- •1.«Нурпак» зауыты
- •1.1.Зауыт туралы жалпы мәлімет
- •1.1.1.Өндірілетін өнімдері: пэт- преформ
- •1.1.2. Жұмыс атқаратын аппараттары
- •1)Pm-170/280 су құйғыш машинасы
- •1.1.3. Полимерлер
- •Жоғары молекулалы қосылыстарды синтездеу әдістері
- •Поликонденсация реакциялары
- •Полимерлену реакциясы
- •Полимерлердің қасиеттері
- •Орташа молекулалық масса
- •Полимердің беріктігі
- •Полимердің электр өткізгіштігі
- •Полимерлердің жылу өткізгіштігі
- •Қорытынды
Мазмұны
КІРІСПЕ…………………………………………………………….….3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ…………………………………………………..…5
«НУРПАК» зауыты…………………………………………………....5
1.1Зауыт туралы жалпы мәлімет………………………………………...5
1.1.1.Өндірілетін өнімдері: ПЭТ- преформ……………………………..6
1.1.2. Жұмыс атқаратын аппараттары…………………………………...9
1.1.3. Полимерлер………………………………………………………..10
III. ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………..……21
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………25
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында құрылыстық индустриялардың және химияның жоғары молекулалық қосылыстарының кейінгі он жылдықта динамикалық дамуы қорғанысты сипаттамалары бар, жоғары құрылымдық қасиеттерді бойына сыйғызатын,жаңа тиімді оқшаулағыш материалдарды жасауды алдын ала анықтайды. Отандық құрылыстық индустрияларды одан әрі жетілдіру сенімді қорғанысты және экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін, жергілікті шикізат ресурстарының негізінде сапалы жаңа қасиеттермен оқшаулағыш материалдардың ассортиментін ұлғайтумен тығыз байланысты. Қазақстан, Ресей және басқа ТМД елдерінде қалыптасқан полистирол пластиктерінің тұтыну көлеміндегі негізгі үлесін соққыға төзімді полистирол құрайды – 51 %, акрилонитрилбутадиенстриролды сополимерлер үлесі – 20 %, көбіктенетін полистирол – 18 %, жалпы қолданыстағы полистирол – 9 %, және сополимерлер үлесі 2 % құрайды.Бұл пластик нарығындағы қаптама материалдар мен жылу өткізбейтін материалдар қалыпты сұраныста екендігі байқатады. Сарапшылардың болжамы бойынша 2015 жылға дейін дүние жүзіндегі тағамдық қаптама нарығы 3,5 есе арта түсуі күтілуде. Отандық және шетелдік мамандардың зерттеулері мұнай-химия өндірісін дамытуға Қазақстанда толық мүмкіншілік бар екендігін көрсетеді. Қазақстанның жер қойнауларындағы шикізат көздері ,мұнай мен газ қорлары және дүние жүзі мен аймақтық нарықтағы полимер өнімдеріне күннен-күнге өсіп келе жатқан сұраныс көлемдері осыған дәлел болмақ.
Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы осы ғылымның қарқынды түрде дамып келе жатқан бағыттарының бірі. Полимерлерге деген ерекше назараудару,соларға арналған көптеген еңбектер, синтетикалық полимерлерді өнеркәсіптік өндірудің ауқымды көлемдері олардың таңғажайып физико-химиялық қасиеттеріне негізделген. Сондықтан полимерлер туралы ғылым химияның, физиканың және механиканың заңдылықтарымен тығыз байланысты. Жоғарғы молекулалық қосылыстарды ситездеудің жаңат тәсілдерін дамытатын полимерлер алу химиясымен қатар, олардың физикасы және механикасы дамуда. Шикізаттардан полимерлік материалдар өндіруге қажетті
3
бұйымдар алу тәсілі жетілу үстінде жобаланған қасиеттері бар синтетикалық полимерлі материалдар алу үшін, ғылыми негізделген өңдеу тәсілдері қажет, яғни полимерлердін беріктігін арттыратын, морттығын төмендететін, созылғыштығын жоғарылататын молекуланың қолайлы құрылымын қалыптастыру тәсілдері қажет. Полимерлердің қызмет ету мерзімін арттыру үшін оларға жылу төзімділігін, динамикалық беріктігін және т.б негізгі қасиеттерін арттыратын арнайы қоспалар қосады. Олардың бұйымдар жасау кезінде, табиғатын аса тиімді пайдаланатын бұйымдардың қолайлы конструкциясын таңдап алу мен жүзеге асырудың маңызы өте зор. Қазіргі кезде полимерлердің мағызы зор, сондықтан оларды өндіру мен тиімді пайдалану – халық шаруашылығын дамытудағы негізгі бағыттарының бірі. Полимерді өнеркәсіптің немесе транспорттың, мәдениеттің немесе медицинаны, қоғаныс немесе ғарыш техникасының қандай саласында болса да көруге болады. Соңғы уақытты полимерлік материалдар өндірісі қарқынды өсуде. Бұл полиэтилен, полипропилен, пенопластар,поливинилхлорид, полистирол, полиэфирлер, полиамидтер және т.б. Сонымен қатар оларды өндірудің және тұтынумен бірге қызмет ету уақыты өтелген полимерлік бұйымдарды пайдалану және жою мәселесі пайда болуда .
Қазіргі кезде полимерлер өндіру қарқынды дамуда. Машина жасау, радио және электротехника, құрылыс, сонымен қатар кеме, авто, ұшақ, ракета жасау өндірісін, жеңіл өнеркәсіпті, тұрмысты полимерсіз көзге елестету мүмкін емес. Полимерлердің осындай көп түрлі болуы олардың химиялық құрамына, макромолекулаларында жеке бөліктерінің бір-бірімен қалай байланысқанына және олардың кеңістіктегі геометриялық орналасуына байланысты.
4
1.«Нурпак» зауыты
1.1.Зауыт туралы жалпы мәлімет
«Нурпак» ЖШС Алматы облысы, Алматы қаласында орналасқан. Оның негізгі 1968 жылы тұрғызылған. Бүгінгі таңға дейін өз жұмысын атқарып келеді. Қазіргі уақытта бұл зауытта 60-ға жуық адам еңбек етеді. Біз «Нурпак» зауытына барып, оның жұмыс істеу режимімен таныстық. Осы кезде онда өндірілетін ПЭТ-преформның алыну тәсілдері туралы толық мәлімет жинадық. ПЭТ – преформның негізгі шикізаты болып полиэтилентерефталат (ПЭТ) табылады. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған аппараттардың, соның ішінде РМ-170/280 құйғыш машинасы мен PPS-48/72 экструдерінің жұмыс істеу принциптерімен таныстық.
Жалпы алғанда, «Нурпак» ЖШС туралы мәліметтер алдық.
5
1.1.1.Өндірілетін өнімдері: пэт- преформ
Бүгінгі танда «Нурпак» ЖШС-де өндірілетін өнімдердің ең негізгісі болып ПЭТ-преформ саналады. ПЭТ преформ- бұл үрлеп қалпына келтіру әдісімен полимерден (полиэтилентерефталаттан) ПЭТ бөтелкелер мен құтылар жасау үшін қолданылатын дайындама, үрлеп қалпына келтіру әдісімен ПЭТ құтылар дайындау өндірісінде пайдаланылады. ПЭТ преформ арнайы аппаратта (инжекциялық-құю машинасы (Термопласттоавтомат) және полимерлік шикізат дайындау үшін қосымша аппаратта) қысым астында құю әдісімен өндіріледі. Преформ өндірісі үшін шикізат ретінде полиэтилентерефталат (ПЭТ-орысша қысқартылуы, РЕТ-ағылшынша қысқартылуы) қызмет атқарады. Преформды келесі белгілер бойынша классификациялауға болады:
Преформды қолданылуы аясына байланысты әр түрлі құтылар үшін бөлуге болады:
алкогольсіз газдалған сусындар мен минералды су;
газдалмаған ауыз су;
шырындар мен сусындар;
сүт және қышқыл;
сүт өнімдері;
сыра және әлсіз алкогольсіз сусындар;
алкогольді сусындар (вино,арақ);
салқын чай/кофе;
өсімдік майы және т.б. арналған құтылар үшін.
Преформды құтылардың сыйымдылықтарына байланысты массалары бойынша бөлуге болады.
Барлық преформдар құтының көлеміне байланысты әр түрлі массада және сыймдылықта болады, оны келесі кестеден көре аламыз.
Преформ массасы,граммен |
Құты сыймдылығы,литрмен |
20 |
0,33 |
23 |
0,5 |
26 |
0,7 |
38-39 |
1 |
42-44 |
1,5 |
48 |
2 |
87 |
3-5 |
710-770 |
19 |
6
Преформ өзінің конфигурациясы бойынша 3-ке бөлінеді:
универсальды
қалыңқабырғалы
қысқартылған
7
8
1.1.2. Жұмыс атқаратын аппараттары
1)Pm-170/280 су құйғыш машинасы
Аппараттың ID нөмері: P30319131
Өндіруші: PET PREFORM
Моделі: PM-170/280
9
2) PPS-48/72 экструдер
Экструзия- технологиялық процесс. Экструзия (көне латын тілінен аударғанда extrusion – итеріп шығару) – калыптайтын са4ылау ар0ылы материал бал0ымасын басу жолымен б9йым алу технологиясы. Әдетте полимерлер ( резинді қоспа, пластмасса, крахмалқұрамды және белокқұрамды қоспа) , ферриттік бұйымдар өндірісінде, сонымен қатар азық-түлік өнеркәсібінде қолданылады, қалыптайтын саңылау арқылы материал балқымасын басу жолы экструдер арқылы жүзеге асады.
Экструдер – пластикалық материалдарға пішін беру үшін қолданылатын машина, яғни оларға пішін береді.
10
