Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Төлегенова Ш.М дипломдық жұмыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.81 Mб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ.............................................................................................................

1. ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ экономикалық -географиялық жағдайы

    1. Қызылорда облыстың географиялық орны, жер бедері мен геологиялық құрылысы..................................................................................................................

1.2 Облыстың климаты мен топырақ - өсімдік жамылғысы. ..............................

1.3 Облыстың әкімшілік және әлеуметтік жағдайы.............................................

1.4 Облыстың ауыл шаруашылығы және күріш шаруашылығы .......................

2. СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДАҒЫ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ

ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТИІМДІЛІГІН ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ

ТАЛДАУ

2.1 Аймақтағы күріш шаруашылығының экономикалық потенциалын

бағалау ..............................................................................................................

2.2 Күріш өндірісінің рентабельділігін жоғарылату жағдайын

анықтап бағалау және жіктеу.........................................................................

3. ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ЖҮРГІЗУДІҢ ӨНДІРІСТІК ТҮРЛЕРІ ЖАҒДАЙЫНДА КҮРІШ ӨНДІРУДІҢ РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖОЛДАРЫ

3.1 Сырдария ауданы күріш өндірісі тиімділігін арттырудың шарттары мен

факторлары..........................................................................................................

3.2 Өзіндік құнды төмендету- аудандағы күріш шаруашылығының

рентабельділігін жоғарлатудың шешуші факторы .......................................

3.3 Қызылорда облысында күріш өңдейтін кәсіпорындар....................................

3.4 Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жағдайында күріштің сапасын

жақсарту және нарықтық баға құрылымының ерекшеліктері........................

Қорытынды ..............................................................................................

Пайдаланған Әдебиеттер ...............................................................

К І Р І С П Е

Бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік кешендерді заманауи талапқа сай жетілдіру, оның өндірістік тиімділігін арттыру негізінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік және экономикалық ахуалын арттыру, дамыту мәселесі еліміздің аграрлық саясатының маңызды мәселесі болып саналады.

Ел Президенті экономикалық саясаттың басым бағыттарымен қатар, аграрлық кешеннің де алдына жаңа міндеттер қойып, «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауында дағдарыстан кейінгі дамуды қамтамасыз етудің бірінші бағыты – агроөнеркәсіп кешені мен ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту екеніне, ел халқының материалды және әлеуметтік қамсыздандырылу негіздерінің бірі – тиімділігі жоғары агроөндірістік кешен екеніне баса назар аударды. Осыған орай ауылшаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуына негіз болатын жобалардың жүзеге асырылатындығын атап өтті. Қазақстан экономикасы аграрлық секторында күріш шаруашылығы маңызды орынға ие. Негізгі өндірісі күріш дақылы болатын Қызылорда облысы үшін күріш өндірісі тиімділігін арттыру, сапалы өнім өндіру, тиімді өткізу аймақтың күріш шаруашылықтары мен кәсіпорындарының негізгі мәселесі.

Күріш ең құнды азық болып табылады. Қазақстандағы күріш шаруашылығы өзін - өзі 116-120% қамтамасыз ететін салалардың бірі, яғни тұтынушыларды күрішпен толық қамтамасыздандырады. Республика күрішті 240-300 мың тонна көлемінде өндіре алады, яғни күрішті шет мемлекеттерге жəне жақын жердегі мемлекеттерге импортқа шығару мүмкіншілігі туады. Қазақстан Республикасының күріш өсіретін аумақтары Сырдария, Іле жəне Қаратал өзендерінің төменгі ағысында орналасқан. Бұл жерлердегі күріш егісінің өсуі топырақтық-климаттық жағдайлардың қолайлы болуымен жəне су ресурстарының жеткілікті болуымен байланысты.

Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында күріш, жүгері және басқа да дәнді дақылдар өндіруге қолайлы жағдай бар. Астық өндіру тек қана аймақтың ішкі қажетін қанағаттандыруға ғана бағдарланбауы тиіс. Себебі, оның экспорттық әлеуметінің де болуы тиіс. Осыған байланысты, Сырдария ауданындағы ауыл щаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар өз өнімдерінің сапасын арттыруға тиіс.

Бүгінгі таңда күріш өндіру объектілерінде негізі техникалық қордың төменгі жағдайы, нарықтық жағдайда басқару тәжірибесі, қажетті қаржы құралдарының жетіспеуі және сапа менеджменті саласындағы өнім сапасын басқаруда жаңа жүйелердің енгізілмеуі, отандық өнімнің бәсекеге қабілетсіздігін айқындап, кәсіпорын жұмысының тиімділігін, тұрақтылығын, рентабельділігін шешуде жаңа жолдардың шараларын қарастырудың мүмкіндігі туындайды.

1 ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

1.1 Облыстың географиялық орны, жер бедері мен геологиялық құрылысы

Қызылорда облысының шығысы мен оңтүстік шығысында – Шымкент, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеледі, яғни, Азиялық шөл даланың белдеуіне орналасқан. Батысында – Арал теңізі. Оның солтүстік және шығыс бөлігі аралдармен қоса 28,5 шаршы шақырым болатын аумағы Қызылорда облысының құрамына енеді. Қазақстанның оңтүстігінде 1938 жылы құрылған Қызылорда облысы Сырдария өзенінің төменгі ағысында оның екі жағасын ала орналасқан. Жер көлемі жағынан республикадағы ірі облыстардың бірі. Қызылорда облысының жер аумағы 228,1 мың шаршы шақырым. Мұнда республикадағы халықтың 3,9 пайызы тұрады. Бір шаршы шақырым жерге 2,7 адамнан келеді. Бұл облыс байтағының барлық көлемі-нің 11,8 пайызы. Оңтүстігінде – Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүс-тігінде – Арал теңізінің жиегіндегі Қарақұм, Арысқұм және орталық Қазақстанның шет аймағына кіретін шөлейт үстірті. Облыс Тұран ойпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр, оның басым көпшілігі Сырдария, Сарысу және Шу өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады.

Аймақтың негізгі тұғырын палеозойда қалыптасқан эпигерциндік платформалық құрылым-Тұран тақтасы құрайды. Оның жер бедері мен топырақ жамылғысы палеогендік карбонаты терриген жыныстарымен неоген – антропоген дәуірлерінің құмды, малта тасты моласса үгінділерінен түзілген.

Арал теңізі маңында ірі құмды аймақтар бар. Арал теңізі мен Шалқар көлі аралығында жатқан Арал маңы қарақұмы биіктігі 100 м бұйраты төбелі жазық болып табылады. Бұл құм жасы жағынан басқа құмдарға қарағанда салыстырмалы түрде ежелгі ішін ара жел әрекетінен өзгерген. Арал теңізінің солтүстігінде орналасқан үлкен және кіші Борсық құмдары жер бедері жағынан Арал маңы Қарақұмына ұқсайды. Олар неогеннің құм шөгінділерінен құралған. Сырдария аңғары мен Арал теңізіне қарай көлбеу жатқан жазықты Сырдария аллювилі жазығы деп атайды. Ол құмтасты және сазды, кей жерлерінде құмды шөгінділерден тұрады.

Қызылқұм. Орта Азияның ең үлкен құмды шөлі Қызылқұмның Қазақстанға солтүстік бөлігі кіреді. Ол эолды, ішінара аллювийлік палеогеннің құмдарынан құралған. Жер беті құм төбелі, қырқалы боп келеді де, кен сайлармен кезектесіп отырады. Облыс аумағының жер бедері ұзақ уақыт бойы жердің ішкі және сыртқы күштерінің әсер етуі нәтижесінде қалыптасқан. Жүздеген миллион жылдар бойына бірнеше рет теңіз суы басып, су астында қалып отырды. Сонымен бірге, жер бетінің көтеріліп, керісінше төмен түсу сияқты күрделі процесстер жүріп отырды. Кайнозой эрасының басында облыс аумағы біржола құрлыққа айналды. Биік жерлердегі бұзылған тау жыныстарының ойыстарға жиналуынан аккумулятивтік жазықтар пайда болды. Осы кезде теңіздің шығыстағы шекарасы шамамен Сырдария өзенінің төменгі ағысына дейін жеткен [1].

Неогеннің басында жер қыртысында бірнеше дүркін қозғалыстар болды, бірақ жер бедері ешқандай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Батыстағы Үстірт Хазар теңізінен көтеріліп, Арал теңізі дараланды. Сонан бері де бұл теңіз суы солтүстікке, оңтүстік-шығысқа жайылған, кей жылдары кейін шегінген, кейде суы молайып, бір-біріне қайта қосылып отырған. Жазық жерлерде денудациялық процесстердің әсерінен саздақты, құмдақ, әр түсті саз балшық қабаттары жиналды. Неогеннің аяғында аридттік климат үстем болып, соған байланысты бұрынғы сирек орманның орнына шөл және қуаң далалы өңір қалыптасты.

Төрттік дәуірдің орта кезінде Әмудария өзенінің Қарақұм құмды алқабының солтүстік бөлігімен өтуіне байланысты Арал теңізінің суы молая түсті. Арал маңы ойпатының оңтүстік шығыс жағынан Сырдария немесе Қызылорда ойпаты басталады және ол шығыста Түркістан қаласы тұсына дейін созылады. Арал теңізіне қарай көптеген өзен аңғарлары тармақталып жетеді, оларға Іңкәрдария, Жаңадария, Қуаңдария сияқты өзен арналары дәлел бола алады. Сырдарияның оң жағалаулық аңғарын Дариялық тақыр жазығы алып жатыр. Қызылқұм жазығының солтүстік шығысы ғана Қызылорда аумағына енеді, яғни Сырдария өзенінің аңғары мен Жаңадария өзенінің аралығы. Мұнда тұтас алқаптың біразы өсімдіктермен бекіген [2].

Облыс жер бедерінің басым бөлігі тегіс, кей жерлері белесті, адырлы болып келеді. Әр жерлерде көзге алыстан көрінетін оқшау төбелер, шоқылар кездеседі.

Жазықтың абсолют биіктіктері Сырдария өзенінің ағысымен біртіндеп төмендейді. Ол оңтүстік шығыста 200 метрден Сырдарияның төменгі атырауында Арал теңізі жағалауында 50-53 метрге дейін төмендейді. Облыстың қиыр оңтүстік шығысында Қаратау жотасының (1419) солтүстік батыс шеті кіреді. Оның беткейлері тар шатқалды, тек көктемде ғана су жүретін өзен аңғарларымен тілімделген. Облыс аумағының жер бедерін жалпы үш геоморфологиялық ауданға бөліп қарастыруға болады. Олар: аллювийлі жазық және Сырдария аңғары; эолды-құмды жазықтар; Арал теңізі жағасы және бұрынғы теңіз табаны [1].

Бірінші геоморфологиялық ауданға Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы аудан орталықтары мен Қызылорда қаласының жерлері жатады. Эолды-құмды жазықтарға Сырдария өзенінің сол жағалауындағы Қызылқұм құмдары кіреді. Оның жер бедерінің құрылымы негізінен, құм төбелі аккумулятивтік эолды-аллювийлік жазық болып келеді. Құм төбешіктер аралығында тақыр жерлер кездеседі. Арал теңізінің жағалық белдемі өз алдына жеке аудан. Сондықтан теңіз суынан жалаңаштанған шығыс жағалары төрттік дәуірдің шөгінділерінен түзілген жазық және ойпатты келген, кей жерлерде құмды аралдар кездеседі. Ал, теңіздің солтүстік жағалауы биіктеу болып келеді. Түбектерде палеоген жыныстары жер бетіне шығып жатыр [2].

Облыс Тұран ойпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр. Жазықтың басым бөлігі Сырдария, Сарысу өзендері, ежелгі Қызылқұмды кесіп өткен Іңкәрдария, Жаңадария, Қуаңдария өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады. Облыс аумағынан ағып өтетін Сырдария өзені бойында геологиялық деректер бойынша екі үлкен қазаншұңқыр болған.

Оның бірі - Қызылорда қазан шұңкыры. Ол Сырдария, Сарысу өзендерінің таудан ағызып келген шөгінділерімен толған. Қызылорда қазаншұңкыры сумен келген шөгінді жыныстармен толып, қазіргі жер бедері пішіні қалыптасқан. Бұл аймақ оңтүстік-шығысында Қаратау, оңтүстік-батысында Қызылқұм төбелерінің аралығын ала Сырдария өзенінің арналық бағытымен кең жайылып жатыр.

Облыс аумағында салыстырмалы түрде бірнеше ірі жазықтар орналасқан. Бикесары жазығында шаруашылық мәні біршама, жеткілікті өсімдік жамылғысы бар ежелгі төбешік құмдар кең таралған. Бикесарыға қатарласа Дариялықтақыр жатыр. Егер су көзін тапса шаруашылыққа пайдалануға болады.

Жаңадария жазығы 1848,25 мың га жерді алып жатыр. Негізгі топырақ жамылғысы-шөлдің тақыр тәріздес топырағы. Сортаң, құмдақ пен құм аралас шөгінділермен толған. Облыстың солтүстік-батысындағы екінші қазаншұңқырда Арал теңізі орналасқан. Қазаншұңқырдың батысы және солтүстік жағалауы тік, ал шығысы мен оңтүстік жағалауы қайраңды, құмды және тайыз. Бұл теңізге (қазаншұңқырға) құятын өзен суының әрекеттерінен болған. Сонымен қатар, желдін әрекетінен өзгеріп тұратын құмдар арасында эолдық шұңқырлар кездеседі, олар кейде жауын-шашын, еспе суларға толып, уақытша көлшіктер түзейді [3].

Жер бедерінің кейінгі өзгерістеріне ауыл шаруашылығы үлкен әсер етті. Он мыңдаған гектар жерлер тегістеліп егістікке айналдырылды. Топырағы сортанды, сор болып келеді. Оның бетін құм жапқан. Жел үрлеген жерлерде ойдым-ойдым тақырлар кездеседі. Жазықтың көп жері өте құрғақ болғандықтан жайылымы да құнарсыз. Ал оңтүстік -шығыс бөлігінде соры шамалы топырақ жамылғысы таралған.

Қуандария жазығы 621,25 мың га жерді алып жатыр. Біршама тегіс жазық. Топырақ жамылғысы сорланған тақыр тәріздес. Мал шаруашылығы үшін көктем-қыс айларында өте тиімді жайылым ретінде пайдаланады. Жер асты және артезиан суын пайдалануға болады.

Облыс аумағында бұлардан басқа Айкөлдің жазығы, Қоскөңнің жазығы, Кесікқырдың жазығы деген жерлер де бар.

Облыстың жазық өңірінде әр жерде жатаған жусан өскен шағыл құм төбелер мен жал-жал бұйраттар ұшырасады. Мұндай бұйрат құмдар Қуаңдария мен Жаңадария өзендері аралығында үлкен аумақты алып жатыр. Кей жерлерде жазық бетінде жалғыз төбелер кездеседі, олар: Аққыр, Жосалы, Жетітөбе, Қостөбе, Көксеңгір, т.б. Бұл төбелердің биіктігі 60 м-ден 80 м-ге жетеді. Кейбіреулері желдің үру әсерінен тік жарлы шоқылар құрайды. Сондай-ақ, облыс жерінде ертеден қалған тарихи қорғандардың орындары көп. Олар: Ордакент, Сығанақ, асарлар: Жетіасар, Кұмқала, Шірік Рабат., т.б.

Облыс аумағы Тұран тақтасы шегінде орналасқан ерекше жазық аймақ. Солтүстік Қызылқұм синеклизасы Қаратау-Есіл ойпаңының девон-карбон әктастары бетінде орналасқан. Ойыстың ортаңғы бөлігі төменгі бордың континентік кесекті жыныстарынан құралған. Арал Қаракұмының оңтүстік бөлігі бор шөгінділерінен тұрады. Сырдарияның сол жағалауындағы Қазалы массивінің тұсы палеогендік жыныстардан түзілген.

Ал қалған аумақ түгелімен дерлік антропоген шөгінділерінен тұрады. Төменгі протерозойда Сырдарияның оң жағалауын саяз теңіз басып жатты, ал сол жағалауы құрғак жазық болды. Венд шөгінділері каледон антаклинорийлерінің осьтік бөліктерінде дамыған. Жыныстардың құрамы әртүрлі. Қаратауда конгломерат-құм-саз құм-қабаттары, орта және қышкыл құрамды вулканиттер, туффиттер, карбонатты-кремнийлі жыныстар қалыптасқан. Палеозой тобыньң жыныстары бүкіл ел аумағында өте кең тараған. Тұран тақтасында палеозойлық іргетасын мезо-кайнозойлық шөгінділер жауып жатыр. Төменгі кембрий жыныстарындағы фосфоритті және ванадийлі горизонттар Қаратау жотасында кездеседі. Девон кезеңінің басы теңіз аумағының кішірейуімен сипатталады. Неогенде облыс аумағы қазіргі келбетіне келген.

Геологиясы. Облыс аумағы Тұран тақтасы шегінде орналасқан ерекше жазық аймақ. Солтүстік Кызылқұм синеклизасы Қаратау-Есіл ойпаңының девон-карбон әктастары бетінде орналаскан. Ойыстың ортаңғы бөлігі төменгі бордың континеттік кесекті жыныстарнан құралған. Арал Қарақұмының оңтүстік бөлігі бор шөгінділерінен тұрады. Сырдарияның сол жағалауындағы Қазалы массивінің тұсы палеогендік жыныстардан түзілген. Ал қалған аумақ түгелімен дерлік антропоген шөгінділернен тұрады.

Төменгі протерозойда Сырдарияның оң жағалауын саяз теңіз басып жатыр, ал сол жағалауы құрғақ жазық болды. Венд шөгінділері каледон антаклинорийлерінің осьтік бөліктерінде дамыған. Жынстардың құрамы әртүрлі. Каратауда конгломерат-кұм-саз кұм-қабаттары, орта және қышкыл құрамды вулканиттер, туффиттер, карбонатты-кремнийлі жыныстар қалыптасқан. Палеозой тобының жыныстары бүкіл ел аумағында өте кең тараған.

Кен байлықтары, аймақтың кен байлықтары толық зерттелмеген. Кен байлықтарынан ас тұзы, сульфат, мирабилит, тенардит тұздарының өнеркәсіптік маңызы зор. Құрылысқа қажетті ұсак қиыршық тастар, әйнек және шыны бұйымдарын жасайтын кварц құмы, қыш, гипс, алебастр, цемент балшығы, құрылыс тастары, әктас, тақтатас (Майлыбас), қоңыр көмір (Құланды) және басқа кен байлықтарының мол қоры бар. Облыс түсті металл кені бойынша Казақстанда 3-орын алады. Отандық сапалы ас тұзының 60 %-ы, мұнай мен газ конденсатының 21,4 %-ы, мырыштың 15,1%-ы, уран қорының 14%-ы; Оңтүстік Торғай иінінің облыс жерінде 350 млн. т мұнай, 100 млрд. м3 газ қоры анықталды. Арал теңізі маңында 75 млн. т мұнай, 2 триллион 30 млрд. м3 газ қоры бар (2004).

Облыстың негізгі бөлігі геологиялық жағынан күрделі өзгерістерге ұшыраған. Қазір оның басым бөлігін Сырдария өзені бағытымен оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай Арал теңізіне дейін созылған Сырдария жазығы алып жатыр. Бұдан 80-100 млн. жылдар бұрынғы бор дәуірінің шөгінділері, палеоген және төрттік кезеңдеріндегі түзілімдер сақталған. Қаратау сілемдері төменгі палеозой құрылымына жатады.

    1. Қызылорда облысының климаты мен топырақ-өсімдік жамылғысы.

Қызылорда облысының климаты еуроазиялық құрлықтың ішкі оңтүстік жағында атмосфералық ауаның жылжу (циркуляция) ерекшеліктерінің ықпалымен қалыптасады. Климаты континенттік жазы ыстық құрғақ, әрі ұзақ, қысы – қарсыз қысқа, бірақ суық. Континенттік белгілері тәулік, ай жыл ішінде білініп тұрады.Жазда температураның кенеттен құбылуы байқалмайды.Облыс байтағының барлық жерінде шілде айының орта температурасы +25о – 28о.

Территорияның көпшілік бөлігінде ең жоғарғы абсолюттік температура +44 – 47о. Қыста облыстың солтүстік және оңтүстік бөлігінің арасында температураның айырмашылығы байқалып тұрады. Мысалы, облыстың солтүстігінде орналасқан Арал қаласының төңірегінде ең суық ай қаңтардың орта температурасы - 13,4о С, ал оңтүстігінде «Аққұмда» - 6, 8о С десек, екеуінің арасындағы айырмашылығы - 6,6оС. Географиялық орнының ерекшелігіне сай жазы өте ыстық ашық әрі құрғақ, қысы суық аязды болып келеді, температураның жылдық амплетудасы 87-85 0С, орташа айлық температура 42-30 0С, құрайды.

Облыстың климатына жауын шашынның жылдық орташа мөлшерінің аздығы мен жыл мезгілінде әркелкі таралуы, температура ауытқуының тәуліктік және жылдық ауытқуының жоғарылығы, атмосфера ауасының құрғақтылығы бұлтсыз ашық күндердің көптігі тәң.

Облыста бұлтсыз күндердің ұзақтығы 2400-3000 сағатқа дейін созылады. Жылдық жиынтық күн радиациясы оңтүстігінде 160 ккал /см² тең солтүстігінде 120 ккал/см² аралығында ауытқыйды. Оңтүстіктегі географиялық орны қыстың өзінде белгілі мөлшерде күн радияциясының енуіне мүмкіндік береді. Ашық күннің көптігі мен жылудың мол түсуі күн энергиясын пайдалануға мүмкіндік береді .

Облыстың ашық күндер саны солтүстігінде 180 күннен оңтүстігінде 260 күнге дейін артады. Ашық күндердің көп, тура радиацияның жыл бойы басым болуына сай мүмкіндік береді .

рден жылжыған салқын ауа массасы еш кедергісіз келіп тұрады. Қыстың қысқа болса да суық болатыны содан. Қыс айларында ең төменгі абсолюттік темперетура 40–45оС-қа дейін төмендейді. Температураның жылдық абсолюттік тербелуі (амплитуда), яғни жоғарғы және төменгі темперетура-ның айырмасы – 85–90оС.

Ауаның тәуліктік орта температурасы 0о С-тан жоғары болатын күннің саны 235-275. Ол 23 ақпан – 18 наурыздан басталып қарашаның 12-18 – інде бітеді. Сондықтан егінді пісіріп жинау суық ұрмайтын кезең 160-205 күнге созылады. Облыстың климатына тән ерекшелігі – құрғақшылық. Жауын-шашын өте аз. Оның жылдық орта мөлшері 100-150 мм-ден аспайды және әр маусымда бірдей емес: 60% қыс көктем айларында жауады. Жазда жауған жауынның топыраққа және өсімдікке пайдасы жоқ. Қыста жауған қар жабындысы жартымсыз және тұрақты емес. Әдетте қар желтоқсан айының екінші-үшінші онкүндігініде жауады, қалыңдығы 10-25см, 2,5 ай бойы жатады. Кей жылдары қардың жатысы 4 айға созылады. Мысалы, 1993-1994 жылдың қысында, қараша айының басынан бастап қыс бойы 14 рет жауған қалың қар наурыздың бірінші онкүндігіне дейін жатады.Сырдария өзені ойындысының жайлы жерінің жалпы көлемі 10 % алып жатыр, шөлейт аймағы-25 %, шөл аймағы-65 %.

Топырақ жамылғы айтарлықтай әр түрлі болып сипатталады және екі үлкен ауданға бөлінеді: егіншілік алқаптағы топырақтың дымқылдануы және шөл аймақтағы қуаң топырақ. Жер бедерінің әртүрлі дымқылдану шарттары, шөгіндінің бір текті еместігі, жеке табиғи аудандарға ауылшаруашылық пайдалануды бағыттау күрделі үйлестіру мен жиынтыққа жиі ұшырасатын айтарлықтай өте көптеген алуан түрлі топырақты (тақыр елсіз топырақ, тақыр сортаң топырақ, тоғайлық топырақ, аллювиальды-шабындық ескі тоғайлық топырақ, шабындықты-батпақты топырақ, батпақты топырақ, ақ сортаң типті, құмды топырақ) қалыптастырады. Қызылорда облысының территориясы негізінен құмды массивпен қамтылып, дәнді-бұталы (жүзген, сібір еркекшөбі, гигант қияғы, құмды қияқ және т.б.) өсімдік топтарымен жабылған. Құм арасынан ақтаспа, жүзген, бидайық және т.б. өсімдіктер өнген. Едәуір бөлігін сексеуіл ормандары алып жатыр. Сырдария өзен алқабында жайылма өсімдіктері, сонымен қоса тоғайлық орман (жиде-тал-жыңғыл), қамысты ну өсімдік, сортаңда жыңғыл ну өсімдіктері өседі.

Топырақтардың су-физикалық қасиеттері шабындықты-батпақты топы-рақтарды зерттелуімен түсіндіріледі. Топырақ қабатының кескінінен көретініміз оның құрамы ауыр механикалық болып келеді. Бет жағында ауыр саздақ, ал әрі қарай саз кездеседі. Жыртылатын горизонттағы көлемді салмағы 1,06-1,30 г/см3 шамасында ауытқиды, орташа алғанда 1,12 г/см3. Бұл топырақ түрлері үшін көлемді салмақтың орташа мәні 0-100 см. Қалыңдығы үшін -1,31 г/см3 құрайды.

Топырақтың үлес салмағы 2,66-1,70 г/см3 шамасында. 0-100 см. Қабат үшін табиғи ылғалдылық көрсеткіші оның көлемінен алғанда орташа 18,7-23,98 % шамасында ауытқиды. Бірінші метр қабаттың шекті далалық ылғал сыйымдылығы топырақтардың механикалық құрамына қарай оның көлемінен орташа 17,8-ден 31,2 %-ке дейін ауытқиды, яғни метрлік қабаты 2782-3118 м3/га ылғал сақталуы мүмкін.Топырақтардың су сіңіргіштігі олардың механикалық құрамына, тығыздығына байланысты 0,08-ден 0,10 м/тәулікке дейін ауытқып отырады.

Облыста шипалы өсімдіктердің 54 түрі өседі. Бұл өсімдіктер облыстың аллювийлі-шалғындық (тоғайлық), аллювийлі-шалғындық, шалғындык-батпақты және басқа топырақ типтерінде өсуге бейімделген. Осындай түрлердегі шипалы өсімдіктер түрлері 34 тұқымдасқа: бұршақтар, жиделер, сарғалдактар, түйетабандар, көкнәрлер, алабұталар, тарандар, сүттігендер, т.б. тұқымдастарға жатады.

1997 жылы "Экология лекарственных растений" деген атпен Кызылорда қаласында шықкан кітапшада 21 тұқымдасқа жататын дәрілік өсімдіктердің 33 түрі сипатталған. Бастылары: бұршақтар, түйетабандар, тарандар, көкнәрлер, күрделі гүлділер, т.б. тұқымдастар. Мұнан баска Қызылорда флорасында дәрілік мәдени өсімдіктер түрі — 28. Олардың ішінде: арпа, сұлы, қант қызылшасы, шырғанақ, асқабақ, итмұрын, жүгері, сарымсақ, жуа, картоп, капуста, т.б. бар [3].

Жануарлар әлемі негізінен дала және суда жүзетін құстармен (қаз, үйрек, балшықшы), шөл құстарымен (шұбар), тұяқты (ақ бөкен) , жыртқыш (түлкі-қарсақ, қасқыр және т.б.) аңдармен, әртүрлі кеміргіштермен, бауырымен жорғалаушылармен ерекшеленеді.

Бұл аймақта сексеуіл шұбарторғайы, даланың бозторғайы, кекілік және шөл қарғалары, қамысты жерлерді оқпақ, көкқұтан, ал ыза тепкен шалғындарда сауысқан тектес балықшы қызғыш, шағала, балығы бар суларда қарабай, бірқазан, ал шалшық айдындарда ұзын сирақ тырна, жыртқыш құстардан бүркіт, дала қыраны қарақұс, дала ителгісі, дала және жай бөктергі, қара лашын (кезқұйрық), сұңқартұйғын, күшіген, шөл далада кесіртке, жылан, қарақұрт, бүйі, бұзаубас сиякты бауырымен жорғалайтын жәндіктер кездеседі. Бекіре тектес күретұмсық, тыран, сазан, тісті, қаяз, ақбалық, шип, шәмейке, жайын, алабұға, шортан және баска да балықтардың кәсіпшілік маңызы зор болатын .

    1. Облыстың әкімшілік және әлеуметтік жағдайы

Облыс экономикасында күріш шаруашылығы негізгі рөл атқарды. Облыс халкының, әсіресе ауыл тұрғындарының негізгі тамақ өнімдеріне жататын, күріштің тұтыну стандарты республика бойынша жан басына есептегенде бір жылға 8 кг-нан келсе, облыс тұрғындарының бұл өнімді тұтыну көлемі 13 кг-ға жетеді. Республика бойынша өндірілетін күріштің 80%-ы Қызылорда облысында өндіріледі.

Ауыл шаруашылығы облыс экономикасының жетекші саласына айналды. Оның ішінде егін шаруашлығы – Сыр маржаны атанған күріштің үлесі көп. Жалпы күріш егістігі 60 мың гектарға дейін қысқарып, суды аз қажет ететін жүгері, картоп пен көкөніс, жеміс-жидек, май өндіретін және мал азықтық дақылдар егуге қолға алуда. Қызылорда «Арнайы экономикалық аймағын» дамыту бағдарламасы бойынша аймақты жедел өркендету бағытындағы шұғыл шаралар жасалды. «Қызылорда арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 8 қазандағы №3123 Жарлығымен Қызылорда қаласына «Арнайы экономикалық аймақ» мәртебесінің берілуі мұндағы өнеркәсіп қуатының жандануына үлкен ықпалын тигізді. Ұзақ уақыт бойы тоқтап қалған көптеген кәсіпорындар өз жұмыстарын қайта жалғастырды. Жұмыс орныдарына 500 адам қайта орналасты. Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық жағдайы нығая түсті. Яғни, нақты айтқанда Қызылорда «Арнайы экономикалық аймақ» Әкімшілік кеңесінің күшімен қала экономикасын басқару тәсілдеріне өзгерістер енгізілді. Түрлі меншік түрлеріне жағдайлар жасалынды, өзара еңбек бәсекелестігін жетілдіру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жаңа мүмкіндіктерін ашу және жаңа өнеркәсіп орындарын құру қарастырылды. Мемлекеттің аймақтағы жекешелендіру мәселесі ұлттық бағдарлаға сәйкес Қызылорда облысында 1991 жылдан бері қаладағы жекешелендіруге жататын 428 обьектінің 414-і жекешелендірілді. Күріш дақылы облыстың Аралдан басқа барлық аудандарында өсіріледі. Ең жоғары астық түсімі Сырдария (1 га-дан 39,7 ц), Қармақшы (37,7) және Шиелі (36,4) аудандарында алынған. Облыс халқының күріш өніміне қажеттілігі жылына 13,1 мың тоннаны құрайды. Облыста 5 күріш зауыты мен 193 күріш өңдеу цехтары, кәсіпорындары бар. Жалпы, облыста өндірілетін негізгі дақыл – күрішті дүниежүзілік стандартқа сәйкес өндеп шығаратын өңдеу орындары жеткілікті.

Облыста нан және макарон өнімдерін шығаратын кішігірім 38 және "Береке нан" АҚ бар. Қазіргі кезде облыста дәнді дакылдарды сақтау және қайта өндеуден 2 элеватор, 8 астық, қабылдау пункттері айналысады. Олардың жалпы сыйымдылығы 572,1 мың т-ны құрайды

Сурет 1. Қызылорда облысының әкімшілік картасы

Сурет 2. Қызылорда облысының өнеркәсіптік картасы

    1. Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы

Қызылорда облысының жалпы жер қоры 24899,6 мың гектар болса, оның 12947,9 мың гектары ауылшаруашылығы құрамында. Оның 1,1%-ы егістік, 0,9 %-ы - шабындық, 96,8 %-ы жайылымдық жерлер. Облыс үшін су алудың жылдық лимиті 10,2 текше шақырымды, су тапшы жылдары 8,66 шақырымдай мөлшерді құрайды [4].

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімі облыс бойынша 2010 жылы 17,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 103,9 %-ға артты. Егіс көлемі облыс бойынша 153,7 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылдығы дақылдары орналастырылады. Оның 84,9 мың гектары дәнді дақылдар осының ішінде күріш егісінің үлесі 73,2 мың гектар болып отыр. Соңғы жылдары облыста сорт жаңалау, сорт алмастыру жүйесі қалыптасып келеді. Облыс бойынша 2-бастапқы (бірегей), 3-элита, және 7-І-ІІІ- репродукциялы тұқым өндіретін тұқым шаруашылықтар жұмыс істейді. 2007 жылы тұқым шаруашылықтарын қолдауға 22,1 млн теңге субсидия бөлініп, оның 18,2 млн. теңгесі игерілді, қалған сомасы жоспар бойынша желтоқсан айында игерілді.

Өткен жылы өндіріске «Арал 202» жаңа сорты берілсе биылғы жылы облыста қолдануға рұқсат етілген сорттар қатарына «Мадина», «Лиман» және «Ару» сорттары ендіріліп, биылғы жылы «Түгіскен-1» сорты келешегі бар сорттар тізбесіне ендірілді. Минералдық тыңайтқыш облыс ауыл шаруашылы тауарын өндірушілер 2010 жылы барлығы 51458 тонна азотты және 8723 тонна фосфорлы минералдық тыңайтқыш пайдаланса, соның 25125 тонна азотты және 614 тонна фосфорлы минералдық тыңайтқышы арзандатылған бағамен алынды. Минералдық тыңайтқыш бағасын арзандатуға бөлінген субсидия толығымен игерілді.

Ал, биылғы жылғы қажеттілік 35,9 мың тонна азотты және 8,9 мың тонна фосфорлы және 250 тонна калий тыңайтқышы пайдаланылды.

Сырдария өзенінің төменгі аймағы (Қызылорда облысының шекарасында) 218,4 мың га жерді алып жатыр. Облыстың шекарасында жеті әкімшілік орналасқан: Арал, Жалағаш, Сырдария, Қармақшы, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған (2-кесте).