Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Төлегенова Ш.М дипломдық жұмыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.81 Mб
Скачать

2. Сырдария ауданындағы күріш шаруашылығының

ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТИІМДІЛІГІН ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ

ТАЛДАУ

2.1 Аудандағы күріш шаруашылығының экономикалық потенциалын

бағалау

Қазақстан экономикасының дамуы шикізат секторынан қозғау алады. Сонымен бірге белгілі бір дәрежеде мемлекеттің бақылауында болуға тиісті шикізат секторы жедел дамуы үшін базис болып қана табылады. Мұндай дамуға дәстүрлі әртараптандыру жолымен емес, шетелден шикізаттық салалардан алынған қаржыны тиімді және жоғары пайдамен инвестициялаудың жәрдемі арқылы қол жеткізуге болады [6].

Нарықтық экономикада өндірілген өнімнің сапасына халықаралық стандарттар деңгейінде талап қойылып отыр. Қазақстан Бүкіл Дүниежүзілік Сауда ұйымына мүше болып енген кезде бұл мәселенің маңызы ара түспек. Күрішті өсіру мен өңдеудің келешегі нарықтағы тауарлар бәсекелестігіне тікелей байланысты. Тауардың бәсекеге төтеп беру қабілеттілігі екі көрсеткішпен сипатталады: баға деңгейіне және өнім сапасына.

Күріш жоғары өнімді дәнді дақыл ретінде Қазақстанда суармалы жерлерде өсіріледі, отандық ішкі және әлемдік сыртқы нарықта үлкен сұранысқа ие. Әлемдік статистика күріштің дәнді дақылдар арасында өзінің егістігінің көлемі мен жалпы түсімі бойынша екінші орын алатынын көрсетеді. Күріш дақылы – бағалы өнімнің түрі, тұтынылатын тамақ өнімдерінің басқа түрлерінен өзіндік ерекшеліктерімен айырмашылығы бар. Күріш жармасы бойында пайдалы азықтық заттар бар, олар адам организміне жылдам сіңеді, оңай ериді. Дәнді дақылдар ішінде құрамында жоғары сапалы ең көп крахмал (88 % - 90 %) бар, ал май тек 0,5 % ғана, яғни басқа жармалардан аз, бірақ оның қорытылуы жоғары (өңделген күріште 98 %)[7,8]

Жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша жыл ішінде адам 13-15 кг жарма тұтынуы керек, одан 20-30 % күріш жармасы. Біздің республикада халықтың жан басына шаққанда орта есеппен қазіргі кезде 9-11 кг жарма тұтынылады [8].

Республикада күріш Сырдария өзенінің ортаңғы және төменгі ағыстары аймағында, сондай–ақ, Іле, Шарын, Қаратал өзендерінің төменгі бойында өсіріледі. Күріш өсіру үшін бұл аймақтарда қолайлы табиғи жағдайлар бар – суармалы жақын жерлер, мол су, ыстық ұзақ мерзімді жаз жоғары сапалы тауарлы күріш өсіруге қолайлы жағдай тудырады.

Сырдария ауданының аумағында Сырдария өзені кеңес өкіметі кезінде жасалған бүкіл ирригация жүйесін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде Ауданда күріштің тұрақты салыстырмалы түрдегі жоғары түсімін алуға мүмкіндік бар. Сол жылдары күріштің егіс көлемі 100 мың гектарға дейін жетіп, 500 мың тоннадан астам жоғары сапалы дән жиналып, Аудан бойынша әр гектардан орташа түсімі 40 центнерге жеткен.

Сырдария ауданындағы күріш өсіруші шаруашылықтардың бұдан әрі даму ерекшелігі – егістік жерлердің шектеулілігі болып табылады. Сондықтан да негізгі бағыт егістікті химияландыру мен жерді суландыру, ғылыми–негізделген ауыспалы егіс пен агротехниканың озат әдістерін игеру, жаңа сорттарды енгізу, егістік жерлердің құрылымын жетілдіру, жер шаруашылығының ғылыми негізделген жүйелерін әзірлеп, оларды қолдану есебінен қүріштің шығымдылығын арттыру.

Қазіргі кезде экологиялық, әлеуметтік, өндірістік және тағы басқа проблемалар одан әрі шиеленісуде. Ал, экономикалық дербес, өз шығынын өзі өтейтін және өзін-өзі қаржыландыратын қағидамен жұмыс істейтін агроөнеркәсіптер өз бетімен осы проблемаларды шешуге шамасы жоқ. Сондықтан, осы ауыл шаруашылық өндірістің нарықтық агроқұрылымдарына шаруашылық субъектілерде экономикалық механизмі мемлекеттік қолдау жасауына бірқатар себеп болған. Сырдария ауданы аймағының аграрлық өндірісіне күрішті суландыру инженерлік жүйелерді қайта жөндеуге жергілікті және шет елдердің инвесторларының бірнеше инвестицияларын тарту керек. Себебі, олар 20 – 25 жыл пайдалануда болып, агрономиялық және жер өңдеу күйін жақсарту керектігі сөзсіз. Жер шаруашылығының ғылыми негізделген жүйесі тек жоғары және тұрақты түсімділікті ғана емес, сонымен бірге топырақтың құнарлығын қалпына келтіріп, оны көтеруді де қамтамасыз етеді. Жер шаруашылығы жүйесі деп, жерді қарқындырақ пайдалану жөніндегі ұйымдық–экономикалық және технологиялық шаралардың кешенін түсінеміз. Оның құрамына кіретіндер: топырақтың табиғи–экономикалық құнарлығын көтеру жөніндегі су шаруашылық шараларының жүйесі, жерді суару, жерді құрғату, химиялық жолмен жерді жақсарту бағытындағы мәдени техникалық жұмыстар; топырақты өңдеудің ғылыми–негізделген жүйесі; арамшөппен, зиянкестермен және ауыл шаруашылық өсімдіктердің ауруларымен күрес жөніндегі шаралар жүйесі; су және жел эрозиясымен күрес жөніндегі шаралар; егістікті қорғайтын ағаш өсіру тағы басқа.

Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер ауылдың әлеуметтік-экономикалық жүйесіндегі орны мен роліне айтарлықтай ықпалын тигізді

Республикамызда соңғы жылдары аймақтық экономикаға, аймақтарды дамытуға, дәлірек айтсақ, республикамыздағы әрбір аймақтың экономикалық өсуіне, әлеуметтік жағдайына, қаржы жағдайын тұрақтандыруға, халықтың әл-ауқатын көтеруге,отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және оны тиімді пайдалануға, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту сияқты мәселелерді шешуге айтарлықтай қөңіл бөлініп, нақты іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Ал қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады.Сондықтан да ауылдың дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналады [9].

Қазақстан Республикасы қазір әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі өлшемдері бойынша әлемдегі дамыған, яғни орта деңгейден жоғары табысы бар мемлекеттер қатарынан көрінуге қабілетті. Осыған орай, Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын келесі кестеде көрсетеміз (Кесте 4).

Кесте 4. Сырдария ауданы негізгі әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2012ж

2013ж

2014ж

Ауытқу

2014ж/2013ж

+,-

%

Жалпы өндірілген өнім көлемі, млн теңге

2920,3

3495,58

3969,8

474,22

113,5

Оның ішінде:

өнеркәсіп өнімдері

654,3

1017,2

997,8

-20,2

98,0

ауыл шаруашылығы

өнімдері

1701,3

2269,4

2376,4

107

104,7

Аграрлық секторға тартылған инвестиция көлемі, млн теңге

1750,0

956,1

1458,0

501,9

152,4

Тіркелген шаруашылық субьектілерінің саны, бірлік

874

949

1002

53

105

Жұмыспен қамтылған адамдар саны, адам

4354

4453

4507

54

101,2

Шағын кәсіпкерліктің өндірген өнім көлемі, млн теңге

564,7

594,1

595,6

1,5

100,2

Бюджет төлемдері, млн теңге

32,8

38,6

39,1

0,5

101,3

*Ескерту – Сырдария ауданы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі мәліметтері негізінде

Кесте мәліметтеріне сүйене отырып, аудан бойынша жалпы өндірілген өнім көлемі 2013 жылы 3495,58 млн. теңгені құраса, 2014 жылы 3969,8 млн. теңгені құрап 474,22 млн. теңгеге 13,5%-ке өскен, оның ішінде өнеркәсіп өнімдері 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда керісінше, 2%-ке төмендеген. Ал ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі 107млн. теңгеге 4,7%-ке жоғарылаған. Аудан бойынша аграрлық секторға тартылған инвестиция көлемі 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 501,9 млн. теңгеге 52,4%-ке артты. Соңғы жылдары шағын кәсіпкерлік қызметінің даму деңгейі жоғары. Атап айтатын болсақ, тіркелген шаруашылық субьектілерінің саны 2014 жылы 2013 жылға қарағанда 5%-ке көбейсе, шағын кәсіпкерлік арқылы жұмыспен қамтылғандар саны 54 адамға артқан. Шағын кәсіпкерліктің өндірген өнім көлемі 1,5 млн. теңгеге жоғарыласа, бюджетке төленетін салықтар көлемі 0,5 млн. теңгеге 1,3 %-ке көбейді.

Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың тереңдеуі халықты әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құру қажеттілігін алға тартады. Бұл мәселе дамыған елдерде заңнамалық және басқа да құқықтық актілермен бекітілген әлеуметтік кепілдіктердің минимальды деңгейі ретінде түсіндірілетін әлеуметтік стандарттар жүйесі арқылы шешіледі.

Экономиканың өсуі-әлеуметтік проблемаларды үйлесімді шешудің негізі, адамдардың тұрмыс деңгейінің көтеріліп, табыстарының молаюының қайнар көзі. Міне осы заңдылыққа сүйене отырып Елбасы Н.Ә Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында «біз әлемдік өркенниет көшінің соңында қалмауға тиіспіз» деген стратегиялық мәні зор тұжырым жасады.

Ауданда ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуында басты роль мамандандырылған сала ретінде күріш - шаруашылығына берілген. Жалпы алқаптың 35-40%-тін күріш егісі алады, ал күріш ауыспалы егісіндегі айнымас элемент ретінде көп жылдық шөптер алқабы 25-27%-тін алады.

Кесте 5 – Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі, га

Дақылдардың егіс

алқабы

2012ж

2013ж

2014ж

Ауытқу 2014/2013ж

+,-

%

Күріш

18064

16948

18602

+1654

109

Бидай

1740

2093

2138

45

102

Картоп

810

895

970

75

108

Көкөніс

710

634

655

21

103

Бақша

615

587

560

- 27

95,4

Барлығы

29487,9

27617

28407

790

102,8

*Ескерту – Сырдария аудандық ауылшаруашылық басқармасы мәліметтері негізінде

Кестеден байқағанымыздай, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 2013 жылға қарағанда, 2014 жылы 790 гектарға 2,8%-ке көбейген. Оның ішінде күріштің егіс көлемі 1654 гектарға артқан, бақша дақылдары бойынша 27 гектарға төмендегені байқалады. Бұған керісінше, бидай дақылы бойынша егіс көлемі 45 гектарға, картоп 75 гектарға ал, көкөніс 21 гектарға көбейген. Күріш дақылының егіс көлемінің кемігені соңғы жылдардағы күріштің өнімділік деңгейінің төмендеуімен, судың жетіспеушілігі әсерінен күріштің орнына картоп егу жұмыстары қолға алынды.

Егін шаруашылығында шешуін таппай отырған мәселелерге келсек, олар:

1. Күріш ауыспалы егістігінің дренаждық-қашыртқы жүйелерінің көп жылдардан бері жөндеу көрмегендіктен, тозығы жетіп, су өткізу қабілетінің азаюы (60%), осыған байланысты егістік жерлердің тұздану процесі артып отыр. Бұл жұмыстарды атқаруға шаруашылықтарға ұзақ мерзімге, сый ақысы төмен несие бөлінк қажет.

2. Егіншілік саласы толығымен суармалы жүйеге бейімделген. Барлық егістің 46,5 пайызын алып отырған күріш дақылы 90 күн суда тұрып өсіп жетіледі. Сондықтан да күріш дақылы басқа дақылдарға қарағанда суды 10т есе көп қажет етеді. Күріш дақылын басқаша суару тәсілі бізде мүмкін емес. Осыған байланысты, күріш суару үшін су жеткізіп беру қызметінің бағасын 25 пайыз ғана субсидиялау Аудан ауыл шаруашылығы құрылымдары өндіріп отырған күріш өнімінің өзіндік құнының жоғарылап, Ауданда өндірілетін күріштің бәсекелестік қабілетін төмендетеді. Бұл өз кезегінде шаруашылықтардың қаржылық-экономикалық жағдайына кері әсер етеді[10].

Айта кететін болсақ, жеке шаруашылықтарда күріштің басым бөлігін егістік алқаптарға мерзімінде егілу бұл күріштің егісімен сәйкес келмеуі нәтижесінде бұл көрсеткіштер 60-70 пайызға бірқалыпты өсіп отыр. 1985 жылға дейін күріш өнімінің егісі, егістік алқаптардың көп бөлігін алатын, мұның себебі осы жылдары егістік жерлер күріш егетін алқап ретінде тегістеліп, күріш егетін алқаптарға айналды.

Ал, 1991 жылдан экологиялық-экономикалық жағдайдың төмендеуінен және жарамды жерлердің азаюынан күріш егістіктері қысқара бастады: 1991 жылы – 82 мың га, 1995 жылы – 68,5 мың га, 2000 жылы – 58,6 мың га.Бәрінен бұрын егіннің жалпы жағдайы көңілге кірбің ұялатады. Бұрынғы жылдардағы рекордтарды күрішшілер қайталай алмайтын сияқты. Біріншіден, егіс алқабының көлемі биыл күрт қысқарып кетті. 2007 жылғы тасқынның нәтижесінде егіске дайындап қойған жерлер су астында бөгіп, жарамсыз болып қалды. Бұл ауқым инженерлік жүйеге келтірілген жердің мың гектарын алады. Мұның 3 мың гектардан астамына бұрын күріш егіліп келген. Сөйтіп, өткен жылы күріш алқабы Ауданда 69 мың 219 гектарды құраса, биыл ол 66 мың 572 гектарға дейін түсті.

Екіншіден, жер өңдеудің жабайы тәсілін қолдану - өнімнің сапалы болмауының бірден-бір себебі.Өкінішке орай көптеген шаруа қожалықтарының жұмыстарына осындай баға берген жөн. Қызылорда облыстық жер ресурстары басқармасының деректеріне қарағанда, соңғы жылдары 30 мың гектардан астам инженерлік жүйеге келтірілген жерлер жарамсыз болып, қатардан шыққан.

Күрішшілер жер өңдеудің қарапайым ғана ережелерін бұзуда, егін жинау тәртібі сақталмайды. Қалыпты өнім алу үшін күрішті жоңышқамен және де басқа дақылдармен алмастырып егіп тұруы қажет. Яғни жерге демалыс беруі керек. Негізгі дақылдың жоңышқамен қатынасы шамамен 50 пайыз болу керектігі туралы қағида бар. Алайда, мұны орындап жүргендер кемде-кем.

Сырдария ауданы шөлді және шөлейтті жерде орналасқан. Аграрлық реформаға өту кезінде шаруа қожалықтары толығымен экономикалық бағымсыз түрде болды, бірақ олардың мүмкіншілігі еңбек өнімділігін жоғарылатумен болды. Ауылшаруашылық өнімінің өндірісін жоғары тиімділікте ұйымдастыру шешілмеген проблемалардың кедергісінен реттелмеген болып қалды. Қаржылық жағдайдың жетіспеушілігі, мемлекеттің өнімге деген уақытсыз есебін беру қатаң несиелер және салықтық басымдықтар – ең маңызды кедергілер болып табылады.Осының себебінен шаруашылықтар өздерінің жұмыстарына деген қызығұшылықтарын жоғалтады. Бұлардың барлығы Сырдария ауданында шаруа қожалықтарының өсу темпіне нақты әсер етті.

Ауданда күріштің жоғары болатын сорттары өсіріледі. Әлемдік стандартқа шама болса да сай келетін мұндай күрішті қызылордалықтардан Ресей мен Беларусь сатып алады. Сыртқы саудаға жол ашқан шаруалар да бар. Бірақ, олардың қатары көп емес. Олар – күріштің жоғары сапалы сорттарын өсіруге оны өңдеуге қажетті жабдықтары, ақшалары бар инвесторлар. Өкінішке орай, бұлай мақтана алмайды.

Бүгінгі таңда күріш шаруашылығын өтпелі кезеңде тұр деп айтуға болады. Инвесторлар ауылшаруашылық өндірісінің дамуы үшін үлкен көлемде қаржылар жұмсауда. Мәселен, «Шапағат Лимитед» ЖШС өткен жылы техника, жанар-жағармай, тұқым сатып алу үшін 500 миллион теңгеден астам инвестиция салды. Осы жылы да инвестиция салу жалғасуда.

Мемлекет ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге үлкен көңіл аударады. Тыңайтқыштар мен жанар-жағармай мәселесі өз шешімін тауып келеді. Тұқым дайындау қалпына келтірілді. Бұрын «Түгіскен» мемлекеттік кәсіпорында дренаждық жүйеге, суармалы салаға байланысты біраз қиыншылықтар кездесетін. Сондықтан, шаруашылық бағалы тұқымдардың сапасын төмендетіп, көлемін азайтып алды. Бұл 90-шы жылдардың соңында күріш сапасының күрт төмендеп, өнімділігінің ең төменге көрсеткішке түсуінің басты себептерінің бірі. Дегенмен, соңғы үш жылда кәсіпорын бұл бағытта тыңғылықты жұмыстар атқарып, жыл сайын мың тоннадан астам репродуктивті күріш тұқымын алып келеді[11,12].

Күріш егісінің негізгілеріне ауылдық кәсіпорындар жатады. Аудан бойынша егіс алқаптары жылдан жылға қысқарып келеді. Егілетін жерді тұрақты пайдаланбағандықтан ауыспалы күріш егісін аңғару мүмкін емес.

Сырдария ауданындағы 2012-2014 жылдардағы күріш өндірісі 3 – кестеде көрсетілген.

Кесте 6 –Сырдария ауданындағы күріш өндірісінің көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2011ж

2012ж

2013ж

2014ж

2014ж/

2013ж,%

Егістік алқабы, га

17500

18064

16948

18602

109

Жалпы өнім, тн

46968

57253

53459

65293

122

Өнімділігі, ц/га

27,2

31,7

31,5

35,1

111

Тауарлығы,

78,4

80,3

81,6

85

+3,4

*Ескерту – Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы басқармасы мәліметтері негізінде

6 - Кесте мәліметтерінен Сырдария ауданында күріш өнімінің көлемі 2013 жылы жалпы өнім 53459 тонна болатын болса, 2014 жылы жалпы өнім 65293 тонна болып 22% артқан. Жалпы жиналған көлемінің жиынтығы 18602 га, орташа өнімі 35,1 ц\га болып отыр.

Сырдария ауданындағы егістік жерлерде, жердің экологиялық жағдайы мен Сырдарияның су қорын ескере отырып, күріш-жоңышқа ауыспалы егісін ұсынамын, мұнда күріш 37,5% - 50%, ал жем қоры – 62,5 - 50% аралығында көбейеді. Барлық шаруашылықтардың түрлері бойынша күріштен жем өнімділігі аз. Бұл аудандағы барлық шаруашылықтың түрлері ғылыми түрде дәлелденген, ауыспалы егісті пайдаланбайтындығын көрсетіп отыр.

Соңғы кездері ауыспалы егістің бұзылуынан ауылшаруашылық айналысындағы егістіктер шығып қалуда. Үшінші топқа жатқызылған шаруашылық, ал олардын саны 84, ауыспалы егісті пайдаланудан бас тартты, егіске жарамды жерлерді тек қана күріш егуге пайдалануда, дәл сол алқапта күрішті бар болғаны 3-4 жыл ғана қатарынан еге аласың. Шаруашылықтардың зиян шегуінің бір себебі де егістік жерлердің жылдан жылға тозуынан деп түсіндіре аламыз[13,14].

Сондай-ақ жем өнімдерін егетін алқаптар мен көп жылдық шөптердің өнімділігі азайып келе жатыр. Егер 1976-1980 жылдардағы күрішпен айналысатын шаруашылықтарды алсақ, пішен 45,1 ц/г, ал жасыл жем 85,7 ц/г дайындалған болса, 1982 жылы сәйкесінше 55,4 ц/г және 110,6 ц/г, ал 2012 жылы бұл көрсеткіш 4-5 есеге азайып отыр. Жүгерінің жасыл жем мен сүрленген шөп ретіндегі өнімділігі 1982 жылы 190,6 ц/г, ал 2013 жылы 40 есеге азайған, ал 2014 жылды 2013 жылмен салыстырғанда 10 есеге азайған .

Кесте 7. 2012-2014 жылдардағы Сырдария ауданындағы барлық

шаруашылық категориясы бойынша жем өнімдерінің өнімділігі

Жем өнімдері

2012ж.

2013ж.

2014ж.

Көп жылдық шөптер

Пішенге

28,1

21,1

17,5

Жасыл жемге

42,4

34,4

28,8

Жүгері

Жасыл жемге

6,7

5,3

4,6

*Ескерту – Сырдария аудандық ауылшаруашылық басқармасы мәліметтері негізінде

7 - кестеде шаруашылықтар бойынша көпжылдық шөптердің пішен ретінде өнімділігі жасыл жем ретінде 5 тен 350 ц/г, жүгерінің жасыл жем мен сүрленген шөп ретінде – 26,6 дан 365,6 ц/г аралығында болған. Мұндай өзгерістер жем өнімдерінің қорын ұлғайтуға септігін тигізеді. Талдай келе, жем өнімділігін азайту, бұл дегеніміз негізгі күріш өнімділігін азайту дегенді білдіреді.

Күріштің ауыспалы егісі оның сапасын жоғарылатады. Дегенмен бидай және жемдік өнімдерін суармалы жерде қалдыруға болады. 2012-2014 жылдар арасындағы шаруашылық түрлері бойынша ауданда күріш және бидай өнімділігінің мәліметтерін келтірейік (кесте 8).

Кесте 8 - Сырдария ауданының шаруашылықтарының категориялары бойынша күріш және бидай өнімділігі,ц/га

Шаруашылық түрлері

2012ж

2013ж

Ауытқуы

2013ж/2012ж

+,-

%

Күріш

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары

31,9

32,9

1

103,1

Жұртшылық шаруашылықтары

41,2

-

-

-

Шаруа қожалықтары

40,0

37,5

-2,5

93,7

Барлық шаруашылық санаттары бойынша

31,7

31,5

-

100,0

Бидай

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары

8,9

7,8

-1,1

87,6

Жұртшылық шаруашылықтары

18,6

10,1

-8,5

54,3

Шаруа қожалықтары

15,2

10,1

-5,1

66,4

Барлық шаруашылық санаттары бойынша

11,8

8,7

-3,1

73,7

*Ескерту – Сырдария аудандық ауылшаруашылық басқармасы мәліметтері негізінде

Күріш егіс айналымында бидай күріштің жақсы құраушысы болып табылады. 2014 жылы күріш өнімділігі артқан, ал бидай – 22,4%-ға төмендеген. Шаруашылық түрлері бойынша 2012 жылы өнімділік деңгейі бірдей, ал 2013 жылы әртүрліліктер байқалады. Дегенмен, шаруа қожалықтары, басқа шаруашылықтың түрлеріне қарағанда күрішті жоғары сапада алған. Бұл күріш шаруашылығымен жеке айналысу дегенді білдірмейді. Өсімдік шаруашылықтарының негізгі түрлерінің өндірісінде (қосымша) байқағанымыздай 2012 жылы шаруа қожалықтары ауылшаруашылық кәсіпорындарына қарағанда жоғары көрсеткіштерімен байқалды. Қосымша мәліметтер бойынша 2012 жылы шаруа қожалықтары Аудан бойынша 70,2 мың тонна дәнді дақылдарды жинады. Бұл ауылшаруашылығымен салыстырғанда 52,7 пайызға төмен. Бірақ егін көрсеткіштеріндегі шаруа қожалықтардың ең маңызды айырмашылығы 23,7 мың гектардан 30 ц/га дәнді дақылын жинаса, ауылшаруашылығы 53,5 мың гектардан 27,7 ц/га дәнді дақылын жинады.

2013 жылы шаруа қожалықтарының жалпы жинағы 2012 жылмен салыстырғанда 24 пайызға төмендеген, бірақ 2014 жылы 56 мың тоннаға жоғарлаған.

Шаруа қожалықтарының аудан бойынша дәндік өндірісінің жалпы көлемі 2014 жылы ауылшаруашылығының жинаған 62,7 пайызына қарсы 29,3 пайызды құрады.

Ауылшаруашылығы 2013 жылы 61,6 мың гектар жерден 33,9 ц/га өнімділікпен күріштің жалпы түсімі 72,6 пайыз көлемінде алды, ал шаруа қожалықтары аз көлемде 37 ц/га өнімділікпен 48,8 мың тонна жалпы түсім алды, яғни күріш өндірісінің жалпы көлемінің 23,4 пайызын құрады. Аудан бойынша күріш өндірісінің жалпы көлемінің үлес салмағы шаруа қожалықтарында 2014 жылы 30,7 пайыз, ал ауылшаруашылықтарында 69,3 пайыз болып тұр.

Қазір көптеген күріш шаруашылықтары шығынды және бұл ақша қаражатының жетіспеушілігімен түсіндіріледі. Бірақ бұл жерде күріш өндірісінің негізгі көрсеткіштері, оның тиімділігі ақша қаражаттарына әрқашанда тәуелді емес (кесте 9).

Кесте 9 - «Шаған» ЖШС күріш өндірісінің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Жылдар

2012

2013

2014

2014ж/

2013ж,%

Күріш егісі (мың га)

2,8

3,2

3,2

100

Жалпы жинау (тонна)

11400

12800

15360

120

Материалды шығындар 1 га күрішке (теңге)

101144

103880

148800

143

Күріш өнімділігі (ц/га)

47

40

48

120

1 ц күріштің өзіндік құны (теңге)

2152

2597

3100

119

1 ц күріштің өткізілу бағасы (теңге)

2823

5421

4200

77

Пайда (+), шығын (-) (мың теңге)

8458

11807

9424

79

Рентабельділік деңгейі,%

17

21

15

6

*Ескертпе-«Шаған»ЖШС мәліметтері негізінде автордың құрастырулары

1 гектарға материалдық шығындары Аудан бойынша 2012 жылы орташа есеппен 108,7 мың теңге, 2013 жылы – 135,1 мың теңге, ал «Шаған» ЖШС бойынша олар ерекше төмен: 2013 жылы олар 103 мың теңгеден 45,1 мың теңгеге өскен, бірақ күріш өнімділігі 8 ц/га жоғарлаған. Дегенмен, Аудан бойынша материалдық шығындар жоғары, бірақ шаруашылыққа қарағанда күріш өнімділігі төмен. Осыдан 1 центнер күріштің өзіндік құны шаруашылыққа қарағанда Аудан бойынша жоғары және егер де өткізілу бағасы сондай төмен болса, онда күрішті өткізу Аудан бойынша зиянды болады. Ауылшаруашылықтарда күріштің 1 гектарға материалдық шығындары әртүрлі (кесте 10).

Кесте 10 - Сырдария ауданының шаруашылықтары бойынша 1 гектар күріштің материалдық шығындары, мың тг

Шаруашылық

2012ж.

2013ж.

2014ж.

Ауытқуы

2014ж/

2013ж,%

«Шаған» ЖШС

101,1

103,8

148,8

113

«Ақсу» ЖШС

149,65

139,99

141,2

101

«Ақжарма жер» ЖШС

137,75

134,11

134,2

100

«Шапағат ЛТД» ЖШС

137,75

147,16

146,3

99

Барлығы аудан бойынша

148,7

135,1

143,2

122

*Ескертпе – Автордың құрастырулары бойынша

Материалдық ресурстар алдыңғы жылдары егін бартеріне ие болады, сондықтан келісімді бағалар зиянды болады. Жоғарыдағы келтірілген талдау, күріш өндірісінің тиімділігін қаржы салу санына байланысты емес, оларды салу тәсіліне байланысты болатынын көрсетеді.Егер нақты шаруашылық бойынша құрылымын қарастырсақ, «Жалаңтөс» ЖШС-де басқа шығындар 2013-2014 жылдарда 30% жоғары келген, ал «Шаған» ЖШС-де 2012 жылы 42%, ал 2013 жылы 16%. Тыңайтқышқа «Шаған» ЖШС-гі 991теңге көлемінде қаржы жұмсап келді, ал бұл шаруашылықта өнімділік 2 есе жоғары, басқаларына қарағанда.

1 ц күріштің материалдық шығындарының құрамы мен құрылымын талдауда мынадай қорытынды жасауға болады. Күріш өндірісінің тиімділігі ақша қаражатының есебінен емес, ғылыми зерттелінген агротехникалық талаптарды қадағалағаннан болып отыр. Төменде келтірілетін кестеде барлық күріш шаруашылығы 2000 жылға дейін рентабельді болып келген, ал соның ішінде күріш – жоғары рентабельді сала.

Көптеген шаруашылықтар қайта ұйымдастырылғаннан кейінде суландырылған жерге күрішті тұрақты сол жерге қайта еге берді. Осыдан ғылыми зерттелінген егіс айналымы қаралынбай қалды. 3-4 жыл ішінде олар жоғары өнім алуға мүмкіндігі болды. Бірақ нәтижесінде көптеген сулы жерлер шаруашылық айналымынан шығып кетті. Егер Сырдария ауданы бойынша пайда (зиян) мөлшерін келтіретін болсақ, онда 2013 жылы зиян 4 есеге азайған (кесте11).

Кесте 11 - Сырдария ауданының шаруашылықтары бойынша күрішті

өткізудің өзіндік құны және пайда (зиян) мөлшері,млн тг

Шаруашылық

Түрлері

Пайда (+), зиян (-)

Өзіндік құн

2013ж.

2014ж.

2013ж.

2014ж.

Мемлекеттік шаруашылық

-19

-

54,1

89,5

Серіктестік

-115,7

-24,8

790,8

999,6

Акционерлік қоғам

-70,4

-32,8

359,6

189,4

Өндірістік кооперативтер

-28,3

2,7

197,5

158,3

Басқалары

-

-28

-

16,3

Барлығы

-233,4

-57,6

1402

1453

Ескертпе* - Сырдария аудандық статистика басқармасы мәліметтері негізінде

Өткізілген күріштің өзіндік құны 2013-2014 жылдар аралығында өзгеріссіз қалды. Күріш шаруашылығында зиянның төмендеуі республика бойынша өткізілетін бағаның жоғарлауымен байланысты. «Шаған» агрофирмасының мәліметі бойыеша қарастырғанда, күріш өндіріс саласы рентабельді болып табылады. «Шаған» ЖШС-нің салыстырмалы экономикалық тиімділігі төмендегі кестеде келтірілген (кесте 12).

Кесте 12 - «Жалаңтөс» ЖШС-нің және «Шаған» ЖШС-нің негізгі өндірістік-

шаруашылық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

«Жалаңтөс» ЖШС

«Шаған» ЖШС

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

Күріш егісі, мың га

1,97

2,01

1,9

2,8

3,2

3,2

Жалпы жинау, мың тн

10,3

9,7

10,5

11,4

12,8

15,3

Материалды шығындар

1 га күрішке, мың тг

108,7

135,1

143,2

101,1

103,8

148,8

Күріш өнімділігі

33,7

34,3

39,5

47,1

40

48

1 ц күріштің өзіндік құны, тг

2806

3711

3812

2152

2597

3100

1 ц күріштің өткізілу бағасы, тг

2923

4181

3321

2823

5421

4200

Пайда (+), шығын (-)

-1849

-2039

-2842

+8458

+11807

+9424

Рентабельділік деңгейі

-20,3

-14,8

-28,4

17

21

15

Ескертпе* – Автордың құрастырулары бойынша

1 гектар күріштің материалдық шығындары «Жалаңтөс» ЖШС 2012 жылы орташа есеппен 108,7 мың теңге, 2013 жылы – 135,1 мың теңге, ал «Шаған» ЖШС бойынша олар: 2013 жылы олар 103 мың, бірақ күріш өнімділігі 9 ц/га жоғарлаған. Дегенмен, «Жалаңтөс» ЖШС-гі бойынша шығындар жоғары, бірақ шаруашылыққа қарағанда күріш өнімділігі төмен. Осыдан 1 центнер күріштің өзіндік құны шаруашылыққа қарағанда «Жалаңтөс» ЖШС-нен жоғары және егер де өткізілу бағасы сондай төмен болса, онда күрішті өткізу «Жалаңтөс» ЖШС-гі бойынша зиянды болады.

2012-2014 жылдардағы күріш өндірісінің тиімділік көрсеткіштерін салыстырғанда Аудан бойынша барлық шаруашылықтардан мынадай қорытынды жасауға болады. Яғни, Сырдария ауданы үшін күріш өнімі шаруашылық өндірісінің ең бір негізгі саласы болып табылады. Келтірілген талдауларда Сырдария ауданы зерттелінген кезеңдерде ТМД елдерімен салыстырғанда күріш өндірісі саласынан көптеген жетістіктерге жеткен. Аудан күріш өндірісінің рентабельділігін көтеруге және күріш шаруашылығын толығымен жоғарлатуға резервтері бар.

Келтірілген талдауларда Сырдария ауданы зерттелінген кезеңдерде ТМД елдерімен салыстырғанда күріш өндірісі саласынан көптеген жетістіктерге жеткен. Ауданның күріш өндірісінің рентабельділігін көтеруге және күріш шаруашылығын толығымен жоғарлатуға резервтері бар. Меншік формасы мен шаруашылық жүргізудің әртүрлілігін, олардың сатып алу икемділігінің түрлі мүмкіншілігін тұқым, тыңайытқыш сатып алу және иемдену, өсіру технологиясының деңгейі бойынша қолдану аясының әртүрлілігін есепке ала отырып, болашақта Қызылорда аймағында қолдануға аудандастырылған күріш сорттарының түрлерін орналастырып егу қажет.

Күріш жармасының 1 кг нарықтық бағасы 40-42 теңгені құрайды, ал шлифованды күріш өз мерзімінде килограмға 85-100 теңге көлемінде болады.

Оңтүстік аймақта кең таралған күріш сорты «Маржан», ол Сырдария ауданындағы күріштің егістік жерінің 80 пайызын алады. Ал «Кубань-3» сорты Арал аймағының тек солтүстік аймағында, сондай–ақ, Сырдария ауданында (орталық аймақ) өсіріледі. Аз мөлшердегі егіс көлемін «Приман» сорты - 150 га және «Солнечный» сорты – 50 га.

Күріш сорттарының агрономиялық және биологиялық ерекшеліктері әртүрлі, сондықтан олар өсірудің белгілі–бір технологиясын сақтауды талап етеді, ал күрішті егетін субъектілер оны барлық кезде бірдей сақтамайды, соның салдарынан олардың өнімділігі төмендейді.Сондықтан Арал аймағы агроэкология тәжірибесі және ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институты ғалымдарының пікірінше, сорттық талаптар негізінде күріштің бұл сорттарын егу кезінде минералды тыңайытқышты енгізу мөлшерін сақтау шарты қажет.

Аймақта тұқым саласын дамытуда да ілгерлеушіліктер бар. Күріш сорттарының суперэлита, элита, лидер деп аталатын деңгейдегі тұқымдарын даярлаумен «Түгіскен» және «Қарауылтөбе» мемлекеттік кәсіпорындары мен «ІІІ - Интернационал» ЖШС шұғылданады.

Қызылорда күріші соңғы жылдары сапасының жоғарылығы және бағасының тиімділігі арқылы еліміздің ішкі нарығында өзінің тұрақты орнын алып отыр. Ал, соңғы екі жылдың беделінде сыртқы нарықтағы сұраныстың арта түскені байқалады. Тек былтырғы жылдың өзінде біздегі экспорт 74 мың тоннаны құрады. Қазақстан күрішіне жақын шетелдерден Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан қызығушылық танытса, алыс шетелдердің арасында Түркия, Италия сынды мемлекеттер бар [15]

Сырдария ауданында 4 ірі зауыт күріш өңдеумен айналысып, 450-500 тоннаға дейінгі күрішті ақтап шығарады. Бұлардың екеуі халықаралық ИСО– 9000 стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесін ендіруге әрекет жасау үстінде.

Бұдан басқа соңғы жылдары аймақтағы барлық агроқұрылымдар бойынша өз бетіне жіберілген, қазір оны жақсартуға мұқтаж күріш егісі дақылдарының тұқым шаруашылығы үлкен мәнге ие. Әртүрлі меншік формаларындағы субъектілерде күріш егісі дақылдарының технологиясымен қатар тұқым шаруашылығының барлық талаптарын сақтау күріш өнімінің шығымын 15–20 пайызға дейін көтереді. Сондай–ақ, нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылықтың қаржылық жағдайын жақсартуға және күріш өндірісінің рентабельділігін көтеруге мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары Сырдария ауданының күріш егетін аймақтарында суаратын судың жетіспеуі күріш егісінің көлемін 63-68 мың гектер деңгейінде анықтауды, құрғақ дақылдардың «астық үшін жүгері, силостық жүгері, бидай» үлесін көбейтуді талап етеді. Бұл ол жерді суландыру жағдайында суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай–ақ, күріш егісін көбейту жоспарлануда, өз кезегінде ауыспалы егіс құрылымын 115 мың гектарға және жоңышқаны 17,5 мың гектарға жеткізсе, бұл әртүрлі шаруашылық субъектілерінің жем базасының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Күріш өсіретін шаруашылықтарда соңғы жылдары ауылшаруашылығы дақылдары егісінің оптимальды құрылымы жиі сақталынбайтын болды. Ауыспалы егіс, оның ішінде көпжылдық шөптерді және басқа да алдыңғы дақылдарды кезектестірудің сақталынбауынан күріштің ауыспалы егісі дақылдары өнімінің шығымдылығы төмендейді.

Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында экономиканың қалыпты қызмет атқаруы тек шаруашылықтың, нарықтың механизмі мен нарықтың кең өркендеуі негізінде ғана мүмкін болады. Осы нарықтың нәтижесінде өндіріске экономикалық әсер ету әдістері мен тетіктерді бөлу, айырбас пен тұтыну, нарықтың тауар–ақша қатынастары мен заңдары жүйесіндегі өзара байланыс негізінде қызмет етуі тиіс.

Осыған орай, күріш өсіретін шаруашылық салаларындағы өндірістік шығындарды басқару, өзіндік құнды төмендету факторларын жүргізу, шаруашылық жүргізудің шығынға қарсы нарықтық механизмін қалыптастыру және пайдаланудың қажеттілігі өсті.Тауар өндірушілерге, меншікті иемденуге өндірістік құралдарды пайдалану мен оның нәтижелерін бөлу де еркіндік беру «кооперативтік және фермерлік» шаруашылық жүргізу мен меншіктің көпжақты формалары арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Осылайша, әртүрлі меншік формалары мен шаруашылық жүргізуді дамыту үшін жағдайлар жасау шығынға қарсы нарықтық механизмді қалыптастырудың және іске қосудың алғы шарты болып табылады.

Ғылыми–техникалық жетістіктерді енгізу өндірістік шығындарды басып озуы тиіс.Тек осы жағдайда ғана әртүрлі меншік формалары мен шаруашылық жүргізу субъектілерінің өзін-өзі ақтауы және өзін-өзі қаржыландыруы, шаруашылық жүргізудің толықққанды нарықтық механизмінің қызмет етуі ұстанымына қол жеткізілді. Аймақтық күріш өсіретін шаруашылықтарында қосымша сала 200-300 бас малы бар қаракөл бағытындағы қой шаруашылығының дамуы байқалуда. Бұл, тек материалдық–ақшалай және еңбек шығындарының нәтижесінде күріш өсіретін шаруашылықтардың өндірістік шығындарының көбеюіне әкеліп соғады. Сондықтан да, қой шаруашылығын оларды бағуға жағдайы бар, мал басы көп, өндірістік құралдары мен жем базасын кооперациялау қағидаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін арнаулы қой шаруашылықтарында өркендету қажет.

Күріш өсіретін шаруашылықтарда жүргізілетін зерттеу, нарықтық қатынастар жағдайында негізгі өндірісті кәсіпкерлік қызметпен ұштастырудың маңыздылығын көрсетеді. Сондықтан, күріш дақылын өсіретін субъектілерде шаруашылық субъектілерінің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу мен оларды жоғары бағамен өткізу мақсатында шағын және орта бизнес кәсіпорындарын дамыту қажет [16].

Ауылшаруашылығы өндірісін тиімді жүргізу, өндірістік әлуетті толық пайдалану және күріш өндірісінің рентабельділігін көтеру мақсатында мына қорытынды шаралар болуы қажет:

- күріш егетін шаруашылықтарда күріш–жоңышқа, жем мен көкөніс ауыспалы егістерін тиімді пайдалану және минералды тыңыйтқышты үнемдеу мен топырақтың құнарлылығын жоғарылату мақсатында инженерлік жүйеде дайындалған жерлерге ғылыми негізделген күріш–жоңышқа ауыспалы егісін (37,5 % күріш, 50 % жоңышқа) енгізу;

- шаруашылық аралық және шаруашылық ішкі суландыру каналдарын тазалау мен гидротехникалық құрылыстарды жөндеуді өз уақытында жүзеге асыру;

- ресурстық материалды тиімді пайдалану мақсатында егістік жерлердің тиімді құрылымын анықтап енгізу, өсімдікті қорғау құралдары мен минералдық тыңайытқыштарды қолдану;

- пайдаланылып отырған материалдық ресурстың материалдың тиімділігін көтеру мақсатында ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырудың кооперацияландырылған қағидаларын кең қолдану нәтижесінде шаруашылықтың рентабельділігін арттыруға болады.

2.2 Күріш өндірісінің рентабельділігін жоғарылату факторларын

анықтап бағалау және жіктеу

Соңғы жылдарда, күріш егу құрылымдарының қаржы ресурстарының тапшылығы және сонымен қатар, агроэкологиялық проблемалар, күріштің ауыспалы егістегі дақылдардың көлемдерін азаюына апарды. Айталық 2000-2004 жылдардағы күріштің және басқа дақылдардың өнімділіктерін қазіргі мен салыстырғанда әлде қайда жоғары немесе 18-20 центнер шамасында артық болған еді. Өйткені, өндірістің нәтижелілігінің көрсеткіші соңғы кезеңінде осы өндірістің нәтижелілігіне бірден-бір әсер еткен.

Рентабельділікке әсер ету көзқарасынан бағалау мен жіктеу жасағанда, мынадай түрлерін байқауға болады. Олар: өндірісті, нарықты, кәсіпкерлік, әлеуметтік, экологиялық және тағы басқаларында өз кезегімен, өндірістік факторлар – ұйымдастырушы, технологиялық, техникалық, басқарушы және тағы басқаларға жетелейді, олардың бәрі өндірістің пайдалылығының экономикалық категорияларының ұйымдастыратын элементін құрайды. Дәлдеп айтқанда, олардың оңтайлы және бір-бірімен мұғдарлау қатынасын, Арал өңіріндегі экологиялық жағдайларында күріш өндірістің және ауыспалы егісінің дәнді дақылдарының рентабельділігін жоғарлатуда оның экономикалық негізін құрайды[17].

Нарықты әртүрлі ұйымдарда құрылым күріш өндірудің пайдалылығын көтеру мақсатында экономикалық шараларды тиімді түрде қолдану жөн. Мәселен, орталық Азия мемлекеттерінің деңгейінде, Сырдария өзенінің жоғары және орта ағысының суын тұтынушы ретінде экологиялық жағдайларын бұзуына қарсы айып төлеу санкцияларын пайдалану қажет. Демек, Өзбекстан мен Тәжікстан мемлекеттерімен бірдей ел аралық өзендерді пайдалануда келісім шарттың кейбір ережелері сақталмайтындығын көрсету қажет. Банктердің коммерциялық негізінде жұмыс істеуге көшкенде, субъектілердің төлем қабілеттігін бағалауды объективті қажеттілігін сондай-ақ, несие шарттарды бекітуі сатысында қарастырылады. Алайда соңғы жылдарда әртүрлі меншікті және шаруашылық субъекттерге несие беру проблемалары басылымда жарық көрген пікір таластардың көбі несиенің қаржы жұмсау және аграрлы өндірістің төлем қабілеттілігі ретінде көрінеді.

Несиелік сыйымдылығы бұрынғыдай едәуір мөлшерде аграрлық өндірістің несиелік қатынастарын шектейді. Әрине, мынадай жағдайда қоздыратын объективті себебінің біріне банктердің қазіргі шаруашылық механизмінің белгілі әсерін есептеуге болады, олар өзінің әрекеттерін несиелік ресурстарының объекттерімен байланысты түбегейлі жүзеге асыратындығы дәлелденген[18].

Соңғы жылдары көбінесе түскен барлық шаруашылық субъектілерінің төлем қабілетінің күрделі мәселесі қазір бұрын соңды болмаған күйде тым өткір қойылып отыр. Бұл жерде мемлекет тарапынан түбегейлі шаралар қолданылуы, оның ішінде, төлем дағдарысын шешу механизмінің жете зерттелуі керек. Біздің ойымызша бұл механизм екі жүйеден тұрады: бірінші – төлемеушіліктер негіздері және субъектілердің қаржы мүмкіндіктерін айқындау; екінші – төлем дағдарысының себептерін жою және шаруашылық субъектілерінің қаржы тиянақтылығын қалыптастыру. Бұл механизм тиімді түрде жұмыс істеуі үшін ең бірінші кезекте Қазақстан Республикасында ұйымдастырушылық құқықтық негіздер жасалынуы керек. Екіншіден, ауылшаруашылығы өнімдерінің ұдайы өндірісін кеңейтілген көлемде жүргізу негізінде шаруашылық субъектілердің тиімділігін арттырудағы қаржы механизмінің маңызды рөлін ескере отырып, бүкіл қаржы жүйесінің үлестірушісі және ынталандырушысы ретіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің рөлін күшейту қажет. Сонымен, талдаулар көрсеткендей, шаруашылық субъектілерінің төлем дағдарысын болдырмау үшін төлемеушіліктерді азайтуға, сондай-ақ, дағдарысты тудырып отырған себептерді жоюға бағытталған шаралар кешенді түрде қолдануы керек. Төлемеушіліктер шиеленісін шешу жөніндегі шаралар жүйесін берешек борыштар мерзімі өтіп кеткен күріш өсіруші агроқұрылымдардың қарыздар рыногін дамыту арқылы қайта құрулардың маңызы үлкен болмақ. Бұл механизм біріншіден күріш егуші құрылымдардың активтерімен қамтамасыз етілген құнды қағаздарын хаттау жолымен жұмыс істеу керек. Екіншіден, ол механизм, күріш егуші құрылымдардың активтерін нарықтық бағалау негізінде, сондай-ақ, қарыздар рыногіндегі міндеттемелеріне нарық белгілеудің әралуан түрлері арқылы жұмыс істеуге тиіс. Үшіншіден, арнайы нарықтық құрылымдар мен институттар (банкілер, биржалар, инвестициялық қорлар мен кепілдік орталықтар және тағы басқалар) арқылы жеңілдікпен саудаға қою жолымен жүзеге асады. Екі, үш және төрт борышкерлер арасындағы өзара борышты болу жағдайында банкі құрылымы арқылы баспа-бас қатынастарды пайдалануға болады, мұнда бір борышкердің қарызын оған немесе үшінші біреуге қарыздар басқа борышкер өтеп жабады.

Субъектінің активтерінен асып түсетін зияндылық салдарынан ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу мүмкін болмаған жағдайда күріш шаруашылығының келешегі бұлдыр және төлем қабілеті жоқ субъектілерін Қазақстан Республикасының бүгінде бар заңдылықтары негізінде банкроттау процедурасын өткізу керек. Бұл тұста Ұлттық банктің жалпы жетекшілігімен банктік құрылымдар, сондай-ақ кепілдік орталықтары елеулі маңыз атқаруға тиіс. Сонымен, бүкіл осы механизм бірыңғай ақпараттық база негізінде жұмыс істеп, сол кезде өзара қарыздардың тұйық тізбелері анықталады және олар тарқатылады.

Дақылдың (күріштің) 1 центнері өзіндік құнының құрылымын 13 кестеден көруге болады.

Кесте 13 - Сырдария ауданының агроқұрылымдарында өндірілген күріштің 1

центнерінің өзіндік құны

Шығындар элементтері

Жылдар

2012ж

2013ж

2014ж

2014ж/

2013ж,%

Еңбекақы қосымшаларымен,мың тг

314,2

452,5

568

125

Тұқым

232,3

309,9

386

124

Минералды тыңайтқыштар

433,4

378,9

309

81,7

Мұнай өнімдері

346,9

358,6

408

113

Электр қуаты

11,5

9,8

8

88

Банктің несие проценті

39,8

40,7

46,8

115

Көлік қызметі

127,9

136,8

207

152

Басқалары (амортизация, су төлемі, т.б.)

528,4

514,2

471

92,6

Өнімнің өзіндік құны

2420

2905

3244

111

Өткізу бағасы

2238

3006

3140

104

Рентабельділігі

-7,5

3,5

-3,2

-

*Ескерту – Сырдария аудандық ауылшаруашылық басқармасы мәліметтері негізінде

Ауданда соңғы жылдарда күріш өндірісінің шығындарының көбеюі байқалады, сол себептен өнімнің өзіндік құны да өсе бастады. 2013 жылдарда күрішті сатудан пайда түседі, ал 2012 және 2014 жылдарында өзіедік құнның көбеюіне байланысты рентабельділік дәрежесі төмендеуі байқалады және нарықты түрде күріш егу ұйымдардың экономикалық күйінің нашарлануы айқындалады.

Қазіргі кезде экономиканың шарттары мен талаптарына сәйкес күріш өндірісіне баға белгілеудің нарықтық жүйесі қалыптасуда. Нарықтық баға белгілеу кезінде күріш өнімдеріне қойылатын баға деңгейін еркін түрде тікелей тауар өндірушілердің өздері қояды, негізінде бағада тек қана шығындар емес сондай-ақ нарық коньюктурасы, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, сұраныс пен ұсыныс, өнімнің сапасы, салық жүйесі көрініс табады. Осындай нарықтық факторлардың әсерінен баға бірде көтеріліп, төмендеп жиі өзгеріске ұшырап отырады.

Кесте 14 - Сырдария ауданы бойынша күріш өндірісінің рентабельділік көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Жылдар

2012

2013

2014

2014ж/

2013ж,%

1 га алынған күріш өнімі (ц/га)

33,9

33,9

36,0

106

1 ц күріштің өндірістік өзіндік құны, тг

2145

2723

2930

107

1 ц күріштің толық өзіндік құны,тг

2420

2905

3244

111

1 ц күріштің орташа сату бағасы,тг

2238

3006

3140

104

Пайда (+), зиян(-) (ц/теңге)

-182

101

-104

-

Рентабельділік тәжірибесі (%)

-7,5

3,5

-3,2

-

*Ескертпе – Автордың құрастырулары бойынша

14 - кестеден көріп отырғанымыздай, Сырдария ауданы 2012-2014 жылдары күріш өндірісінен зиян шегіп келеді, күріш өсіретін аймақтағы аграрлық өндірістің қазіргі қалыптасқан жағдайы зиян деңгейінің 2012 жылы 7,5 пайыз, 2014 жылы 3,2 пайыз, ал 2013 жылы 3,5 пайыз пайда алған, себебі соңғы үш жылда мол өнім алынғанымен көптеген шаруашылықтар еркін баға жағдайында сатып алу қабілеттілігінің төмендеуіне байланысты күріш дақылына оны өндіруге жұмсалған барлық шығындарды жаба алмайтындай деңгейдегі бағаны өсіре алмай отыр.

Өз шығындарын өтеуі және өзін-өзі қаржыландыру жағдайларында өндірістік шығындарды реттеу маңыздырақ болады, себебі, күріш егетін субъектілер, құрылымдар барлық табиғи және басқа ресурстарға салық төлейтін болады. Ауданның күріш егетін ұйымдарында өндірістің рентабельділігі мен тиімділігін арттыруға мына нәрселердің қажеттігі туады:

  • күріш өсіретін құрылымдарда, олардың меншіктік және шаруашылық нысандарымен байланысты оңтайлы мөлшерлерін анықтау;

  • күріш шаруашылығының ерекшелікті өзгешеліктеріне қарай өндірістің ірі немесе орташа нысандарын ұйымдастыру әртүрлі меншікті формаларына негіздеу;

  • қаржыландыру нәтижелілігін жоғарылату және субъектілердің төлем қабілетін жақсарту мақсатымен қаржылық төлем өткізу ерекшеліктерін механизмін ұйымдастыру;

  • ірі орта шаруашылық нысанын ауылшаруашылығы өндірісін жүргізуде кооперативтік қағидаларын пайдалану;

  • нарықтық экономиканың барлық салаларын есепке алып, әртүрлі шаруашылық нысандарына сәйкес, нәтижелі экономикалық нарықтық механизмді өндіру;

  • күріш өсіретін шаруашылық ұйымдарда сыртқы нарыққа шығару және нарықтық экономикалық жүйелерінің немесе оның элементтерінің жоғары нәтижелілікпен жұмыс жасауына инфрақұрылымын ұйымдастыру;

  • күріштің және тағы басқа ауылшаруашылық дақылдарының өндірісінің рентабельділігін жоғарылату мақсатымен оны ұйымдастыру, өндірістік, экономикалық, нарықтық, әлеуметтік, экологиялық және тағы басқа факторларды нәтижелілікпен жүзеге асыру;

  • нарықтық механизмнің салық салу, сақтандыру жүйесін және тағы басқа шараларды және нәтижелік қаржылық-несие механизмдерін жақсарта отырып, өндіріске ендіруді ұйымдастыру.

Осындай жайлар шаруашылық субъектілердің ауылшаруашылық өндірісінің негізгі салаларына тікелей әсер етеді, демек соңғы жылдарда кең тараған ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге және азық түлік өнімдерін әсіресе халық тұтынатын тауарларды шығаратын шағын кәсіпорындарға көп әсерін тигізеді. Ауданда шағын өнеркәсіптердің бірнеше түрлері бар: ол күрішті, бидайды, жүгеріні және тағы басқа ауылшаруашылық дақылдарын сонымен қатар, халық тұтыну тауарлары шығаратын кәсіпорындар жеткілікті.

Соңғы жылдарда етек алған бартерлік келісімдер белгілі мөлшерде күріш егу шаруашылықтардың жағдайларына әсер тигізді. Демек, 2012 жылда күріш егетін шаруашылықтар минералды тыңайтқыштардың 1 тоннасы тауарлары күріштің 10 тоннасы беруге мәжбүр болды, ал 2013 жылда осы қатынастар 11-12 тоннаға сәйкес болды, осының барлығы агроөнеркәсіп өндірістерінің қамтамассыз ететін субъектілерімен бартерлік алмасуларды пайдалануға мәжбүр болды. Ол, бір жағынан күріш егетін шаруашылықтарының шаруашылық есеп қағидаларын бұзады. Күріш өсіретін аймақта 7 коммерциялық банктері және Ұлттық банкі бар. Сол банктердің ақшасын, несиелерінің реттеудің Ұлттық банкпен әрі Қазақстан Республикасының осы мәселелерді шешетін саясатына байланысты жүргізеді. Алайда, Ұлттық банктің операцияларының өсімшелерін жоғарылатып несиелер ұсынысын төмендетуге және коммерциялық банктерде өткізілетін операцияларының активтілігін сақтауға мүмкіншілігі бар. Дегенмен, ауылшаруашылығының техникалары жоқтың қасы, қажетті айналым қаражаттары жетпейді, лизингтік операциялар да енді-енді қалыптасып келеді.

Сонымен, шаруашылық субъектілерінің тым әлсіз материалды-техникалық базасын есепке алып және машина-трактор паркін жаңарту мақсатымен АҚШ-та шығарылған комбайнның біреуін сатып алу үшін 160 мың доллар қаржыны жұмсау керек, БОН-комбайнын сатып алуға – 130 мың доллар қаржыны жұмсау керек болды. Өйткені, бұрынғы бұл техникалардың көбісі ескі, жарамсыз, пайдалану коэффициенті өте төмен. Батыс елдерде орташа өсім мөлшері 15-20% шамасында, ал Канада мен АҚШ-та 7% шамасында болған. Сонымен бірге, байланыстар біздің көзқарасымыз бойынша, коммерциялық банктер құрылымдарына және сақтандыру бірлестіктеріне инвестиция беру несиелеріне салық салуға жеңілдік беру керек. Егер түскен пайдаға 45% мөлшерінде салық салынса, онда ол банктер құрылымдарына несие ресурстарын инвестиция ретінде пайдалануы тиімсіз, осындай несие беру кезінде салық салу мөлшерін төмендету қажет.

Соңғы жылдары, Сырдария ауданының күріш өсіру аймақтарына әртүрлі Жапон компаниялары мен Әлем банктің өкілдері өздерінің өткір назарларын тігуде оларды әртүрлі мақсатта инвестицияларын салу кезіндегі күріш шаруашылығыңың шаруа қожалықтарын ұйымдастырудың және аграрлық өндірістің тиімділігінің келешегі қызықтырады. Сонымен, Жапон инвесторлары алғашқы кезеңде инженерлік суландыру жүйесі мен су шаруашылығы объектілерін қайта жобалау мен жаңарту 50 миллион доллар бөлуге дайын. Осы мақсатта, күріш өсіретін шаруашылықтар тамаша конкурстық жобаларды жасауы және ұсынуы қажет. Бір жағынан Жапон тарабы өндірілген өнімге өздері қожалық етуді талап етеді, ал бұл Арал аймағы тауар өндірушілерінің көңілінен шықпайды.

Осыған байланысты, өндірістік ресурстардың тиімділігін көтеру бойынша шаралар жасау тиімділігі факторларын білу, олардың сипатымен қимылының бағытын анықтау ресурстарымен материалды ақшалай қаражаттардың пайдалану рөлі мен орны бойынша факторларды бағалау үлкен мәнге ие. Тәжірибеде ресурстық әлеуметті пайдалану тиімділігін көтеру факторлары оларды пайдалану тиімділігін талдау әдістерімен бөліктеуді қарастырады. Тіптен, факторлар түсінігі жиі бұрмаланады, оларды пайдалану деңгейін анықтайтын факторлар араласып кетеді. Бұл түсініктердің араласуы, демек ауылшаруашылығы өнімі өндірісінің рентабельділігі және өндіріс құралдарының тиімді пайдалануын көтерудің негізгі және басты бағыттарынан назар тайдыру деген сөз, ал сәйкесінше нарықтық экономика өндіріс рентабельділігі мен тиімділігі факторларын бағалаумен жіктеуді және оларды көтеру бойынша шараларды жасауда қиындатады.

Осы мәселелерді шешудің күрделілігі мен қиыншылығы өнімнің өзіндік құны анықталатын өндіріс шығындарының табиғаты арқылы сондай-ақ өндірісті ұйымдастыру жағдайынан дақылдарды өз технологиясынан және өндірістің басқа факторларынан шығатын ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігінен туындайды.Бір центнер күріштің өзіндік құны өнімділік деңгейінен кері тәуелділікке болады, яғни өнімділік жоғары болған сайын өзіндік құн соншалықты төмендейді[19].

Ауданда күріш өсіретін құрылымдарын талдау негізінде біз өзіндік құн мен өнімділік кері пропорционалды байланысқа ие болатынын көрсеттік. Өнімділік жоғарылаған сайын басқа да тең жағдай кезінде өзіндік құн төмен болады. Осылайша өнімділікті 1 центнерге жоғарылату өзіндік құны 0,33 теңгеге төмендетуге әкеледі. Сәйкесінше, күріштің өзіндік құны мен өнімділігінің арасында кері байланыс бар деген тұжырым жасауға болады. Бір гектар егістікке егілетін тыңайтқышыты 1 центнерге көтеру, күріштің өзіндік құнын орта шамамен 56 теңгеге көтереді. Осы кезде өнімділікпен тыңайтқыштың арасындағы регрессияның теоретикалық теңдеуінің есептелген параметрлері бұл фактордың бір мезгілде өнімділікке, 1,5 ц/га үстемелейтінін көрсетеді. Келтірілген тыңайтқышқа жұмсалған шығындардың жабылуы алынған өнімнің есебінен болады.

Сырдария ауданының біршама шаруашылықтары бойынша негізгі көрсеткіштеріне тоқталамыз (Кесте 15).

Кесте 15 - Сырдария ауданы шаруашылықтарының негізгі экономикалық көрсеткіштері (2014 жыл мәліметтері негізінде)

Көрсеткіштер

«Ақжарма»

ЖШС

«Шаған»

ЖШС

«Жалатөс»

ЖШС

Ауылшаруашылық жер көлемі,га

11300

7850

29960

Оның ішінде егістік жер,га

3375

5835

3905

күріш, га

2350

3200

2520

Ауылшаруашылығы

еңбеккерлер саны, адам

364

727

375

Өнімділік ц/га

күріш бойынша

36,2

37,5

48

Жалпы өндірілген өнім құны, мың теңге

168129

280123

200804

өсімдік шаруашылығы бойынша, мың т

104239

179278

110258

мал шаруашылығы бойынша, мың т

63890

100844

90546

Таза табыс, мың теңге

11532

26165

14512

Инвестиция көлемі, мың т

10305

27385

4760

Материалды техникалық ресурстар

- тракторлар

- комбайндар

27

11

34

12

24

8

Ескертпе - Аталған шаруашылықтардың мәліметтері негізінде автордың құрастырулары

15 - кесте мәліметтеріне сүйене отырып, Сырдария ауданына қарасты үш шаруашылықтың негізгі экономикалық көрсеткіштерін салыстыра отырып, кооперациялық жүйедегі дамуына әсер етуші көрсеткіштерге талдау жасайтын болсақ: Шаруашылықтардың барлығы күріш өсірумен айналысады.Күріштің әрбір гектарынан алынатын өнімділік деңгейі бірқалыпты. Ең басты көрсеткіш таза табыс деңгейі «Шаған» ЖШС-гі бойынша 26165 мың теңгені құраса, «Жалаңтөс» ЖШС-гі 14512 мың теңгені, ал «Ақжарма» ЖШС-гі 11532 мың теңгені құрап отыр. Таза табыс деңгейі «Шаған» ЖШС-гі бойынша басқа шаруашылықтарға қарағанда біршама жоғары деңгейде. Басты себеп шаруашылыққа соңғы жылы жұмсалған қаржы көлемі басқа шаруашылықтарға қарағанда екі есеге артық. Осыған сәйкес шаруашылықтардың экономикалық тиімділігін сипаттаушы көрсеткіштерге тоқталамыз (Кесте16).

Кесте 16. Шаруашылықтардың экономикалық тиімділік деңгейін сипаттаушы көрсеткіштер

Көрсеткіштер

«Ақжарма ЖШС

«Шаған»

ЖШС

«Жалаңтөс»

ЖШС

1 га егістік жеріне шаққандағы инвестиция, теңге

3,05

4,69

1,21

1 га егістік жеріне шаққандағы жалпы өнім көлемі, теңге

49,81

48,0

51,38

1 жұмысшыға шаққандағы табыс, мың теңге

31,68

36,0

38,7

Орташа жалақы, теңге

16200

17500

15800

Еңбек өнімділігі, теңге

461,8

385,3

535,4

Қор қайтарымы, теңге

1,61

1,34

1,52

*Ескертпе- Автордың есептеулері бойынша

Кесте мәліметтеріне сүйене отырып, «Шапағат ЛТД» ЖШС-тің құрамына Сырдария ауданы бойынша «Қоғалыкөл Жер» ЖШС, «Шаған жер» ЖШС, «Ақжарма» ауылдық округі,«Шіркейлі», «Н.Ілиясов», «Бесарық», «Мәді Қажы» және тағы басқа шаруашылықтар бірігіп жұмыс атқарады. Бұл шаруашылықтарды «Жихан холдинг» компаниясы қаржыландырады және лизингке техникалармен, жанар-жағар маймен, тұқым минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етеді. Шаруашылықтардың негізгі экономикалық тиімділік көрсеткіштері кесте бойынша бірқалыпты деңгейде болып отыр. Зерттеулер нәтижесі көрсеткендей шаруашылық құрылымдарын ауыл шаруашылық жер көлемі мен рентабельділік деңгейіне қарай топтау жүргіземіз.

Кесте 17 - Шаруашылық құрылымдарын ауыл шаруашылық жер көлемі мен рентабельділік деңгейі бойынша топтау.

Тобы

Интервал,га

Шаруашылықтар саны

Рентабельділік деңгейі,%

1

2000-5000

556

0,3

2

5001-10000

798

1,7

3

10001-15000

456

2,5

4

15001-25000

1053

1,8

*Ескертпе- Ауылшаруашылығы департаменті мәліметтері негізінде

Аудан бойынша шаруашылық құрылымдарын ауыл шаруашылық жер көлемі мен рентабельділік деңгейі бойынша топтай отырып, жалпы шаруашылықтардың рентабельділік деңгейі төмен екендігі байқалады. Атап көрсететін болсақ, жер көлемі 2000-5000 гектар болатын шаруашылықтар саны 556 болса, олардың орташа жылдық рентабельділік деңгейі 0,3 %-ды құрайды, ал ауылшаруашылық жер көлемі 15000-25000 гектарды алатын 1053 шаруашылықтың рентабельділік деңгейі 1,8%-ға тең. Демек, біздің пікірімізше шаруашылықтардың көлемі неғұрлым үлкейген сайын табыстылықтыда арттыруға мүмкіндік туындайды екен.

Күріш өндірісінің рентабельділігі ықпал ететін факторларды жіктеу, үлкен маңызға ие, өйткені өнімнің өзіндік құны және пайда секілді факторлардың дәлелдігінің пайда болуы жеткіліксіз. Бұл тауарлы өнім құнының өсуіне сәйкесінше пайданың өсуі ере жүрмейтіндігіне байланысты нәтижесінде рентабельділік деңгейі төмендейді. Күріш өндірісінің рентабельділігі деңгейінің көтеруін айқындау үшін рентабельділік факторлардың әрекетінің сипатымен анықталатын зерттеу, өнім өндіріс рентабельділігін көтеруге негіз болатын барлық факторларды іске қосу қажет[20].

Өнім өндірісі рентабельділігіне әсер етуші жоғарыда аталған факторлармен қатар, халық шаруашылық салалық және өндірістік болып бөлуі де мүмкін. Ал іс жүзінде кейде факторларға шараларды жатқызады, бұл қате. Біздің көзқарасымыз, факторлар – бұл өндірістің нақты элементтерімен байланысты және еңбек құралдарын қолдану арқылы белгілі бір нәтиже алуға тура ықпал ететін процестер немесе әрекет факторлар, осылайша пайдаланылатын өндіріс ресурстарымен құралдарын және қайтарым деңгейін анықтайды. Әсер ететін факторларға ықпал етуші жағдайлар мыналар болуы мүмкін: табиғи-климаттық, жер, өндірістік, мәдени-тұрмыстық және басқалар.

Рентабельділікті көтеруге әсер ететін факторлар әсерін құру мен байланысты, онда өз кезегінде өндіріс және нарық факторларын айқындау үшін негіз болады. Рентабельділік көрсеткіші бүкіл экономикалық қоғамның бірлігін, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің дербестігін және әрбір адамның жеке қызығушылығын жинақтайды. Осыған сәйкес, халық шаруашылығы және коммерциялық рентабельділікті айыра білу керек.

Екінші топқа әртүрлі тараптар арқылы өнімді өткізу нарығымен байланысты және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жағдайын тікелей айқындайтын көрсеткіштерді жатқызуға болады. Осылайша нарықтық факторларды – бұл өнімге жасалатын сұраныс пен ұсыныстық жағдайы. Баға деңгейі бәсекелестікпен бәсекелестердің нарықтық саясаты бірінші топтың факторларына маңызды әсер етеді, ал өндірістік процесінде оларды пайдалану оның тиімділігін анықтайды.