Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Адамның репродуктивті жүйесі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
76.8 Кб
Скачать

Адамның репродуктивті жүйесі туралы түсінік

Адамның репродуктивті жүйесі жыныс бездерінен немесе гонадалардан және жыныс жол мүшелерінен тұрады.

Ер адамның жыныс жол ағзалары:

ұрық шығаратын жол, қуықасты безі, ұрық көпіршіктері, жыныс мүшесі.

Әйел жыныс жол ағзалары:

жатыр түтігі, қынап, жатыр. Бұған тағы сүт бездерін де жатқызады.

Адамның жыныстық немесе репродуктивті қызметтері.

Жыныс әрекеттік жүйеге жатады:

  • Жыныс жасушаларының жетілуі, белгілі бір гормондардың әсерінде дамиды;

  • Жыныстық құштарлық (либидо);

  • Жыныстық дәстүрлі мінез-құлықтар, жыныстық құштарлық негізінде пайда болады;

  • Жыныстық қатынас (копуляция, коитус);

  • Ұрықтану үрдісі; жүктілік; босану, лактация; ұрпақ өсіру, тәрбиелеу.

Жыныстық дифференциация (жыныстың қалыптасуы)

Жыныстың қалыптасуы ұрықтану кезінде басталады. Х-хромосомалы аналық жасушасы (жұмыртқа жасуша) У-хромосомалы аталықпен (сперматозоидпен) қосылса, еркек жыныс типі бойынша дамиды. Х-хромосоманы алып келуші сперматозоидпен қосылса, әйел жынысты болады . Генетикалық жыныс болашақ ағзаның генетикалық бағдарламасын , әсіресе жыныс бездерінің –нағыз немесе гонадалық жыныстың қалыптасуын анықтайды. Эмбриогенездің бастапқы сатыларында тұқым гонадаларының жынысы қалыптаспаған болады. 7-8 аптада У-хромосоманың ықпалымен ұрықтың жынысының қалыптасуы еркек жыныс гормондарының бөлінуінен дамиды. Андроген әсерінен эмбрионның ер жынысты дамуы іске асады. Сыртқы жыныс мүшесі құрсақішілік дамудың 19-20 аптасында анықталады. Осы кезде УДЗ бойынша болашақ баланың жынысын анықтауға мүмкін болады.

Аналық жыныс бездері эмбриональды кезеңде активті емес, дифференциациясы пассивті түрде өтеді. Ұрықтық әйел жыныс ағзаларының қалыптасуы еркек жыныс ағзаларына қарағанда кешірек жүреді. Туылу мерзімінен бастап жынысы сыртқы жыныс ағза құрылысымен анықталады.

Жаңа туған балада:

Қыздардың жыныс бездерінде біріншілік фолликулдары көп болады.

Ұлдардың жыныс безінде – қалыптаспаған ұрықтық жасушалары болады.

Балалық шағында (1 жастан 7 жасқа дейін) сыртқы және ішкі жыныс ағзалары гормондардың деңгейі төмен болуынан баяу дамиды.

Жыныстық жетілу кезеңдері

  1. пубертат; II) жыныстық жетілген кезең; III) жыныс әрекеттің бәсеңдеуі.

I. Пубертат – әйел мен еркек жыныс ағзаларының репродуктивті жүйе қызметінің құрылу кезеңі. Ол жыныстық жетілумен аяқталады - ұрпақ өрбітуге қабілетті болады. Ол өз кезегінде 3 фазадан тұрады:

1) Балалық фаза (препубертатты фаза) - жыныс жетілу алдындағы 2-3 жыл мерзімді жатқызады. Ұл балаларда 10 жасында, қыздарда 8 жасында аяқталады. Пубертат белгілерінің дамуында бүйрекүсті бездерінің гормондары қатысады.

Адренархе - жыныс жетілуінде бүйрек үсті без гормондары қатысатын уақыты мерзімі. Бұл кезең бүйрек үсті бездерінің белсенділігі төмен андрогендер синтезі мен секрециясы жоғарлауымен сипатталады. Олар қолтықасты мен шат аймағында түктер пайда болуына, қолтықасты және май бездерінің қызметтеріне әсер етеді. Қыз балаларда адренархе 6-8 жасында басталады.

2) Бейтарап фаза (меншікті пубертатты кезең) – ұлдарда шамамен 10 жастан 14 жасқа дейін, қыздарда 9-дан 12 жасқа дейін созылады. Осы шақтан жыныс бездерінің, ішкі және сыртқы жыныс ағзаларының дамуы, екіншілік жыныс белгілерінің пайда болуы тез жүре бастайды. Аталық безде эпителиальды қабаттың және интерстициальды тіннің өсуі болады.

Анабезде фолликулдардың жылдам өсуі болады,гормональды активтілік жоғарылайды. Бейтарап фаза шап аймағында түктердің өсуінен бастап, ұлдарда атабездің үлкеюінен, сүт бездерінің қыздарда ісінуімен және олардың аздап ауыру сезімімен жүреді. Ұлдарда ол алғашқы поллюцияга (бозбалалар мен еркектерде еркінен тыс шәуеттің бөлінуі, кейде қатты ұйықтап төс көру кезінде) дейін және қыздарда алғашқы менструацияға дейін кездеседі.

Телархе - қыздарда сүт бездерінің дамуы 8-10 жас аралығында болады.

Менархе - алғашқы менструацияның пайда болуы, орташа жасы 12,8±1,2жас.

3) Ересек (постпубертатты кезең) – ер балаларда 14-тен 18-ге дейін, бойжеткендерде орташа 13-тен 16 жасқа дейін созылады. Жыныс әрекеттің кезекпен дамуы және екіншілік жыныс белгілерінің толық түзілуі болады. Жігіттің организмі жыныстық қатынасқа түсуге, жұмыртқа жасушаны ұрпақтандыруға, эякуляцияға қабілетті болады. Қыздарда жыныстық циклдың дамуы аяқталып, менструациялық және овуляциялық цикл жүреді.

II. Жыныстық жетілген кезең (жеткіншек). Бұл мерзім әр адамда жеке-дара жүреді. Әйел адамдарда ол 16-18 жасына, ал ерлерде 18-20 жасқа сай келеді. Осы кезең (16-20 жас) ер мен әйелдің бала тууға дайындығымен, қанда гормондардың максимальды дәрежеде болуымен сипатталады.

III. Жыныс әрекеттің бәсеңсуі ерлерде шамамен орташа 60 жастан кейін, әйелдерде 45-50 жас шамасына сай келеді. Адамның жыныстық қызметінің біртендеп жоғалуынан болатын жасқа байланысты өзгерістер кешенді климактерий (климакс) деп аталады.

Адамның жыныстық мінез-құлқы – соматикалық компонент пен реттеуші механизмдер кіретін жалпы репродуктивті қызметтің іске асырылуына бағытталатын жыныстық жүйе әрекетінің көрінісі.