Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Төлегенова Ш.М дипломдық жұмыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.81 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

ТӨЛЕГЕНОВА Ш.М.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

«5В060900-География» мамандығы

Алматы, 2015

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

«Қорғауға жіберілді»

­­­­­­­­« ____ » ___________

География, жерге орналастыру

және кадастр кафедрасының

меңгерушісі __________ г.ғ.д., проф. Нүсіпова Г.Н.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ СЫРДАРИЯ АУДАНЫ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМУЫНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ»

5В060900-«География» мамандығы

Орындаған ________________________ Төлегенова Ш.М

Ғылыми жетекші

г.ғ.к., доцент ________________________ Ақашева Ә.С.

Нормобақылаушы

г.ғ.к., доцент ________________________ Сағымбай Ө.Ж.

Алматы, 2015

«Бекітемін»

География, жерге орналастыру және

кадастр кафедрасының меңгерушісі

______________г.ғ.д., проф. Нүсіпова Г.Н.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының «5B060900-География» мамандығының 4 курс студенті Төлегенова Шаттық Мықтыбайқызының «Қызылорда облысы Сырдария ауданы күріш шаруашылығы дамуына экономикалық-географиялық талдау» атты дипломдық жұмысын орындауға

Тапсырма

Тапсырманың мазмұны

Орындау мерзімі

Орындағаны туралы белгілер

1

Тақырыптың анықталуы және бекітілуі

2014 қазан

2

Жұмыстың құрылымын жасау

2014 желтоқсан

3

Тақырып бойынша ақпарат жинастыру,өндірістік тәжірибе кезіндегі мәліметтердің жинақталуы

16.02 – 30.04.2015

4

Кіріспе

03.03 – 04.03.2015

5

1 бөлім

15.03 – 24.03.2015

6

2 бөлім

05.04 – 10.04.2015

7

3бөлім

12.04 – 26.04.2015

8

Қорытынды

02.05 – 05.05.2015

9

Пайдаланылған әдебиеттер тізімін және сызбалық мәліметтерді даярлау

10.05 – 16.05.2015

10

Қосымшаларды дайындау

18.05 – 26.05.2015

11

Презентация мен баяндама дайындау

27.05 – 01.06.2015

12

Диплом алды қоғау

24.04.2015

13

Дипломдық жұмыстың қорғалуы

02.06.2015

Тапсырманы алған Төлегенова Ш.М.

Ғылыми жетекші г.ғ.к., доцент Ақашева Ә.С.

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Қызылорда облысы Сырдария ауданы күріш шаруашылығы дамуына экономикалық-географиялық талдау».

Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындылар мен ұсыныстардан, пайдаланылған әдебиет тізімінен, 20 - кестеден, 4 - суреттен, барлығы 75 беттен тұрады.

Негізгі зерттелу аймағы – Қызылорда облысы Сырдария ауданы.

Кіріспеде тақырыптың жалпы сипаттамасы, оның зерттелу дәрежесі көрсетіліп, мақсат пен міндеттер тұжырымдалған, зерттеудің объектілері мен әдістері айқындалып, зерттеудің ғылыми жаңалығы берілген, мақұлдануы мен зерттеу нәтижесінің жүзеге асырылуы жайлы мәліметтер келтірілген.

Бірінші тарауда жаһандық экономиканың даму барысында ауыл шаруашылық саласында саласында нарықтық экономикалық категория ретінде өнім өндірісі тиімділігінің түсінігі мен мәнінің теориялық мазмұны анықталды және жүйеленді.

Екінші тарауда ауыл шаруашылық күріш компанияларының өндіріс тиімділігін бағалау және оны арттыру жолдарына талдау жүргізілді, күріш өндірісін тиімді жүргізу, өндірістік ресурстарды толық пайдалану және күріш өндірісінің рентабельділігін көтеру мақсатында әр түрлі шараларды іске асыру жолдары анықталды. Сондай–ақ, күріш егістігіндегі өнімді өндірудің рентабельділігін көтеру факторлары көрсетіліп, жіктеледі.

«Шаруашылықты жүргізудің өндірістік түрлері жағдайында күріш өндірудің рентабельділігін арттырудың мәселелері мен жолдары» атты үшінші тарауда күріш шаруашылығын дамытудың мәселелері зерттеліп, өндіріс өлшемдері мен тиімділік факторлары бағаланады. Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру жағдайында күріштің ерекшеліктері көрсетіледі. Жұмыс соңында негізгі қорытындылар мен ұсыныстар баяндалады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысының басты мақсаты нарықтық экономиканың талабына сәйкес өндіріс тиімділігі категориясының экономикалық мазмұнын зерттеп, Сырдария ауданындағы күріш және күріш ауыспалы егістігінде өндірілетін өнімдердің өндірісінің экономикалық тиімділігін жоғарылату жөнінде ұсыныстар жасау. Осы мақсатқа байланысты мынадай міндеттер қойылды:

  • нарықтық категория ретінде өндірістің тиімділік түсінігі мен мағынасын анықтау;

  • Сырдария ауданы бойынша күріш шаруашылықтардың өндіріс тиімділігін көтеру жөніндегі шаралар жүйесін жасап, дәлелдеу;

  • өндірісті рентабельді жүргізу тұрғысынан қарағанда Аудан күріш өсіретін құрылымдарында өндірістің қолайлы мөлшерлерін анықтау;

  • Сырдария ауданы бойынша шаруашылық жүргізудің түрлерін белгілеп, рентабельді кеңейту жолдарын анықтап бағалау және жіктеу;

  • әр түрлі меншік формалары мен шаруашылық жүргізуші ауыл шаруашылық құрылымдарының экономикалық механизмінің үдемелі дамуын қамтамасыз ету.

Зерттеу объектілері ретінде аудан бойынша құрылған нарықтық типтес шаруашылықтар: өндірістік, ауыл шаруашылық, кооперативтер, акционерлік қоғамдар, шаруа серіктестіктері, шаруа қожалықтары алынды.

Түйінді сөздер:

Күріш сорттары;

  • Рентабельділік;

  • Өзіндік құн;

  • Кәсіпорын.