- •Тақырыбы: Бас сүйегінің дамуы. Жас шамалық, жыныстық және типтік құрылыс ерекшеліктері, даму ақаулары. Ми сауыты және бет сүйектері. Бас сүйегін оқудағы нәсіл теориясының сыны.
- •Бас сүйегінің сүйектері. Ми сауыты және бет сүйектері.
- •2. Бас сүйегінің дамуы.
- •Бас сүйегінің құрылыс ерекшеліктері:
- •Нәсілдік теория.
- •Бас сүйегінің даму ақаулары.
- •Дабыл қуысы қабырғалары және отиттің асқынулары.
- •Самай сүйегінің өзектері.
- •Қанат-таңдай шұңқыры.
- •Төрт қабырғасы:
- •Мұрын қуысы
Нәсілдік теория.
Бас сүйегінің абиологиялық теориясы.
Кейбір нәсілшіл ғалымдар бір нәсілдің бас сүйегінің сыртқы көрсеткіштері бойынша екінші нәсілден артықшылығын көрсеткен. Олар адамның интеллектуальді қабілеттілігі ми сауытының размері мен мидың көлеміне тәуелді деп есептеген. Ең үлкен мидың көлемі шеттік Солтүстік халқында, ал ең кіші жапондықтарда. Осыдан қарауға болады, мидың басқалар сияқты мүше екенін. Басқа мүшелер сияқты миды да шынықтырыңыздар.
Ерлердің миының әйелдерден артықшылығы туралы теория.
Бұл теория кейбір ғалымдардың ерлердің миының әйелдерден артықшылығын көрсетеді. Әрине, ерлердің ми сауыты размері мен мидың көлемі үлкен, 20 % судың құрамының көптілігінен.
врач-психиатр Джузеппе-Ламбразоның теориясы.
Ол Италияның бір түрмесінде врач-психиатр болып жұмыс істеген. Ол адамның сыртқы әлбетіне қарап, олардың қылмысқа бейім екенін анықтаған. Ламбразо былай анықтаған; қас үсті доғаларының аса дамығаны, көздерінің терең орналасуы, жалпақ беттері, массивті төменгі жақтары және ұзын қолдары мен үлкен жұдырықтары бар адамдар қылмыс істеуге бейім деп куәләндіреді. Оған қарсы шыққан оппоненттері ондай адам қылмыс істеген жоқ десе, ол былай деп жауап берген «қазір істемесе, кейін істейді».
Бас сүйегінің даму ақаулары.
1. Ми сауытының даму бағдарламасы бұзылуынан анэнцефалия туады. Бұл ми сауыты мен мидың біріккен даму ақауы. Бұл ақаумен жиі Солтүстік Европаның, Белоруссияның және Оңтүстік-Батыстың қыздары ауырады. Ақаудың негізгі себептері экологиялық жағдайлар.
2. «Қасқыр таңдай»-қатты таңдайдың айырылуы (ыдырауы). Диагноз бала бірінші емгеннен кейін қойылады, танауынан сүт аққанда.
3. «Қоян ерін»-жоғарғы жақтың және жоғарғы еріннің жұмсақ ұлпасының айырылуы. Бұл ақау бір жақты, орталық және екі жақты болуы мүмкін.
4. «Микрогения»-шамадан тыс кішкентай төменгі жақ.
5. «Ми жарасы, немесе кірнесі» ми сауытының бір сүйегінің болмауынан туады. Мысалы: көз ұясы қабырғасының, маңдай сүйегінің қабыршағының болмауы.
Дабыл қуысы қабырғалары және отиттің асқынулары.
Дабыл қуысының алты қабырғасы бар:
Алдыңғы, ұйқы қабырғасы paries carotis-ол ұйқы өзегінен бөледі.
Жоғарғы, paries superior, tegmen tympani-дабыл қуысының төбесі.
Артқы, еміздікше қабырғасы, paries mastoidea-дабыл қуысын еміздікше өсіндінің қойнауларынан бөледі.
Төменгі, мойындырықтық қабырғасы, paries jugularis. Мойындырықтық шұңқырды ішкі мойындырықтық венадан бөледі.
Медиальді, лабиринттік қабырға, paries labyrintis- дабыл қуысын ішкі құлақтың лабиринті мен вестибулярлық аппараттан бөледі.
Латеральді, жарғақтық қабырға, paries membranacea- дабыл қуысын сыртқы есту жолынан бөледі.
Дабыл қуысына инфекция енген жағдайда іріңді қабыну болуы мүмкін, ірің қуыстың алты қабырғасының біреуін зақымдауы мүмкін. (Дабыл қуысының қабынуы-отит).
Отиттің асқынулары:
Дабыл қуысының жоғарғы қабырғасы зақымданса ірің ортаңғы ми шұңқырына, ал жоғарғы қабырғасы зақымданса ішкі ұйқы артериясының жолымен жоғары бас сүйегі қуысына немесе төмен мойынға ағуы мүмкін. Артқы қабырғасы зақымданған жағдайда еміздікше өсіндінің қойнауларының аралығы бұзылады. Бұл жағдайда Шипо үшбұрышы тұсында бас сүйегіне трепанация жасайды. Төменгі қабырғасы зақымданса ірің ішкі мойындырықтық вена жолымен төмен мойынға өтуі мүмкін. Егер медиальді қабырғасы бұзылса, онда вестибулярлық аппараттың тітіркену симптомы пайда болады (бас ауруы, бастың айналуы, құсу, жүрек айну). Дабыл қуысының латеральды қабырғасы зақымданса, дабыл жарғағында тесік немесе перфорация болады. Ірің сыртқы есту түтігіне өтіп, құлақ құлығымен араласып, алтын түстес болады. Сондықтан халықтар арасында «золотуха» ауруы деп тараған.
