Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мойынны_ шандыр _абы_тары.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167.06 Кб
Скачать

ДӘРІС №9

Тақырыбы: Аяқтың өзектері

Жоспары:

  1. Сан өзегі, лакуналар.

  2. Сан сақинасы, оның қабырғалары.

  3. Сан өзегінің қабырғалары.

  4. Сан өзегінің сыртқы сақинасы, сан кірнелері.

  5. Әкелетін бұлшықет өзегі.

  6. Тізе асты шұңқыры.

  7. Сирақ-тізе асты өзегі

  8. Жоғарғы бұлшықетті-кіші жіліншіктік өзегі

  9. Төменгі бұлшықетті-кіші жіліншіктік өзегі

  10. Тобық өзегі

  11. Өкше өзегі

  12. Табан өзегі

1.Сан өзегі (сanalis femoralis).

Лакуналар.

Сан өзегенің құрылысын жете түсіну үшін,біріншіден,қан-тамыр және бұлшықет лакуналарының құрылысымен танысуымыз қажет.Сан доғасы ("шап өзегін"қараңыз).Мықын сүйегінің жоғарғы-алдыңғы мықындық қырынан шат төмпешігіне дейін созылады.Аталған сүйектер мен доға алалығында түйық кеңістік болады.Сан доғасының шат сүйугіне бекіген жерін, ішкі лакунарлы жалғаманың жиеге (lig. lacunare немесе-Жимбернатов) байланыстарды Лакунарлы жалғамадан мықын-шат төмпешігіне (eminentio iliopubica,немесе Куперов)жалғамасы өтеді.Мықын-шат төмпешігін сан доғасының латеральді шетіне дейін мықын-қырлық доға (arcus iliopectineus)жүреді,ол мықынбер шанды-рының бөлігі болып саналады.Мықын-шат доғасы мен жамбас сүйектері аралығында саңылаулы екі ланунаға бөлінеді. Латеральді немесе бұлшықет лакунасы(lacuna vasorum),оның ішінен жамбас-астау қуысынан сан сүйегінің кіші ұршығына мықын-бел бұлшықеті (m. iliopsoas)өтеді. Медиальді,көлемі жағынан кішірек немесе қан-тамыр лакунасы (lacuna vasorum), оның ішінен жамбас-астау қуысынан санға сыртқы мықындық артериясы және венасы өтіп, бұл жерде сан қан-тамырлары деп аталады. Бұлшықет лакунасының медиальді бөлігінен мықын-бел бұлшықетінен басқа сан нервісі (n.femoralis) өтеді. Сан доғасының латериальді бөлігі бойымен және мықын-шат жолы, және шап жалғамасы, оны құрастырушының бәрі мықын-бел шандырымен тығыз бірігіп кетеді. Сондықтан іш қуысы бұлшықет лакунасынан түпкілікті бөлінген және онң ішінен кірне сирек шығады. Бірақ,бұлшықет лакунасы арқылы туберкулез омыртқаға жайылғанда санға іріңдер (суық абцесстер) ағуы мүмкін. Осындай оқиғалар ірі үлкен белдік бұлшықеттің тереңі немесе белдік шандырдың асты арқылы зақымданған омыртқалардан ортан жіліктің кіші ұршығына дейін жетеді.

Бұлшықет және қан тамыр лакуналарының шекаралары :

Шекаралары: бұлшықет лакунасы: қан-тамыр лакунасы:

алдынан - сан доғасы; - сан доғасы;

артынан - мықын сүйегі; - қырлық жалғама;

сыртынан - мықын сүйегі; - мықын қырлық доға;

ішінен - мықын қырлық - лакунарлық жалғама;

доға;

2. Сан сақинасы, anulus femoralis

Қан тамыр лакунасында латеральді сан артериясы, медиальді-венасы өтеді. Олар лакунасы толық қамтымайды,бірақ сыртқы екіден үш бөлігінен ғана толтырады. Қан-тамыр лакунасының ішкі үштен бір бөлігі бос және оны сан сақинасы дейді.

Сан сақинасының қабырғалары:

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Алдынан (вентральді) -сан доғасы;

артынан (дорсальді ) -қырлық жолдама;

ішінен (медиальді ) -лакунарлы жалғама;

сыртынан (латеральді ) -жартылай айналымы (оның

шандырлы футляры );

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Сан сақинасының жазықтығы дененің вертикальді орналасуында дерлік горизонтальді орналасқан. Сан кірнесі түзілгенде ол сан өзегіне кіреберіс (кірне қақпағы ) болып саналады. Ол былай түсіндіріледі: қан-тамыр лакунасының өте бейім бөлімі; оны май клечаткасы және лимфа тамырлары толтырады. Сан жағынан сақиналы Розенмюллер лимфа түйіні жауып тұрады, ол сан венасының қынабына жанасады. Сан сақинасы толтыратын клечатка санға бағытталған, сопақша шұңқырдың клечаткасымен байланысады, ол іш қуысына көлденең бағытталған клечатка ішперде алды клечаткасынан көлденең шандыр арқылы бөлінеді. Бұл жерде көлденең шандыр жіңішкелеріледі және оған кіретін лимфа тамырларымен торланып, сызықталынған (лимфаны Пирагов лимфа түйінінен жамбас түйініне әкелетін ), оны сан аралығы (septum femorale) дейді. Сан сақинaсы құрсақ қуысы жағынан ішперденің париетальді табағымен жабылған, ол оған кішкене ойыстанып, кішкене шұңқыршаны немесе ойықты сан шұңқырын (fossa femoralis) түзеді. Ол сан доғасының медиальді бөлігінің астында орналасады.

Сан сақинасының орташа көлемі әйел адамдарда үлкен ( 1,3-1,8см), ер адамдарда ( 1,2-1,2). Бұл әйел адамдардың жамбас астауы көлемінің үлкендігіне байланысты, сондықтан оларда сан кірнесінің түзілуі жиі кездеседі. Ол онымен бір вертикальді, бірақ сан доғасының үстінде, ішкі шап шұңқыры орналасады.

3. Өзек.

Сан өзегі (canalis femoralis) қалыпты жағдайда кездеспейді. Оның пайда болу себептері жарық қапшығының әсерінен ткань аралық кеңістіктің еріксіз созылуынан пайда болады. Оның аралығы сан сақинасының тері асты саңылауына дейін жетеді.