- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Оқке (Объективті құрылымды клиникалық емтихан)
- •Есеп №1. Тапсырма: Құрастырылған есеппен танысып және оны шешіп қорытынды жасаңыз.
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Оқке(Объективті құрылымды клиникалық емтихан)
- •Есеп №2. Тапсырма: Құрастырылған есеппен танысып және оны шешіп қорытынды жасаңыз.
- •«Астана Медицина университеті» ақ
- •Оқке(Объективті құрылымды клиникалық емтихан)
- •Есеп №3. Тапсырма: Құрастырылған есеппен танысып және оны шешіп қорытынды жасаңыз.
- •Астана Медицина университеті» ақ
- •Оқке (Объективті құрылымды клиникалық емтихан)
- •Есеп №4. Тапсырма: Құрастырылған есеппен танысып және оны шешіп қорытынды жасаңыз.
- •Астана Медицина университеті» ақ
- •Оқке (Объективті құрылымды клиникалық емтихан)
- •Есеп №5. Тапсырма: Құрастырылған есеппен танысып және оны шешіп қорытынды жасаңыз.
- •Астана Медицина университеті» ақ
- •Оқке (Объективті құрылымды клиникалық емтихан)
- •Есеп №5. Тапсырма: Құрастырылған есеппен танысып және оны шешіп қорытынды жасаңыз.
- •Емтихан алушыға арналған ақпарат.
- •Өкпе аускультациясы (жасы 5 жас)
- •Бағалау парағы оқке (Объективті құрылымды клиникалық емтихан
- •Өкпе аускультациясы
«Астана Медицина университеті» ақ
№1 Балалар аурулары кафедрасы
Іс-әрекет алгоритмі
Оқке(Объективті құрылымды клиникалық емтихан)
1 - станция
Өкпе аускультациясы (жасы 5 те)
Есеп №2. Тапсырма: Құрастырылған есеппен танысып және оны шешіп қорытынды жасаңыз.
№ |
Сатылар |
Іс-әрекет қатары |
1 |
Сырттай назар салып тексерісте жөтел мен тыныстық сипатын анықтау |
Оқытушының қойып берген дыбыстық жазбасын тыңдап және оған пікірлер жүргізу |
2 |
Алдыңғы аймақтарда симметриялы түрде аускультация жүргізу. |
Дәрігердің қалпы (студенттің): Науқастың (манекеннің) алдынан оң жағынан тұру. Аускультация жүргізу: 1.Оң және сол жақ өкпе ұшы аймағынан бүғана орта сызығы бойымен; 2.Оң және сол жақ екінші қабырға аралық аймағына; 3.Оң және сол жақ үшінші қабырға аралық аймағына; 4.Оң жақ төртінші қабырға аралық аймағына; 5.Оң жақ бесінші қабырға аралық аймағына; 6.Оң жақ алтыншы қабырға аралық аймағына; |
3 |
Беткей бүйір аймақтарда симметриялы түрде аускультация жүргізу |
Дәрігердің (студенттің) қалпы: Алдыңғы жақтан аускультация жүргізу (Дәрігерге қолайлы болу үшін сол жаққа қарай шегінуге болады). Қолтық асты ортаңғы сызық бойымен аускультация жүргізу: 1.Оң жақ алтыншы қабырға аралық деңгейде, сол жақтан манекеннің ерекшелігіне байланысты аускультация жүргізу мүмкін емес, сондықтан тек ( ауызша түрде баяндау). 2.Оң және сол жетінші қабырға аралық деңгейде. |
4 |
Артқы аймақтарда симметриялы түрде аускультация жүргізу |
Дәрігердің(студенттің) қалпы: Науқастың (манекеннің) артынан сол жақтан тұрып аускультация жүргізу: 1.Оң және сол жақ жауырын үсті аймағында; жауырынаралық аймағында; Паравертебральды (омыртқа маңы) сызықпен; 2.Оң және сол жақ үшінші қабырға аралық дейгейде 3.Оң сол бесінші қабырға аралық дейгейде; жауырын сызығымен жауырын асты аймағына; 4.Оң және сол жақ жетінші қабырға аралық дейгейінде; 5.Оң және сол жақ сегізінші қабырға аралық дейгейде; |
5 |
«Еркін»аускультация жүргізу |
Классикалық емес өкпе аускультациясын жүргізу-«Еркін» аускультация(мақсаты: қосымша тыныс алу шуын нақтылау, анықтау).. |
6 |
Тыныс алу жиілігін есептеу |
Тыныс шуы аймағына фонендоскоп қойып, 1 минутта тыныс алу жиілігін есептеу. Тыныс жиілігі минутына 20 рет. |
7 |
Тыныс алу түрін анықтау оған сипаттама беру |
Талдау жасау: Бронхиалды тыныс. |
8 |
Қосымша шудың «тыныстық» түрін анықтау сипаттамасын беру |
Талдау жасау: Сырыл естілмейді. |
9 |
Қорытыны жасау |
Болжамды диагноз: Ауруханадан тыс оң жақ өкпенің сегментарлы пневмониясы, орташа ауырлық дәрежелі, асқынбаған, жедел ағымды, тыныс жетімсіздігі (тексерген кездегі көрсеткіш 0, ауруханаға жатқызылған кезде 2дәреже). |
ЕСКЕРТУ: 1,6,7,8,9 –тармақтардағы жауаптың нәтижелері таңдалған есепке байланысты, 2,3,4,5 тармақтары –бірдей орындалады.
Пән « Балалар аурулары»
Студентке арналған ақпарат.
Өкпе аускультациясы.
Есеп №3
.
Бала 5 жаста. Шағымы: дене қызуының 39,0- 40,0С дейін көтерілуі, ылғалды жөтел, сылбырлық, әлсіздік. Ауру анамнезінде: ауырғанына 5 күн болған, дене қызуы бірінші күннен бастап 38,5 С пен 39,0 С аралығында жоғарлап, тәбеті төмендеп, әлсіздік пайда болған.
Кеуде қуысының перкуссиясы барысында өкпе үні кеуденің оң жағында 5-ші қабырға деңгейінен бастап төменгі бөлігіне дейін қысқарған.
Қазір баланы тыңдап, жөтеліне сипаттама бер.
Өкпеге аускультация жаса.
Тыныс алу жиілігін есепте.
Тыныс алу түрін анықтап, сипаттама бер.
Тыныс алу шуылын анықтап, сипаттама жаса.
Қорытынды жаса ( болжамды диагноз қой).
Станция ұзақтығы -5 минут.
Нәтижені бағалап келесі станцияға өту ұзақтығы - 2 минут.
