Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дых. сист..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
99.33 Кб
Скачать

ДӘРІС №13

Тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің функциональдық анатомиясы және дамуы. Даму ақаулары.

Жоспары:

  1. Тыныс алу мүшелерінің дамуы.

  2. Тыныс алу жүйесінің жалпы құрылысы.

  3. Жоғарғы тыныс жолдары:

    • Сыртқы мұрын, құрылысы.

    • Мұрын қуысы, қызметі.

  4. Төменгі тыныс жолдары:

    • Көмей, құрылысы, қызметі.

    • Бронхиальді ағаш.

    • Альвеолярлық ағаш.

  5. Өкпе, өкпе құрылысының қысқаша схемасы, сол өкпенің оңнан айырмашылығы.

  6. Плевра, құрылысы, бөлімдері, шекаралары.

  7. Көкірек, бөлімдері.

1. Тыныс алу мүшелерінің дамуы.

Тыныс алу мүшелері эмбринальдық дамудың 3-ші аптасының аяғында қалыптасады, алдыңғы шектің вентральды қабырғасында бүртік пішіндес. Бұл қуысты бүртік өзінің құйрықты шетінде екі бөлікке, болашақ екі өкпеге сәйкес бөлінеді.

Сурет №1

4-ші аптада оң бүртікте 3 қапшық, оң өкпенің 3 бөлігіне сәйкес, сол бұртікті-2 қапшық (сол өкпенің екі бөлігі) пайда болады. Қапшықтың мезонхимасынан дәнекер ұлпалы негіз, бронхылар және бұлшықеттер пайда болады. Алғашқы шектің энтодермасынан төменгі тыныс жолдарының бездері дамиды.

Бөліктік бронхылар 5-ші аптада, кеңірдектің шеміршектері мен бұлшқыеттері 8-9 аптада екінші және үшінші желбезек доғаларынан дамиды.

Бронхиальды ағаш 2-4 айда, альвеолярлық жолдар мен қапшықтар 6 айдан 9 ай аралығында дамиды. Осыдан газ алмасу мүмкіндігі мен тіршілік ету мүмкіндігі (тек 7-9 ай).

  1. Тыныс алу жүйесінің жалпы құрылысы.

Тыныс алу жүйесі тыныс алу жолдарынан және жұп тыныс алу мүшесінен-өкпеден тұрады.

  • Жоғарғы –мұрын қуысы, жұтқыншақтың мұрын, ауыз бөліктері.

  • Төменгі-көмей, кеңірдек, бронхылар және альвеолярлық ағаш

Тыныс алу жолдарының қызметі-ауаны өкпеге өткізу және өкпеден.

3. Мұрын қуысы

Мұрын қуысы- cavum nasi мұрын аралығымен екі бөлікке бөлінген, сонымен қатар мұрын қуысын мұрынға кіреберіске vestibulum nasi және меншікті мұрын қуысына cavum nasi бөлуге болады.

Мұрын қуысы алдынан танаумен ашылады, артынан хоаналар арқылы жұтқыншақтың мұрын бөлігімен байланысады. Мұрын қуысының әрбір бөлігенде төменгі, ортаңғы, жоғарғы мұрын қаңқаларының көмегімен жоғарғы, ортаңғы, төменгі мұрын өтістері қалыптасады.

Әрбір мұрын өтісіне мұрын маңы қойнаулары мен бас сүйегі өзектері ашылады.

  1. Төменгі мұрын өтісіне-мұрын жас өзегі.

  2. Ортаңғыға-жоғарғы жақ, маңдай қойнаулары, торлы сүйектің алдыңғы және ортаңғы ұяшықтары.

  3. Жоғарғыға-сына тәрізді сүйектің қойнауы, торлы сүйектің артқы ұяшықтары.

Төменгі мұрын өтісі өмірдің 3-ші айында, жоғарғы 2-ші айында қызмет атқарады.

Тыныс алу ортаңғы мұрын өтісі арқылы жүреді.

Мұрын қуысын екі аймаққа бөлуге болады:

  1. Иіс сезу аймағы-жоғарғы мұрын өтісі.

  2. Тыныс алу аймағы-ортаңғы және төменгі мұрын өтістері.

Дем алғанда ауа жоғарғы мұрын өтісі арқылы, дем шығару төменгі мұрын өтісі арқылы жүреді. Сондықтан біз иісті дем алғанда сеземіз.

Мұрын қуысының қызметтері:

  1. Дем алу қызметі-ауаны өткізу (дем алу жоғарғы мұрын өтісі, дем шығару төменгі мұрын өтісі арқылы).

  2. Қорғаныш: екі пунктен тұрады.

    • Ауаны тазарту-мұрынның кіреберіс талшықтары ауаны фильтрден өткізіп, ірі шаң тозаңдарды (50 мкм) ұстап қалады.

    • Залалсыздандыру-бокал тәрізді клеткалар бөлетін сулы секреттің бактерициттік қасиеті бар.

  3. Кондиционерлік:

    • Ауаны жылыту және суыту 36-37 градусқа дейін ( суық ауаны 40 градусқа жылытады. +50 градус ыстық ауаны суытады). Керемет мүмкіншілігі секундына ауа температурасын 40-70 градусқа өзгерту.

    • Ауаны ылғалдату, сулы секреттің әсерінен ауа ылғалдайды. Тәуліген ылғалдатуға 500 мл-1 л. Сұйықтық кетеді.

    • Ылғалдану көтеріледі 95% -ке дейін.

  4. Мимикалық, ымдау қызметі-ымдауға қатысады.

  5. Косметикалық қызметі-мұрын пішіні және мұрын қанатының пішіні.

  6. Резонаторлық қызмет-мұрын қуысы мен мұрын маңы қойнаулары резонатор тәріздес, олардың шығып қалуынан дауыс сүйкімсіз, қарлығып шығады.

  7. Иіс сезу қызметі.

Мұрын маңы қойнауларының қызметтері:

  1. Резонаторлық-жоғары қара.

  2. Ауаны кондиционерлеуге қатысу (жылытады, ылғалдатады).

  3. Термоизоляторлық, қойнауларда ауа бар, ауа жылуды өткізбейді. Сондықтан қойнаулар сыртқы ортадағы температураны бір қалыпты ұстап тұрады.

  4. Бас сүйегі салмағын жеңілдету.

  5. Қорғаныш, мидың шайқалуына кедергі жасайды, механикалық толқындар мен үйкелістерді сөндіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]