Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhasandy_intelekt_tolyk_turi_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155.38 Кб
Скачать

9. Прологтағы программа элементтерін атап шығыңыз. Кішігірім көлемдегі мысалда предикаттар, айнымалылар, анонимді айнымалылар, сұралымдар, комментарийлерді көрсетініңіз.

Предикат өзімен символды әріп бар символдар қатарын көрсетеді.Предикаттарда аргументтер болмауы мүмкін,мысалы «go» немесе «repeat».Егер предикаттарда аргументтер болса,онда олар predicates бөліміндегі предикаттардың сипатталуы барысында анықталады:

Мысалы:

predicates

mother (symbol, symbol)

father (symbol, symbol).

Прологта деректер қорымен жұмысқа арналған арнайы құрығын предикаттар бар:

• assert; • asserta; • assertz; • retract; • retractall; • save; • consult.

assert, asserta, assertz предикаттары – ДҚ-на деректер енгізуге рұқсат береді,ал retract, retractall предикаттары – ондағы бар деректерді өшіреді.assert предикаты ДҚ кез-келген орынға жаңа дерек кіргізеді, asserta предикаты берілген предикаттағы барлық деректерден бұрын жаңа дерек енгізіледі, assertz берілген предикаттағы барлық деректерден кейін жаңа дерек енгізіледі.retract предикаты ДҚ-нан берілген дерекпен сәйкес бірінші деректі өшіреді, retractall предикаты ДҚ-нан берілген дерекпен сәйкес барлық деректерді өшіреді.save предикаты динамикалық ДҚ-ғы барлық деректерді дискте тексттік файлға жазады.consult предикаты тексттік файлдан саналған динамикалық ДҚ-на деректер жазады.

Интерпретатор деректер қорын көріп болған соң оған сұраныс жіберуге болады. Жай сұраныс аргументтент тізімі орналасқан предикат аттарынан тұрады. (Сұраныс сөзінің синонимі мақсат сөзі). Шақыру | ?—интерпретатор сұранысты өңдеуге дайын дегенді білдіреді.

Константалармен сұраныс.Егер сұранысқа айнымалылар кірмесе,онда интерпретатор екі жауаптың бірін береді: я немесе жоқ.Я жауабы интерпретатор сұраныстың ақиқаттылығын дәлеледей алатындығын куәландырады. Жоқ жауабы интерпретатор сұраныстың ақиқаттылығын дәлелдей алмайтынын білдіреді.

Сұраныстың орындалуы.Интерпретатор сұраныс аргументтерін деректердің аргументтерімен бірыңғайлауға тырысады.

Айнымалы – бұл үлкен әріппен жазылатын сөз секілді терманың түрі,мысалыға, X немесе «Кім». Егер сұранысқа айнымалылар кірсе,оонда интерпретатор сұраныс ақиқат болатын мағынаны іздестіреді. Прологтағы айнымалылар экзистенциалды квантифицирован болып саналады. Бұл сұраныста сұраныс ақиқат болатын тым болмаса осы айнымалының бір мағынасы болатын жайлы сұралады. Астын сызу символы _интерпретаторға аргумент мағынасын игнорлауға бұйрық беретін анонимді айнымалы ретінде шығады.Анонимді айнымалы кез-келгенмен бірыңғайланады,бірақ шығатын деректерді терминалға беруді қамтамасыз етпейді.Сұранысқа кіретін әрбір айнымалы, осы сұраныстағы басқа барлық айнымалылардын ерекшеленеді

10. Ненің нәтижесінде білім анықталмағындығы пайда болады? Анықталмағандық күйінде тұжырым қалай жүзеге асырылады? Байес қағидасының мәні неде және оны қалай қолданады?

1. Анықталмағандық жағдайда білімдерді ұсыну

Формаланбаған есептер ұғымын берілген ақпараттың нақты анықталмағанына байланысты сандық формада беріле алмайтындықтан енгізген. Мұндай есептерге жіктеу, диагностикалау, жобалау, анықталмағандық жағдайда білімдерді ұсыну және т.б. жатқызуға болады. Тарихта ең алғашқы сарапшы жүйелер болып ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында Станфордск университетінде жасалып шығарылған және органикалық химияның құрылымдық қосылымын ашуға арналаған Heuristic

DENDRAL және Meta-DENDRAL табылды.Сарапшы жүйелердің ақпараттық негізіне мәліметтер қоры мен білімдер қорын жатқызуға болады. Мәліметтер қоры пәндік облыстың объектілер, құбылыстарын және процесстерін және олардың қасиеттерін сипаттайтын жеке деректерден тұратын ақпараттардан тұрады. Тәжіребиелік түрде алынған мәліметтерге төмендегі қасиеттерге ие білімдер сүйенеді:

активтілік – жаңа білімдердің программалық генерациялану мүмкіндігі;

интеграциялану - білімдер мағынасын ашу мүмкіндігінің болуы;

байланыстылығы – деректер, құбылыстар, процесстер және олардың арасындағы қатынастарға қатысты заңдылықтарды сипаттау. Сарапшы білімдер қоры сарапшы жүйенің басты құрылымы болып табылады.Өнімділік модель білімдерді өнімділік ережелер түрінде ұсынуға мүмкіндік береді.Өнімділік ережені жалпы жағдайда мына түрде ұсынуға болады:i : S; C; A → B; P,мұндағы i - өнім нөмірі; S - бұл құрылым қолданыла алатын ситуациялар класын сипаттау; С – берілген өнім активтенетін жағдай; А→В – өнім ядросы (мысалы, «ЕГЕР А1,А2,…,Аn, ТО В»); Р – В орындалғаннан кейінгі өнімдік ереженің түсуі.Шарттар мен әрекетткр санына байланысты сәйкес тізімдерде келесі ережелер түрін көрсетуге болады: қарапайым – бір шарт және бір әрекет, құрылымды – көп шарттар мен әрекеттер, белгіленетін –көп шарттар мен бір

әрекет, тармақталған – бір шарт және көп әрекеттер.Өнімділік модельдер білімдерді ұсынудың ең көп тараған түрі болып табылады, себебі мағыналық интерпретацияны, модульділікті, түзету мүмкіндігін және логикалық шығаруды қамтамасыз етеді. Өнімділік ережелерді қолдану сарапшы жүйенің «мөлдірлілігіне» себепші болады, яғни оның

қабылданған шешімдерге қабілеттілігін көрсетеді.2. Нақты емес білімдерді ұсыну модельдері.Нақты емес білімдерді ұсыну модельдері бірден интерпретацияланбайтын, бірақ маңызды ақпараттан тұратын пәндік облыс объектілерінің маңызды қасеттерін сипаттайтын адам білімдерін қалыптастыруда қолданылады.Берілген ұғымның теориялық негізіне нақты емес алгебраны, нақты емес логиканы және нақты емес жиынды жатқызуға болады. Нақты емес логикадағы негізгі түсініктерге лингвистикалық айнымалыларды жатқызуға болады, ол қандай да бір қасиеттің ауызша сипаттамасының жиыны болып табылатын айнымалы түрінде анықталады. Мысалы, «өнім бағасы» лингвистикалық айнымалысы мәндер жиынымен анықталуы мүмкін.

Құбылыстың орын алу ықтималдығын ақпараттың келіп түсуіне қарай талдау мен қайта қараудың әдістемелік негізі Байес ережесіне негізделеді. Бұл ережені менеджердің қандай да бір құбылыстың сипаттары жөніндегі пікірінің өзгеру үдерісінің үлгісі ретінде қарастыруға болады, ол ақпараттың толығуына байланысты менеджердің қандай да бір жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылдау не қабылдамауының себептерін түсінуге көмектеседі. Жалпы алғанда,Байес ережесі қандай да бір құбылыстың орын алуының субъективті бағаланған ықтималдығын жаңа ақпараттың келіп түсуіне қарай формальды түрде түзету механизмі болып табылады. Байес ережесін келесідей бейнелеуге болады :

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]