Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Череп.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.31 Кб
Скачать

ДӘРІС №4

Тақырыбы: Бас сүйегінің дамуы. Жас шамалық, жыныстық және типтік құрылыс ерекшеліктері, даму ақаулары. Ми сауыты және бет сүйектері. Бас сүйегін оқудағы нәсіл теориясының сыны.

Жоспары:

  1. Бас сүйегінің сүйектері. Ми сауыты және бет сүйектері.

  2. Бас сүйегінің дамуы.

  3. Бас сүйегінің құрылыс ерешеліктері:

    • Индивидуальді ерекшеліктері.

    • Жыныстық ерекшеліктері.

    • Нәсілдік ерекшеліктері.

    • Жас шамалық ерекшеліктері.

  4. Нәсілдік теория.

  5. Даму ақаулары.

  1. Бас сүйегінің сүйектері. Ми сауыты және бет сүйектері.

Бас сүйегін екі бөлікке бөлуге болады:

  1. Ми сауыты.

  2. Бет сүйектері.

Ми сауыты сүйектеріне жатады:

  1. Маңдай сүйегі.

  2. Шүйде сұйегі

  3. Сына тәрізді сүйек.

  4. Екі төбе сүйегі.

  5. Торлы сүйек.

  6. Екі самай сүйегі.

Бет сүйектерінің құрамына:

  1. Таңдай сүйегі.

  2. Төменгі мұрын қалқаны.

  3. Мұын аралығының сүйекті негізі-

  4. Мұрын сүйектері.

  5. Жас сүйегі.

  6. Жақ немесе бет сүйегі.

  7. Жоғарғы жақ.

  8. Төменгі жақ.

Ми сауыты сүйектері өздері екіге бөлінеді:

  1. ми сауыты төбесі.

  2. ми сауыты негізі.

Ми сауыты төбесі сүйектеріне:

  • Маңдай сүйегінің қабыршақты бөлігі.

  • Екі төбе сүйектері.

  • Самай сүйегінің қабыршақты бөлігі.

  • Шүйде сүйегінің қабыршақты бөлігі.

Ми сауытының қалған сүйектері ми сауытының негізін құрайды.

2. Бас сүйегінің дамуы.

Бас сүйегінің әр бөлігі әр түрлі дамиды. Ми сауытының төбе бөлігі даму сатысында екі кезеңнен өтеді.

  • Дәнекер ұлпалы немесе жарғақты кезең.

  • Сүйекті кезең.

Ми сауыты төбесінің сүйектерінің сүйектенуі сүйектену нүктесінен басталады. Кейін сүйекті ұлпа сәулеленіп дәнкер ұлпаға таралады.

Ми сауыты негізінің сүйектері даму сатысында үш кезеңнен өтеді:

  • Жарғақтық кезең.

  • Шеміршекті кезең.

  • Сүйекті кезең.

Ми сауыты негізі сүйектері даму сатысында шеміршекті кезеңнен өтеді,ол негінің берік және массивті болуына әсер етеді. Ми сауыты негізінің үлкен беріктігінің қажеттілігі, себебі ол арқылы көптеген тамырлар мен нервтер және негізінде бірнеше тесіктер орналасқан. Соған орай, ми сауыты негізі сынған жағдайда тез арда өлуі мүмкін.

Ми сауыты негізі сынған жағдайда көз алмасының перифериясында «көз әйнек» симптомы пайда болады.

Бет сүйектерінің дамуы желбезек доғаларының қалдығынан және ұрығынан дамиды. Бет сүйектері даму сатысында екі кезеңнен дамиды; жарғақты және сүйекті өтеді.

  1. Бас сүйегінің құрылыс ерекшеліктері:

  • Бас сүйегінің индивидуальді ерекшелігі

Бас сүйегінің индивидуальді ерекшелігі әрбір адамның дамуына,тұрмыс жағдайына, мекен-жайына, ұлттық салт-дәстүріне байланысты. Мысалы, Африканың, Орталық және Оңтүстік Американың кейбір халықтарында бас сүйегін ұзынына тартып, бас сүйегіне «башня пішін» берген. Бас сүйегінің ұзындығын ұзарту мақсатымен нәрестелердің басын тақтайлардың арасына салып, бинтпен қатты қысып ораған, немесе тек қатты қысып ораған. Бас сүйегінің пішінін өзгертіп, көпшілік адамда жоқ қабілеттілікті (экстрасенсорлық қабелетті, көріпкелушілікті) адамға сыйлау деп есептелінген.

Бас сүйегінің пішінін жасанды түрде өзгертумен басқа, ол құрсақ ішкі дамуға және бас сүйегінің травма әсерінен жарақаттануына және белгілі бір ауруларға байланысты.

  • Бас сүйегінің жыныстық ерекшелігі.

Бас сүйегінің құрылыс ерекшеліктері, әйел бас сүйегінің ер бас сүйегінен мағыналы айырмашылықтары бар. Әйелдердің бас сүйегі көлемі бойынша кіші, және соған байланысты бас сауыты қойнауы мен ми көлемі кішкентай.

Бірақта, адамдардың интелектуальді қабілеттері бас сүйегінің көлеміне байланысты деген бұрынғы көзқарастар қате ұғымдар. Әйелдердің миы ерлердікіне қарағанда кішкентай, себебі, әйелдердің миында 20 % су аз, құрғақтау.

Әйелдердің бас сүйегінде бас сүйегінің төмпешіктері нашар дамыған, ол мускулатурасының нашар дамуына байланысты.

Әйелдердің бас сүйегі жеңіл және жіңішке. Сонымен қатар әйелдердің бас сүйегі әдемі және де симметриялы.

Ең соңғы және негізгі ерекшелігі бас сүйегі айналымының көлемі әйелдерде -1300 м/3, ерлерде-1450 м/3.

  • Бас сүйегінің нәсілдік ерекшеліктері.

Бас сүйегінің нәсілдік ерекшеліктерінде үш вариантты ажыратады:

    • долихоцефальды бас сүйегі*бас сүйегі тар, ұзын ұзына бойлық білік бойынша. Ол Европалық нәсілге тән.

    • Брахицефальды бас сүйегі-қысқа бас сүйегі, бірақ жалпақ, ол бет доғалары мен бет сүйектерінің кең орналасуына байланысты. Бұл түрі әсіресе монғол нәсіліне тән.

    • Мезоцефальды бас сүйегі-бірінші мен екіншінің арасында орталық орынды алады. Негізімен бұл түрге негр нәсілі жатады. Нәсілдердің бір-бірімен араласуынан қазіргі кезде орта түрін жиі кездестіруге болады.

  • Бас сүйегінің жас шамалық ерекшеліктері.

  1. Бірінші жас шамалық ерекшелікке бет сүйегі мен ми сауытының қарым-қатынасын алуға болады. Мысалы, нәрестелерде бұл қарым-қатынастық 1/8-ге тең, ал ересектерде ½-ге тең. Бұл қарым-қатынастың ерекшеліктері бас сүйегінің эмбриональдық дамуы мен одан кейінгі дамуына байланысты.

  2. Екінші негізгі ерекшелікке ұрық пен нәрестелердегі еңбектерді жатқызуға болады. Барлық еңбектерді екі топқа жіктейді:

    • Жұп еңбектер.

    • Тақ еңбектер.

Жұп еңбектер бас сүйегінің жан- жағында қос-қостан орналасады.

  1. Сына тәрізді еңбек. Ол маңдай, төбе, сына тәрізді және

самай сүйектерінің арасында орналасқан. Туғанға дейін 2-3 айда бітелуі керек.

  1. Еміздікше еңбек. Ол самай, төбе және шүйде сүйектерінің

арасында орналасқан. Ол да туғанға дейін 2-3 айда бітелуі керек.

Тақ еңбектер:

    • Кіші немесе шүйде еңбегі екі төбежәне шүйде

сүйектерінің арасында орналасқан. Туғаннан кейін 2-3 ай аралығында бітелуі керек.

    • Үлкен немесе алдыңғы маңдай еңбегі ромб пішіндес

маңдай және төбе сүйектерінің арасында орналасқан. Туғаннан кейін 2 жыл аралығыда бітелуі керек.

Еңбектердің маңызы:

    • Еңбектер бас сүйегінің бір-біріне еңбектеуіне

(жорғалауына) әсер етеді. Ол туу актысы кезінде бас сүйегінің көлемінің кішірейуіне әсер етеді, соның нәтижесінде бас сүйегі туу жолынан еш кедергісіз өтеді. Сүйектердің бір-біріне қабатталуын оппозиция деп атайды.

    • Традициялық жерлерге дәрі-дәрмектерді иньекциямен бере

алмаған жағдайда үлкен еңбекке береді. (мысалы ауызға, бұлшықетке, венаға бере алмағанда екі жасқа дейін беруге болады).

    • Ұрықтың организмінде әлі бас ішкі қысым қалыптаспаған,

сондықтан еңбектер бас ішкі қысымның реттелуіне әсер етеді. Қысымның жоғарлауында, еңбектер шығыңқы, керісінше төмендегенде еңбектер басыңқы. Соңғы факт жиі балаларда сұйықтықтың көлемінің жоғалуына байланысты (іш өткенде, құсқанда, күйік ауруы кезінде).

    • Егер үлкен еңбек 2 жасқа дейін бекітілмесе, онда

минеральды алмасудың бұзылғаны деп есептеуге болады. Соның салдарынан организмге фосфор мен кальций нашар сіңіріледі, ол Д- витаминінің жетіспеушілігінен. Бұл витамин организмде күннің көзіндегі ультрафиолет сәулелерінің әсерінен түзіледі. (Д-витаминінің жетіспеушілігі-рахит ауруы).

  1. Кәрі адамдардың бас сүйегінде ауа өткізетін ұяшықтар пайда болады, олар бас сүйегін жеңілдетеді және вертикальды жазықтықта ұстауына көмектеседі.

  2. Нәрестелердің жақтарында тістер жоқ, сондықтан альвеолярлық өсінділер жетілмеген, шайнау мускулатурасы дамымаған. Соған орай төменгі жақ бұрышы сүйір. Бұндай жағдай кәрі кісілерде де кездеседі, бірақ олардың тістері түскен, бұлшықеттердің тарту қимылы жоқ, соған байланысты олардың да төменгі жақтары сүйір келеді.Ал ересектерде мускулатура жақсы дамыған, ол сүйектерге тарту қимылымен әсер етеді, соның әсерінен төменгі жақ бұрышы тік келеді.

  3. Нәрестелер мен кәрі кісілерде жақтарындағы альвеолярлық өсінділер нашар дамыған және де альвеолярлық шұңқырлары да жетілмеген.

  4. Кәрі кісілердің бас сүйектері жіңішке, кальций тұздарының сүйектен жуылуы. Соның нәтижесінде сүйектер сынғыш және нәзік болады.

  5. 99 % сүйектердің арасындағы жіктер жазылып, бітіледі. Жас ұлғайған сайын оларды анықтауға қиын. Бірақта кейбір сүйектерде ортаңғы маңдай жігі сақталады, ол сүйектің шығу тегіне екі бөліктен қалыптасуына байланысты.