- •Тақырыбы: Аяқтың өзектері
- •Лакуналар.
- •Бұлшықет және қан тамыр лакуналарының шекаралары :
- •2. Сан сақинасы, anulus femoralis
- •Сан сақинасының қабырғалары:
- •Түзілген сан өзегінің қабырғалары:
- •4. Сан өзегінің сыртқы сақинасы
- •Сан кірнелері.
- •5. Әкелетін бұлшықет өзегі, (canalis adductorius)
- •6. Тізе асты шұңқыры
- •7. Сирақ-тізе асты өзегі, (canalis cruro-popliteus).
- •Сирақ тізе асты өзегінің қабырғалары:
- •Жоғарғы бұлшықетті –кіші жіліншіктік өзектің қабырғалары:
- •9. Төменгі бұлшықетті-кіші жіліншіктік өзегі
- •Төменгі бұлшықетті-кіші жіліншіктік өзегінің қабырғалары:
- •10. Тобық өзегі (сanalis calcaneus)
- •Тобық өзегінің қабырғалары:
- •Өкше өзегінің қабырғалары:
- •12. Табан өзегі, canalis plantaris
- •Өзектің қабырғалары:
Өкше өзегінің қабырғалары:
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------Төменнен және медиальді-m. abductor hallucis;
Жоғарыдан және латеральді-os calcaneus;
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
12. Табан өзегі, canalis plantaris
Табан өзегі тілерсектің терең қабатында жатады. Табан апоневрозы үшбұрыш тәрізді өкше сүйегінен бәшпәйләрдің негізіне дейін тартылып жатады. Табанның сүйекаралық бұлшықеттері сүйекаралық шандырмен жабылған. Табан апоневрозы мен сүйек аралық шандыр екеуі вертикальді аралақтарды қосады, олар апоневроз бен шандыр аралығындағы бүкіл кеңістікті үш бөлімге бөледі: медиальді, латеральді, ортаңғы шандарлы орындарға бөледі. Сонымен бірге ортаңғы орын табанның терең шандырының табағымен (горизонтальді жазықтықта бәшпәйді бүгетін қысқа бұлшықет пен табанның шаршы бұлшықет аралығында өтетін) екі бөлімге төменгі (беткей) және жоғарғы (терең) кеңістіктерге бөлінеді. Ортаңғы орынның терең кеңістігін табан өзегі, canalis plantaris деп атайды. Ол өкше өзегінен басталып, бүйірінен апоневроздан сүйекаралық шандырға өтетін екі аралақпен шектеледі. Жоғарыдан оны тілерсектің сүйектерінен табанның ұзын жалғамасы, ал төменнен (табан жағынан) табан апоневрозынан табанның терең шандырының жоғарғы беткейімен бәшпәйләрді бүгетін қысқа бұлшықет бөліп тұрады.
Өзектің қабырғалары:
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Медиальді-табан апоневрозының сүйекаралық шандырға өтетін медиальді аралық;
Латеральді-табан апоневрозынан сүйекаралық шандырға өтетін латеральді аралық;
Жоғарыдан-банның ұзын жалғамасы;
Төменнен-табанның терең шандырының табағы.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Өзектің бағыты дерлік сагитальді. Табан өзегінің құрамына m. quadratus plantae, ұзын бүккіш (бәшпәйләрді және бірінші бәшпәйді) бұлшықеттердің сіңірі және өкше өзегінен түсетін екі қан тамыр нерв будасы (латеральді және медиальді) кіреді. Табан өзегі проксимальді өкше өзегімен, ал дистальді ортаңғы шандырлы орынның кеңістігімен байланысады.
Сонымен, аяқтың негізгі өзектері бір-бірін жалғастырады. Сан өзегі сан-тізе асты өзегіне, сирақ-тізе асты өзегіне, тобық өзегіне, өкше-табан өзегіне жалғасады. Барлық өзектер санның, табанның медиальді беткейінде орналасады, себебі, олардың құрамына қан тамырлар кіреді, осы факті П.Ф.Лесгафтың ангиологиядағы негізгі заңдарын дәлелдейді.
