Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DK_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45.42 Кб
Скачать

9.Деректер қорының синхронизациялану процессін мысал негізінде сипаттаңыз.

10.Триггерді толық сипаттап жазыңыз. Мысал келтіріңіз.

Деректер қорымен жұмыс істеу барысында қолданушылар деректер қорында керекті сұраныстарды алу үшін,немесе барынша қолайлы болу үшін сақталатын процедуралар,триггер сияқты қосымша операциялар орындаймыз.Ол жұмыстың орындалуын тездетеді және уақытымызды үнемдей аламыз.

Триггер дегеніміз- SQL серверде сақталатын және белгілі бір операцияларды орындау барысында автоматты түрде іске қосылатын бағдарлама.

Сақталатын процедура-SQL серверде сақталатын және керек кезде қолданушымен шақырылатын бағдарлама.

Сақталатын процедура құрудың тиімділігі сол:деректер қорымен жұмыс істегенде күрделі сұраныстарды қайталап жіберіп отырмас үшін өте қолайлы,ол серверде сақталады.Сондықтан керекті сұраныстар,а сақталатын процедуралар құру арқылы,сол сұраныстарды керек кезде сілтеме сияқты шақырып алуымызға болады.Сақталатын процедуралардың керекті жағдайлары:

  • тұтынушылардың көптеген сұраныстары әртүрлі тілде немесе түрлі платформаларда болған жағдайда,бірақ операциялар дәл сол деректер қорында орындалуы керек;

  • 1-орындағы қауіпсіздік;

Триггерлер олар кестедегі (мәліметтер базасындағы) жазбаларды көру, өзгерту немесе жою кезінде не болып жатқанын бақылауға мүмкіндік береді;

Триггер – бұл DELETEINSERT, және UPDATE операторларының қандайда бір сұранысты орындау алдында немесе орындаудан кейін жасалынатын қосымша іс-әрекеттер. Мысалы, біз өзгертілімдер журналына жазу жаза аламыз. Бірақ, жазу үшін бізге екі сұранысты орындауға тура келеді. Біреуі – журналға жазуды енгізу болса, ал екіншісі – мәліметтерді өзгерту үшін. Сондықтан осындай жағдайларда триггерді орындауға болады. Бұл кезде біздің триггер INSERT операторынан кейін орындалады. Триггерді алдын ала қай уақытта орындалуын көрсетуге болады. Орындалу уақыты екіге бөлінеді: дейін (BEFORE) және кейін (AFTER).

Триггерлерді қолдану MySQL дің 5.0.2 версиясынан бастап ендірілген. Жоғарыда айтып өтілгендей триггерлер процедура сияқты UPDATE, INSERT және DELETE операторларының  белгілі бір оқиғалары кезінде орындалады.

Бұл мақалада біз ойдан шығарылған мысалмен түсіндіреміз. Мысал ретінде бір кесте алынады. Яғни, кесте students және бір триггер. Келтіріліп отырылған мысалымыздың мағынасы келесідей: students кестесіне сұраныс арқылы жазу жазылған кезде, бұл студенттің СЖК (студенттің жеке коды) ын, оның оқуға түскен жылына байланысты қылып, автоматты түрде кестеге триггер көмегімен жазып отырамыз. Мысалы, СЖК – 1410001 болады. Бұл жерде 14 – 2014 жылы түскен болса, соның ең соңғы екі саны. 1 деген ол біздің studyFormId ға байланысты. Егер studyFormId 9-санынан кіші болса, онда 1 болады. Егер 9 бен 10 болса, онда 2 болады. Ал, 12 және 13 болса, онда 3 болады. Мысалы, егер studyFormId=9 болса, онда СЖК – 1420001 деп басталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]