- •Алкилирование бензола этанолом на цеолитсодержащих катализаторах Цеолитқұрамдас катализаторларда бензолды этанолмен алкилдеу
- •Аңдатпа
- •Аннотация
- •Қысқартылған сөздер
- •1 Әдеби шолу
- •1.1 Ароматты қосылыстарды алкилдеу механизмі
- •1.2 Бензолды олефиндермен алкилдеу катализаторлары
- •1.2.1 AlCl3 және вf3 катализаторлары қатысында бензолды олефиндермен алкилдеу
- •1.2.2 Бензолды ионалмастырғыш смола негізінде алкилдеу катализаторлары
- •1.2.3 Катализаторы алкилирования бензола на основе алюмосиликатов
- •1.3.4 Катализаторы алкилирования бензола на основе металлоксидных систем
- •1.2.5 Катализаторы алкилирования бензола на основе сверхкислот, суперкислот и гетерополикислот
- •1.2.6 Промышленные катализаторы получения линейных алкилбензолов
- •1.3 Влияние параметров процесса на получение алкилбензолов
- •2 Тәжірибелік бөлім
- •2.1 Құрылғылар мен тәжірибелік әдістері
- •2.2 Катализатор даярлау әдістері
- •2.3 Реакция өнімдерінің сараптамасы
- •2.4 Катализаторларды зерттеу әдістері
- •3 Результаты и их обсуждение
- •3.1 Термообработка цеолита zsm-5
- •3.2 Термохимическое декатионирование и деалюминирование цеолита zsm-5
- •3.3 Модифицирование цеолитных катализаторов металлами II, III групп
- •3.4 Приготовление цеолит-оксидных катализаторов
- •3.5 Алкилирование бензола этанолом на цеолитсодержащих катализаторах
- •3.6 Характеристика катализаторов физическими методами
- •4 Технологиялық бөлім
- •4.1 Технологиялық сызбасының материалдық балансы
- •4.2 Бензолды алкилдеу реакторының есебі
- •4.3 Ректификациялық колонналарды есептеу
- •5. Экономикалық бөлім
- •5.1 Өндіріс қуаттылығын анықтау
- •5.2 Күрделі(капиталді) шығындарды есептеу
- •5.3 Өндірістік жұмысшылар саны
- •5.5 Өндірістің экономикалық көрсеткіштерін анықтау
- •6 Охрана труда и безопасность жизнедеятельности
- •6.1 Общие положения по технике безопасности
- •6.2 Основные правила работы в лаборатории общей химии
- •6.3 Охрана труда при работе с бензолом
- •6.4 Электробезопасность
- •6.5 Пожаробезопасность
- •Заключение
5. Экономикалық бөлім
5.1 Өндіріс қуаттылығын анықтау
Осы өндірістің құрылысы экономикалық тұрғыдан жобаның лайықтылығын анықтайтын негізгі көрсеткіштері: тиімділік, қор қайтарымы, өтеу мерзімі. Берілген есептеу деректерін өндіріс қуаттылығы негізінде жүргізілуі керек.
Өндірістік қуаттылық – бұл қондырғының оңтайлы қолданылғандағы жылдық мүмкін болатын максимальді өнім шығымы.Қуаттылық заттай көрсеткіш болып саналады. Ол бірлік салмақпен, көлеммен, ауданмен және т.б. өлшенеді. Цех қуаттылығы технологиялық процесс жүріп жатқан цех бөлімшелерінің қуаттылығымен анықталады.
Бөлімше қуаттылығы өндірісте қазіргі кезеңде жүргізіліп жатқан жұмысшы құрылғының қуаттылығымен анықталады.
Цехтың өндірісте уақытша тоқтауымен толық жөндеуін есепке ала отырып қуаттылығын мына формуламен анықтаймыз:
М=А*Нөн*Тэф, (5.1.1)
мұн, А – цехта немесе бөлімшеде орналасқан біртипті құрылғылар саны. Бұл жерде алкилдеу реакторы болып саналады;
Нөн – бір құрылғының дайын өнім шығарудағы сағаттық өндірісі;
Тэф – құрылғы жұмысының эффективті уақыт қоры.
М = 1*2,7*8160 = 22032 т/жыл.
М – этилбензолдың жылдық өндірістік қуаттылығы жиырма екі мың тоннаны құрайды.
Нәтижелері 14-таблицада көрсетілген.
14-Таблица – Жылдық өндірістік қуаттылығы, тонн/жыл
Орнатылған негізгі қондырғылар саны |
Негізгі қондырғының өндірісі, т/сағ |
Қондырғының жөндеуде тұрған уақыты, сағ/жыл |
Қондырғының эффективті жұмыс қоры, сағ/жыл |
Өндірістік қуаттылығы, т/жыл |
1 |
2,7 |
600 |
8160 |
22032 |
5.2 Күрделі(капиталді) шығындарды есептеу
Капиталды шығын ғимарат құрылысының және құрылымының шығыны, сатып алу, жеткізу, құрылғының стандартқа сәйкес қондырылуынан тұрады.
Диссертацияның технологиялық бөлімінде қондырғының спецификациялығын және олардың саны есептелініп, содан кейін оның бағасы химиялық сайттың ресми прайс-парақтарынан алынды www.alibaba.com.
Негізгі қондырғының бағасы 774,5 миллион тенгені құрайды. Деректерге сүйене отырып жобаның құрылысының капиталды шығынын есептейміз. Нәтижелері 15-кестеде көрсетілген.
15-кесте – Негізгі құрылғының бағасы, мың. тенге
Қондырғының атауы |
Саны |
Қондырғының бағасы |
Жеткізу және орнату шығыны |
Жалпы бағасы |
||
Бірлік |
Жалпы |
% |
|
|||
1.Алкилдеу реакторы |
1 |
160300 |
160300 |
12 |
19236 |
179536 |
2.Буландырғыш |
1 |
120000 |
120000 |
12 |
14400 |
134400 |
3.Буландырғыш колоннасы |
1 |
134000 |
134000 |
12 |
16080 |
150080 |
4.Ректификациялық колонна |
1 |
150000 |
150000 |
12 |
18000 |
168000 |
5.Компрессор |
2 |
24500 |
49000 |
12 |
5880 |
54880 |
6.Жылуалмастырғыш |
1 |
12000 |
12000 |
12 |
1440 |
13440 |
7.Сорғы |
3 |
9000 |
27000 |
12 |
3240 |
30240 |
8.Араластырғыш |
1 |
2000 |
2000 |
12 |
144 |
1344 |
9.Сақтағыш қойма |
2 |
30000 |
60000 |
12 |
7200 |
67200 |
10.Араластырғыш |
1 |
5000 |
5000 |
12 |
600 |
5600 |
Барлығы: |
|
|
|
|
|
774480 |
Дерек көзі: www.alibaba.com
Жобаның белгіленген нормаларына сәйкес, химиялық өндірістегі, құрылысы мен құрылымына кететін шығынды қондырғы бағасының төмендегі жағдайларға байланысты алады:
Қосымша құрылғылар бағасы негізгі қондырғының 20%-ға дейін құрайды.
Жоба ғимаратының құрылымының шығыны негізгі қондырғының бағасын 40% -ын құрайды.
Күш жұмсаушы машиналар: электрқозғалтқыштар, таратушы пунктер негізгі қондырғы бағасының 15%-ын құрайды.
Негізгі және қосымша құрылғыларды сатып алу мен құрылысына жалпы кеткен шығын 1355 мың тенгені құрады.Бұл шығындар капиталды шығынға жатады. Химия өндірісіне бұл баға бұрыс көрсеткіш бермейді. Себебі: жоба көп тонналы өнім шығарады және шығарылғын өнім рынокта көп сұранысқа ие. Нәтижелері 16-кестеде көрсетілген.
16-кесте – Негізгі өндірістік қор құрылымы, мың. тенге
-
Атауы
Бағасы
%
Негізгі құрылғы
774480
57
Қосымша құрылғы
154896
11
Күш жұмсаушы қондырғылар
116172
9
Ғимарат құрылымы
309792
23
Барлығы
1355340
100
