- •Тақырыбы: Аяқтың өзектері
- •Лакуналар.
- •Бұлшықет және қан тамыр лакуналарының шекаралары :
- •2. Сан сақинасы, anulus femoralis
- •Сан сақинасының қабырғалары:
- •Түзілген сан өзегінің қабырғалары:
- •4. Сан өзегінің сыртқы сақинасы
- •Сан кірнелері.
- •5. Әкелетін бұлшықет өзегі, (canalis adductorius)
- •6. Тізе асты шұңқыры
- •7. Сирақ-тізе асты өзегі, (canalis cruro-popliteus).
- •Сирақ тізе асты өзегінің қабырғалары:
- •Жоғарғы бұлшықетті –кіші жіліншіктік өзектің қабырғалары:
- •9. Төменгі бұлшықетті-кіші жіліншіктік өзегі
- •Төменгі бұлшықетті-кіші жіліншіктік өзегінің қабырғалары:
- •10. Тобық өзегі (сanalis calcaneus)
- •Тобық өзегінің қабырғалары:
- •Өкше өзегінің қабырғалары:
- •12. Табан өзегі, canalis plantaris
- •Өзектің қабырғалары:
6. Тізе асты шұңқыры
Тізе асты шұңқыры ромб пішіндес, оның контурын аяқты кішкене бүккен кезде жақсы көруге болады.
Тізе асты шұңқырының қабырғалары:
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Жоғары және сыртқы-санның екі басты бұлшық етінің сіңірі;
Жоғары және ішкі-жартылай жарғақты және жартылай сіңірлі бұлшықеттер;
Төменгі және сыртқы- балтыр бұлшықетінің латеральді басы;
Төменгі және ішкі-балтыр бұлшықетінің медиальді басы;
Гунтер өзегінен тізе асты шұңқырының жоғарғы бұрышына түсетін тамыр будасына осы жерде отырықшалық нервтің тармағы үлкен жіліншіктік нерв қосылады. Кейін қантамыр нерв будасы шұңқырдың жоғары бұрышынан төменгі бұрышына беттейді. Осы шұңқырда латеральді және беткей үлкен жіліншіктік нерв (n. tibialis superficialis), тереңірек және медиальді-тізе асты венасы, одан терең және медиальді тізе асты артериясы (a. poplitea) орналасады. Кейбір авторлар, тізе асты шұңқырында орналасқан қан тамыр нерв будасын жақсы сақтау үшін немесе абревиатураны «Нева» (нерв-вена-артерия) ұсынады.
7. Сирақ-тізе асты өзегі, (canalis cruro-popliteus).
Тізе асты шұңқырының төменгі бұрышынан-қан тамыр нерв будасы сирақтың артқы беткейінің беткей және терең бұлшықет аралығында орналасқан сирақ-тізе асты өзегіне (canalis cruro-popliteus) немесе Груберов өзегіне түседі. Тізе асты артериясы (a. poplitea) өзекте артқы үлкен жіліншіктік артериясы (a. tiblalis posterior) деп аталады. Артериямен бірге вена және үлкен жіліншіктік нервісі өтеді. Нерв тізе асты шұңқырында орналасқандай өзек жолы бойында да артериядан сыртқа және артқа қарай орналасады. Сирақ-тізе асты өзегінің төрт қабырғасы және үш тесігі болады. Оны сүйек аралық жарғақтың алдынан (үлкен жіліншіктік пен кіші жіліншіктік сүйектерінің арасындағы талшықты жарғақ) артқы үлкен жіліншіктік бұлшықет бөліп тұрады. Оны балтыр бұлшық етінің артынан камбала тәрізді бұлшықеті )немесе, дәлірек айтқанда сирақтың меншікті шандырының терең табағы) бөліп тұрады. Өзекті сыртынан (латеральді) бірінші бармақты бүгетін ұзын бұлшықет, ал ішінен (медиальді) –саусақтарды бүгетін ұзын бұлшық ет шектейді. Өзектің бағыты дерлік вертикальді.
Сирақ тізе асты өзегінің қабырғалары:
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Алдынан-артқы үлкен жіліншіктік бұлшықеті;
Артынан-камбала тәрізді бұлшық еті;
Сыртынан-1-ші бармақты бүгетін ұзын бұлшықет;
Ішінен-башпайды бүгетін ұзын бұлшықет;
Өзектің негізгі қабырғалары болып артқы және алдыңғы қабырғалары саналады. Өзектің кірер тесігі болып көлдененң орналасқан саңылау болып табылады. Саңылау артынан камбала бұлшықетінің сіңірлі доғасынан (ол кіші жіліншіктік сүйектің басынан үлкен жіліншіктік сүйегі метафизінің артқы беткейіне лақтырылады) және алдынан балтыр бұлшық етінен пайда болған . Осы саңылау арқылы өзекке тізе асты артериясы және үлкен жіліншіктік нервісі кіріп, ал өзектен (проксимальді бағытта) үлкен жіліншіктік веналары шығып, осы жерде тізе асты веналары деп аталады. Өзектің шығу тесігі екеу-жоғары (алдыңғы) және төменгі. Сирақ тізе асты өзегінің жоғарғы тесігі артқы үлкен жіліншіктік бұлшықеттің басталар жерінен, сүйек аралық жарғақтың проксимальді бөлігінен жоғары орналасады. Сол жарғақ арқылы өзектен сирақтың алдыңғы беткейіне алдыңғы үлкен жіліншіктік артериясы (тізе асты артериясының тармағы) шығып, практикалық өзекке соқпайды. Өзектің төменгі шығу тесігі артынан өкшелік сіңірі мен алдынан артқы үлкен жіліншіктік бұлшықеті сіңірінің арасында орналасады. Ол тесік саңылау тәріздес, бағыты вертикальді. Ол тесік арқылы өзекке артқы үлкен жіліншіктік веналары кіреді, ал өзектен артқы үлкен жіліншіктік артериясы мен үлкен жіліншіктік нервісі шығып, тобық өзегіне бағытталады. Өзектің жоғарғы жартысында артқы үлкен жіліншіктік артериядан латеральді бағытта кіші жіліншіктік артериясы тарамдалады.
8. Жоғарғы бұлшықетті-кіші жіліншіктік өзегі
(canalis musculoperoneus superior)
Өзек сирақтың жоғары үштен бір бөлігінің латеральді бөлігінде орналасқан. Ұзын кіші жіліншіктік бұлшықеттің құрсағы (m. peroneus longus) сирақтың жоғарғы жартысында кіші жіліншік сүйегінің (fibula) мойыны мен денесінің латеральді беткейінде жатады. Ұзын кіші жіліншіктік бұлшықеттің құрсағы мен кіші жіліншіктік сүйектің латеральді беткей аралығында вертикальді бағытталған жоғарғы бұлшықет-кіші жіліншіктік өзегі (canalis musculoperoneus superior) жатады.
