- •5В060900-«География» мамандығы
- •Мазмұны
- •Қызылорда облысының әкімшілік ауданның құрамы
- •Қызылорда облысының әкімшілік аудандарындағы суармалы егістік жерлердің өсу қарқыны
- •Қызылорда облысы бойынша 2010-2015 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының индикативтік жоспары
- •2. Сырдария ауданындағы күріш шаруашылығының
- •3. Шаруашылықты жүргізудің өндірістік түрлері жағдайында күріш өндірудің рентабельділігін арттырудың мәселелері мен жолдары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Қызылорда облысы бойынша 2010-2015 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының индикативтік жоспары
Дақыл түрлері |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
2016 |
||||||||||||
Егіс көлемі |
Орта өнім |
Жалпы өнім |
Егіс көлемі |
Орта өнім |
Жалпы өнім |
Егіс көлемі |
Орта өнім |
Жалпы өнім |
Егіс көлемі |
Орта өнім |
Жалпы өнім |
Егіс көлемі |
Орта өнім |
Жалпы өнім |
Егіс көлемі |
Орта өнім |
Жалпы өнім |
|
Барлық егіс көлемі |
162526 |
|
|
163867 |
|
|
164579 |
|
|
165441 |
|
|
165765 |
|
|
165965 |
|
|
Оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлық дәнді дақылдар: |
85754 |
38,4 |
328990 |
88809 |
37,4 |
332265 |
89209 |
37,306 |
332807 |
89510 |
37,2 |
333409 |
89710 |
37,4 |
334673 |
89910 |
37,4 |
336000 |
Оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Күздік бидай |
5175 |
13,9 |
7200 |
5900 |
13,8 |
8149 |
6000 |
13,8 |
8294 |
6100 |
13,9 |
8450 |
6200 |
15,0 |
9300 |
6200 |
15,3 |
9500 |
Жаздық бидай |
1336 |
8,2 |
1100 |
2559 |
8,4 |
2155 |
2609 |
8,5 |
2210 |
2660 |
8,5 |
2265 |
2660 |
8,5 |
2265 |
2660 |
9,4 |
2600 |
Күріш |
769083 |
41,2 |
317100 |
77600 |
49 |
317700 |
77800 |
40,9 |
318000 |
77900 |
40,9 |
318300 |
78000 |
40,9 |
318700 |
78200 |
40,9 |
319500 |
Дән жүгері |
650 |
32,6 |
2120 |
1100 |
25,7 |
2827 |
1100 |
25,8 |
2838 |
1100 |
25,9 |
2850 |
1100 |
28,0 |
2860 |
1100 |
26,4 |
2900 |
Тары |
660 |
15,5 |
1020 |
750 |
13,6 |
1020 |
750 |
13,7 |
1028 |
750 |
14,2 |
1085 |
750 |
14,5 |
1088 |
750 |
14,7 |
1100 |
Арпа |
950 |
4,7 |
450 |
900 |
4,6 |
414 |
950 |
4,6 |
437 |
1000 |
4,8 |
460 |
1000 |
4,6 |
460 |
1000 |
5,0 |
500 |
Сорго |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлық майлы дақылдар |
2784 |
7,3 |
2020 |
3957 |
8,0 |
3184 |
4013 |
8,1 |
3243 |
4068 |
8,2 |
3324 |
4102 |
8,3 |
3423 |
4102
|
8,5 |
3500 |
Оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Күнбағыс |
336 |
19,9 |
670 |
657 |
12,8 |
841 |
663 |
12,5 |
831 |
668 |
12,6 |
842 |
652 |
12,8 |
835 |
652 |
13,0 |
850 |
Мақсары |
2448 |
5,5 |
1350 |
3300 |
7,1 |
2343 |
3350 |
7,2 |
2412 |
3400 |
7,3 |
2482 |
3450 |
7,5 |
2588 |
3450 |
7,7 |
2650 |
Мақта |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлық ККБ дақылдары |
21949 |
|
|
22650 |
|
|
27730 |
|
|
22680 |
|
|
22970 |
|
|
22970 |
|
|
Оның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Картоп |
770 |
132,0 |
102570 |
7850 |
133,0 |
104405 |
7980 |
134,5 |
106255 |
7930 |
135,0 |
107055 |
7950 |
136,5 |
108518 |
7950 |
137,1 |
109000 |
Көкөніс |
6120 |
162,5 |
99450 |
6700 |
155,3 |
104050 |
6730 |
156,8 |
106626 |
6750 |
158,0 |
106850 |
6770 |
159,6 |
108050 |
6770 |
160,3 |
108500 |
Бақша |
8059 |
160,8 |
129600 |
8100 |
160,1 |
129700 |
8100 |
180,5 |
130000 |
8200 |
180,4 |
131500 |
8250 |
159,5 |
131600 |
8250 |
160,0 |
132000 |
Мал азығындық дақылдар |
52039 |
|
|
48451 |
|
|
48627 |
|
|
48983 |
|
|
48983 |
|
|
48983 |
|
|
Жақа жоңышқа |
17591 |
|
|
18262 |
|
|
18322 |
|
|
18417 |
|
|
18417 |
|
|
18417 |
|
|
Ескі жоңышқа |
33446 |
|
|
29909 |
|
|
300255 |
|
|
30286 |
|
|
30286 |
|
|
30286 |
|
|
Т.б мал азығындық дақылдар |
1002 |
|
|
280 |
|
|
280 |
|
|
280 |
|
|
280 |
|
|
280 |
|
|
Қызылорда облысы бойынша 2015 жылы орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары көлемінің межесі
Аудандар |
Барлық егіс көлемі, га |
Оның ішінде дақылдар бойынша, га |
||||||||||||||||||||
жиыны |
Дәнді дақылдар |
жиыны |
Майлы дақылдар |
жиыны |
Мал азығындық дақылдар |
Жиыны |
кқб |
|||||||||||||||
Оның ішінде дақылдар
|
Оның ішінде дақылдар |
|
Оның ішінде дақылдар |
Оның ішінде дақылдар |
||||||||||||||||||
Күздік бидай
|
Күздік арпа
|
Жаздық бидай |
Жаздық арпа |
Дән жүгері |
Күріш
|
Тары |
Күнбағыс |
Мақсары |
Сүрлем жүгері |
Жаңа жоңышқа |
Ескі жоңышқа |
Сорго |
Мал азығындық асқабақ |
Картоп |
Көкөніс |
Бақша |
||||||
Жаңақорған |
29735 |
14475 |
3325 |
100 |
100 |
|
490 |
10050 |
410 |
800 |
100 |
700 |
11250 |
|
3250 |
8000 |
|
|
3210 |
750 |
800 |
1660 |
Шиелі |
23900 |
10310 |
1650 |
|
|
|
160 |
8400 |
100 |
671 |
56 |
615 |
8558 |
|
2650 |
5736 |
97 |
75 |
4361 |
1424 |
1080 |
1857 |
Сырдария |
32886 |
09078 |
200 |
|
665 |
|
|
18213 |
|
626 |
|
626 |
10422 |
80 |
3673 |
6669 |
|
|
2760 |
1200 |
780 |
780 |
Жалағаш |
29888 |
17851 |
|
|
251 |
|
|
17600 |
|
237 |
100 |
137 |
8400 |
|
3800 |
4600 |
|
|
3400 |
1200 |
1000 |
1200 |
Қармақшы |
21060 |
12305 |
|
|
40 |
|
|
12265 |
|
370 |
|
370 |
6071 |
|
1779 |
4292 |
|
|
2314 |
1097 |
630 |
687 |
Қазалы |
18780 |
8880 |
|
|
280 |
850 |
|
7800 |
150 |
80 |
80 |
|
6445 |
750 |
2175 |
3520 |
|
|
3375 |
1140 |
1010 |
1225 |
Арал |
188 |
0 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
44 |
|
|
44 |
|
|
144 |
24 |
20 |
100 |
Қызылорда қ. |
6089 |
2855 |
|
|
|
|
|
2855 |
|
|
|
|
849 |
|
264 |
585 |
|
|
2385 |
935 |
900 |
550 |
Барлығы |
162526 |
85754 |
5175 |
100 |
1336 |
850 |
650 |
76983 |
660 |
2784 |
336 |
2448 |
52039 |
830 |
17591 |
33446 |
97 |
75 |
21949 |
7770 |
8120 |
8059 |
Қызылорда облысы бойынша 2015 жылы егілетін ауыл шаруашылығы дақылдары және өндірілетін өнімнің межесі
Аудандар |
Күріш |
Күздік бидай |
Жаздық бидай |
||||||
Меже, га |
Орта өнім, ц\га |
Жалпы өнім, тн |
Меже, га |
Орта өнім, ц\га |
Жалпы өнім, тн |
Меже, га |
Орта өнім, ц\га |
Жалпы өнім, тн |
|
Жаңақорған |
10050 |
39,1 |
39296 |
3325 |
13,9 |
4622 |
100 |
8,2 |
82,0 |
Шиелі |
8400 |
39,1 |
32844 |
1650 |
13,9 |
2294 |
|
|
0,0 |
Сырдария |
18213 |
39,1 |
71213 |
200 |
13,9 |
278 |
665 |
8,2 |
545,3 |
Жалағаш |
17600 |
39,1 |
68816 |
|
|
|
251 |
8,2 |
205,8 |
Қармақшы |
12265 |
39,1 |
47956 |
|
|
|
40 |
8,2 |
32,8 |
Қазалы |
7600 |
39,1 |
29716 |
|
|
|
280 |
8,2 |
229,6 |
Арал |
|
|
0 |
|
|
|
|
|
|
Қызылорда қ. |
2855 |
39,1 |
11163 |
|
|
|
|
|
|
Барлығы |
76983 |
39,1 |
301004 |
5175 |
13,9 |
7193 |
1336 |
8,2 |
1095,5 |
Аудандар |
Арпа |
Тары |
Дән жүгері |
||||||
Меже, га |
Орта өнім, ц\га |
Жалпы өнім, тн |
Меже, га |
Орта өнім, ц\га |
Жалпы өнім, тн |
Меже, га |
Орта өнім, ц\га |
Жалпы өнім, тн |
|
Жаңақорған |
100 |
4,7 |
47 |
410 |
15,5 |
636 |
490 |
32,6 |
1597 |
Шиелі |
|
|
|
100 |
15,5 |
155 |
160 |
32,6 |
522 |
Сырдария |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жалағаш |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қармақшы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазалы |
850 |
4,7 |
400 |
150 |
15,5 |
233 |
|
|
|
Арал |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қызылорда қ. |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы |
950 |
4,7 |
447 |
660 |
15,5 |
1023 |
650 |
32,6 |
2119 |
Аудандар |
Картоп |
Көкөніс |
Бақша |
||||||
Меже, га |
Орта өнім, ц\га |
Жалпы өнім, тн |
Меже, га |
Орта өнім, ц\га |
Жалпы өнім, тн |
Меже, га |
Орта өнім, ц\га |
Жалпы өнім, тн |
|
Жаңақорған |
750 |
132,0 |
9900 |
800 |
162,5 |
13000 |
1660 |
160,8 |
26693 |
Шиелі |
1424 |
132,0 |
18797 |
1080 |
162,5 |
17550 |
1857 |
160,8 |
29861 |
Сырдария |
1200 |
132,0 |
15840 |
780 |
162,5 |
12675 |
780 |
160,8 |
12542 |
Жалағаш |
1200 |
132,0 |
15840 |
1000 |
162,5 |
16250 |
1200 |
160,8 |
19296 |
Қармақшы |
1097 |
132,0 |
14480 |
530 |
162,5 |
8613 |
687 |
160,8 |
11047 |
Қазалы |
1140 |
132,0 |
15048 |
1010 |
162,5 |
16413 |
1225 |
160,8 |
19698 |
Арал |
24 |
132,0 |
317 |
20 |
162,5 |
325 |
100 |
160,8 |
1608 |
Қызылорда қ. |
935 |
132,0 |
12342 |
900 |
162,5 |
14625 |
550 |
160,8 |
8844 |
Барлығы |
7770 |
132,0 |
102564 |
6120 |
162,5 |
99450 |
8059 |
160,8 |
129589 |
Жалпы, 2-кестедегі келтірілген мәліметтерге жүгінетін болсақ, Қызылорда облысының барлық әкімшілік аудандарында суармалы егістік жердің даму қарқынының 1965–1990 жылдар аралығында жоғары екендігін көруге болады, ал 1995 жылдан бастап оның ауданы біртіндеп кеми бастаған.
Қызылорда облысы бойынша 2014 жылғы ауыл шаруашылығы дақылдарын жинаудың қорытынды есебі
3-кесте
Аудандар |
|
|
|
|
Жиналғаны, га |
Орта өнім, ц/га |
Жалпы өнім, тн |
Жаңақорған |
10039 |
40.8 |
40959 |
Шиелі |
8336 |
42.5 |
35428 |
Сырдария |
18135 |
53.0 |
96116 |
Жалағаш |
18049 |
52.2 |
94216 |
Қармақшы |
11765 |
54.2 |
63766 |
Қазалы |
8165 |
41.4 |
33803 |
Қызылорда |
2900 |
41.0 |
11890 |
Барлығы: |
77389 |
48.6 |
376178 |
Облыстың күріш шаруашылығы. Дүние жүзінде күріштің 20-дан астам түрі негізінен Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Америка, Австралия құрлықтарының тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі.
Бүкіл әлемде өсірілетін дәнді дақылдардың ішінде күріштің алатын орыны ерекше. Ол өнімділігі жағынан да, өсірілетін жер аумағы жағынан да екінші орын алады. Күріш жер шарындағы халықтың жартысынан астамының негізгі тамағы болып есептеледі. Күріштен жасалған тағамдар Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия халықтары жейтін тағамдардың негізгі түрі болып табылады. Бұл елдерде орташа есептегенде жылына адам басына сайғанда 100 кг шамасында күріш келеді, тіпті кей елдерде бұл сан 180 кг шамасына жетіп қалады. Күріш санскрит тілінде "дгананга" деп аталады, ал оның аудармасы " адам тағамының негізі" болады. Бұның өзі бұл елдердегі күріш дақылына қандай аса көңіл бөлінетіндігін көрсетеді.
Күрішті Қолдан б.з.б. 2000 – 3000 жылдары егіле бастады. Ал Орта Азияда ертеде Күріш өсірілгендігі жөнінде алғашқы жазба деректер ежелгі грек географы Страбон мен тарихшы Геродот еңбектерінде айтылған. Б.з.б. 1-ғасырда қалыптасқан Қытайдан басталатын атақты Ұлы Жібек жолы Қазақстандағы Сырдарияның жағасындағы ірі мәдениет және сауда орталығы – Отырар қаласы маңындағы халық егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқаны белгілі. Бұл деректер Күріштің Сыр бойында өте ертеде келгеніне дәлел бола алды. 1990 жылы Республикада күріш егісінің көлемі 124,0 мың гектар, ал әр гектардан алынған орташа өнім 52,5 центнер. Жалпы түсім – 653,0 мың тонна болды. Күтіп-баптай білсе күріштен мол өнім алуға болатынын тәжірибе көрсетіп тұр. Қызылорда обл. Шиелі ауданындағы Қызылту (қазіргі Ы, Жақаев атындағы) ұжымшарының негізгі звено жетекшісі екі мәрте Социалисттік Еңбек Ері (1949, 1971) Ы. Жақаев 1947 ж күріштің әр гектарынан 171 ц өнім алып, дүниежүзілік Рекорд жасады.
Қызылорда облысында — Қазақстанның негізгі күріш шаруашылығымен айналысатын аймағында 2011 жылы 77,3 мың га жерге күріш егілген. Жалпы түсім 365 мың тоннаны құрады. 2012 жылы шамамен 70 мың га жерге күріш егу жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі салалардың ішінде күріш шаруашылығы Қазақстанның азық-түлік қажеттілігі толық қамтамасыз етілген сала (Еліміздегі халықтың өзін күрішпен қамтамасыз ету деңгейі 116-120%-ға жеткен). Қазақстан күрішті 400-500 мың тонна көлемде өндіре алады (240-300 мың тонна күріш жармасы). Кейбір аймақтарда күріш өндірісі ішкі қажеттілікті қамтамасыз ете алмайтын болғандықтан (Ресейде талғампаздардың бағалауынша күріш жармасына қажеттілік 610 мың тонна көлемінде болса, ал өндірілетіні небәрі 250 мың тонна), жақын және алыс шет елдерге күріш импортына мүмкіндік бар.
Қазақстанның күріш жармасын өндіруде 80 пайызын қамтамасыз ететін Қызылорда облысында күріш шаруашылығын дамытуға соңғы жылдары көптеген миллион қаржылық ресурстар көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге несие түрінде, тура инвестициялар түрінде, тұқым өндірісіне демеу қаржы беру арқылы, минералдық тыңайтқыштарды алуға және басқаларға жұмсалуда.
Қабылданған шаралар мен ішкі рыноктағы күрішке деген бағаның тұрақты өсуі өзіміздің күріш шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігіне оң әсерін тигізді. Мысалы, 1 гектар күріш егісіне орташа 50,0-55,0 мың теңге шығын жұмсап, өңделген түрінде гектарынан 30-32 центнер таза күріш алатын болсақ, онда күріш өндірісінің тұрақты рентабельділігін қамтамасыз етуге болады. Қазірге кезде 1 кг күріш жармасының бағасы ішкі рынокта 30-35 теңгеден 55-60 теңгеге дейін көтеріліп, осы деңгейде сақталуда. Ішкі рынокта қазақстандық күріш тұрақты сұранысқа ие болуда, ал 1 кг күріш салысының бағасы 28-30 теңге деңгейінде ұсталуда. Қазіргі кезде ірі шаруашылықтарда 1 тонна күріштің өзіндік құны 12900-13850 теңгені құрайды.
Күріш өндірісінде қолданылып жүрген технологияда Қызылорда облысында жазғы уақыттары судың жетіспеуінен жұмыс қолы жеткілікті майда шаруа субъектілері қаржы ресурстарының аздығынан барлық технологиялық процестерді толық жүргізе алмаған жағдайда Қытай, Корея, Жапония және басқа Азия елдерінде тараған күрішті көшеттеп отырғызу технологиясын қолдану мүмкіндігін зерттеу мен әзірлеу қажет. Күріш өсіруде көшеттеп отырғызу әдісін пайдаланудың облыс жағдайында өзіндік артықшылығы бар. Арал өңірі АЭ және АШ ҒЗИ стационарында жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, күрішті көшеттеп егу әдісін қолдану кәдімгі әдіске қарағанда 230-240 кг тұқым және 8 мың текше метр суды үнемдеген. Бұл жағдайда вегетациялық өсу дәуірі 20-25 күнге қысқарып, күріштің өнімділігі 2,0-3,0 т/га артып, күріш өндірісінің өзіндік құны кеміген. Кәдуілгі әдіске қарағанда күрішті себу және жинау мерзімін 2-3 аптаға ерте аяқтау мүмкіндігі туып, осының салдарынан күзде сүдігер жырту мен күздік дақылдарды оңтайлы мерзімде егу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік туады. Сонымен бірге күріш өсіруде көшеттеп егу әдісі көптеген қол жұмысы шығынын (200-250 адам-күн/га дейін) қажет етеді де күрішті көшеттеп егудің тиімді мерзімдері облыс жағдайында суық мамыр айына келеді де, қол жұмысын пайдалануда проблема туғызады, ал өзі жүретін құралдарды пайдалану күріш өндірісінің өзіндік құнын қымбаттатады. Шаруашылықтардағы бар техникалар көшеттеп егу әдісіне жарамайды. Сондықтан көшетті өсіретін егісті дайындап, отырғызатын құрал-жабдықты толығымен сатып алу қажет.
Біздің жағдайымызға тиімдірек болып Оңтүстік Корея мен басқа елдерде пайдаланылатын өндірілген тұқымды себетін арнаулы сепкіштерді қолданатын көшеттеп егудің түрлерінің бірі – тұқымды өндіріп егу. Күріштің тұқымын суға немесе минералды тыңайтқыштардың ерітіндісіне салып қояды да, 2-3 күннен кейін суға бастырылған чектарға қолмен шашып себеді. Бұдан тұқым материалы үнемделеді. Өндірілген тұқымды пайдаланған жағдайда 150 кг/га, тұқым 4-6 мың текше метр су үнемделіп, күріштің өсу дәуірі 7-10 күнге қысқартылады, күріштің өнімділігі 1,5 т/га көбейеді. Өндіріліп егілген жағдайда қол еңбегі шығыны бірнеше есе азаяды және оны оңай механикаландыруға болады. Күрішті өндіріп егу 2003 жылы “Шаған” ЖШС агрофирмасында 300 га жерге қолданылды, бұл жағдайда күріш өнімінің өсімі 5 ц/га болып, өзіндік құны 13.4 % төмендеді. Бірақ, демонстрациялық егісте күріш өндірісінің қазіргі технологиясының тек кейбір элементтері ғана қолданылды, сондықтан оның тиімділігі жөнінде толық қорытынды айтуға болмайды. Қызылорда облысында күрішті көшеттеп отырғызу әдісін енгізген кезде оның басты элементтерінің бірі шығарылып тасталды. Тығыздалған топырақ асты шегінің болуы, мамандандырылған техникаларды тиімді пайдалану мен көшеттеп отырғызу әдісін қолданудың артықшылығын толық бағалауға мүмкіндік бермеді.
Жаңа технологияға өтудің кезіндегі негізгі даулы сұрақтардың бірі ауыспалы егіске негізделген және топырақты 25-27 см тереңдетіп өңдеуге әзірленген және мақұлданған егіншілік жүйесінен бас тарту қажеттілігі туады. Тығыздалған топырақ асты шегін жасау көп жағдайда ресурстардың үнемді пайдаланылуы мен суландырылатын жерлердің қайтадан тұздануы сияқты көптеген проблемаларды шешеді. Тығыздалған топырақ асты шегі кезіндегі болатын топырақ өңдеуді шағындандыру кейбір технологиялық операцияларды суға толтырылған чектарға ауыстыру күріш өндірісіндегі барлық шығындардың құрамындағы 25-28%-ға дейін үлесті алатын жанар-жағар май шығынын 1,5-2 есеге дейін қысқартады. Алдын ала жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, чектің бетін тегістеуді қолдану мен күріш себудегі кәдімгі технологияда суару нормасы 14-18 мың текше метр болса, қазіргі кездегі нормасы – 26-30 мың текше метр. Алайда, бұл жағдайда ауыр тракторлар мен комбайндарды пайдалануға болмайды, себебі олар тығыздалған топырақ асты шегін бұзады, сондықтан саланы қайтадан техникамен қамтамасыз ету қажет болады. Топырақ құнарлылығын ұдайы толықтыру мен сақтау үшін көпжылдық шөптерді пайдалану, арамшөптермен күресу мүмкін болмайды және күріштің дара дақылына (гербицид қолдану мен аударылған көпжылдық шөпке қарағанда минералдық тыңайтқыштар енгізуге 20-25% арттыруды қажет ететін) немесе тамыр жүйесі терең емес дақылдарды пайдаланатын жаңа күріш ауыспалы егісіне ауысу қажет. Қазіргі ауыспалы егіс жүйесі күріштің дара дақылына ауысуға кедергі жасайды, себебі суландыру жүйесі ауыспалы егістің барлық алқаптарын бір мезгілде суға бастыруға арналмаған. Бірақ тығыздалған топырақ асты шегін жасауда минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалану тиімділігі артады, сүзілген судың ысырабын азайтудың арқасында күріш өндірісінің экологиялық қауіпсіздігі артады және күріш өндірісін интенсивтендіру мүмкіндігі пайда болып, оның өнімділігін 55-60 ц/га көтереді.
Қызылорда облысында суармалы жерлерді пайдалануға талдау көрсеткеніндей, жерлер қазуда топырақтың тұздануы мен батпақтануының әсерінен облыстағы 277675 мың га суармалы жерлердің 62775 гектары ауыл шаруашылығы айналымынан шыққан. Ауыспалы егіс жүйесі жиі бұзылады, мысалы, 2004 жылы 343 ауыспалы егістің 102-сінде дақылдардың алмасуы бұзылып, оларда негізінен көкөніс, бақша және аймаққа дәстүрлі емес дақылдар өсіріле бастаған. Күріш егісіне арналған топырақты дайындауда ұсынылған 12-13 операциялардың орнына жанар-жағар майдың жетіспеуінен және техникалардың уақытында жаңартылмауынан қазір агротехникалық талаптарға сапасы сай келмейтін небәрі 6-7 операция ғана жүргізіледі. Өсімдіктерді қорғауға қолданылатын (фунгицидтер, инсектицидтер, гербицидтер) және енгізілетін минералдық тыңайтқыштардың көлемі агротехникалық нормативтерге сай келмейді.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, күріштің өнімділігін жалпы арттыруда әр түрлі елдерде сорттың үлесіне 50%-дан 70%-ға дейін келеді. Дегенмен де, әрбір өндіріс құрал жабдығы сияқты сорттар да “сапалық” және “физикалық” ескіреді, тұқым шаруашылығының жеткілікті тиімділігі жүйесі жағдайында да өзінің бастапқы биологиялық және шаруашылық қасиеттерін тез жоғалтады. Қазақстанда өндірілетін күріштің негізгі сорты – Маржан Арал өңірі АЭ және АШ ҒЗИ селекциясыныкі, егістік жерлердің 70%-ын алады, бірақ өндірістің, өңдеуші және тамақ өнеркәсібінің өсіп бара жатқан сұранысына жағдай жасай алмайды.
Қазақстанның Арал өңірі өсімдік шаруашылығының даму тенденциясына талдау көрсеткендей, келешекте ол аймақтағы халықтың өсуі мен су ресурстары өте тапшы жағдайда қалады. Сондықтан күріш өндірісінің технологиясын жасау қажет. Күріштің орташа пісетін сорттары (111-115 күн), яғни аудандастырылған Маржан сорты үшін суару нормасы 22-24 мың текше метр /га. Су ресурстарын үнемдеудің жолы күріштің тез пісетін (95-100 күн) сорттарын енгізумен оның егіс көлемін кеңейту болып табылады. Осы шараның өзі ғана қосымша технологиялық шығындар жұмсамай-ақ гектарына орташа 20-25% суды үнемдейді. Сондықтан соңғы кездері МСС-ға сорттарды өткізгенде, олардың өнімділігі мен сапасына деген бәсекеге қабілеттілігімен қоса өнім құрауда суға деген шығыны да есепке алынады. Сондықтан күріш өндірісін 2010 жылға дейін дамытуда басым бағыттардың бірі ресурс үнемдейтін технологияны енгізу болып табылады.
Күріштің ресурс үнемдейтін селекциясы мен тұқым шаруашылығы жүйесінің тиімді жұмыс істеуі үшін элиталық-тұқым шаруашылығы шаруашылықтары мен ғылыми-зерттеу мекемелерін қайтадан техникамен жарақтандыру қажет. Соңғы кездері нарық талаптарына бейімделетін күріштің жаңа сорттарын шығару мен өндіріске енгізу жұмыстары жандандырылуда. 2003-2004 жылдары күріштің жаңа сорттары Арал 318, Арал 202, Ару, Арал 4 шығарылды. Соның ішінде Арал 202 мен Арал 4 сорттары Маржан, Кубань 3, Авангард және басқа сорттардан күріш салысының жалпы өнімі жөнінен 2,0 және 4,0-6,0 ц/га тиісінше артық қана емес, сонымен бірге күріш өндірісінің соңғы өнімі – күріш жармасының жоғары сапалық көрсеткіштерінің 5,2 және 6,7 ц/га артықтығымен сипатталады.
Қазіргі дүниежүзілік барлық жақсы аналогтар сияқты Арал 202 мен Арал 4 сорттарының артықшылығы олардың тегіс қауыздылығы мен қылтықсыздығы. Дәннің жақсы төгілуі, олардың жоғары көлемдік салмағы күрішті себетін, жинайтын техникалардың және күріш өңдейтін кәсіпорындардың механизмдерінің тиімдірек жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және отандық күріш өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Алдағы жылдарда күріш шаруашылығын күріштің жаңа өнімдірек сорттарына ауыстыру жоспарланып отыр. Қызылорда облысының күріш өсіруші аймағында 5-7 жыл интервалмен сорт ауыстыруды ырғақтылықпен енгізуді және қазақстандық Арал өңірінде шағын аудандастырылған тәжірибеге өту қажет. Қолайлы экологиялық жағдайда да әр шаруашылықта 25-30% тез пісетін сорттың үлесі бар кем дегенде 2 сорт өсіру ғылыми негізделген болып саналады. Арал өңірінде экологиялық қолайсыз жағдайда бұл көрсеткіш 40-45%-ға дейін өседі. Шаруашылықтарда өсірілетін сорттың бірнеше болуы бірден піскен күріштің көп егісін жинауда көп шығын әкеледі, себебі күріш өнімінің биологиялық пісіп жетілуі 12-15 күнге ғана сақталады.
Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы аудандарында (5-7 мың га) қолайсыз жағдайға төзімді тез пісетін Ару сорты сияқты сорттарды енгізу қажет. Жаңақорған, Шиелі аудандарының (7-8 мың га) экологиялық жағдайында вегетациялық өсу дәуірі ұзағырақ, мысалы, дәннің жақсы сапасын қалыптастыратын Арал 202 сортын енгізуге болады. Жаңа сорттарды тиімді енгізудің маңызды тізбектерінің бірі тұқым шаруашылығының дамыған жүйесі. Бастапқы және элиталық тұқым шаруашылығы еңбекті көп қажет ететін және көп шығынды процесс болып есептелінеді. Республика Үкіметі бір тонна күріштің түп нұсқасы мен элиталы тұқымының өндірісі үшін шығынның 40%-ын қаржыландыруды қарастырған, бұл бұрынғы белгіленген сортқа қосылатын қосымшалардан әлдеқайда төмен және өндірістің шығындарын жаба алмайды.
Қазіргі кезде республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы тұқымның түп нұсқасын өндіруге және жаңа сорттарды шығарудың селекциясына жетіспейді, сондықтан жергілікті билік орындарынан қаржылық қолдау қажет. Осыған байланысты “Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ҒЗИ” ЕМК-нің 2005-2007 жылдарға арналған “Ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқым шаруашылығын дамыту жөнінде аймақтық бағдарламасы” дайындалған, онда селекциялық тұқым шаруашылығы егістеріне қажетті техникалар мен жабдықтар алу үшін жергілікті бюджеттен 22320 мың теңге көлемінде қаржы бөліну ұсынылған. Бұл бағдарламаны жергілікті бюджеттен қаржыландыру жалпы өсімдік шаруашылығының тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруда қажетті серпіліс берер еді.
Қызылорда облысы күріш өсіретін ең солтүстік аймақтың бірі болғандықтан, вегетациялық өсу дәуірі ұзағырақ өнімді сорттарды өсіруге облыста күн және жылу ресурстары жетіспейді. Сондықтан облыстағы күріш өндірісін толық жаңғыртқанмен Қызылорда күрішінің Азия рыногында (Қытай, Үндістан, Үндіқытай) бәсекеге қабілетті болады деп күтуге болмайды, бірақ ол Қытай және Үндіқытай елдерінің күріштеріне қарағанда Ресей және басқа ТМД елдерінің рыногында, сонымен бірге Шығыс Еуропада бәсекеге түсе алады. 2010 жылдың аяғына Қызылорда облысында күріш өндірісін тұрақты дамытуға жету үшін өндірістің қазіргі ресурс үнемдейтін технологиясын енгізу, ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін күріш және оның қалдықтарын өңдеу; егіншіліктің экологиялық қауіпсіздігін арттыру негізінде күріш өндірісі мен өткізудің тиімді жүйесін қалыптастыру, облыстың су және жер ресурстарын сақтау және қалпына келтіру; күріш шаруашылық кешенін мемлекеттік басқаруды оңтайландыру жоспарланып отыр.
Қазақстандағы күріш шаруашылығының негізгі мәселелері:
қазіргі нарықтық талаптарға сай жаңа сорттарды ендірудің баяу жүргізілуі;
инженерлік дайындалған жерлердің мелиоративтік жағдайының нашарлауы, әсіресе топырақтың тұздануымен дегумификациялануы;
ауыл шаруашылығы өндірісі мен күрішті өңдеуде ескірген, ресурс шығыны көп технологияларды қолдану;
өндірістің материалдық-техникалық жарақтануының төмендігінен күріштің өнімділігі мен сапасының төмендеуі [5].
