- •Тақырыбы: Бас сүйегінің дамуы. Жас шамалық, жыныстық және типтік құрылыс ерекшеліктері, даму ақаулары. Ми сауыты және бет сүйектері. Бас сүйегін оқудағы нәсіл теориясының сыны.
- •Бас сүйегінің сүйектері. Ми сауыты және бет сүйектері.
- •2. Бас сүйегінің дамуы.
- •Бас сүйегінің құрылыс ерекшеліктері:
- •Нәсілдік теория.
- •Бас сүйегінің даму ақаулары.
- •Дабыл қуысы қабырғалары және отиттің асқынулары.
- •Самай сүйегінің өзектері.
- •Қанат-таңдай шұңқыры.
- •Төрт қабырғасы:
- •Мұрын қуысы
Самай сүйегінің өзектері.
Бет өзегінің (canalis facialis) құрамы ымдау бұлшықеттерін нервтендіретін бет нерві. Өзектің жолы: Ішкі есту жолының түбінен басталып, горизонтальді, латеральді және алға жүріп, үлкен тастық нерв өзегінің саңылауына жетіп, бұрылып тізе түзеді. Кейін горизонтальді, латеральді және артқа бағытталады. Пирамидальді көтеріңкіге жетіп, төмен түседі, біз-еміздікше тесігімен аяқталады.
Ұйқы өзегі, canalis caroticus. Самай сүйегінің төменгі беткейіндегі сыртқы тесігімен басталады. Жоғары жүріп, 90 градусқа бұрылады. Кейін горизонтальді, медиальді және алға қарай жүреді де ішкі тесікпен аяқталады. Құрамы ішкі ұйқы артериясы.
Бұлшықет-түтік өзегі, canalis musculotubarius. Ұйқы өзегінен латеральді орналасып, екі бөліктен тұрады:
semicanalis tubae auditivae, өзектің 2/3 бөлігін алады, дабыл қуысын жұтқыншақтың мұрын бөлігімен байланыстырады, дабыл жарғағының екі жағындағы қысымды теңестіреді.
semicanalis m. tensoris tympani, өзектің 1/3 бөлігін алады. Құрамы: дабыл жарғағын қатайтушы бұлшықет.
Дабыл шектерінің өзекшесі, canaliculi chordae tympani. Бет өзегінде, біз-еміздікше тесіктен бірнеше мм жоғары басталып, алға жүріп, дабыл қуысының артқы қабырғасынан өтіп, тастық-дабыл саңылауынан аяқталады. Құрамы: тілдің дәм сезуін анықтайтын дабыл шегі.
Дабыл өзекшесі, canaliculi tympanici. Құрамы: дабыл нерві кейін кіші тастық нервісене жалғасады. Самай сүйегінің тастық бөлігінің төменгі беткейінен тастық шұңқырынан басталып, жоғары көтеріледі. Кейін дабыл қуысының төменгі беткейіне өтіп, дабыл қуысының медиальды қабырғасы бойы жүріп, мүйіс саласында жатады. Содан соң дабыл қуысының жоғарғы қабырғасынан өтіп, кіші тастық нервтің саңылауында аяқталады.
Еміздікше өзекшесі, canaliculus mastoideus. Мойындырықтық шұңқырдың артқы қабырғасынан өтіп, бет өзегін қиып өтеді де, дабыл-еміздікше саңылаудан өтеді.
Ұйқы-дабыл өзекшесі, canaliculi caroticotympanici. Ұйқы өзегінің төменгі бөлігінен басталып, дабыл қуысында аяқталады. Бұл өзекшелер арқылы ұйқы –дабыл артериялары өтеді.
Қанат-таңдай шұңқыры.
Қанат –таңдай шұңқыры, fossa pterygopalatina, оның шекаралары:
Алдыңғы қабырғасы-жоғарғы жақтың төмпесі.
Артқы қабырғасы-сына тәрізді сүйектің қанаттық өсінділерінің негізі.
Медиальді қабырғасы-таңдай сүйегінің перпендикулярлық табағы.
Латеральды қабырғасы-жоқ, сондықтан қанат-таңдай шұңқыры самай асты шұңқырымен байланысады.
Қанат –таңдай шұңқырының байланыстары:
Төменгі көз саңылауы арқылы-көз ұясымен.
Үлкен және кіші таңдай өзектері арқылы-ауыз қуысымен.
Дөңгелек тесік арқылы-ортаңғы бас шұңқырымен.
Қанаттық өзек арқылы- бас сүйегінің сыртқы негізімен, ол арқылы үлкен әне терең тастық нервтерідің қосылуынан түзілген қанаттық нерв өтеді..
Қанат-таңдай тесігі арқылы-мұрын қуысымен, ол арқылы артқы мұрын нератері өтеді.
Көзұя, orbita
