- •Адам жасының кезеңдері
- •Мен дамуы
- •Орталық және шеткі жүйке жүйелерінің құрылысы, қызметі және дамуы.
- •Симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдердің ішкі мүшелерге әсері
- •Жүйесінің гигиенасы
- •Жоғары жүйке әрекетінің топтары
- •Эмоция және оның себептері
- •Ұйқы, оның физиологиялық негіздері мен жас ерекшеліктері
- •Ес. Бала есінің дамуы
- •Көру талдағышы
- •Жарықты қабылдау
- •Көру талдағышының жас ерекшелігі.
- •Көру гигиенасы.
- •Дыбыс талдағышы
- •Дәм сезу, иіс сезу және тері анализаторлары. Олардың жас ерекшеліктері
- •Жыныстық жетілу
- •Қанның пішінді элементтері
- •Қан топтары және иммунитет
- •Балалар мен жасөспірімдердің өтс-ы
- •Ас қорытудың реттелуі
- •Белоктың алмасуы
- •Белоктың қажет мөлшері
- •Май мен көмірсудың алмасуы
- •Май мен көмірсуының тәуліктік қажет мөлшері,
- •Су мен тұздардың алмасуы
- •Витаминдер
- •Тамақтану гигиенасы
- •Мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар
- •Мектептегі оқу-тәрбие жұмысына қойлатын талаптар
- •Мектеп оқу-құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар.
- •Оларды болдырмау шаралары
- •Тері аурулары
Мен дамуы
Жүйке жүйесінің маңызы:
- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің біртұтастығын іске асырады;
- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттейді;
- организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
- сыртқы ортаның өзгермелі жағдайына организмді бейімдейді;
- денедегі барлық жасушалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.
Нейронның құрылысы. Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі – жүйке жасушасы. Жүйке жасушасын нейрон деп атайды. Нейронның денесін сома деп атайды. Нейронның көптеген ұсақ өсінділерін - дендриттер, ал ұзын бір ғана өсіндісін – аксон (нейрит) деп атайды. Аксонның сыртын миелин қабығы қаптап тұрады. Ол әрбір 1,5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар – глиялар қоршаған. Нйрондар мен глиялар жүйке ұлпасын құрайды. Глиялар жүйке клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады.
Нейрондар бір-бірімен өсінділер арқылы байланысып, синапстарды (грекше “synapsis” - байланыс) түзеді. Синапста бір нейронның аксоны екінші нейронның дендритімен байланысады. Синапс екі бөлімнен тұрады: пресинапстық және постсинапстық. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар, ол аксонның жуандаған ұшы – синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялық заттан тұрады. Қозуды қабылдайтын дендриттің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс аралығы болады. Ол – клектааралық сұйыққа толы кеңістік.
Әр нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. Синапстардың екі түрі бар: қоздырушы және тежеуші.
Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ержеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамдарда көп болады.
Жүйкелер мен жүйке талшықтары. Сырты қабықпен қапталған жүйке жасушаларының өсінділерін жүйке талшықтары деп атайды. Жүйке талшықтары 2 түрлі болады: миелинді және миелинсіз.
Миелинсіз жүйке талшықтарының бойымен қозу үздіксіз жүріп отырады, ал миелинді жүйке талшықтарының бойымен бір Ранвье белдеуінен екіншісіне секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамдайды. Жүйке талшығы арқылы қозудың өтуі жүйке талшықтарының диаметріне де байланысты. Жүйке талшықтарын диаментріне байланысты 3 топқа бөледі: А, В, С.
А тобының талшықтарының диаметрі 22 мк, миелин қабығы болады, қозудың жүру жылдамдығы секундына 120 м.
В тобының талшықтарының диаметрі 3 мк-ға дейін, миелин қабығы болады, қозудың жүру жылдамдығы секундына 5 м.
С тобының талшықтарының диаметрі 1 мк-ға дейін, миелин қабығы болмайды, қозудың жүру жылдамдығы секундына 2 м.
Балалрдың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын жүйке талшықтары жуандап орталық жүйке жүйесінде де және шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу жылдамдығы артады.
Жүйке талшықтары организмде топтасып дәнекер ұлпадан тұратын қабықпен қапталып жүйкелерге айналады. Бір жүйкенің құрамында қозуды орталыққа жеткізетін (афференттік) және қозуды орталықтан жұмысшы мүшеге әкелетін (эфференттік) талшықтар болады.
