Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DK_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45.42 Кб
Скачать

Мәліметтер (деректер) қорының негіздері

1.Дқбж-нің анықтамасын беріп, оған тән қасиеттер мен функцияларды атап көрсетіңіз.

Деректер қоры-деректер элементтері арқылы бір-бірімен байланысқан және бірнеше жүйенің деректерін үнемді түрде сақтап жұмыс жасау жылдамдығын жоғарғы деңгейде ұстайтын логикалық файлдар жиыны.

Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) – деректердің интерграциялық (деректер қорын құратын,жоятын,басқаратын,қолданушы бағдарламалармен жұмыс істеуін және сақталатын деректердің) бүтіндігін қамтамассыз ететін программалық кешен. Оның негізгі мақсаты деректер қорын құрып, жұмысын реттеп, бірнеше тұтынушының сақталатын деректерді жұмсай алуын қамтамассыз ету.

ДҚБЖ функциялары:

Деректер қорын құрып, оны инициализациялау және бастапқы мәліметті енгізу;

Пайдаланушыға сақталатын деректерді өңдеу мүмкіндігін беру;

Деректердің физикалық және логикалық тәуелсіздігін сақтау;

Физикалық және логикалық бейнелердің бүтіндігін сақтау;

Қор пайдаланушылардың құқықтарын басқару;

Бірнеше пайдаланушының жұмысын реттеу;

Пайдалынатын жадты үнемдеу (бос жерге жазу);

Қор администраторын басқару құралдарымен қамтамассыз ету.

ДҚБЖ мен падаланушы аралық қатынас көбінесе диалог ретінде өтеді;

Графикалық интерфейсте ДҚБЖ қорларды кестелер ретінде шығарады;

Деректердің физикалық бейнесі – деректердің компьютер жадында сақталу жолы.

Деректердің логикалық бейнесі – қор тұтынушыларының сақталатын деректер туралы түсінігі. Егер екеуі бір-бірінен тәуелсіз болса, деректердің физикалық бейнесі өзгерген кезде қормен жұмыс істейтін программалар өзгермейді.

Деректер қорларының логикалық бүтіндігін сақтау-енгізілетін деректердің формат пен типке сай болуын қадағалау;

Енгізілетін деректердің қордың бүтіндік шектеулеріне сай болуын қадағалау;

Деректер қорларының физикалық бүтіндігін сақтау - қормен транзакциялар арқылы жұмыс істеу;

Қорлардың копияларын сақтау;

2.Пост-реляционды мәліметтер қорын сипаттаңыз. Мысал келтіріңіз.

Постреляциялық модель кесте жазуында сақталатын мәліметтердің

бөлінбейтіндігі тәрізді шектеуді болдырмайтын кеңейтілген реляциялық модель болып табылады. Мәліметтердің постреляциялық моделі көп мәнді өрістерді– мәндері ішкі мәндерден тұратын өрістерді ұсынады. Көп мәнді өрістердің мәндерінің жиынтығы негізгі кестеге орнатылған өзіндік кесте болып табылады. Бірдей мәліметтерді салыстырмалы түрде реляциялық (а) және постреляциялық модельмен (ә) сипаттайтын мысал келтірейік. 1-кесте құжат нөмірі мен алушылардың номері туралы мәліметтерден тұрады. 2-кесте құжат нөмірінен, тауар атынан және тауар мөлшері туралы мәліметтерден тұрады. Екі кесте бір-бірімен құжат нөмірі өрістері бойынша байланысқан.

1-кесте

Құжат нөмері Сатып алушы нөмері

0373 8723

8374 8232

7364 8732

2-кесте

Құжат нөмері Тауарлар Саны (мөлшері)

0373 Дәптер 5

0373 Кітап 2

8374 компьютер 1

8374 Принтер 3

8374 Модем 2

7364 Компьютер

үстелі 1

3-кесте

Құжат нөмері Сатып алушы нөмері тауарлар Саны (мөлшері)

0373 8723 Дәптер 5

Кітап 2

8374 8232 компьютер 1

Принтер 3

модем 2

7364 8723 Компьютер үстелі 1

Кестелерде келтірілгеніндей реляциялық модельмен салыстырғанда постреляциялық модельде мәліметтердің сақталуы тиімділеу, сондай-ақ, өңдеу барысында екі кестедегі мәліметтерді біріктіру операциясын орындау талап етілмейді. Өрістердің қабаттасуымен қатар, постреляциялық модель ассоцияцияланған көп мәнді өрістерді қамтиды. Бұдан жолдағы ассоциацияның бір бағанындағы бірінші мән оссоциацияның басқа барлық бағандарындағы бірінші мәнге сәйкес келеді. Дәл осылайша басқа бағандардың екінші мәндері де дәл осылай байланысады. Кестедегі жазулардың өрісінің мөлшері мен өрістің ұзындығына тұрақтылық талабы қойылмайды. Бұл кестедегі мәліметтердің құрылымының

өте икемді болатынын білдіреді. Өйткені постреляциялық модель бойынша кестеде нормальданбаған мәндерді сақтауда да мәліметтердің қарама-қайшылықсыздығы мен тұтастығын қамтамасыз ету проблемасы пайда болды. Бұл проблема мәліметтер қорын басқару жүйесі механизмдерінде ұқсас сақталатын процедураларды клиент сервер жүйелеріне қосу арқылы шешіледі. Бақылау функциясын сипаттау үшін өріс мәндерінде процедура құру (конверсия коды мен корреляция коды) мүмкіндігі бар, ол мәліметтерге оралғаннан кейін немесе оралғанға дейін автоматты түрде шақырылады. Корреляция коды мәліметті оқығаннан кейін, өңдеу алдында орындалады. Ал конверсия коды керісінше, мәліметтерді өңдегеннен кейін орындалады.

Постреляциялық модельдің жетістігі байланысқан реляциялық кестелер жиынтығын бір ғана постреляциялық кестемен беруде болып табылады. Бұл ақпаратты беруде аса үлкен көрнекілікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мәліметтерді өңдеу тиімділігін арттырады.

Постреляциялық модельдің кемшілігі – сақталынған мәліметтердің

қарама-қайшылықсыздығы мен тұтастығын қамтамасыз ету проблемасын

шешудің күрделігінде болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]