен кездесіп олардың технологиясымен танысты. Олардың технологиясы негізінен ресурстарды үнемдеуге негізделген деуге болатын, біздегі бірнеше операциялар оларда бір операциямен алмастырылып отыр, олардың техникалары осыған негізделген[24,25].

Үкімет тарапынан қолдау табылса, күріш болашағы мол дақыл.Егістігі түгелдей суармалы жүйеге бағындырылған Сыр бойы сияқты аймақта ауыспалы егіс танабы тәртібін сақтаудың өмірлік маңызы бар. Бұл жүйе сақталмаған күнде егісі толық аяқсуға қарап тұрған Ауданда егіндік алқаптың көп ұзамай қатардан қалып, іске татығысыз болып шыға келетіні анық. Соңғы кездері ауыспалы егіс танабының сақталу тәжірибесін 8 танапты алқапты пайдаланудың негізі ұсынылып жүр. Күріш шаруашылығын өркендетуде кезек күттірмейтін міндеттерге кластерлік жүйені дамыту жұмыстары болып табылады. Бұл жүйенің суармалы егіншілік жағдайындағы салмағы тіпті зор. Өндірілген өнімнің еш бөлігі босқа далада қалмауы тиіс. Күріш дақылының маржан дәнін айтпағанда, одан бөлінетін ақ ұсақ, жарма секілді бөліктері жем ретінде пайдаланылуы тиіс. Осы күріштің қауызынан боикет атты торфқа ұқсас отын түрін шығаруды шапағаттықтар бұдан үш жыл бұрын бастап кетті. Енді оның өндіріс ауқымын арттырған ләзім. Орайын тапса, ол еліміздің кез келген мүйісінде өзінің сұранысын табады. Осыдан келіп, күріштен түсетін таза пайда арта түседі, өнімнің өзіндік құны төмендейді. Күні ертең Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып кіре қалсақ, мұның біздер үшін керегі көп[26].

Үш шаруашылық Аудан ауыл шаруашылығын жоғары репродукциялы тұқымдармен қамтамасыз етуде. Егістік алқапқа себілген 21 мың тонна күріш тұқымының 95 пайызы жоғары репродукциялы дәндер құрайды. Қызылорда күріші соңғы жылдары сапасының жоғарылығы және бағасының тиімділігі арқылы еліміздің ішкі рыногында өзінің тұрақты орнын алып отыр. Соңғы екі жылда сыртқы рыноктағы сұраныс арта түскен. Өткен жылғы күріш экспорты 74 мың тоннаға жетті. Сыр бойының ақ маржанын Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркия, Италия сияқты мемлекеттердің тұрғындары тұтынады. Аудандағы 4 ірі зауыт тәулігіне 450-500 тоннаға дейінгі салыны ақтап шығаруда. Олардың екеуі халықаралық ИСО-9000 стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесіне енуге қам жасауда.

Ауылшаруашылығының егіншілік саласын қазіргі заманға сай жетілдірілген техникасыз елестету қазір мүмкін емес. Бұл бағыттағы жұмыстар да өз ауанымен іске асырылып келеді. Мәселен, кейінгі үш жыл көлемінде ғана егіншілік саласына 625 жаңа техникалар сатып алынды. Олардың қатарына биыл тағы да 270 техника қосылды. Олардың 205-і лизингтік жолмен алынса қалған 65 техниканы қуатты шаруашылықтардың өздері сатып алды.Сөйтіп, биылғы егін жинау науқанына 695 комбаин, 353 жатка, 504 тасымалдау көлігі және 957 трактор тіркемелері қатысты. Сондай ақ шаруашылық қырмандарында 63 автотаразы мен 217 дән тазалау агрегаттары өнімнің сапалы жиналып алынуына үлес қосты. Қазір аймақта өндірілген өнімді өз орнында өңдеп барып, рынокқа шығару қалыптаса бастады. Бұл әсіресе Сыр еңбеккерлеріне атакәсіп болып қалыптасқан егіншіліктің күріш дақылы саласында. Ақталып, қапталып және көлемі шағын, орта және үлкен болып, сұранысқа орай пакеттелетін ақ күріш халықаралық стандарт жүйесіне келтірілді. Қазір Ауданда 79 күріш ақтайтын кәсіпорын болса, оның 13-і ірі зауыттар. Олардың тәуліктік қуаты 1212 тонна ақталған әрі қапталған таза күрішті құрайды. Осылардың арқасында аймақта өндіріліп отырған күріш өнімдері халықаралық стандарттар талабына жауап беріп, әлемнің кез-келген елінің күріш өндірушілерімен бәсекеге түсе алатын жағдай қалыптастырып келеді. Жаңа техникаларды пайдалана отырып, күріштік инженерлік жүйеге келтірілген жерді лазерлік жолмен тегістеу, онда ауыспалы егіс жүйесін қатаң сақтай отырып, жыл сайын жер өңдеу, оның агротехникасын ғылымға негіздеу, сол арқылы бәсекеге әбден қабылетті өнім шығарып, Сыр күріші, қала берді «Қазақстан тауары» деген атақпен әлемнің түкпір-түкпірінен өз өнімдерімізге жаппай тапсырыс беру перспективалары жоғары. Өйткені Сыр күріші өзінің жоғары сапасымен, дәмділігімен жұрт назарына ілігіп келеді[27].

Шаруашылықты жүргізу нысандарының әртүрлігі жағдайында Сырдария ауданының шаруашылықтарында күріш дақылы өндірісін ұлғайту проблемасы үлкен мәселе болып отыр.Ауданның күріш егетін құрылымдары соңғы жылдары технологиялық жұмыстар кешенін ұйымдастыруда қиыншылықтарды бастан кешіріп отыр. Демек, бұл саланың дамуы нарыққа көшу жағдайында мыналардың әсерінен шектеліп отыр:

  • біріншіден, күрделі тегістелген инженерлік жүйелерді игерудің қиындығынан;

  • екіншіден, су ресурстарының шектеулі болуынан.

Сырдария өзеніндегі судың қорлары – егіс егетін аудандар деңгейін аудандағы ирригацияны даму қарқынын анықтайтын басты факторлардың бірі болғандықтан бұл мәселе өз күйінде қалуда. Әдетте, су ресурстарының төмендеуінен, егіс егетін аудандардың жалпы құрлымындағы күріш егістіктері жыл сайын азайып бара жатыр. Бұған екінші жағынан, жанармай материалдарының және қаржылық ресурстардың, әсіресе тұқымдық материалдың жетіспеуі сияқты факторлар әсер етеді [28,29,30]..

Көптеген күріш өсіретін құрылымдарында Арал маңындағы аграрлық экология және ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының нұсқаулары сақталмай отыр. Осының нәтижесінде, минералды тыңайтқыштардың жетіспеуі кезінде күріштің үлес салмағы 62,5 пайызға (37,5 пайыз болуы тиіс) ұлғайған. Сонымен бірге, күріштің ауыспалы егіс мәдениеттерін егудің технологиясын сақтай отырып, дер кезінде жоспарлау – күріш пен басқа дақылдарда орташа есеппен алғанда 50%-ға ұлғаюына ықпал етеді.

Кесте 19. 2012-2014 жылдардағы шаруашылықтардағы күріш өндірісінің тиімділігі

«Ақжарма жер» ЖШС

«Шаған»

ЖШС

Егіс көлемі – барлығы

5560

4010

Соның ішінде – күріш дақылы

3650

3240

Егіс көлеміндегі күріштің үлес салмағы, %

46,3

61,7

Материалдық шығындар, теңге

1 гектарға

128168,28

134389,62

1 центнерге

3222,18

3100

Күріш өнімділігі, ц/га

41

48

Еңбек шығындары, тг:

1 центнерге

612

561

1 гектарға

22246

26937

1 ц күріштің орташа сату бағасы, теңге

3854

4200

1 ц сатылған өнімнің өзіндік құны

3448

3100

1 ц күрішті сатудан түсетін табыс (+),

зиян (–), тг

406

1100

Өнімін сатудан түскен пайда, мың теңге

5901,30

9424

*Ескертпе – Автордың құрастырулары бойынша

19-кестеде келтірілген деректерге қарағанда күріш егетін ірі өндірістік шаруашылықтарда сатудан табыс алып отыр. Сондай-ақ, күріш егу тиімділігі «Шаған» ЖШС-де жоғары, оның барлық егіс құрылымында күріштің үлес салмағы – 61,7 пайыз, ал «Ақжарма» ЖШС-де мұның мөлшері – 46,3 пайызды құрайды. «Шаған» ЖШС-мен салыстырғанда, бірінші шаруашылықта күрішті сату жоғары дәрежеде, ол тұтыну нарығының жағдайын зерттеумен байланысты болып отыр [31].

Күріш егетін құрылымдарының талдаулары көрсеткендей, бұл аймақта өндірістік кооперативтер сияқты шаруашылықты жүргізу формасы ерекше тиімді. Өйткені, мұнда су, жер, материалдық және басқа ресурстар тиімді және үнемді түрде қолданылады. Бұл жерде, сонымен бірге әлеуметтік-коммуналдық, тұрмыстық және басқа объектілер өз дәрежесінде тиімді қолданылады. Сондықтан, күріш шаруашылығындағы шаруа қожалықтары оңтайлы өндірістік кооперативтері бар ассоциацияларға (қауымдастықтарға) бірігуі тиіс. Сонымен қатар, күріш егу құрылымдарының рентабельділігін арттыруға ірі компаниялардың шет ел инвесторларын тарту керектігін аңғартады. Алайда, әртүрлі аймақтардағы күріш өндіретін кооперативтердің тиімділік деңгейі басқаруға да байланысты.

Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы құрылымдарының зерттеулері мынаны көрсетіп отыр. Соңғы жылдары материалдық шығындар ұлғайып отыр. Осының салдарынан өндірілген өнімнің өзіндік құны өсе түсуде. Мұның бірден-бір себебі, басқа ұйымдардың өнеркәсіптік өнімнің, жұмыстарымен қызметтерінің бағасы өсіп отыр.Осы мезетте ауыл шаруашылығының тауар өндірушілері тауарлық өнімді төмен бағамен өткізіп отыр, өйткені аграрлық нарықтың жағдайы өте жоғары бағамен өткізуге мүмкіндік бермейді. Өнеркәсіп және ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасының сәйкессіздігі ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне осы өндірістің өнімінің рентабельділігі және кеңейтілген ұдайы табысты жүргізуге мүмкіндік бермейді.Осыған байланысты, мемлекеттік ауылшаруашылығы кәсіпорындарының мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру негізде ұйымдастырылған кәсіпорындарда шаруашылықты жүргізудің механизмін құру қажет, ол өндірістік қана емес, сонымен бірге, ауылшаруашылығы кәсіпорындарының коммерциялық қызметін де қамти алады. Алайда, осы жобада өндірістік шығындар жүйесіне өнімнің өзіндік құнымен бірге коммерциялық өзіндік құны да енуі мүмкін.

Нәтижесінде өнімді өткізу келесі кезеңін жалғастыруға мүмкіндік береді.Өндірісті ұйымдастыруға шаруашылықты жүргізудің шығынсыз механизмі қажет, өйткені, ол ауылшаруашылығы құрылымдарының өзін-өзі өтеу және өзін-өзі қаржыландыру қағидасын орындауға мүмкіндік тұғызады.

Өзіндік құн көрсеткіші өндіріс пен шығындарды басқарудың маңызды тұтқасы болып отырады. Аграрлық өндірістің әртүрлі сала субъектілерінде белгілі-бір әдісті қолдану, өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, есептеу және калькуляциялау бойынша белгіленген шарттарға сәйкес жүргізілуі тиіс [32,33].

Күріш шаруашылығы кәсіпорындарын зерттеу және күріш шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру мақсатында шаруашылықты жүргізудің төменгі қағидаларын ескеру қажет:

  • қайта құру қағидалары демократиялық ұстанымға сәйкес болуы тиіс, әрбір шаруа қожалығының еркіндігі заңды міндеттемелерімен байланысты емес және келешекте әрекет етуде еркіндікте болады;

  • шаруашылықты жүргізу жүйесі даму үстінде болуы тиіс, әрі халықтың тұтынуы мен нарық конъюктурасына оңай бейімделуі керек;

  • шаруашылықты тиімді жүргізу нысаны өндірістің ұйымдастырушылық-экономикалық, техникалық және технологиялық талаптарына сәйкес болуы тиіс, ауылшаруашылығы жұмыскерлері, меншік иелері мен халықтың әлеуметтік қажеттіліктеріне жауап беруі қажет;

  • шаруашылықты жүргізу нысанымен меншіктену жерді пайдалану мен шаруашылықты жүргізу әдістері сипатына сәйкес болуы тиіс: ауыспалы егістіктің күріштік-жоңышқалық және басқа түрлері, күріш егу және басқа құрылымдардың реформалануы жағдайында, майда бөлшектерге бөлусіз-ақ тиімді қолдануға болады;

  • инженерлік жерді қолдану жүйесі ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу жүйесіне және нарықтық талаптарға сәйкес болуы тиіс.

3.2 Өзіндік құнды төмендету–ауданның күріш шаруашылығының

рентабельділігін жоғарлатудың шешуші факторы.

Күріш шаруашылығы өндірісіне еңбек еткен жұмысшылардың еңбегі жұмсалады. Демек, өндірісте жаңды және заттай шығындардың жиынтығын құрайды. Өндірістік шығындар тауарды құрайтын болса, ол үш бөліктен тұрады:

  • өндірілген өнімге еңбек арқылы енгізілген тұтынылатын өндіріс құралдарының құны;

  • қажетті еңбек арқылы құрылған өнімнің бір бөлігінің құны;

  • үстеме еңбек арқылы құрылған өнімнің құны.

Күріш шаруашылығының рентабельділігі мен оның тиімділігін одан әрі көтеру,жерді суландыруды ғылыми негізделген тұрғыда жүргізуді, астықтың, күріштің тауарлылығын жоғарлату мен сапасын жақсартуды, өнімнің өзіндік құнын төмендетудің барлық қорларын максималды түрде пайдалануды, еңбек өнімділігін көтеруді, сондай-ақ астық нарығының жағдайына, оның конъюктурасымен сиымдылығына маркетингтік зерттеу жүргізуді талап етеді [34].

Осылайша, күріш шаруашылығы өнімін өндіруден бастап,сатуға дейінгі аралық буында, тасымалдау, сақтау, өңдеп-ысырап әкелмеуі тиіс, ал оның қорытындысында өнімді сатудан табыс әкелуі қажет. Өнімнің өзіндік құны негізгі екі жағдайға – жалпы өнімнің шығымына және өндірісіне жұмсалған шығынына тәуелді.

Күріш шаруашылығы өнімінің жалпы шығымы, оның ішінде күріштің, бұл жағдайда күріштің өнімділігі арқылы анықталады. Өндіріс шығындары шаруашылық жүргізу деңгейіне, еңбек өнімділігі мен материалды-ақшалай қаражаттарды жұмсаудағы үнемдеу деңгейіне тәуелді болады. Осы екі жағдайда бірдей мағынаға ие. Суармалы гектардың жоғары өнімділігіне қол жеткізуге болады, бірақ сонымен бірге, бұған өндірістік шығындарды көп жұмсауға болмайды, өйткені өндірілген өнімнің өзіндік құны жоғарылап, шаруашылық зиянға алып келеді.Әрине, басты мәселе аймақтың күріш өсіретін құрылымдарының қызмет нәтижесін талдау күріш өндірісінің өзіндік құнының өте жоғары екенін көрсетеді. Осы кезде күріш өсіретін агроқұрылымдардың топырағы мен шаруашылық жүргізу жағдайы бірыңғай жүйедегі бір аймақта немесе алқапта орналасуына қарамастан күріш өндірісі өзіндік құнының деңгейі біршама ауытқуда. Әдетте соңғы кездегі салыстырмалы түрде күріштің өзіндік құнының төменгі деңгейіне ие болып отырған Ауданның алдыңғы қатардағы күріш өсіретін құрылымдарының («Шаған» ЖШС, «Ақжарма» ЖШС және басқалары) тәжірибесі, күріш егудің бір алқабының шегінде, бірдей табиғи-климаттық өндіріс жағдайында орналасқан әртүрлі меншік пен шаруашылық жүргізу формасындағы ауылшаруашылық құрылымдарының қол жеткізер белесіне айналмады [35].

Сырдария ауданы Жалағаш ауданының күріш өсіретін құрылымдарына (орталық аймақ) жүргізілген ғылыми зерттеу шаруашылықтардың бірыңғай өндірістік шығындары мен күріш өнім бірлігінің өзіндік құны әртүрлі екенін көрсетеді (кесте 20).

Кесте 20 - Орталық аймақтық күріш егетін мемлекеттік емес секторындағы шаруашылықтардың 1 центнер күрішке жұмсалған шығынның құрамы

Шығындардың түрлері

Ақсу

Жиһан

Шағы-

Рай

Ақсу мен салыстырғанда

Жиһан

Шағы-

рай

Бір гектардаң алынған күріштің өнімі, ц/га

44,8

34

40,2

+10,8

+4,6

Барлық өндірістік шығындар, тг

3840

5796

3848

-1956

-8

1 ц өндірілген күрішке жұмсалған шығындар, тг:

Еңбекақы

512

808

476

-296

+36

Тұқым

184

264

168

-80

+16

Тыңайытқыш

208

152

144

+52

+60

Жанар-жағар май

512

912

440

-400

+72

Амортизация

200

312

184

-112

+16

Жөндеу шығындары

136

232

204

-96

-68

Тасымалдау шығындары

460

980

468

-520

-8

Суға жұмсалған шығындар

320

408

288

-88

32

Электр қуаты

96

152

72

-56

+24

Басқару шығындары

608

808

512

-200

+96

Басқа да шығындар

592

632

428

-40

+164

Өткізілген күріштің өзіндік құны, теңге

4020

5924

3600

-1904

+420

Күріш өнімін сатудың орташа бағасы, теңге

4692

4500

3312

+192

+1380

Күрішті сатудан түскен табыс (+), зиян (-), теңге

672

-1424

-288

+2096

+960

Рентабельділік деңгейі, %

16,7

-24

-8

-

-

*Ескертпе – Автордың құрастырулары бойынша

Осы мәліметтерден көріп отырғандай, «Ақсу» өндірістік жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі күріштің өнімділігі «Жиһан» және «Шағырай» ЖШС-не қарағанда жоғары.Бұл шаруашылықтар бір-біріне жақын орналасқан және топырақ құнарлығы (16 балл) мен суарылатын су мен қамтамасыз етілуі бірдей. Өйткені, пайдаланған су сол жаға «Шіркейлі» магистральды канал арқылы қамтамасыз етіледі. Мұндай айырмашылықта шаруашылық жүргізу деңгейі мен формасы әртүрлі. Бұдан басқа «Жиһан» шаруашылығы бұрынғы жылдары тұқым шаруашылығы болатын, ал бұл жағдай соңғы жылдары шаруашылықта түгел сақталмаған.

Бұл шаруашылық субъектілерінде осының нәтижесінде өткізілген күріш өнімі бірлігінің өзіндік құны әртүрлі деңгейде. «Жиһан» ЖШС-де 5924 теңгеге жоғары, ал «Шағырай» ЖШС-де 3600 теңгеге төмен. Бірақ бұған қарамастан «Жиһан» ЖШС және «Шағырай» ЖШС-рі өндірістік-кәсіпкерлік қызметтен зиян шеккен, ал «Ақсу» өндірістік ЖШС өткізілген күріш өнімінің бірлігінен алынған табыс 672 теңгені құрады. Осының нәтижесінде «Ақсу» өндірістік ЖШС-нің барлық пайдасы 456 мың теңге, ал «Жиһан» ЖШС-гі 8595 мың теңгеге залалға және «Шағырай» ЖШС-гі – 1488 мың теңгеге зиян келтіреді [36].

Осылайша, күріш өндірісінің жоғары шығыны мен осы өнімнің төмен бағамен сатылуы нәтижесінде ауданның көптеген күріш өндіретін құрылымдары жыл сайын, әсіресе соңғы жылдары зиянға отыруда. Бұл, өз кезегінде Сырдария ауданының күріш өсіретін құрылымдарының қаржы-өндірістік қызметін жүргізуге тікелей әсерін тигізеді.Экологиялық аймақтағы күріш өсіретін құрылымдарды өндірістік шығындардың жоғарылауы тікелей шығындардың нәтижесінде жүреді. Алдыңғы қатарлы шаруашылықтарға қарағанда көптеген субъектілерде күріш өнімділігінің төмендігіне қарамастан, тұқым мен минералды тыңайытқышқа жұмсаған шығындар өте жоғары.Сырдария ауданының аумағындағы күріш өсіру аймағының көптеген күріш өсіретін шаруашылықтарда селекциялық жұмыс жүргізілмейді және күріш пен басқа да күріш ауыспалы егісі дақылдарының тұқымын дайындау өзінің тиісті деңгейіне қойылмаған.

Мәселен, 2013 жылы күріш шаруашылықтарының біразы тұқым материалдарының сатып жіберуі, бұл 2014 жылғы егістікке әсер етті. Осының нәтижесінде күріш егісі көлемі 50 гектарға дейін төмендеді. Мұндай жағдай барлық халық шаруашылығы қиын жағдайда қалған кезде бүкіл республикадағы экономикалық реформалардың алғашқы жылдарында да байқалмаған болатын.Осымен бірге кейбір күріш шаруашылығы өндірісті жүргізудің ірі нысандары өте жоғары табысқа ие және жоғары рентабельді («Шаған» ЖШС, «Ақжарма» ЖШС және тағы басқалары) болып табылады.

Бұл шаруашылықтарда нарық жағдайы зерттелінеді. Нәтижесінде олар күрішті өте жоғары бағамен өткізеді. 2014 жылғы ең төменгі күріш өнімділігі Қазалы, Шиелі, Арал ауданындағы шаруашылықтарда болды, бұл жерді өңдеу мәдениетінің төмендігіне, инженерлік жүйесінің болмауына байланысты.

Барлық аудан бойынша күріштің бір гектарынан 45-50 центнерден өнім алуға нақты мүмкіндік бар. Бірақ, минералдық тыңайтқыштың жетіспеуі де агрономиялық, мелиоративтік, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралардың орындалмауы осы дақылдың жоғары өнімділікпен алуға мүмкіндік бермейді[37].

Аудандық күріш өсіретін құрылымдарын ғылыми негізде зерттеу, олардың көбінде сүдігер жырту және көктемгі егісті жөндеу жұмыстары уақытылы жүргізілінбейтіні күрішті егу, суға бастырудың сақтамаумен және сапасыз тұқым материалдары арқылы жүргізілетінін көрсетті. Сондай-ақ, күріштің сорттық және басқа да ерекшеліктері есепке алынбайды, осының нәтижесінде күріштің өнімділігі мен астық сапасы күрт төмендейді.Күріштің өзіндік құнының деңгейі жекелеген шаруашылықтарда әртүрлі факторлардың әсерінен құбылып отырады.

Сырдария ауданының күріш өсірудегі тәжірибесіне қарағанда, күріш дақылы инженерлік жүйеге келтірілген жерлерге орналастырылған және басқа шаруашылықтың жүргізулеріне қарағанда жоғары, сәйкесінше өзіндік құн біршама төмендеген.Күріш егетін құрылымдардың тәжірибесі күріш егістіктерін күрделі жоспарлау жерді өңдеу мәдениетін жақсартып, осы дақылдың өнімділігін көтеруді қамтамасыз етіп қоймай, бір гектарға және өнім бірлігіне есептегендегі шығындарды азайтуға әсер ететінін, сондай-ақ суарылатын судың мөлшерін үнемдеуге мүмкіндік беретінін көрсетеді. Алайда күріш өсіретін аймақтардағы суландырылатын жер жағдайында күріш ауыспалы егіс дақылдарын өсіру технологиясы мен су ресурстарының жетіспеушілігі және экологиялық жайдың төмендеуі жағдайында оларды суландыру күріш шаруашылығы және күріш пен басқа да дақылдардың өзіндік құнын төмендету алғы шарттың бірі болып табылады.Су ресурстарын үнемдеу процестерін оптимизациялау қолайлы, әсіресе, мелиоративтік дұрысталған жерлерде, суландырудың экономикалық орынды тәртіптері тұрғысында, экономикалық орынды тәртіптері тұрғысында, экономикалық критерийлермен су көрсеткіштерінің сәйкес келуі негізінде аз энергия сыйымдылық әдісін таңдау жолымен шешу қажет[38].

Күріш дақылынан жоғары өнім алуға топырақты өңдеу тәсілдері үлкен маңызға ие. Күріш терең сүдігерлік жыртуды және егіс алдында топырақты тиянақты өңдеуді талап етеді.Сүдігер жырту күзде 25-28 сантиметр тереңдікте жүргізіледі. Жыртылатын жердің тереңдігі топырақ жағдайына сәйкес белгіленеді. Көпжылдық зерттеу негізінде күріш шаруашылықтары қызметінің тәжірибесі сүдігер неғұрлым ерте көтерілсе, соғұрлым ол тиімдірек болатынын көрсетті. Сондықтан, күріш жиналып болғаннан кейін сүдігер егістіктерде соқа мен басқа да ауылшаруашылық құралдармен жұмыс жүргізу мүмкін болған кезден бастау керек. Бірақ, соңғы жылдары күріш өсіретін құрылымдар сүдігер көтерумен оның мерзіміне және көлеміне көңіл бөлмейтін болды, ал бұл егіннің ысырабына әкеліп соғады. Егіс егу алдында топырақты өңдеудің арам шөптермен күресті жүзеге асырады және топырақ егіске дайындалады.Топырақты егу алдында өңдеу 12-14 сантиметрге ауыр дөңгелекті қолайқышпен немесе кәдімгі қопсытқышпен жүргізіледі, сонымен қатар, бір уақытта тырмалау мен топырақты таптау қоса жүргізілуі тиіс.

Күріш егісінің себілу мөлшері, мерзімі мен әдістері де маңызды үлгі ретіндегі себу мөлшері бір гектарға 5-7 миллион дән немесе 180-200 килограмм. Бірақ шаруа қожалықтары соңғы жылдары бір гектардан көп жерге 250-270 килограмм мөлшерімен себеді, бірақ бұл ешнәрсемен де ақталған емес. Өнімді молайтуға тек себу мөлшері ғана емес, агротехникалық жағдай, суландырудың мүмкін, болатын тәртібі және тыңайытқыш енгізу жүйесі де маңызды. Күріштен мол өнім алу, тұқым себу мөлшерін көтеру арқылы ғана емес, сондай-ақ күріш тұқымын аз мөлшермен егу кезінде жоғары мөлшерде тыңайытқыш енгізу жолымен де мол өнім алуға болады.

Күріштен мол өнім алудың алғы шарттарының бірі – дер кезінде егу. Ерте егілген күріш ерте піседі, бұл әсіресе тұқымдық егістер үшін маңызды. Кеш себілген кезде күріштің өнімі азаяды. Егін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болған жылдары айтарлықтай төмендейді, бұл соңғы жылдары байқалуда.Мұндай жағдай кеш егілген жерлерді жинау егіннің көп ысырабына әсер ететін күзгі жауын-шашымымен ұштасуы мүмкін. Бұл сонымен қатар, тауарлы және тұқымдық күріштің сапасына да ықпал етеді. Соңғы жылдары күрішті егу мен жинауды дер кезінде уақытылы жүргізуге күріш шаруашылығы агроқұрылымдарында техникалық құрамдардың жетіспеушілігі көп әсер етеді.

Ауданның күріш өсіретін аймақтарында топырақ құрылымсыз, құнарлығы төмен, кальций мен көмірқышқыл кальцийына бай, азотқа кедей, ал фосфор өсімдіктерге қол жеткізуге қиын нысанда орналасқан. Мұндай топырақтарға минералды және органикалық таңайытқыш енгізу пайдалы. Әсіресе, күріш физиологиялық қышқыл болып табылатын сульфат аммонийға икемді, бұл тыңайытқыш сол мезгілде фосфорлардың іске қосылуына әсер етеді. Күрішті жинауда өнімнің шығымы мен оның өзіндік құнына ықпал жасайды. Өз уақытынан ерте жинау, күріштің мөлшері мен сапасын төмендетеді. Жинауды кешеуілдетуде өсірілген егіннің үлкен бөлігін жоғалтуға әкеліп соғады. Күрішті жинауға оны жүргізу мерзімі бойынша күріштің сорты да әсер етеді. Сондай-ақ күрішті жинау көп мөлшерде агроқұрылымдардың машина-технологиялық жағдайына да тәуелді, бұл күрішті жинаудың мерзіміне де, еңбек өнімділігіне де әсер етеді.

Күріштің сапасын жақсарту мен агротехникалық шаралар дер мезгілінде жүргізу мақсатында өсіруді ресурстық потенциалдар, шаруашылық жүргізудің әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымдары жүзеге асыру мына негізде асырылуы тиіс:

  • өнім өндірушілер мен күрішті дайындау, сақтау және өңдеу субъектілері арасында күрішті өндіру мен өңдеу кооперациясы және интеграция қағидаларын пайдалану;

  • ресурсты сақтау технологиясын пайдалану және күріштің сорттық ерекшеліктерінің есебі;

  • барлық технологиялық операцияларды пайдалана отырып, күрішті егу алдындағы негізгі өңдеуді жақсарту;

  • күріштің сапасын көтеру және өсімділігін жоғарылату мақсатында егістік жерлерді күрделі жоспарлауға, минералдық және органикалық тыңайытқыштарды енгізуге, арам шөптермен күресу үшін өсімдіктерді қорғауға көңіл бөлу;

  • күріштің жалпы шығымын жоғарылату және өндірістік шығындарды азайту мақсатында күріштің ғылыми негізделген ауыспалы егісін және олардың кезектесіп жүргізілуін сақтау [39].

Аймақта күріш өндірісін одан әрі жетілдіріп дамыту – бұл алдағы уақытта ауданның экономикалық белсенділігінің артуына зор ықпалын тигізеді.Күріш саласын дамытуда күріш кластерін ұйымдастыру өте маңызды болып табылады [40].

Республика бойынша өндірілетін күріштің 80 пайызы Сырдария ауданында өндіріледі. Күріш өндірісіне жаңа технологияны енгізу бағыты ұсталып, оны көшеттеп егу әдісі ендірілуде.Күріш өндірісіне Республикадағы ірі компаниялардың инвестициялары тартылуда, бөлінген қаржы есебінен күріш өңдеу зауыттары салынып, сыртқы рыноктарға сапасы дүние жүзілік стандарттарға сай келетін күріш шығаруға мүмкіндік туындауда. Сондықтанда, аймақта күріш өндірісін одан әрі жетілдіріп дамыту – бұл алдағы уақытта ауданның экономикалық белсенділігінің артуына зор ықпалын тигізеді.

Сырдария ауданындағы күріш кластерін жекелеген кәсіпорындардың жиынтығы есебінде бөліп алып, оларды өздерінің бағыттары мен мақсаттары бар біртұтас жүйе деп қарастыруға болады[41,42].

Алдағы уақытта, ауданымызда күріш өндірісінде кластерлік жүйені өндіріске енгізу күріштің брэндін қалыптастыруға, оны терең өңдеу арқылы өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, өндірістердің қуаттылығын толық пайдалану деңгейін арттыруға, халықты импорттық тауарлардың орнын басатын әртүрлі азық-түлік өнімдермен қамтамасыз етуге зор мүмкіндіктер береді.

Күріш кластерін дамытуда төмендегі мәселелерді қарастыру қажет.

- машина-технологиялық станциялар, ауылдық несие серіктестікте-рін,субсидияларды дамыту;

- маман кадрларды даярлау;

- ғылыми әлеуетті дамыту;

- тауарлы дақыл өндірісін дамыту;

- күріш өңдеу өндірісін дамыту;

- негізгі күріш өңдеу өндірісін дамыту;

- өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу өндірісін дамыту;

- өндірілген өнімдерді өткізу желілерін дамыту.

Күріш кластерін құру және оны дамыту ауыл шаруашылығы құрылымдарына келесі мүмкіндіктерді береді:

- сыртқы рыноктарда күріштің бәсекелігін жоғарылату және аудандағы өңделген күріштің экспортталу көлемін ұлғайту;

- кластерге тартылған фирмалар өнімділігін арттыру, қосымша құны жоғары өнімдерді шығару деңгейін арттыру және экспорт бірлігі құнын өсру;

- өсімдік шаруашылығында ғылыми-негізделген алдыңғы қатарлы жаңа технологиялармен қамтамасыз ету;

- суару жүйесінің пайдалы әсер коэфициентін жоғарылату;

- ауыспалы егістікте қолданылатын күріштің және басқа да дақылдардың (жоңышқа, бидай) өнімділігін арттыру, басқа да майлы дақылдарды (майлы дақылдар, мал азықтары) ауыспалы егістікте қолдану;

- ауыл шаруашылығында шоғырландыру жүйесін құру (мал шаруашылығының дамыту);

- экологиялық ахуалдың жақсаруы (жердің сортаңдалуын азайту, су ресурстарын оңтайлы пайдалану);

- машина-трактор паркінің құрамын жаңарту;

- күріш өндірісінің тиімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын көбейту және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің табысын көтеру;

- ауыл шаруашылығына қосымша инветиция енгізудің көздерін ашу;

- ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету.

3.3 Қызылорда облысында күріш ақтайтын кәсіпорындар

Соңғы жылдармен салыстырғанда облыс көлеміндегі күріш егілген жер 22 мың га көбейіп, орташа өнімділік 20 ℅-ке артқан. Облыста барлық күріш өнімінің 40% өндіретін ірі күріш өндіретін кәсіпорындарға «Шапағат ЛТД» ЖШС-гі, «Томирис ЛТД» ЖШС-гі, «Шапағат ЛТД» ЖШС-гі, «Айдан инвест» ЖШС-гі, «Алтын дән ПВА» ЖШС-гі, «Жаңажол» ЖШС-гі, «Түгіскен тәжірибе шаруашылығы» РМК-ны, «Қазақстан Күріші» АҚ-ы, «Абзал и К» толық серіктестігі жатады.

Компаниялардың негізгі қызметі ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және оны өңдеу. Бұл кәсіпорындарда өнімдерді өндірудің, сақтаудың, өңдеудің барлық технологиялық сатыларын және сатуды келісім шарт пен алу-сату негіздерінде жүргізуге толық мүмкіншіліктері бар. Бұл компаниялардың күріш өңдеу заводтары рынок талаптарына сай келетін күріш жармасын шығаруға мүмкіндік беретін қазіргі кездегі Оңтүстік Корей және Германия қондырғыларымен жабдықталған. Соңғы жылдарда күріштің өнімі жоғары болғанына қарамастан, отандық күріш өңдеу зауыттарын толық жүктемеде жұмыс жасайтындай күріш дәнімен қамтамасыз ете алмай келеді. Себебі жыл сайын жиналатын күріш саласының бір бөлігі Республика көлемінен тыс елдерге өңделмеген күйінде (күріш саласы) шығарылады.

Қызылорда облысында 137-дей күріш ақтайтын кәсіпорындар жұмыс істейді. Оның ішінде халықаралық стандарттарға сай өнім шығаратын шет елдік зауыттары бар кәсіпорындар: «Қазақстан күріші» ЖШС-гі – 80 тн/тәулік, «Алтын дән ПВА» ЖШС-гі – 80 тн/тәулік, «Томирис Лимитед» ЖШС-гі – 80 тн/тәулік, «Шапағат Лимитед» ЖШС-гі – 120 тн/тәулік, «Абзал и К» ТС-гі – 120 тн/тәулік қуаттылықпен жұмыс атқарады. Атап айтқанда «Шапағат ЛТД» ЖШС және «Шаған» кәсіпорындары Германия елінің, ал «Қазақстан күріші» АҚ-ы, «Томирис ЛТД» ЖШС-гі және «Шапағат ЛТД» ЖШС-гі Оңтүстік Корея мемлекетінен шыққан қондырғыларымен жабдықталған.

Ауыл шаруашылығы саласына отандық инвесторлар көптен тартылып, нәтижесінде соңғы 3 жылда 11 млрд. 444 млн. теңге инвестиция енгізілді. Соның ішінде ауыл шаруашылығына көп инвестиция салған «Шапағат ЛТД» ЖШС, «Томирис ЛТД» ЖШС, «Абзал и К» ТС, «Ай-Дан Инвест» ЖШС және «Қазақстан күріші» АҚ-ы. Салынған қаржының нәтижесінде облыста жаңа техникалардың саны көбейіп, Жалағаш ауданында машина технологиялық станса құрылды. Облыс бойынша 2003-2007жж. аралығында барлығы 527 ауыл шаруашылығы техникалары алынды, оның ішінде 62 техника лизингілік негізде, 56 техника МТС арқылы алынды. Ал, қалған техникалар инвесторлар арқылы алынған.

Қазалы ауданындағы «РЗА» АҚ-ның күріш өңдеу зауыты 3 сорттан жоғары сортқа дейінгі күріш жармасын шығаруға мүмкіндігі бар. Осыдан 5 жыл бұрын ашылған зауыт былтыр ғана оңтүстік корейлік мамандарының қатысуымен қайта модернизациядан өткізілген. Соның нәтижесінде бүгінгі таңда зауыт сағатына 5 мың тонна астықты өндіріп шығаруда. Ал, өндірілген сапалы өнім Қырғызстан, Түркіменстан, Ресей, Украйна және Беларусияға жеткізіледі. Күріш шаруашылығының әрбір нақты кәсіпорындарының өмір тіршілігі үшін интеграция мақсатына сәйкестік дәрежесін, жалпы күріш кластерінің және оның жекелеген элементтерінің қызмет ету тиімділігін қамтамасыз ету, рыноктық орта өзгерістеріне бейімделу, т.с.с. дәрежесіне баға берудің маңызы зор. Күріш өндірісіндегі кластерлік тәсіл күріш шаруашылығы ұйымдарының жаңа шаруашылық механизмінің барлық элементтері мен және тетіктерімен: басқарумен, еңбекпен өндірісті ынталандыру, ұжымдар мен аймақтардың әлеуметтік өмір тіршілігі мен ұдайы өндірісіне жағдай жасайтын, толық коммерциялық есеп айрысу, бағамен, жалақымен, пайдамен, несиемен, т.б.органикалық байланыста болуы керек.

«Жихан холдинг» компаниясының еншілес кәсіпорыны «Шапағат ЛТД» ЖШС-де облыстың индустриалдық - инновациялық даму бағдарламасына сай Оңтүстік Кореялық жаңа зауыт іске қосылды. Зауытта күріш салысын өңдегеннен кейінгі құрамы 55-56% ақ күріш, 8-10% ақ ұсақ, 11-13% ұнтақ, 21% қауызды құрайды. Зауыт күріш ақтаумен қатар мал азығын, басқа да түрлі өнімдерді шығарумен айналысады. Дайын өнім 5кг, 10кг және 25 кг-дық сиымдылықта безендірілген қапшықтарға салынып тұрғындарға ұсынылып отыр. Демек, күріш қалдығы осы уақытқа дейін дұрыс, өз мақсатында пайдаланылмай келді. Дақыл өндірісі қалдықсыз өндіріс болуы керек. «Шапағат ЛТД» ЖШС-тің экономикалық көрсеткіштеріне тоқталамыз. Ауылшаруашылығын өркендетуде күріш кластерін дамыта отырып, бәсекелестікті арттыру, шикізат бағасын төмендету, өндірістік қуатты арттыру, персоналдарды дайындау, экономикалық белсенділікті арттыруға, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізуге, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыруға мүмкіндік туындайды.

«Шапағат ЛТД» ЖШС-ке қарасты күріш ақтау зауыттың негізгі экономикалық көрсеткіштері және даму деңгейін болжау

Кесте 21.

Көрсеткіштер

2011ж.

2012ж.

2013ж.

Сатылған өнімнен түске табыс, мың теңге

366249

476123,7

623722,0

Өнімнің өзіндік құны, мың теңге

325594

416760,3

545955,9

Жалпы табыс, мың теңге

40655

59363,4

77766,1

Кезең шығындары, мың теңге

28460

35575

45536

Таза табыс, мың теңге

12195

23788,4

32230,1

Жұмысшылар саны, адам

52

75

85

Еңбекақы қоры, мың теңге

561,6

937,5

1530,0

1 жұмысшыға шаққандағы табыс мың теңге

234,5

317,1

379,1

Күріш майы майлықышқыл құрамы бойынша тәуір тамақ (салат) майлары­ның, яғни арахис, зәйтүн және басқалары сияқты түрлеріне жатады. Тазартылған түрінде бұл май кондитер заттарын, майонез, әр түрлі салаттар мен соустар дайындауға пайдаланылады. Күріш майы­ның өндірісі АҚШ, Жапония, Индия, Пәкстан, Қытай және басқа да елдерде жолға қойылған. Бұл майды алуда шикізат есебінде күрішті сорттау өндірісінде қалдық болып есептелінетін күріш ұнтағы пайдаланылады. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін елімізде мұндай қалдық­тарды өңдейтін кәсіпорындар жоқтың қасы. Күрішті өңдегеннен кейін алынатын күріштің ұнтағы және басқа да қосымша өнімдер мал шаруашылығында тек құрама жем есебінде пайдаланылады.

Күріш ұнтағынан алынған майда 5%-ға дейін кү­ріш балауызы болады. Жалпы өсімдік­тен алынатын табиғи балауыздың аз болуы отандық косметика өнеркәсібінің ке­ңеюіне теріс ықпал етуде. Негізінен пар­­фюмерлік өнімдердің негізгі ингре­диенті болып шет елдерден әкелінетін қо­сымшалар, мысалы – карнауб балауызы қолданылады. Ал күріш балауызының сапасы жөнінен карнауб балауызынан кем түспейді. Күріш ұнтағынан май және балауыз алудың технологиясын әзірлеу және енгізу кондитер, медициналық препараттар және парфюмер өнеркәсібі үшін шикізаттың көбеюіне және нан өңдейтін кәсіпорындардың қалдықтарын тиімді пайдалануды кеңейтеді. Осы техноло­гиялық процестегі екінші өнім (шрот) ұзақ мерзімге сақтауға жарайтын дайын мал азықтық компонент болып есепте­лінеді.Дайындалып ұсынылатын күріш балауызының технологиясы қалдықтардан тек Қызылорда нан комбинатында ғана (30 мың тонна күріш ұнтағы) 3 мың тоннадан астам күріш майы және 100 тоннадан кем емес күріш балауызы алынады.

Күріш салысын өңдеу кезінде 12-14%-ға дейін алынатын күріш қауызын пайда­лану перспективалы болып есептелінеді, себебі одан жылу өткізбейтін және құ­рылыс материалдары мен электрон өнер­кәсібінде қолданылатын кремний алы­нады. Жыл сайын өзінің құрамында 15% кремний, 80% органикасы және 5%-ға дейін калий, магний, фосфоры және калцийі бар 5,0 мың тоннаға дейін қауыз жиналады. Қауыздың құрамындағы крем­нийдің жоғары болуы оны күріш үшін тыңайтқыш ретінде кәдеге жаратуға негіз болады. Күріштің бұл элементке қажеттігі гектарына 1 тонна кремний. Күріштің қауызын кәдеге жарату органикалық және органикалық емес қал­дықтар негізінде жасалынатын органоми­нералдық тыңайтқыштардың бар аналог­тарына қарағанда техника-технологиялық көрсеткіштерімен қол жететіндігімен, ар­зандылығымен және де экологиялығымен елеулі өзгешелігі бар. Қазіргі кезде күріш сабанын өртеу қоршаған ортаны ластай­тын болса, ал басқа елдерде қағаздың жоғарғы сортын, құрылыс картонын, мықты және арзан жіптерді, қанаттарды және қаптарды, сонымен бірге қалпақтар, жеңіл үйге киетін аяқ киімдер, цинов­кілер, сөмкелер, кілемшелер және де үй тұрмысына қажетті басқа да бұйымдарды жасауға пайдаланылатын бағалы шикізат болып есептелінеді. Қытай мен Үндіқытай елдерінің шаруа қожалықтарында күріш сабаны тамақ құрамындағы белокты көбейту үшін елеулі рөл атқаратын саңы­рауқұлақтарды өсіру үшін кең қолда­нылады. Күріш сабанының құрамында 50%-ға дейін целлюлоза, 11,7% — лигнин, минералдық заттар (көбіне кремний қышқылы) 14,6% болады.

Қызылорда облысында ірі инвесторлар «Абзал и К», «Дихан», «Алуан-Ас» ЖШС заманға сай өнім шығаруды жүзеге асырып келеді. Солардың ішінде «Абзал и К» ЖШС күрішті ұзақ мерзім сақтайтын вакуумдық қораптауды қолға алды. Бұл – біз үшін әлі аз дүние. Өйткені Жолдау жауапкершілігінде ауылшаруашылық өнімін өндіруге байланысты нақты тапсырма бар. Бір күріштен қаншама өнім алуға болады. Күріш майы, крахмал, спирт, тағы басқа да өнім өндіруді дамыту керек.

Өңдеуші өнеркәсіптің тез дамуы үшін бірінші кезекте жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Қызылорда облы­сында жұмыс істеп тұрған бизнес-инку­батор негізінде технологиялық бизнес пен ғылымды қажет ететін және иннова­циялық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында кішігірім өндірістерді құру қажет. Отан­дық күріш шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуының кері факторларына өнімдердің өзіндік құнын көтеріп жіберетін өндірістегі шығын­дар­дың жоғары болуы, оның ішінде ресурс шығындары жатады. Қызылорда облы­сында күрішті инженерлік-тегістелген күріш жүй­е­сі әзірленіп, игерілгеннен бері қолда­ны­латын жалпы қабылданған технология бойынша өсіреді. Оның мәнісі мынада, егіске дайындау және күріш себу жұмыс­та­ры сусыз құрғақ жерлерде жүр­гізіліп, күріш және ақ дақылдар алмасып оты­ратын күріш-жоңышқа ауыспалы егісінде күріш өсіріледі. Ұзақ мерзімді технология­лық тәуелділікке түспес үшін және шет елдерден технологияның тура импортынан шығу үшін соңғы уақытта Азия және Еуропа елдерінде тараған жергілікті жағдайға көндігетін күріш өндірудің технологияларын зерттеу және әзірлеу жұмыстары жүргізілді.

3.4 Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жағдайында күріштің сапасын жақсарту

және нарықтық баға құрылымының ерекшеліктері

Қазіргі кезде, күріш өндірісі шаруашылығында өткізіліп жатқан нарықтық реформаларға әдетте жүйесіз және қарама-қайшылыққа енжар енгізудің нәтижесінде өркениетті агронарықты құрудың қиындығына көз жеткізілуде әлемдегі шаруашылық субъектілердің тәжірибесі бұл процеске міндетті түрде нарықтағы тікелей субъектілердің ауылшаруашылығы кәсіпорындарынның белсенді түрде араласуы қажеттігін көрсетеді. Бұл кездегі негізгі міндет бәсекелестікті дамыту мақсатында тиімді жұмыс тәсілдерін қалыптастыру болып табылады.

Бәрімізге белгілі, нарық – бұл айналыс (айырбас) аясы, яғни еңбек пен тауар өндірісін бөлу негізінде, оның дамуына жағдай жасайды. Осының салдарынан күріш шаруашылығын агро-қалыптастырудың астық нарығына шығуы аймақтық нарықтардың сыйымдылығы мен ең қолайлы жағдай шегіндегі күріштің мүмкін болар үлесі, нарықтың барлық сараланымы фирмалық құрылымдары, конъюктурасын дамыту үрдісінің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдары есебінен нәтижелеуі тиіс.

Қазақстан Республикасы күрішінің агронарығы Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Қызылорда аудандарының тауарлы күрішімен қамтамасыз етіледі. Бұған қоса ішкі нарықта импорттық өндірістің өнімдері де, атап айтқанда Оңтүстік-Шығыс Азияның өнімдері де кездеседі. Бірақ, айта кету қажет, астық нарығындағы күріштің бағасы өндірістік шығындардың орнын жаппайтындықтан ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің талап-тілегіне сай келмейді. Импорттық күрішті әкелуге, салынатын кедендік баж салығы белгілі бір деңгейде бағаның көтерілуіне ықпал етті. Осыған сәйкес, күріштің бағасы өнімді өткізуден пайда түсіруге мүмкіндік бермейді.

Сұраныс пен ұсыныс күріш бағасының деңгейіне тікелей үстемдік жасайды. Алайда сұраныспен қатар бағаның деңгейіне күріштің сапасы да әсер етуі мүмкін, өйткені ол кезде күріш өніміне ең жоғарғы баға деңгейін белгілеуге мүмкіндік болған емес. Дегенменде, көп жағдайда мол табысты сатып алып – сатушылар, яғни делдалдардың қасында болғаны. Зерттеуге қарағанда, тауарлы күрішке жасалған сұраныс деңгейін анықтайтын факторлардың ішінде ең маңыздысы баға мен табыс болып табылады. Демек, астық нарығының нәтижесінде, әсіресе соның ішінде күріш дәніне салыстырмалы тұрақтылығы мен дәстүрлік пайдалануы жағдайында сұранысқа әсер ететін негізгі фактор – өнімдердің бағасының шамасы мен динамикасы болып табылады. Өйткені, өзара ауыстырылатын және оны бірін бірімен толықтырып отыратын азық-түлік тағамдары салыстырмалы деңгейде күріштің сұранысына әсер етеді. Бір жағынан, күрішті шығыс халықтарының дәстүрлі тұтынуы астық нарығындағы ұсыныс пен сұранысқа соншалықты ықпал етеді, тіпті өзара ауыстыратын және оларды толықтырып отыратын азық-түлік бар болғаның өзінде де күріш дәні сұранысқа толық ие болады.

Осылайша, күріш дәні азық-түлік өнімі ретінде оң табыстар негізінде сұранысқа ие бола алады. Демек, бір жағынан тұрақсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай кезіндегі еліміздегі азық-түлік өнімнің алғашқы орындарын ұн, нан, содан кейін ақ күріш арзан бағасына бола үлкен сұранысқа қолдары жеткен. Сұраныстың маңызды сипаты – бұл өнім бағасының өзгерісіне оның әсері болатыны анық. Сондай-ақ, экономика заңдарынан белгілі, өнім бағасының төмендеуіне тек басқа жағдайлар кезінде сұраныс көбейеді немесе керісінше, баға мен сұраныс шамасының араларында кері (теріс) байланыс жүзеге асуы мүмкін.

Бір жағынан алып қарағанда, тұтынылатын күріштің бағасының өсуі ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің табыс табуына әсер етпейді, өйткені оларда көктемде тіпті тауарлы күріштің қорлары да дән сақтайтын жерлер де болмаған. Сондай-ақ, ішкі астық нарығындағы бағалар бір тонна сапалы ақ күрішке 280-400 АҚШ долларының шамасында болуы тиіс, тек осындай жағдайда ғана ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер белгілі бір деңгейде астық нарығының қажет етуіне сай, күріш егіс көлемін көбейту мақсатында оны мол өндіруге мүмкіндік алады. Айта келгенде, халықаралық астық рыногына шығудың өзі, тауарлы күріштің сапасын жоғарлатумен қатар жүруі тиіс. Осы кезде Арал аймағында өсірілуі мүмкін және сапасы жағынан әлемдік достастықтың күріш шаруашылығының негізгі тараптарына жол бермейтін күріштің әртүрлі сорттары өнімінің осындай түрлерін көбейту қажеттілігі туады. Мұндай жағдайда сыртқы сауда ұйымына шығу кезінде сатып алушылардың алдындағы келісім міндеттемелерін орындау мен ұлттың және мемлекеттің абыройын қорғау үлкен мәнге ие.

Күріш сапасына, баға шегеріміне байланысты сатылатын бағаны жіктеу кезінде шаруашылық өнімінің сапасын жақсарту арқылы қол жеткен халық шаруашылығының жетістігі немесе сапаның нашарлығынан болған ысырабы негізінде есептелінеді.Күріш тұқымының сапасы бастапқы мөлшері (ылғалдылық, сорт, салмақ) қатаң тәртіппен реттелген.Күріш өнім сапасының көрсеткіштерін бұзу заттай түрден сондай-ақ, ақшалай шегерім жасауға әкеледі. Күріш шаруашылығы субъектілерінің өнімдері қара күрішті ақталған күріш дәні үшін сапа, сондай-ақ, аспаздық (тағамдық) қасиетін, ақуыз мөлшері секілді шарттарды анықтайды. Әртүрлі халықтардың күріштің сол немесе басқа өніміне сұранысы оның ішкі және сыртқы астық нарығындағы қажеттілігін анықтайды. Сондықтан, осы өнімнің бағасын жетілдірудің шарты мен факторы болып табылатын өнімнің сапалық көрсеткіштерін пайдалану, есепке алу және талдау үлкен мәнге ие [43].

Қазіргі уақытта бірнеше баға түрлері қызмет етеді, бірақ ол бар кезде де сапасына қарай көрсетілмейді.Ал нарықта сұраныс пен ұсыныс күріш шаруашылығы өнімінің сапасын есепке алады.

Шаруашылық тауарын өндірушілердің табысын олардың еңбегіне, осы нәтижелерді нарықта тануға тәуелді етіп қоятын нарықтық қатынастар арқылы бүкіл тауарлы-ақшалай қатынастарды белсенді пайдаланудың сатып алу және сату процестері жүзеге асырылады. Нарықтық қатынастардың дамуы сұраныс пен ұсынысты есепке алудың, баға белгілеу мәселелері мен нарықты ұйымдастырудың маңыздылығын одан сайын жеделдетуде. Өнімді сату деңгейі өндіріс жағдайында тұтыну саласына өту үдерісін айқын көрсетеді және күріш өнімін өндірушілердің өндірістік қаржылық қызметін қорытындылайтын буын болып саналады. Бірақ ең маңызды мәселенің бірі - өнім сапасына көңіл бөлмеудің барысында көптеген күріш өнімін өндірушілер егінді жинап болғаннан кейінгі өнім айналысы процесіне жете мән бермейді, ал ол сатылған өнімнің өзіндік құнына әсер етеді.Тек күріштен басқа да дақылдарды жинау емес, оны дұрыс сақтау, сатуға дайындау және тұтынушыға жеткізу де маңызды қағида.

Күріш шаруашылығын аграрлық қалыптастырудың біршама бөлігі нарық жағдайына икемділігін және қатаң қаржылық-несиелік шектеулер жағдайында жұмыс істей алмайды.Сонымен, нарықтық қатынастар жағдайында тек қана тезірек бейімделген және нарық конъюктурасының өзгеруімен сәйкес қайта құрылған шаруашылық субъектілері ғана жұмыстарын жандандыра алады.

Нарық конъюктурасы – бұл сұраныс пен ұсыныстың арақатынасымен, баға деңгейімен, тауарлық қорларымен, тапсырыстық тұтынушылармен, бәсекенің деңгейі және түрімен анықталатын нарықтық экономика жағдайы осылайша нарықтық конъюктурасы туралы қорлардың көлеміне, құрылымына және сапасына, баға, тұрғылықты халықтың табысы мен сатып алу икемділігіне кіріп тар өнімді өткізуге мүмкіндік жасайды.

Тауардың бәсекеге жарамдылығы туралы түсінік өнім сапасын жоғарлату мәселесімен, тауардың пайдалы тұтынушылық қасиетімен, тауардың тұтыну құнымен тығыз байланысты. Өнімнің сапасы – бұл оның бекітілген міндетіне сәйкес белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын және жарамдылығын білдіретін қасиеттерінің жиынтығы болып табылады[44,45].

Компаниялар өндірістік қызмет үдерісінде өндірілген өнімнің бір бөлігін шаруашылық мұқтажына жұмсайды, қалған бөлігін әртүрлі өткізу каналдары бойынша босатады.Өңдірілген өнімнің сұранысы жекелеген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында сондай-ақ тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасында көлденең байланыс жүзеге асырылады. Демек, сұраныс нарығы арқылы әртүрлі субъектілерге, коммерциялық құрылымдарға, халыққа, жұмысшыларға сату және тағы басқалар. Күріш өнімін өндірушілер өңдеуші өнеркәсіп, сауда және қоғамның тамақтандыру кәсіпорындарымен тікелей байланысы біршама тиімді.

Бұл ауылшаруашылығы өнімінің өндірістік барлық сатылары бойынша, тасымалдау, өңдеу және сақтау бойынша шығындарын төмендетудегі нақты шаралардың бірі байланыстарды кеңейту,бұдан басқа, ең жоғарғы сапалы өнімді жеткізу мерзімін көп мөлшерде қысқартып, өнімді дайындау шығындарын азайтады. Сондықтан, күріш өндірісінің өзара байланысты тетігін ұйымдастыру қажет: ұдайы өндіріс – тасымалдау – өңдеу – өткізу немесе сату, ауыл шаруашылығы үдерісі болып табылады.

Күріш өндірісінің бұл кезеңінің қызметін жүзеге асыру барлық тауар өндірушілер қызметін өңдеу аясын тасымалдауды, сақтауды және сатуды үйлестіру кезінде, осы сұрақты орындаушы Үкімет, Аудандық әкімшілік деңгейінде мемлекеттік реттеу кезінде, сондай-ақ, әртүрлі шаруашылық субъектілерін тік жіне көлденең деңгейде кооперациялау мен байланыстыруды жүзеге асыруы тиіс [46].

Әртүрлі аймақтарда барлық қажетті шарттарды орындау арқылы егіс көлемінің бір гектарынан алынған күріштің өнімділігі бірдей емес, ол өнімнің өзіндік құнында көрініс табады. Бұл өз кезегінде күріш шаруашылықтарындағы селекциялық жұмыстарымен, сондай-ақ, тұқым шаруашылығының дұрыс ұйымдастырылуымен де байланысты. Бірақ күріш өнімділікке сондай-ақ, күріш сорттарының оптималды параметрлері де әсер етеді. Ол өз кезегінде егудің белгілі бір технологиясын сақтауды талап етеді .

Меншік формасы мен шаруашылық жүргізудің әртүрлілігін, олардың сатып алу икемділігінің әртүрлі мүмкіншілігін тұқымды, тыңайтқыш сатып алу және иемдену және өсіру технологиясының деңгейі бойынша қолдану аясының әртүрлілігін есепке ала отырып, болашақта Қызылорда аймағында қолдануға аудандастырылған күріш сорттарының түрлерін орналастырып егу қажет.

Оңтүстік аймақта кең таралған күріш сорты «Маржан», ол Сырдария ауданындағы күріштің егістік жерінің 80 пайызын алады. Ал «Кубань-3» сорты Арал аймағының тек солтүстік аймағында, сондай-ақ, Сырдария ауданында (орталық аймақ) өсіріледі. Аз мөлшердегі егіс көлемін «Приман» сорты – 150 гектар және «Солнечный» сорты – 50 гектар алады.Бірақ күріштің бұл сорттарының агрономиялық және биологиялық ерекшеліктері әртүрлі, сондықтан олар өсірудің белгілі-бір технологиясын сақтауды талап етеді, ал күріш егетін субъектілерде олар барлық кезде сақталынбайды, осының нәтижесінде олардың өнімділігі төмендейді.

Сондықтан Арал аймағы агроэкология тәжірибесі және ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарының пікірінше, сорттық талаптар негізінде күріштің бұл сорттарын егу кезінде минералды тыңайтқышты енгізу мөлшерін сақтау шарты қажет етіледі. Аудандағы күріш өсіретін әртүрлі шаруашылықтардың өндірісін көпжылдық зерттеу және тәжірибелік енгізулер жасау негізінде «Маржан» сортының минералды тыңайтқышты сүдігер жыртуды енгізуге бейімді, ал «Кубань-3» сорты керісінше, вегетациялық кезіндегі корректендіруге бейімділігі байқалады.

Сонымен бірге, күріш сорттық ерекшеліктерді есепке ала отырып, аймақтың топырақтың сорлануы қатаң сақтауды талап етеді. Сондай-ақ, «Маржан» сорты «Кубань-3» және басқа да сорттарға қарағанда экологиялық факторларға төзімді, мұның өзі де өте маңызды шарт. Сонымен қатар, «Маржан» сортының аспаздық сапасы басқа сорттарға қарағанда өте жоғары. Олардың арасындағы өндірістік дәрежеге жеткізіліп, егістікке себуге рұқсат алған «Арал-202» деген сорт әлемнің үздік сорттарымен деңгейлес болып саналады. Аймақта тұқым саласын дамытуда да ілгерлеушіліктер бар. Күріш сорттарының суперэлита, элита деңгейдегі тұқымдарын даярлаумен «Түгіскен» және «Қарауылтөбе» мемлекеттік кәсіпорындары мен «Ақжарма» ЖШС шұғылданады.

Соңғы жылдары Сырдария ауданының күріш егетін аймақтарында суаратын судың жетіспеуі күріш егісінің көлемін 63-68 мың гектар деңгейінде анықтауды, құрғақ дақылдардың «астық үшін жүгері, силостық жүгері, бидай» үлесін көбейтуді талап етеді, бұл жерді суландыру жағдайында суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, дәл айтқанда, күріш егісін көбейту жоспарлануда, өз кезегінде ауыспалы егіс құрылымын 115 мың гектарға және жоңышқаны 17,5 мың гектарға жеткізсе, бұл әртурлі шаруашылық субъектілерінің жем базасының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Күріш өсіретін шаруашылықтарда соңғы жылдары ауылшаруашылығы дақылдары егісінің оптималды құрылымы жиі сақталынбайтын болды, сондай-ақ, ауыспалы егіс, оның ішінде көпжылдық шөптерді және басқа да алдыңғы дақылдарды кезектестірудың сақталынбауына күріштің ауыспалы егісі дақылдарының өнімінің шығымдылығы төмендейді.

Осыған орай, күріш өсіретін шаруашылық салаларындағы өндірістік шығындарды басқару, өзіндік құнды төмендету факторларын жүргізу, шаруашылық жүргізудің шығынға қарсы нарықтық механизмін қалыптастыру және пайдаланудың қажеттілігі өсті. Тауар өндірушілерге меншікті иемденуге өндірістік құралдарды пайдалану мен оның нәтижелерін бөлу де еркіндік беру «кооперативтік және фермерлік» шаруашылық жүргізу мен меншіктің көпжақты формалары арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Аймақтық күріш өсіретін шаруашылықтарында қосымша сала 200-300 бас малы бар қаракөл бағытындағы қой шаруашылығының дамуы байқалуда. Бұл, тек материалды-ақшалай және еңбек шығындарының нәтижесінде күріш өсіретін шаруашылықтардың өндірістік шығындарының көбеюіне әкеліп соғады. Сондықтан да, қой шаруашылығын оларды бағуға жағдайы бар, мал басы көп, өндірістік құралдары мен жем базасын кооперациялау қағидаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін арнаулы қой шаруашылықтарында өркендету қажет.

Күріш өсіретін шаруашылықтарда жүргізілетін зерттеу, нарықтық қатынастар жағдайында негізгі өндірісті кәсіпкерлік қызметпен ұштастырудың маңыздылығын көрсетеді.Сондықтан, күріш дақылын өсіретін субъектілерде шаруашылық субъектілерінің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу мен оларды жоғары бағамен өткізу мақсатында шағын және орта бизнес кәсіпорындарын дамыту қажет.

Ауылшаруашылығы өндірісін тиімді жүргізу, өндірістік әлуетті толық пайдалану және күріш өндірісінің рентабельділігін көтеру мақсатында мына қорытынды шаралар болуы қажет:

  • күріш егетін шаруашылықтарда күріш-жоңышқа, жем мен көкөніс ауыспалы егістерін тиімді пайдалану және минералды тыңыйтқышты үнемдеу мен топырақтың құнарлылығын жоғарылату мақсатында инженерлік жүйеде дайындалған жерлерге ғылыми негізделген күріш-жоңышқа ауыспалы егісін (37,5 пайыз күріш, 50 пайыз жоңышқа) енгізу;

  • шаруашылық аралық және шаруашылық ішкі суландыру каналдарын тазалау мен гидротехникалық құрылыстарды жөндеуді өз уақытында жүзеге асыру;

  • ресурстық әлуетті тиімді пайдалану мақсатында егістік жерлердің оптимальды құрылымын анықтап енгізу, өсімдікті қорғау құралдары мен минералдық тыңайытқыштарды қолдану;

  • пайдаланылып отырған материалдық ресурстың әлуетті тиімділігін көтеру мақсатында ауылшаруашылығы өндірісін ұйымдастырудың кооперацияландырылған қағидаларын кең қолдану. Нәтижесінде шаруашылықтың рентабельділігін арттыруға болады [47]