Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мойынны_ шандыр _абы_тары.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167.06 Кб
Скачать

Жоғарғы бұлшықетті –кіші жіліншіктік өзектің қабырғалары:

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Медиальді-кіші жіліншік сүйектің жоғарғы 1/3 бөлігі мен мойнының латеральді беткейі;

Латеральді-ұзын кіші жіліншіктік бұлшықеті;

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Өзектің ішінен беткей жіліншіктік нервісі (n. peroneus superficialis) жалпы кіші жіліншіктік нервісінің тармағы өтеді.

Кейін ол өзектен ұзын және қысқа кіші жіліншіктік бұлшық еттер аралығы арқылы табанның дорсальді беткейіне бағытталады.

9. Төменгі бұлшықетті-кіші жіліншіктік өзегі

(canalis musculoperoneus inferior)

Өзек сирақтың ортаңғы бөлігінің артқы беткейінің терең қабатында орналасқан. Ол сирақ-тізе асты өзектің тармағы болып саналады (сирақ-тізе асты өзегін қараңыз).

Сирақ-тізе асты өзегінің жоғарғы жартысында артқы үлкен жіліншіктік артериядан кіші жіліншіктік артерия (a.peronea) тарамдалады. Кейін, ол артерия бірінші бәшпәйді бүгетін ұзын бұлшықет пен кіші жіліншік арасындағы саңылауға бұлшықет-кіші жіліншіктік өзегіне өтеді.

Төменгі бұлшықетті-кіші жіліншіктік өзегінің қабырғалары:

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Алдынан-кіші жіліншік сүйектің ортаңғы бөлігінің артқы беткейі;

Артынан-бірінші бәшпәйді бүгетін ұзын бұлшықеті;

Медиальді-артқы үлкен жіліншіктік бұлшықеті;

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Негізгі қабырғалары болып артқы және алдыңғы қабырғалары саналады. Кіші жіліншілік сүйегінің орналасуына сәйкес, өзектің бағыты вертикальді (сурет-20). Кейін a. peronea өзектен латеральді топ бұлшықеттеріне кетеді. Өзектің құрамына a. peronea-дан басқа бір аттас веналар да кіреді.

10. Тобық өзегі (сanalis calcaneus)

Тобық өзегі сирақ-табан буыны аймағының медиальді жағында орналасқан. Сирақтың меншікті шандыры (медиальді тобық аймағында) өкше сүйек пен медиальді тобық аралығында таратылған. Шандырдың осы бөлігі тығыздалып, бүккіш бұлшық ұстағышын (retinaculum musculum flexorum) құрайды. Өкше сүйектің медиальді беткейі мен бүккіш бұлшықеттер ұстағышы аралығында саңылауды-тобық өзегі (canalis malleolaris) деп атайды.

Тобық өзегінің қабырғалары:

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Алдынан-медиальді тобық;

Медиальді-бүккіш бұлшықеттер ұстағышы;

Латеральді-өкше сүйегінің медиальді беткейі;

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Өзек сагиттальді жазықтықта орналасады, жоғарыдан төмен және арттан алға бағытталады. Тобық өзегінің құрамына сирақтың артқы беткейінің терең қабатындағы бүккіш бұлшықеттердің сіңірлері және қан-тамыр нерв будасы кіреді. Өзектің ішінде (медиальді тобықтың артында, оның (sulcus malleolaris) артқы үлкен жіліншіктік бұлшықетінің сіңірі, оның артында башпайларды бүгетін ұзын бұлшық еттің сіңірі жатады. Олардың артында a. tibialis posterior және n. tibialis екі венамен, ал олардың артында және тереңірек бірінші бармақты бүгетін ұзын бұлшық еттің сіңірі орналасады. A. tibialis posterior пульсациясынтобық өзегінің жолы бойынша анықтауға болады. Төменірек артқы үлкен жіліншіктік бұлшықетінің сіңірі ладья және сына тәрізді сүйектерге бекиді, ал башпайларды бүгетін ұзын бұлшықеттің сіңірлері (a. tibialis posterior) мен n. tibialis-пен бірге өкше өзегіне өтеді .

11. Өкше өзегі (canalis calcaneus)

Өкше өзегі табанның төменгі-медиальді бөлігінде орналасқан, m.abductor hallucis табанның (үлкен бәшпәйін әкететін бұлшықет) өкше төмпешігінің медиальді өсіндісінен және (екі басынан) retinaculum mm. flexorum-нан басталады. Сондықтан өкше сүйегі мен бүккіш бұлшықеттер ұстағышы аралығындағы саңылау (тобық өзегі) дистальдірек орналасқан, өкше сүйегі мен canalis calcaneus аралығында саңылауға жалғасады. Бұл саңылау өкше өзегі (canalis calcaneus) деп аталады.