Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мойынны_ шандыр _абы_тары.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167.06 Кб
Скачать

Түзілген сан өзегінің қабырғалары:

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Алдынан-орақ тәрізді мүйізшенің жоғарғы шеті (мықын-шат жолының төменгі

мүйізі болып саналады) және жалпақ шандырдың беткей табағы;

Артынан- қырлық бұлшықеттің шандыры;

Латеральді-сан венасының шандырлы футляры.

Жоғарыда көрсетілген атаулардан басқа, өзектің қабырғаларына сан сақинасы қабырғаларын теңестіреді. Мысалы, бұл оқиғада өзектің алдыңғы қабырғасы болып сан доғасы, жалпақ шандыр және орақ тәрізді шеттің жоғарғы мүйізшесі есптеледі. Осыған орай сан сақинасының сан өзегінің бастамасы екені сызылады.

Сан сақинасы аймағында өзектің медиальді қабырғасы болып лакунарлық жалғама саналады. Одан төмен медиальді қабырғасы жоқ, бірақ санның меншікті шандырының терең және беткей табақтарының тік бұрыш құрап қосылған жері бар.Сонымен, өзектің бағыты вертикальдіге жақын және көлденең кесіндіде үшбұрыш пішіндес, негізімен (алдыңғы қабырғасы) алға, бір ұшымен (медиальді қабырғасы)-ішке, екіншісімен-сыртқа және үшінші ұшымен артқа бағытталған. Өзектің ұзындығы 1-2см. аралығында.

4. Сан өзегінің сыртқы сақинасы

Санның алдыңғы беткейінің жалпақ шандыр қабығында, шап жалғамасының медиальді ұшынан 1,5 см. төмен орналасқан бөлікті-тері асты саңылауы(hiatus saphenus) деп атайды

Кейбір әдебиеттерде тері асты саңылуын сопақша шұңқыр деп те кездестірулеріңіз мүмкін. Бұл жерде үлкен тері асты венасы сан венасына ашылады, сонымен қатар, көптеген лимфа тамырлары лимфаны сырқы шап түйіндерінен ішкі шап түйіндеріне таиды. Соның салдарынан, тері асты саңылауының жалпақ шандыры жұқарып, торлы пластинкаға ұқсайды. Санның барлық беткейі жалпақ шандыр қабықпен қапталған, тек ол өзінің беріктігін тері асты саңылауының тұсында жояды, сондықтан тері асты саңылауы жарықтың шығатын орны болып табылады (сан өзегінің сақинасы).

Сан кірнелері.

Сан кірнелері, іш кірнелеріне жатады, бірақта шығу орны сан үшбұрышы болып саналады. Жалпы кірнелер патологиясында сан кірнелері екінші орында және бір айырмашылығы 40-50 жастағы әйелдерде басымырақ кездеседі. Сан кірнелері сан шұңқырынан басталып, тері асты саңылауының жоғарғы жартысынан, сан венасынан медиальдірек шығады. Толық және толық емес сан кірнелерін ажыратады. Толық кірне деп, сан өзегінің екі тесігінен өткен кірнелерді айтады. Толық емес сан кірнесі жалпақ шандыр қабығы деңгейінен шықпайды, сондықтан диагноз қоюды қиындатады. Сан кірнесінің шап кірнесінен негізгі айырмашылығы, сан кірнелері шап жалғамасынан шығатындығы.

5. Әкелетін бұлшықет өзегі, (canalis adductorius)

Сан тізе асты өзегі санның төменгі бірден үш бөлігінің алдыңғы медиальді жағында орналасады. Сан үшбұрышының төбесінде,sulcus femoralis anterior-дан медиальді жалпақ және үлкен әкелетін бұлшықет өзегіне айналады. Өзекті санның әкелетін бұлшықеттер өзегі, (canalis adductorius)немесе сан-тізе асты, немесе Тутнер өзегі деп аталады. Толық өзек жоғары аталған бұлшықеттердің алдыңғы беткейлерінің аралығында (санның ортаңғы және төменгі бөліктерінің шекаралығыменен және төмен)таптырылған көлденең жүретін талшықтардың lamina vastaodductioria әсерінен пайда болады. Талшықты табақ саланы екі бұлшықет аралығында қоршап, өзекке жіңішке кеңістікке айналдырады.

Сонымен, әкелетін өзекке кіреберіс санның ортаңғы және төменгі бөліктерінің аралығында орналасып схема бойынша былай шектеледі.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Алдынан және медиальді- lamina vastaodductoria;

Алдынан және латеральді-vactus medialis;

артынан -m. adductor magnus.;

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Өзектің бағыты дерлік вертикальді. Көлденең кесіндіде оның қуысы үшбұрыш тәріздес, негізімен артқа, ал бір төбесімен-алға. Өзек төменгі бөлігінде үшбұрыш тәріздес пішінін жояды. Өзек алдынан тігіншілік бұлшықеттің дистальді бөлігімен жабылған.

Өзектің шығуы болып талшықты саңылау (hiatus tendineus) саналады. Өзектің ұзындығы 5-6 см . тұсында. Ол саңылаудың орналасуын түсіну үшін, еісімізге түсіруіміз керек, үлкен әкелетін бұлшықеттің сіңірі жалпақ екенін және сан сүйегінің бұдыршасы сызығының медиальді ерніне бекитіндігін. Бұлшық еттің дистальді будалары жіңішке сіңірге жалғасып, медиальді айдаршыққа бекиді. Hiatus tendineus сан сүйегінің медиальді айдаршығының ішкі-артқы қыры мен үлкен әкелетін бұлшықет сіңірінің бөлігі аралығындағы саңылау болып саналады, ол кейде осы сіңірдің дистальді бөлігінің талшықтарының аралығындағы саңылау болып есептеледі. Қан-тамыр будасы талшықты саңылаудан шықаннан кейін, тізе асты шұңқырында байқалады. Өзектің кіру және шығу тесіктерінен басқа, кішкене алдыңғы тесік болады. Ол орналасып саңылау пішіндес болады. Жоғарыда естеріңізге салғандай, өзектің құрамына қан-тамыр нерв будасы, сан венасы, артериясы және аяқтың тері асты нервісі кіреді. Тері асты нервісі бұлшық ет лакунасынан шыққан сан нервісінің тармағы болып саналады.