Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DK_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45.42 Кб
Скачать

7.Sql тілінің қай деректер моделіне тән екенін айтып, дәлелдеп беріңіз.

SQL тілі қазіргі кезде мәліметтер қорын басқару жүйесінің бірден-бір стандартты тілі болып табылады. SQL – Structured Queries Language сөзінің қысқартылған түрі, аударылғанда сұраныстың құрылымдық тілі дегенді білдіреді. SQL тілі реляциялық типтегі мәліметтермен жұмыс істеуге арналған. Ол реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйксі пайдаланушы істейтін барлық негізгі мүмкіндіктерді жүзеге асырады, атап айтқанда:мәліметтерді ұйымдастыру - мәліметтер қорының құрылымын құру және өзгерту; мәліметтерді оқу; мәліметтерді өңдеу - мәліметтерді қосу, өзгерту және өшіру; мәліметтерге кіру мүмкіндігін басқару - мәліметтерді оқу және өзгерту үшін пайдаланушы-ға шектеу мүмкіндіктерін беру; мәліметтерді бірге пайдалану - бірнеше пайдаланушылар мәліметтерді жалпы пайдалану;мәліметтердің бүтіндігі - жүйе істен шыққанда немесе басқажағдайларда бұзылудан мәліметтерді қорғау;

SQL тілі келесі DML, DDL яғни кіру мүмкіндігін басқару, транзакциямен басқару топтарынан тұратын командалар жүйесінен тұрады;

DML (Date Manipulation Language) мәліметтерді өзгерту тілі; SELECT – мәліметті оқуға сұраныс; INSERT – мәліметтер қорында жаңа жазбаларды енгізу (қосу); DELETE – мәліметтер қорында жазбаларды өшіру;

DDL (Date Definition Language) мәліметтерді анықтау тілі; CREATE TABLE – жаңа кесте құру, оның құрылымын сипаттау; DROP TABLE – кестені өшіру;

Кіру мүмкіндігін басқару

DROP INDEX – индексті жою;

GRANT – пайдаланушыға шектеу мүмкіндігін беру;

REVOKE – пайдаланушыға шектеу мүмкіндігін алып тастау;

Транзакцияны басқару

COMMIT-транзакцияны аяқтау;

ROLLBACK-транзакцияны алып тастау;

SQL жұмысын келесі сұлбадан көруге болады:

Пайдаланушы не интерактивті режимде,немесе программада SQL сұранысын мәліметтер қорын басқару жүйксіне жібереді.Нәтижесінде мәліметтер қорын басқару жүйксі мәліметтер қорын қарап шығады, мәліметтерді сәйкес түрде өңдеп және сұралып тұрған ақпаратты пайдаланушыға кесте түрінде береді.

SQL- тілі мәліметтер базасындағы кестелер мен және кестедегі мәліметтермен жұмыс істейтін іс- әрекеттерді орындауға бағытталған.

Бұл тілдің процедуралық программалау тілдерінен айырмашылығы, SQL- тілінде енгізу- шығару құралдары және есептеу үрдісін басқару (цикл,көшу,тармақталу) нұсқалары жоқ.

SQL-тілінде төмендегідей көптеген негізгі нұсқауларды көрсетуге

болады:

Мәліметтерді анықтау;

Мәліметтерді өңдеу;

Мәліметтерге қатынас құруды басқару;

Транзакциямен басқару;

8.Деректердің физикалық бүтіндігін сақтау үшін дқбж қандай шараларды қолданады?

Физикалық бүтіндікті сақтау үшін деректер қорын басқару жүйесі транзакцияларды пайдаланады.

АНЫҚТАМА: транзакция - қормен жұмыс істеу барысында орындалатын үрдіс бірлігі. Мысалы, егер деректер қоры адам аттарын сақтайтын болса, оған жаңа ат енгізу транзакция болып табылады. Сол сияқты кез келген деректер элементтерін жою, немесе жаңарту транзакцияға жатады. Əр транзакция бірнеше қадамнан тұрады. Мысалы, дерек элементін жою транзакциясы біріншіден элементті табу, екіншіден оның мəнін өшіру, үшіншіден өзгерісті файлға сақтау сияқты қадамдардан тұрады. Егер олардың кемінде біреуі орындалмаса, транзакция орындалмады деп есептелінеді. Транзакцияның орындалуы барысында электр қуаты жоғалса немесе басқа апатты жағдай орын алса, дəл апат болған кезде аяқталмаған транзакцияның орындалып біткен қадамдарының нəтижелері жоғалады да, қор бастапқы қалпына келтіріледі. Аталған функцияны орындау үшін əр транзакцияның орындаған қадамдарын бақылап отыратын деректер қорын басқару жүйесінің транзакция журналдары болады.

АНЫҚТАМА: транзакция журналы – қормен жұмыс істеу барысында орын алған транзакциялар мен олардың қадамдар тізімі. Мұнда əр транзакция мен олардың əр қадамына белгілі айнымалы-лар беріліп, қатаң қадағалады.

Деректер қорының қолданушыларының құқықтарын басқару

ДҚБЖ деректер қорын пайдалана алатын қолданушылардың атта-рын, құпия сөздерін жəне пайдалану құқықтарын сақтап, оларға сай жұмыс істеуін не істемеуін реттейді.

Бірнеше қолданушының жұмысын реттеу

Қолданушылардың қорды жұмсау ретін басқару үшін ДҚБЖ транзакциялар журналында сақталатын транзакциялар мен қадам-дар айнымалыларының өзгерістерін ажыратып,блок функциясының көмегімен оларды реттеп отырады.

АНЫҚТАМА: блок – бір қолданушы жазбамен жұмыс істеп отырған кезде ДҚБЖ-нің дəл сол жазбаға басқа қолданушыларға қол жеткізу мүмкіндігін бермеу шарасы. Өзгеріс жасайтын транзакция орындалып біткен соң, ол ДҚБЖ-не «commit» операторын жібереді де, өзгерістер файлға жазылғаннан кейін блок алынады. «Commit» операторы-транзакцияны аяқтау немесе блоктарды алу үшін қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]