- •Іштің пальпациясы
- •Пальпациялау ережелері
- •Іштің беткейлік бағдарламалық пальпациясы
- •В.П.Образцов және н.Д.Стражеско әдісі бойынша терең сырғымалы пальпация
- •Соқыр ішекті пальпациялау (4.69 сурет).
- •Көлденең тоқ ішекті пальпациялау.
- •Жоғары және төмен өрмелеген тоқ ішек бөліктерін пальпациялау
- •Бауыр перкуссиясы
- •Бауыр пальпациясы
- •Көк бауыр перкуссиясы
- •4.98 Сурет. Көк бауырдың перкуссиясы. Көк бауыр пальпациясы
Бауыр перкуссиясы
Бауыр перкуссиясы бауырдың мөлшері мен жоғарғы және төменгі шекаралары туралы мәлімет береді. Өкпенің төменгі қырымен жабылған бауырдың бөлігін перкуссиялағанда перкуторлық дыбыс тұйықталады. Бұл бауырдың салыстырмалы тұйықтығы деп аталады, оның жоғарғы шеті ағзаның шынайы жоғарғы шекарасы мен көк ет күмбезіне сәйкес келеді. Бауырдың оң өкпемен жабылмаған аймағын перкуссиялағанда абсолютті тұйық дыбыс естіледі. Бұл бауырдың абсолютті тұйықтығы, оның жоғарғы шекарасы оң өкпенің төменгі шекарасымен сәйкес келеді.
Бауырдың абсолютті тұйықтығының жоғарғы және төменгі шекарасын анықтаудың бірнеше әдістер бар.
М.Г. Курлов әдісі бойынша бауыр шекарасын үш сызық бойымен анықталады: оң бұғана ортаңғы, алдыңғы ортаңғы сызықтармен және сол қабырғалар доғасы боймен.
Есіңде сақта:
М.Г.Курлов әдісі бойынша бауырдың абсолютті тұйықтығы перкуторлы түрде тек оң бұғана ортаңғы сызық бойымен анықталады. Алдыңғы ортаңғы сызық бойымен бауырдың жоғарғы шекарасы шартты түрде сол деңгейде орналасқан деп есептеледі (қалыпта – 6 қабырға).
Бауырдың төменгі шекарасы жоғарыда айтылған үш сызық бойымен, төменнен жоғары қарай перкуссиялау арқылы анықталады.
Есіңде сақта:
Оң бұғана ортаңғы сызық бойында бауырдың төменгі шекарасы қабырғалар доғасының деңгейіне, алдыңғы ортаңғы сызық бойында кіндік пен семсер тәрізді өсіндінің арақашықтығындағы жоғарғы және ортаңғы бөліктерінің шекарасына, ал сол қабырғалар доғасы бойында сол парастернальді сызық деңгейіне сәйкес келеді.
4.86 сурет. М.Г.Курлов әдісі бойынша бауырды прекуссиялау әдісі. Төменгі шекараны оң бұғана ортаңғы сызық бойымен (а), алдыңғы орта сызық бойымен (б) және сол қабырғалар доғасының бойымен анықтау (в).
Бауыр пальпациясы
Бауырды пальпациялау арқылы оның төменгі шекарасы, консистенциясы, ауыру сезімі, бауыр беті мен төменгі қырының сипаты туралы мәліметтер білуге болады. Бауыр пальпациясын оның шекараларын перкуторлы әдіспен анықтағаннан кейін, құрсақ ағзаларын пальпациялаудың жалпы белгілерін қолданып жүргізеді.
Науқас басын биіктетпей шалқасынан және аяқтарын созып жатады. Иықтарын денесіне жинақтап, қолдарын кеудесінің үстіне қойуы керек. Бұл жағдайда тыныс алғанда қабырғалардың қозғалысы шектеліп тынысты алғанда және шығарғанда көк еттің әкскурсиясы кеңейеді.
Дәрігер сол қолымен науқастың оң қабырғалар доғасын қармай ұстап оны басады. Бұл кезде сол қолдың 2 және 3 саусақтары 9 және 10 қабырғалардың артқы жағынан, 4 және 5 саусақтар бел аймағында, дәл қабырғалар доғасының астында, ал бас бармақ оң қабырғалар доғасын алдыңғы жағынан қармауы керек. Сол қолмен оң қабырғалар доғасын басу арқылы қабырғалық тынысты шектеуге, көк еттің тыныстық экскурсиясын кеңейтуге және артқы құрсақ қабырғаны алға қарай итеруге болады.
пальпациялаудың 1 кезеңі (4.88.а сурет): оң қол алақанын оң қабырға астына және іштің тік бұлшық еттерінің латеральді жағына, алдын ала анықталған бауырдың төменгі шекарасының деңгейіне орналастырылады. Қолдың төрт саусағы бірге және бір сызық бойында болуы керек.
пальпациялаудың 2 кезеңі (4.88.б сурет): тынысты алғанда теріні төмен қарай ығыстыру керек.
пальпациялаудың 3 кезеңі (4.88.в сурет): тынысты шығарғанда қол ақырын буыр астына кіргізіліп, құрсақ қабырғасымен қалташа түзіледі.
пальпациялаудың 4 кезеңі (4.88.г сурет): науқасқа терең тыныс алуын өтінеміз, сол кезде бауыр жиырылған көк еттің әсерінен төмен қарай жылжиды. Осы кезде қолды жоғары қарай жылжытып, ал саусақ ұштарын тіктеп сәл алға қозғалтамыз, саусақ ұштары төмен қарай жылжып келе жатқан бауырдың қырына тиеді. Бауыр қыры саусақ ұштарына тіреліп сосын оны айнала өтіп кейін қарай сырғиды.
Осылайша бауырдың төменгі қыры толығымен пальпацияланады (4.89 сурет), іштің тік бұлшық еттері бауырдың сол қырын пальпациялауға кедергі келтіретінін ұмытпау керек.
Бауырды пальпациялағанда оның төменгі қырының жағдайына баға беру керек: 1) локализациясы, 2) пішіні (үшкір, доғаланған), 3) консистенциясы (жұмсақ, тығыз, қатайған), 4) бетінің тегістігі, қырының бұдырлануы 5) пальпациялағанда ауыруы.
Одан басқа бауыр ұлғайғанда немесе төмендегенде оның бетінің сипатын анықтау керек (тегіс немесе тегіс емес, бұдырлы, тығыз немесе жұмсақ, ауырады немесе ауырмайды, және т.б.).
Бауырдың өлшемдерін анықтау
Бауыр өлшемдерін оның жоғарғы және төменгі шекараларын перкуторлы немесе пальпаторлы анықтағаннан кейін өлшейді.
Есіңде сақта:
Қалыпта бауырдың келесі өлшемдері анықталады (М.Г Курлов әдісі бойынша):
1) оң бұғана ортаңғы сызық бойымен 91 см;
2) алдыңғы ортаңғы сызық бойымен 81 см;
3) сол қабырғалар доғасының бойымен 71 см.
