- •Студент-практикант портфолиосының құрылымы
- •VI.Психолого-педагогикалық тарау
- •V.Рефлексия-бағалау тарауы
- •VI.Ресми қорытынды тарау
- •Титульдық беті
- •Студент-практиканттың жеке жұмыс жоспары
- •Жолдама
- •Практика кестесі
- •Практика базасы туралы мәлімет
- •Информант туралы мәлімет
- •Студент-практикант күнделігінің формасы
- •Студенттің оқу практикасы туралы қорытынды есебі
- •Практикадан өту туралы анықтама
Студент-практикант портфолиосының құрылымы
І.Практикаға дайындық туралы мәліметтер тарауы
- титульдық беті (студенттің фото суреті, аты–жөні, туған жылы, мекен-жайы, телефоны, ЖОО, факультеті, кафедрасы, тобы, жетекшісі, портфолионың жасақталған уақыты);
- студенттің практикаға дайындығының диагностикасы;
- студенттің жеке жоспары;
- практикаға жолдама.
ІІ.Ақпараттық тарау
- практика базасы (өтілген орны) туралы мәлімет;
- информант туралы.
III.Әдістемелік тарау
- есеп құжаттарының рәсімделуі туралы әдістемелік нұсқаулар.
VI.Психолого-педагогикалық тарау
- психологиялық зерттеудің бағдарламасы (мамандықтың ерекшелігіне, қажеттілігіне орай) (оқу практикасы үшін қажет емес).
V.Рефлексия-бағалау тарауы
- жинақталған материалдарды талдауы
- күнделігі
- практика бойынша есеп
- студенттің кәсіби өсуінің мониторнигі
- практика жетекшісінің пікірі
VI.Ресми қорытынды тарау
- студентке берілген мінездеме
- оқу практикасы бойынша кафедра мәжілісі хаттамасынан көшірме
- практика қорытынды бағасы тізімдемесінің көшірмесі
- практикадан өту туралы анықтама
ҚОСЫМШАЛАР.
1. Далалық жұмыстар келесі негізгі мезеттерді қамтиды:
а) Жергілікті пункттің тарихымен (ауыз екі тілмен) экономикасымен, мәдениетімен танысу.
б) Фольклордың тұрмыстық жайын анықтау, ертегілерді, әндерді, шумақтарды, түрлі жанрларды өте жақсы орындаушылармен танысу. Практиканың алғашқы күндерінен бастап-ақ жергілікті мұғалімдермен, кітапханашылармен, мәдени жұмысшылармен, көркем әдебиет жетекшілерімен байлаеысқа түсулері өте қажет. Олар барлық жұмыс түрлерін ұйымдастыруда, ең жақсы шумақтарды орындаушылар мен ертегішілерді анықтауда көмек көрсетеді
в) Жергілікті пункттің сызба-картасын құру, ол сызба-картада қызықты нысандар көрсетіледі: кендер, төбелер, қыраттар, алаңқайлар, қорымдар, тастап кеткен құрылыстар, сакральды типографиялы нысандар (шіркеулер, дін қызметкерлері, кресттер, бұлағы мен көздері, тастар және т.б.)
2. Фольклорлық шығармаларды жазбаша түрде орындау.
Информанттармен танысу;
Олар туралы мәліметтер жазу;
фольклорлық шығармаларды аудио және видео жазбалау;
3.Далалық жазбалардың құпия сырларын шешу.
Жазылған материал анық шешіліп көрсетілуі керек (магнитафоннан қағаз бетіне көшірілу) және ақ қағазға бояумен информантпен кездескен күні-ақ жазылуы керек. Мұндағы негізгі талап-жазбалардың абсолюттік дәлдігі: өзгертулер, мәтінді толықтырулар, жоқ жерлер жіберілмеуі керек; диалектінің барлық ерекшеліктері анықталуы тиіс.
4.Қалалық фольклорды жазу:
Тұрмыс-салт жырлары; Үйлену салты мен көңіл-күйіне байланысты туған өлең- жырлар. Халық лирикасы (ән өлең, қара өлең, тарихи өлеңде; Мақал-мәтелдер; Жұмбақ-жаңылтпаштар мен өтірік өлеңдер; Шешендік сөздер; Ертегілер; Аңыздық проза, түрлері мен жанрлық сипаты; Көне эпос және батырлық эпос; Лиро-эпос. Жанрлық сипаты, көркемдік ерекшелігі; Тарихи жырлар, түрлері, жанрлық ерекшеліктері; Айтыс, т.б. жанр үлгілері.
Жалпықалалық кеңістіктердің мифологизациясын айқындау; ескерткіштер, қорымдар, ғимараттар, құрылыстар, аудандар туралы әпсаналар (орталық және қала сыртындағы). Қалалық орындардың «есте қалу» арқылы белгіленген арнайы емес атаулары, топонимикалық әпсана.
Балалар фольклорының жазылуы мен жүйеленуі (Балалар фольклорының жанрлары. Бөбектерге арналған өлеңдер: бесік жыры, сәбилік салт жырлары. Балалардың өзі орындайтын өлең-жырлар: арнау-тілек, өлеңдер, сұрамақ, тақпақтар, мазақтама, қызықтамалар, өтірік өлеңдер. Жыл мезгілдеріне, табиғат құбылыстары туралы өлеңдердегі ескі магиялық түсініктердің көрінісі. Сұрамақ пен мазақтама, қызықтама өлеңдерінің танымдық қызметі. Ойын өлеңдері).
