- •Тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің функциональдық анатомиясы және дамуы. Даму ақаулары.
- •1. Тыныс алу мүшелерінің дамуы.
- •Тыныс алу жүйесінің жалпы құрылысы.
- •3. Мұрын қуысы
- •Төменгі мұрын жолдары:
- •5. Өкпе, өкпе құрылысының қысқаша схемасы, оң өкпенің сол өкпеден айырмашалығы, қызметі.
- •Плевра: құрылысы, бөлімдері.
Төменгі мұрын жолдары:
Көмейдің қызметтері:
Дем алу қызметі-ауаны жұтқыншақтың ауыз бөлігінен кеңірдекке өткізу.
Қорғаныш қызметі:
Лимфа ұлпаларының болуы.
Төменгі тыныс жолдарының бөтен денелерден қорғанышы (ларингоспазм).
Көмейдің сфинктерлері:
көмейге кіру, өту.
кіреберіс қатпары деңгейіндегі сфинктер.
дауыс жалғамаларынан пайда болған сфинктер.
Екі соңғы сфинктер көмей ішкі сфинктерлері болып саналады, және барлығы бөтен денелерге механикалық кедергі болып саналады.
Дауыс шығару-фонация.
Сөйлеу қызметі-дауыс шығару қызметімен тығыз байланысты.
Көмейдің құрылысы:
Көмейді тірек-қимыл аппаратымен салыстыруға болады, оның құрамында барлық негізгі элементтер: скелет, буын, жалғама, бұлқықеттер бар көмейдің скелеті шеміршектерден тұрады. Шеміршектері жұп және тақ болып бөлінеді.
І. Тақ шеміршектер:
білезік пішіндес-cartilago cricoidea
қалқанша - cartilago thyroidea
балғашық- cartilago epiglottis
ІІ. Жұп шеміршектер:
ожау тәрізді- cartilago arytenoidea
мүйіз тәрізді cartilago cornuculata
сына тәрізді cartilago cuneiforme
«Көмейдің шеміршекті негізі» 16 жасқа дейін, кейін шеміршек сүйектенеді. Көмейдің буындары көмей шеміршектерінің қосылуынан пайда болған, екі буын бар.
білезік-қалқанша буыны-art. cricothyroidea
білезік-ожау тәрізді буыны-art. cricoarytenoidea
Көмейдің жалғамалары:
Орталық-қалқанша тіл астылық жалғама-lig. thyrohyoideus medianum
Бүйір қалқанша тіл астылық жалғама- lig. thyrohyoidea lateralia
Осы үш жалғама қалқанша тіл асты мембранасында-membrana thyrohyoidea орналасқан.
Тіл астылық балғашық жалғама- lig. hyoepiglotticum
Қалқанша балғашық жалғама-lig. thyroepiglotticum
Білезік қалқанша жалғама-lig. cricothyroideum
Білезік шеміршегі мен кеңірдектің бірінші сақина аралығында-lig. cricotracheale
Көмейдің бұлшықеттері:
Көмейдің барлық бұлшықеттері көлденең-жолақты. Олар өздеренің қызметіне байланысты үш топқа бөлінеді.
І. Констриктор бұлшықеттері-көмейдің дауыс саңылауын тарылтушы.
Бүйір білезік-ожау бұлшықеті, m. cricoarytenoideus lateralis, білезік шемірщегі доғасынан ожау тәрізді шеміршектің бұлшықет өсіндісіне тартылып, дауыс жалғамаларын жақындатып, саңылауын тарылтады.
Қалқанша-ожау бұлшықеті, m. thyroarytenoideus -қалқанша шеміршектің ішкі беткейінен ожау тәрізді шеміршектің ішкі беткейінен ожау тәрізді шеміршектің бұлшықет өсіндісіне тартылып, көмейді дауыс жалғамасынан жоғары тарылтады.
m. arytenoideus transversus–ожау тәрізді шеміршектің артқы ішкі беткейінен бір жағынан, қарама-қарсы жағынан аталған беткейден жүріп, дауыс саңылауының артқы бөлігін тарылтады.
m. arytenoideus obliguus, көлденең бұлшықеттің бетінде жатады, жиырылып көмейге өтісті және кіреберісті тарылтады.
ІІ. Дилятатор бұлшықеттер-дауыс саңылауын кеңейтуші.
m cricoarytenoideus posterior-артқы білезік –ожау бұлшықеті. Білезік шеміршегінен ожау тәрізді шеміршектің бұлшықет өсіндісіне тартылып, дауыс саңылауын кеңейтеді.
m. thyroepiglotticus-қалқанша балғашық бұлшықеті, қалқанша шеміршегінің ішкі беткейінен балғашыққа өтіп, жиырылып-көмейге жиырылып, көмейге өтісті және кіреберісті кеңейтеді.
ІІІ. Дауыс жалғамасы кернеуін өзгертуші бұлшықеттер:
m cricothyroideus-білезік қалқанша бұлшықеті-білезік шеміршегі доғасынан қалқанща пластинка мен оның төменгі мүйізіне тартылып, дауы жалғамаларын қатайтады.
m vocails-қалқанша шеміршегі бұрышынан дауыс жалғамасы мен дауыс өсіндісінің латеральді беткейіне өтіп, дауыс жалғамаларын босаңсытады.
ІҮ. Дауыс саңылауы.
Оң және сол дауыс қатпарлары дауыс саңылауын шекаралайды.
Алдыңғы бөлігі- жарғақ аралық бөлік.
Артқы-шеміршек аралық.
Сурет №3
Кеңейтушілер:
1. m cricoarytenoideus posterior
2. m. thyroepiglotticus
Тарылтушылар:
1. m. cricoarytenoideus lateralis,
2. m. thyroarytenoideus
3. m. arytenoideus transversus
4. m. arytenoideus obliguus
Сурет №4
Көмейдің бұлшықеттері:
П-Ч-Б- дауыс саңылауын тарылтушы
Щ-Ч сыртқы- дауыс саңылауын тарылтушы
Ч көлд.- дауыс саңылауын тарылтушы
Ч қиғаш-көмейге өтісі тарылту
П-Чартқы-дауыс саңылауын кеңейтуші
Щ-Н-көмейге өтісті кеңейту
П-Щ-дауыс жалғамасын қатайту
Щ-Чішкі-дауыс жалғамаларын босаңсыту
Сурет №5
Есте сақтау схемасы
№ |
Констрикторлар |
Дилятаторлар |
Дауыс жалғамасын өзгертушілер |
1. |
П-Ч |
П-Ч-артқы |
П-Щ |
2. |
Щ-Ч сыртқы |
Щ-Н |
Щ-Ч ішкі |
3. |
Ч көлд. |
|
|
4. |
Ч қиғаш. |
|
|
Дауыстың пайда болу механизмі
Көмей-духовой және струнный инструменттерді өзіне біріктіретін тамаша мүше.
Сурет №7
Дауыс дем шығарғанда қалыптасады. Ол кезде дем шығару ұзын 5-8 рет дем алғанға қарағанда.
Дем алу қысқа және терең. Дауыс сипатталады:
Күші дауыс жалғамаларының кернеуіне байланысты.
Дауыс тембрі-индивидуальді, әрбір кісіге меншікті. Ол көмей мен дауыс жалғамаларының размерімен, бұлшықеттің күшімен, жалғамалардың бірігу сипатымен, сөйлеу, меншікті білімдерімен анықталады.
Тембр резонаторларға байланысты. Резонаторлардың түрлері:
Жоғарғы резонаторлар (көмей қарыншалары, балғашық үсті кеңістігі, жұтқыншақ қуысы, мұрын және ауыз қуысы).
Төменгі резонаторлар (бронхылар мен өкпе).
Сөйлеу аппаратының құрамы:
жоғарғы және төменгі резонаторлар.
көмей.
тіл.
тістер (біркелкіұзындығы, олардың аралығында кеңістік).
төменгі жақ (қысқа, жалпақ таға пішіндес тіс доғасы).
жұмсақ таңдай жоғары күмбезімен
тіл (жоғарғы және төменгі еріндерді қимылға келтіретін бұлшықеттер).
Дауыстың пайда болу механизмі әлі де дискуссия пәні болып саналады. 1950 жылы француз физигі ЮССОН дауыстың пайда болу механизмінің нейрохронаксикалық теориясын ұсынған.
Кеңірдек -ол түтікше мүше, ауаны көмейден бронхыларға өткізу, ұзындығы 10-12 см., диаметрі 22 мм. Екі бөліктен тұрады:
Мойын бөлігі-4,5-5,5 см;
Кеуде бөлігі-6-7 см.
Нәрестенің кеңірдегінің формасы-5 жасқа дейін цилиндр пішіндес, 5 жастан –коникалық. Ол 6 мойын омыртқасы дейгейінде басталып, 5-ші кеуде омыртқасы деңгейінде 2 негізгі бронхыға бөлінеді. Бөліну жерін бифуркация деп атайды. Бронхылардың аралығындағыбұрыш-67 градус.
Кеңірдек негізін 18-20 шеміршекті жартылай сақиналар құрайды, олар артынан дәнекер ұлпамен бірігеді. Ұлпа кеңірдектің ¼-ін құрайды. Дәнекер ұлпалы мембрананың құрамында бұлшықеттік пластинка орналасқан. Ол жиырылып кеңірдек қуысын кішірейтеді.
Жөтелу рефлексі-Кеңірдекке бөгде дене түскен кезде, оның қуысы тарылады. Сол кезде жылдам түрде дем шығарылады және дем шығарған ауа қысымы ұлғаяды, бөгде денені көмейге немесе жұтқыншаққа әкетіп, кеңірдектің кілегейлі қабығы көптеген бездері бар кірпікшелі эпителимен жабылған.
Кілегейлі қабығында сіңірілу мүмкіншілігі-бар. Кеңірдек қабырғасымен, оның эпителиіне байланысты, сілекей көмейге спиральді түрде қозғалады. Бұл қозғалыс дем алғанда баяулайды және дем шығарғанда жылдамдайды.
Жөтелді «өкпенің күзеткіш иті» деп атайды.
Бронхиальды ағаш:
Бронхылар-кеңірдек 2 негізгі бронхыға бөлінеді, оны І реттік деп атайды. Оң бронх-ұзындығы 3 см, ені-20мм, 6-8 шеміршектік жартылай сақинадан тұрады;
Сол бронх-ұзындығы 4-5 см, ені-14мм, 9-12 шекміршектік жартылай сақинадан тұрады;
Оң –ортаңғы сызықтан 25 градус, сол 40-42 градус.
Бронхиальды ағаш – бронхылар дихотомия түрінде бөлінеді.
Негізгі бронхылар-І реттік бронхылар
Бөліктік бронхылар-ІІ реттік бронхылар
Сегментарлық бронхылар-ІІІ реттік бронхылар
Субсегментарлық бронхылар-ІҮ-ХІІ реттік бронхылар
Бөлшектік бронхылар-ХІҮ-ХҮІІ реттік бронхылар
Терминальды бронхиолалар, соңғы-ХІХ реттік, олардың саны екі өкпеде 20 000 жуық.
Альвеолярлық ағаш.
Деамалатын, респираторлық бронхиолалар-ХХ реттік бронхылар
Альвеола жолдары- ХХІ реттік бронхылар
Альвеола қапшықтары- ХХІІ реттік бронхылар
Альвеолалар- ХХІІІ реттік бронхылар
Бронхылар дем алғанда ауаны өткізеді, әрбір реттік бронхылар, негізгі бронхылардан басталып, теминальды бронхиолалармен аяқталып бронхиальды ағашты құрайды.
Демалатын бронхиолалар, альвеола жолдары, қапшықтары және альвеолалар альвеолярлық ағашты өкпе ацинусы-құрылымдық-функциональдық бірлігін құрайды.
Альвеолярлық ағашта ауа мен қанның арасында газ алмасу жүреді. Альвеолярлық ағашты өкпенің құрылымдық- функциональдық бірлігі деп атайды. Өкпеде ацинустар 15 000, альвеола 300-350 млн, альвеолалардың дем алу беткейінің көлемі 80 м/2. Альвеоланың ішінде сурфактант бар. Ол өкпенің беткей-белсенді заты, белок-липид комплексі, бұл зат альвеола қабырғасының бекітуіне (қабысуына) кедергі жасайды. Сурфактант ателектазға қарсы және ісікке қарсы эффект жасайды. Егер сурфактант зақымданса-өкпе ісігі пайда болады.
