- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары: Талқылауға арналған сұрақтар
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Басқару функциялары мен құрылымы
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары: Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары: Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Тақырыптық сұрақтарға ауызша жауап беруге дайындалу.
- •Дайындау керек мини-эссе тақырыбы “мемлекеттік бақылаудың қоғамдық үрдістері”:
- •Тақырып сұрақтары бойынша тестілік тапсырма дайындау керек.
- •5. Мемлекеттік басқарудың құрылымдық-функционалдық қағидаларының саны, заңдылықты көрсететін мемлекеттік басқару қатынасы функционалдық құрылымның қалыптасу өзара байланысына кірмейді
- •6. Мемлекеттік басқарудың заңдылықтарымен, қатынасымен және ұйымдастыру құрылымының өзара қарым-қатынасымен байланысты мемлекеттік басқарудың құрылымдық-ұйымдастырушылық қағидаларына кірмейтін түрі:
- •9. Басқарудың жеке қағидаларына жатады
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Кейс “шикізатты қазу және қоршаған ортаны қорғау проблемасы”
- •Талқылауға арналған сұрақтар
- •10. Нормативтік актілердің кеңістіктегі әрекеті:
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •5. Әкімиаттың қызметтеріне тікелей байланысты:
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •6.Басқару ақпараттарының негізгі көздері:
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Тапсырма
- •Кейс «Алматы темекі компаниясы»
- •Талқылауға арналған сұрақтар:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Кейс «покров облысы»
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Мемлекеттік басқарудың негізгі ерекшеліктері
- •Басқару процесінің сатылары
- •Қазақстан республикасының мемлекет қызметінің негізгі нысандары
Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
Шумеков З.Ш.
Жанбекова З.Х.
Кернебаев А.С.
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ
Оқу құралы
ҚАРАҒАНДЫ - 2013
УДК 330 (075.8)
ББК 65.012.2 я 73
Ш 96
Шумеков З.Ш., Жанбекова З.Х., Кернебаев А.С.
Мемлекеттік басқару теориясы. Оқу құралы. – Қарағанды, 2013. – 230 б.
ISBN 978-601-233-300-8
Оқу құралында мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері, басқарудағы жүйелік тәсілдеме, басқарудың қызметтері мен құрылымы баяндалып, мемлекеттік басқару процесінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру процестері қарастырылып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының заманауи жүйесі, әкімшілік реформаны жүзеге асыру процесі мен басқарушылық іс-әрекет стилін жетілдіру процесі, оны жүзеге асырудағы жауапкершілік келтірілген және т.б.
Теориялық материалмен қатар оқу құралы талқылау сұрақтарын, тестілік тапсырмалар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.
Оқу құралы студенттер мен тәжірибелік қызметкерлерге, сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселесіне қызығушылық танытатындардың барлығына арналған.
ББК 65.012.2 я 73
Құрастырған: Шумеков З.Ш., экономика ғылымдарының кандидаты, профессор
Жанбекова З.Х., экономика ғылымдарының кандидаты, доцент
Кернебаев А.С., магистр
Рецензенттер: Айнабек Қ.С., экономика ғылымдарының докторы, профессор;
Адамбеков М.Е. - Саран қаласының әкімі
© Шумеков З.Ш,. Жанбекова З.Х.,
Кернебаев А.С., 2013
© Қазтұтынуодағы Қарағанды
экономикалық университет, 2013
ISBN 978-601-233-300-8
Мазмұны
КІРІСПЕ
1-ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ
2-ТАҚЫРЫП. БАСҚАРУДАҒЫ ЖҮЙЕЛІЛІК КӨЗҚАРАС, БАСҚАРУ ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
3-ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҮРДІСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ
4-ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ: ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ МЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ МЕХАНИЗМІ
5-ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ – ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
6-ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
7-тақырып. қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының жүйесі
8-тақырып. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ҰЙЫМ
9-тақырып. Басқару жүйесіндегі мемлекеттік қызмет 1. Мемлекеттiк қызмет – әлеуметтiк-құқықтық институт және қызмет саласы ретінде. 2. Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық мәртебесі және жіктеуі 3. Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары мен мiндеттерi
10-ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ БЮРОКРАТИЗМ 1. Бюрократизмнің тарихи тамырлары мен мәні 2. Қазақстандағы бюрократиялық элементтер 3. Лоббистік іскерліктің мәні мен оның әдістері
11-ТАҚЫРЫП. ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРЛІК ІС-ҚИМЫЛ САЛАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ САЛААРАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
12-ТАҚЫРЫП. БАСҚАРУШЫЛЫҚ ІС-ҚИМЫЛ СТИЛІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
13-ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК МӘСЕЛЕСІ
Қосымшалар.............................................................................
|
6
8 8 9 12 25
32 32
33 34
44 44
45
55
55
61
62
70 70 77
80
90
90 92 95
106
106
110 112
116
133 133 136
149
149
152 153
162 162 165 168
177 177
181 183 184
196 196 199 201 205
215
215
216
218 229 |
КІРІСПЕ
Мемлекетті басқару қоғамдық өмірді реттеуде және тәртіпке келтіруде басты рөл атқарады. Әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани және басқа салаларды қамтиды. Ұйымдастыру және құрылымдық жоспар мен оның шешетін мүдделі және атқаратын қызметі туралы өте күрделі және көп жоспарлы институт. Бұл жағдайды зерттеу кезінде әр адамның, қоғам мен жеке мемлекеттің арасындағы сипатты түсінуге болады. Мемлекеттің басқару функциясы және дәрежесі, әр түрлі формада қоғамдағы жағдайға, оның мүшелеріне, әлеуметтік топтарға, ұйымдарға, бірлестіктерге, қоғамдық саяси қозғалыстарға толық әсер етеді.
Мемлекетті басқарудың адам баласының даму тарихында үлкен маңызы бар екенін атап өту керек. Ұлттық мемлекет болған кезеңге дейін көптеген өзгерістерге ұшырады және белгілі бір жағдайларға байланысты өзгеріп, жетілдіріліп отырады.
Адамдардың тіршілік әрекеті бір аяға біріккен кездегі рухани, әлеуметтік, экономикалық саяси жағдайларда мемлекетті басқару көлемі, масштабы, ұйымдастыру сипаты басқаша болды, капиталистік еркін кәсіпкерлік болды. XX ғасырда бұл жағдай басқа сипатқа айналды, адамзат қоғамы мен мемлекет арасындағы шек қою тоқталды, соның негізінде мемлекетті басқару ерекше құқығы бір салада қысқарып, басқа салаларда ұлғайды.
Бұл табиғи жағдай, сондықтан басқарушы жүйе қоғам мүшелерінің ұмтылатын қажеттілігіне, мақсатына, мүддесіне сәйкес болу керек.
Мемлекеттік басқару тек қана ұйымдық-функционалдық құрылымды ғана емес, қоғамды басқарудың практикалық мәнін, сонымен бірге қоғамдық қатынасқа қатысты сұрақтарды, құндылықтарды, көзқарастар мен саяси, құқықтық байланыстар мен қатынастар жүйесін басқару арқылы өміршеңдік қасиеттерін сақтау мен олардың қызмет ету бейімділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл проблемалар, дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай мемлекеттік басқару теориясы шеңберінде зерттеледі және дамытылады.
Белгілі болғандай мемлекетті басқару теориясының ұйымдастыру және сипаттау мәні өте маңызды рөл атқарады, басқарудың оңтайлы тиімділігін арттыру, елде және әлемде болып жатқан өзгерістерге байланысты одан әрі жақсартылды. Қазіргі мемлекетті басқару теориясының одан әрі дамуы және тығыз байланысты азаматтық қоғаммен, нарықтық экономика және саяси демократияны толық бекіту.
«Қазақстанның ғажайып жоспары, яғни біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан XXI ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс. Біздің жетістіктеріміз бен қазақстандық даму үлгісі жаңа саяси бағыттың негізі болуға тиіс», – деді Жаңа жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл өте маңызды қадам. Барлық саласын алға дамыту қай мемлекет үшін де оңай шаруа емес. Оның көбісі мемлекетті басқаруға байланысты, ол үшін шешім қабылдау кезінде экономикалық заңдардың мәнін теориялық жағынан дұрыс шешіп, қолданыстағы заңдар мен оның байланысын арттыру заң шығарушы органның басты міндеті болып саналады.
Қазақстанда мемлекетті басқару теориясын оқып үйрену мен оны жан-жақты зерттеудің алғы шарты жасалуда. 1997 жылы мемлекеттік қызмет туралы заң қабылданды. Заңда көрсетілген негізгі міндеттерді орындау кезінде көп жұмыстар атқарылды. Басқаруды жаңа бағытта дамыту кезеңінде, кеңестік жүйеде қалыптасқан әкімшілік-әміршілдік жүйені толық жеңіп, жаңа мемлекет қалыптастырудың әкімшілік жүйесінің негізі түпкілікті түрде өзгертілді және қоғамдық өмір аясындағы мемлекеттік саясат, мемлекеттік қызметкерді дайындау және қайта дайындау іске асты, мемлекеттік органдардағы істейтін адамдардың барлығы заң, құқық және әдеп нормаларын толық орындауға міндетті.
Қазақстанда экономикалық реформаның тереңдеуі, экономикалық және басқару саласындағы өзгерістер, мемлекетті басқару теориясында жаңа бөлімдердің болуын қажет етеді.
Қазақстанда мемлекеттік басқару реформасын іске асыру кезінде мемлекеттік басқару тиімділігін одан әрі арттыру кезінде басқарудың бірнеше модельдеріне талдау жасап, елдің экономикалық даму ерекшелігіне байланысты түрлі индекстерге талдау жасау арқылы қолдану жағдай жасалуда. Мысалы Канада, Австралия, Сингапур сияқты елдердің тәжірибесі айқындалып, экономиканың ерекшелігіне қарай қолдануда. Елдің бағдарлама жобасы мемлекеттік басқару, фискалды саясат, бәсекеқабілеттілік, іскерлік ахуалды жақсарту және тұрақты даму бағдарламаларын жасау және іске асыру жолында теориялық жағынан зор көп береді.
«Біз үшін экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тәжірибесі үлгі болып табылады. Желтоқсан айында біз тиісті елдік бағдарламаға қол оямыз. Аталған ұйым бұл бағытта үш мемлекетті іріктеп алды, оның ішінде Қазақстанды барлық салаларда, сонымен қатар, әкімшілік басқару жүйесінде де үздік тәжірибелерді енгізу үшін таңдады», - деді Ұлттық экономика министрі Е.Досаев[1].
Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар, анық әрбір өңірде ірі кешендер мен орта, шағын субъектілердің дамуына байланысты экономиканы жалпы және аймақтық дамуына байланысты жаңа талаптар қояды.
Бұдан республиканың әрбір өңірінде экономикалық, ұйымдық және әлеуметтік факторлар мен құбылыстарды жиынтық түрде зерделу қажеттілігі туындайды. Егер В.И.Ленин атап көрсеткендей, біз оның механизмі әсерін анықтап білу арқылы, біздің еркімізге және санамызға тәуелді емес екенін анықтасақ, онда біз табиғаттың төресіміз. Мұндай жағдайда егеменді ел ретінде Қазақстанның өңірлік экономикасын зерттеу, оның келешек даму жолдарын анықтау арқылы өңірлік аймақ экономикасына жақсы қарқын қосу арқылы одан әрі ынталы, тиімді дамуына жағдай жасаймыз.
Табиғи жағдайлардың алуандығы, табиғи ресурстардың бай болуы және оларды орналастыру, елдің геосаяси жағдайына аймақтық ұйымдастыруға үлкен әсерін тигізді. Тарихи түрде қалыптасқан өндірістік аппараттық оның сала құрылымының болуы, сондай-ақ оның моральдық және табиғи жағдайы түбегейлі роль атқарады. Сонымен бірге, жас мөлшерлік құрылымымен, біліктілігімен және тәжірибесімен еңбек ресурстарының болуы алға қойған перспективалық жоспарларды іске асыру кезінде әрбір өңірлер алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттерді орындау кезінде әсерін тигізеді.
Республиканың түрлі аймақтарын тиімді және ұтымды игеру маңызды міндеттер болып есептеледі, оның себебі біріншіден, өндіріске керекті шектеулі ресурстарды және энергия отынды тиімді орналастыру ел экономикасына оң әсерін тигізеді, екіншіден, шектеулі ресурстарды және энергия отын базаларын тұтынудың ұлғаятын қуатты ресурстар мен энергия отын базаларының кең тарамдалған желісін зерттеу жаңа игеру жолдарын табу және желісін құруды талап етеді, үшіншіден, таяудағы келешекте минералды-шикізатты ресурстары экономиканы одан әрі дамыту үшін құрылымдық өзгеруі, оны қайта құруды жүзеге асыру үшін қаражат жинақтауға жағдай жасайды, ол жағдай іске асуда.
Табиғатты және біздің елде табиғи ресурстар аймақтар бойынша тепе-тең бөлінбеген – ол заңды процесс. Соның негізінде өндірушілер мен тұтынушылар үшін ресурстар мен энергия, отын ресурстарын тасу, жеткізіп берудің тасымалдауды ұзарта түседі. Келтірілген ұстанымнан шығатын қорытынды, кеңістік (горизонталды) – өндірістік байланыстар, көлік, байланыс, дайын өнімдер мен өнеркәсіп және ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өндіру ұсынымын орналастыруды ғылыми тұрғыдан зерттеу, озық тәжірибені пайдалану арқылы орналастырудың тепе-теңдік негізінде орналастыру арқылы оңтайлы жағдайға жетуге болуы мүмкін.
Аталған ұстанымды іс жүзінде іске асыру басқару саласында жұмыс істеп жүрген кадрлардың білім дәрежесіне, тәжірибесіне байланысты іске асады.
Жаһандық экономикалық өсім тежеу тартым жұмыс орындары қысқару жағдайында біздің елімізде Мемлекет басшысының стратегиялық көрегендігінің арқасында даму мен өркендеудің бұрын соңды болмаған бағдарламасы - жаңа экономикалық саясат қарқын алмақ.
Бұл бағдарламаның мақсаттары, міндеттері мен ғылыми деңгей ең дамыған елдердегі осы сияқты құжаттар өлшемімен толық сай келетінін хабарлауда.
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру, соның нәтижесінде индустриялық-инновациялық экономиканы одан әрі тереңдетуге, әлеуметтік инфрақұрылымды сапалық жағынан одан әрі дамытуға, осы арқылы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын түпкілікті жақсартып, Президент алға қойған әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу туралы басты мақсатты жүзеге асыруға мемлекетті басқарудың барлық саласында қызмет жасайтын кадрлар толық жағдай жасауға міндетті, ол абыройлы іс.
Ұсынылып отырған оқу құралы, авторлардың ойынша мемлекетті басқаруда жасалып жатқан реформалардағы теориялық және практикалық жаңалықтарға жауап береді.
Оқу құралы басқарудың барлық деңгейіндегі мамандарға, жоғары оқу орындарының оқытушылары, магистранттары мен студенттеріне және кәсіпкерлерге арналған.
1-ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ
Дәрістің мән мәтіні
Мақсаты: Басқару және оның қоғамдағы рөлін зерттей отырып, басқару ғылымы, оның амалы, пәні, объектісі мен әдістерін қарастыру, мемлекеттік басқарудың эволюциясы мен басқару мектептерін, басқаруда қоғам мен табиғат заңдарын пайдалану механизмдерін анықтау.
Келешекте әрбір пәнді толық игерудің және жақсы нәтижеге жетудің жолы ұсынылып отырған пәннің мақсаты, қолданатын әдістеменің рөлі, даму кезеңдері, қаралатын заңдылықтар ойды дамытуға жағдай жасайды.
Дәріс жоспары
Басқару және оның қоғамдағы рөлі.
Басқару ғылымы, оның амалы, пәні, объектісі мен әдістері.
Мемлекеттік басқарудың эволюциясы мен басқару мектептері.
Басқаруда қоғам мен табиғат заңдарын пайдалану механизмі.
Негізгі түсініктер: Мемлекет, басқару субъектісі, менеджмент, мотивация, мемлекеттік аппарат және т.б.
Тақырыптың мазмұны
1.Мемлекет – тарихи процесс. Қоғамдық еңбек бөлінісіне байланысты пайда болады. Қоғамдық еңбек бөлінісі кезінде біреудің үстем жағдайға, екіншісінің бағынышты жағдайға түсетінін өмір дәлелдейді. Мәселен, бір отбасының өзінде табысты көп табатын үй иесіне әйелі және балалары тәуелді, олай болу себебі, ол, үй ішін асыраушы, тамақ тауып беруші, киіндіретін де соның өзі. Ал қоғам жеке отбасынан құралады. Олардың табыстары да әр түрлі мөлшерде, қоғамдағы орындары да әр түрлі. Әлеуметтік мәртебесі олардың байлығына, меншігінің көлеміне тікелей байланысты.
Ф. Энгельс: «Мемлекет дегеніміз бір топтың екінші топты бөліп жаншитын машинасынан басқа ештеңе емес», – дейді.
Міне, осы жерде мемлекеттің елді басқарудағы рөлі қажет болады. Тек мемлекет қана қолында бар мүмкіншілікті пайдалана отырып, басқару рөлін және құқығын толық пайдалана алады. Мемлекет өз дәрежесінде болу үшін күш көрсетумен бірге өзіне қарсылық білдірушілердің талабына да құлақ асуы тиіс, шегінуге, келісімге, ымыраға баруға да тура келеді. Кейде бір жақты жазалау шараларына жүгіну биліктің беделіне көп зиян келтіреді, сондықтан демократиялық принциптерге де арқа сүйеуге тура келеді.
Ата Заңымызда жазылғандай, еліміз демократиялық зайырлы құқықтық әлеуметтік мемлекет құруға берік бағыт ұстап отыр. Мемлекет үшін ең басты құндылық адам және оның өмір құқықтары мен бостандығы. Мемлекет тартымдылығы, пәрменділігі, әлеуметтік ұнамдылығы, халықаралық форумға қатысып, мәдени күндер өткізумен ғана өлшенбейді, бұл тек елді таныстыру, оның орнын айқындау ғана. Сонымен бірге, бұл басты өлшем болып жіктелмейді. Басты өлшем – мемлекеттік Заңдылықты сақтау, еңбек етуге қолайлы жағдай жасау, адам құқығы мен бостандығын қорғау, тынығуға, білім алуға, шеберлігін шыңдауға қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ осы айтылғандар ең маңызды міндеттер болып есептеледі.
2.Мемлекеттің мағыналық ұғымы мен сипатын зерделеуден шығатын қорытынды: мемлекетті басқару теориясының өзінің табиғатына сай методикалық әдістемесі бар. Ғылыми және оқулық әдебиетерде методикалық әдістің: жалпы, арнаулы, жеке үш кезеңі анықталады.
Жалпы әдіс тек бір ғылымда ғана емес, ғылымның барлық саласында қолданылады. Негізгі теориялық қолдану жолдары: салыстыру, талдау және синтездеу, дерексіздендіру, құрылымдық, ықтималдық т.б. әдістер. Зерделеу арқылы нақты қорытынды жасалады, сынақ негізінде алға қойған мақсатқа жетеді.
Арнаулы ғылым салаларын зерттеу. Зерттеу кезінде математикалық, статистикалық, технологиялық т.б. әдістер қолданылады. Бұл әдістің ерекшелігі: басқа әдістерді қолдана отырып, зерттейтін объектінің ерекшелігін, оның атқаратын қызметін, оны орындау кезіндегі ерекшеліктері мен мүдделі орындау жолдарын ғылыми негізде анықтайды.
Жеке әдістің басты ерекшелігі: мемлекеттік басқару теориясының өзінен туындайды, және одан әрі дамытылады. Басқа ғылымдарды пайдалану арқылы оның шеңберінен жеке шықпау керек. Шешімдер қабылдау кезінде салыстыруды, дұрыс құқықтық шешімдер қабылдауды, нормативтік-құқықтық актілерге сілтеме жасай отырып дамытуды осы топқа жатқызуға болады.
Басқару субъектісі бойынша, басқаруды алты түрге бөлуге болады:
Мемлекеттік басқару, оның субъектісі, мемлекет, яғни үш тоған: аумағы, халқы, билік. Басқарудың негізі тұтастық, егемендік, қауіпсіздік, тәртіптілік, сондай-ақ тарихи уақыт ауқымына байланысты ҚР-ның барлық секциясының дамуы;
ҚР жергілікті өзін-өзі бақарудың қалыптасуы бұл мемлекет институттарының, қоғамның дамуы мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жалпы деңгейімен, жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартумен байланысты негізгі басқару объектісі.
Менеджмент –(ағыл. – management (басқару, меңгеру, ұйымдастыру)) меншікті басқару, жеке кәсіпорынды, өндірісті басқару (басқару атқарылымдарының, қағидатының жеке әдістерінің, құрамдары мен нысандарының жиынтығы), бағдарламалық нысаналы басқару, ғылыми-техникалық талдамаларды, ағымдағы жеке, келешекті жоспарлау, шаруашылықты жүргізудің тиімділігін арттыру т.б.
Институционалдық (заңды түрде дайындау (заң және жарғы арқылы)) қоғамдық бірлестік қоғамдық басқарудың субъектісі болып есептеледі. Еркін және плюралистік азаматтық қоғамда субъектілері өте көп және олар ішкі және сыртқы жеке құрылымын өздері басқарады.
Топтық (ұжымдық) өзін-өзі реттеушілік, адам топтары субъекті болып есептеледі және қоғамның әрбір даму кезеңінде еркін болып саналады (өзінің көзқарасына байланысты) және сонымен бірге басқалардың мүддесін және мәди нормалар мен әлеуметтік тұрмыстық мүддені басқару кезінде біріккен тәртіп пен қызметті пайдаланады.
Кейбір адамдар мақсатқа лайықты тәртібі мен әрекетін өз өмірінің жасампаз және адамгершілік мақсаты етіп қояды, сол мақсатқа жету үшін білімін, күшін, уақытын жұмсайды. Бұл барлық басқарудың іргетасы болып есептеледі, оның адамдардың тәртібі мен сипатының әсеріне байланысты мазмұны, көлемі және механизмі анықталады.
Басқарудың барлық түрі әр кезеңде:
- Конституциялық және өзге құқықтар мен реттеуге жатады, мемлекеттік басқару басқа да басқарулармен тығыз байланыста болады;
- өзара байланыс бір-бірін толықтырады, ауыстырады, нығайтады, немесе бірін-бірі әлсіретеді;
-әрбір тарихи даму кезеңінде өзінің даму деңгейіне ие болады, басқару объектісіне басқару процесінің талабы сай келуі қажет.
Конфуций мемлекетті басқаруда ізгіліктің, саналықтың, тәртіптің және ережелердің басым болуын қалайды. Ол үшін өсек пен зорлық жүйесі зиянды болып есептеледі. Конфуций «Қайырымдылыққа иек артқан Билеуші Темірқазық жұлдызындай, өз орнынан міз бақпайды. Басқа жұлдыздар оған қарап сап түзейді» - дейді. Ол ой Әл-Фарабиде түрленіп, Абай мен Шәкәрім де қайырымды қаланың басшылары туралы айтады.
Басқару – өзара белгілі көп элементтердің қатынастарын реттеу, яки адамдардың өзінің, қоғамның, табиғаттың құрамдас бөлігі. Басқару адамдардың өзара әрекеті шеңберінде өмір сүреді, субъективтік болып көрінеді. Адамдар арасындағы басқарудың пайда болуы материалдық заттарды, техникалық құралдарды, технологиялық процестерді, әлеуметтік құндылықтарды, рухани шығармашылық өнімдерді т.с.с. адамның басқаруымен байланысты. Басқарудың барлығы адамдар арқылы басталады және адамдарға бағытталады.
Қоғамдық басқару иерархиялық құрылым арқылы анықталады және билікті туғызады. Үкімет кең мағынада жағдай (ахуал) болып көрінеді, бір адамдар әртүрлі жағдайға байланысты өзінің назарын, жағдайын, факторын мүддеге не басқа адамның еркіне бағындырады не адамдар жасаған қоғамдық институттар – әдет-ғұрып, дәстүр, дін, мораль, құқық т.с.с. үкімет, басқару сияқты типтік қоғамдық категория болып саналады.
Мемлекеттік басқару жүйесі ғылыми пән ретінде лайықты заңдылыққа сүйенеді және басқару әдісіне, ережесіне және себебіне сүйенеді, бұлар мемлекеттік басқарудың әдістемесін құрайды.
Қоғам дамуының объективті заңы адамның ойына не санасына бағынышты емес, ғылым арқылы анықталды ма, әлде жоқ па стихиялық түрде немесе саналы ұйымдасқан түрде әсер етуі мүмкін.
Егер заң анықталмаса, бұлыңғыр болса, онда адамдар сезгіштік, қармалау, байқау және қателесу арқылы білуі мүмкін. Заңды танып білу қоғамның келешегі үшін пайдалы. Қызмет тек заңдылықтармен ғана емес, субъективтік факторлармен – адамның санасымен анықталады және ол арқылы мемлекетті басқару жүйесіне байланысты кісінің тәртібіне әсер етеді. Басқа бір жеке адамға қарағанда, мемлекеттің оған құқығы бар, оның институттарының мүмкіндігі бар заңның механизмін толық ашуға конституция негізінде әсер етеді.
Егер мемлекеттік басқару жүйесі заң қызметін дұрыс көрсетсе, онда қоғам алға басады. Егер басқару практикасында мемлекеттің қызметі барабар дұрыс анықталмаса, онда экономикада қарама-қайшылық, кикілжің пайда болады. Басқарудың таза мәнін ашып көрсеткен белгілі Паркинсон заңы (Британдық адмиралтейс кораблінің жұмысшы және қызметкерлерінің 50 жылдық динамикалық дамуын талдау арқылы шығарылған), басқару құрылымы, өзара даму уақыты өз-өзінен топталатынын, басқару объектісіне байланысты емес жағдайлар көбейетінін дәлелдейді. Көбею үрдісіне қарсы әсер ету арқылы, басқару аппаратын тұрақты жағдайда бақылап отыру керек екенін негіздейді.
Заңның объективтігі, мемлекеттік басқару жүйесі әдістемесінің негізін құрайды, ол практикалық қызмет жағдайында іске асады, басқару тиімділігінің принциптері:
- экономика мен саясаттың бірлігі, саясаттың басымдығы, экономиканың қорланғанын, қалыптасқанын білдіреді;
- орталықтанған және жеке аудандарды және жергілікті басқа да пайда болған аумақтарды байланыстыруды, жалпы және жергілікті мүддені және мүдденің басымдығын жоғары деңгейге шығаруды білдіреді.
Барша халыққа және әр уақытта қажетті, қолайлы ұстанымда болу, басқарушының адалдығы. Адалдық тек жақсы саясат қана емес, мемлекетті басқарудың бірден бір жақсы қасиеті деп көрсетті АҚШ-тың үшінші президенті Т.Джефферсон.
Адал басқару дегеніміз – биліктің ашық және мөлдір болуы. Биліктің адал болуы халықтың бақылауы арқылы нығаяды, сонымен бірге басқаруға халықтың өзі араласады.
Басқару процесінде қабылдаған заңдармен басқа да нормативтік актілер іске асады. Ол үшін органдар мен мекемелер сәйкес әдістер қолданады. Басқаруда билікті орындаушы буындар, парламент палаталарының комиссиялары, сот органдары, мемлекеттік корпорациялар құрылады.
Басқару жүйесі әртүрлі элементтердің бірігуі арқылы қалыптасады, тұтас бірлік жасалынады. Әрбір даму сатысында тепе-теңдіктің болуы және иерархия оның дұрыс жұмыс істеуі болып саналады.
3. МБТ тарихи қалыптасқан бірнеше мектептерге бөлінеді және оның ағылшындық, француздық және немістік даму бағыттарын анықтайды. Америкалық мектеп эмпирикалық бағытты сипаттайды: яғни басқару теориясының қажеттілігі мемлекеттік басқару практикасын ұтымды ұйымдастырады. Осы негіздегі америкалық мектеп өзінің алғашқы даму сатысында мемлекеттік әкімшілік теорияға негізделді, сонымен бірге көрнекті қайраткерлер тек теоретиктер ғана емес, практиктер де болды.
Мемлекетті басқарудағы Американың басқару мектебі өзінің даму кезеңінің бірнеше сатысынан өтті.
Американың классикалық мектебі, американың менеджмет мектебіне сүйенді. Оның негізі: басқаруды оңтайландыру, оған жетудің жолы, басқарудың экономикалық тиімділігін іздестіру, алға қойған мақсатқа аз шығын жұмсап, барынша жоғары тиімділікке жету болып саналады. Мемлекеттік әкімшіліктің негізгі ұстанымы: мамандану, бағыныштылықтың санын азайту, жауапкершілікті орталықтандыру, корпоративтік қызметкерлердің үндестігі. Басқарудың белгілі теоретигі және практигі Л.Уайт өзінің еңбегінде, негізінен, мемлекеттік әкімшіліктің ұтымды құрамына иерархиялық ұйым ретінде назар аударды.
Мемлекет әкімшілік басқару – бұл жанжақты процесс, бірнеше өзара байланысты функцияны құрайды, олардың ішіндегі негізгісі – жоспарлау және ұйымдастыру болып саналады.
Алайда, классикалық мектеп адам факторының әсеріне назар аудармады. Басқару процесінің ХІХ ғасырдың 20-30 жылдардағы даму кезеңінде әлеуметтік психология социологикалық басқарудың жан-жақтылық классикалық ұстанымына күдік келтіре бастады. «Адамгершілік қарым-қатынас» мектебі әкімшілік қызметінің нақты жұмыс істеуіне талдау жүргізгенде жұмыс істейтін индивидтер мен топтардың тәртібіне сүйенді. Мери Паркер Фоллет, Элтон Мэйо, Абрахам Маслоу 20-50 жылдардағы АҚШ-тағы осы бағыттағы белгілі ғалымдар болып саналады. Атап айтқанда, мисс Фоллет МБТ негізін салушылардың алғашқыларының бірі болды, ол басқаруды ғылыми тұрғыдан анықтады «Жұмыспен қамтамасыз ету басқа адамның көмегі арқылы» іске асатынына назар аударды. Жасалған әкімшілік құрылым және жақсы еңбек ақы әр уақытта еңбек өнімділігінің дамуына әсер етпейді дейді оның классикалық жақтаушылары. Жұмыс істеу кезіндегі қызметкерлердің арасындағы қалыптасқан күш, басқарушының өзіне қажетті басқару жағдайына ауыстыру әрекетіне арналған күшке қарсы әсер етуі мүмкін.
А.Маслоудың жүргізген зерттеуі көп жағдайда құбылыстың себебін түсінуге жағдай жасады. Ол тұтыну иерархиясын жетілдірді, бұл басқарудың негізгі ғылыми оқулықтарына енгізілді.
Оның тұжырымдамасының себептеріне байланысты адамдардың амалы тұтынуға байланысты негізден экономикалық емес («классиктердің» жорамалдауынша) әлеуметтік, менмендік, амалдарға қарай ойысты, яғни шығармашылықты іске асырумен байланысты және т.с.с. жартылай не жанама ақша көмегі арқылы қанағаттандыруға болады. Осы қорытынды негізінде А.Маслоу басқаруда адамдық қатынастарды пайдалануды ұсынды, ол үшін ұжымдық психологиялық ахуалды жақсарту, жұмыс кезінде өзінің шығармашылық әлеуетін іске асыру, соған байланысты қызметкерлерге кеңес беру қажет.
АҚШ-та ХХ ғ. 60-шы жылдарында әкімшілік-мемлекеттік басқарудың теориялық дамуының жаңа бағыты – тәртіптік үйлесу пайда болды.
Адамдық қарым-қатынас мектебінен айырмашылығы, өз назарларын адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға, басқару процесінде адамдардың мүмкіндігін ашып көрсету үшін жағдай жасауға, тәртіптік ғылыми тұжырымдама ретінде мемлекеттік әкімшілікте қолдануға бағытталды және ол екі сатыдан өтті.
1. Бихевиоризм – барлық субъективтік факторларды ғылыми ізденістен алу. Мақсат, ниет, ықылас – тек қана қалдыру керек қазіргі байқауды, басқаруды дәл ғылымға айналдыру.
Бихевиорилизм – бұны анықтаушылар тек нақтыға келтіруді ойламайды, теорияның негізі – адамдардың тәртібінің жақсы жақтарын танып білу.
Тәртіпке келтіру арнасында әжептәуір ойлар зерттеліп қаралады, олардың біраз ұсыныстары мемлекеттік әкімшілік басқаруда жемісті қолданылуда.
Тәртіпке келтіру шеңберінде басқару тұжырымдамасындағы ең қызықтысы Д.Макгрегордің Х және У теориясы мен Ф.Гербергтің мотивациялық гигиена теориясы болып саналады. Д.Макгрегордің ойынша, егер басқарушы өзінің рөлін қарапайым қызметкер ретінде көрсетсе, басқару стратегиясы негізделеді.
Х теориясы басқарудың статикалық стратегиясы деген атқа ие.
Оның негізгі постулаты төмендегіге саяды:
- орташа қызметкер өзінің табиғи жағдайына байланысты жұмыс істеуді сүймейді және мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуден бас тартуды ойлайды;
- қызметкердің көп бөлігі жаратылысынан еңбек етуді сүймейді, оларды бақылау, тәртіпке тарту арқылы алға қойған мақсатқа жетуге болады;
- орташа қызметкер, ол өзінің қауіпсіздігін артық көреді, тазалықты сүймейді.
Д.Макгрегор есептеуінде, бұл жағдайда көп артықшылық бар, кейбір жағдайда ол туралы шындық толық дәлелденсе, онымен келісуге болады. Оның есептеуінше, басқару тұжырымдаманың қолайлы теориясы. Ол икемді және тиімді басқарудың динамикалық стратегиясы деген атқа ие болды;
- алға қойған мақсатқа жету үшін тек сыртқы бақылау жасау, мақсатқа жетудің бір ғана құралы болып табылмайды. Қызметкер қабілетті және егер өзіне қойған мақсатқа жетуге ынталы болса, өзін-өзі бақылай алады;
- орташа қызметкердің дайындығы бар және жағдайды біледі, өзіне қажетті жауапкершілікті алады және оны орындауға әсер етеді;
- қабілеттілік ашық көріне бастайды, шығармашылық қиял. Көп адамдарға байланысты әдет, тек қана таза адамдарға ғана байланысты емес;
- басқару жүйесінде орташа шенеуніктің ойлау алғырлығын толық пайдалану көп жағдайда өте аз пайдаланылады.
Төменде көрсетілген Д.Макгрегордың Х және Y теориясының негізгі айырмашылығы:
Х теориясы |
Y теориясы |
1. Басқарудың статистикалық стратегиясы |
1. Басқарудың динамикалық стратегиясы |
2. Шенеуніктің алғырлығын одан әрі жетілдіру мүмкін емес |
2. Шенеуніктің алғырлығы одан әрі жетілдірілуі мүмкін |
3. Жекеше толық бақылау |
3. Шенеуніктің тұтынуындағы бейім-діліктің шектеулі болуы |
4. Шенеунік белсенділігінің шек-теулігі адамның өзінің табиғи күшіне байланысты |
4. Шенеуніктің белсенділігі басқарушының ұйымдастыру қабілеттілігіне байланысты |
5. Жұмысты ұйымдастырудағы тиім-сіздіктің себебі, адам табиғатындағы қажетті басқарудың болмауы |
5. Жұмысты ұйымдастыру тиімсіздігінің себебі басқарудың нашарлығы |
Д.Макгрегор түсінігі бойынша теорияның алғы шартын орындау оңай, ал оны өмірде қолдану өте қиын. Жоғарғы және орташа қызметті орындаушының алатын орнына байланысты ол, шешім қабылдауға міндетті.
Ү теориясын қолдану басқарушының мотивациясы үшін іс жүзінде олардың еңбектерінің мазмұнын арттыру міндетін кеңейту, соған сәйкес құқығын ұлғайту болып саналады. Дегенмен, бағынушыны басқаруға қатынастыру, көп жағдайда өзін-өзі ақтамайды. Бұл, У теориясының дұрыс еместігінде емес, оны практикада іске асыру өте қиын. Басқарушының басқаруды оған беру себебі, көп жағдайда қабілеттілігінің жетіспеуі, өзінің қызметкерлеріне мағынасыз сұрақтарға шешім шығаруы, не олардан кеңес сұрау, содан кейін оларды кеміту болып саналады және осындай басқарушы өзін сенімдімін деп санайды. Осыған байланысты алқалы басқару әдісін толық меңгерем деп ойлайды, бірақ бұл олай емес.
Ф.Герцберг бойынша: егер Сіз У теориясын жасанды негізде қолдансаңыз, онда Сіздің бағынушыларыңыз жеңіл өмір сүреді, егер Сіз Х теориясына қолдансаңыз, Ү теориясына қарағанда тиімсіз деп ескертті.
Ф.Герцберг тұжырымдамасы адамдардың басқару процесіндегі тәртіптік мотивациясына арналған. Осымен байланысты Ф.Герцберг бірнеше зерттеулер жүргізді, соның негізінде қызметкерлерге қанағат әкелетін еңбек денсаулық психикасына әсер етеді. Оның тұжырымдамасы гигиена мотивация деген атақ алды. Гигиена – белгілі денсаулықты ғылыми тұрғыдан сақтау, бұл жағдайда дені саудың психикасы жұмыс процесінде жақсы көңіл қалыптастырады.
Еңбек тәртібінің мотивациясына әсер ететін барлық факторларды Ф.Герцберг еңбекті қанағаттандыруға әсер ететін және әсер етпейтін деп екі топқа бөлді.
Бірінші топқа: еңбектегі жетістік пен табыс, еңбекке лайық болу, еңбектену кезінде оған жауапкершілікпен қарау және қызметкерлердің кәсіби өсуі кіреді. Герцберг теориясы бойынша осы аталған факторлар еңбек тәртібі мотивін одан әрі жандандырады, себебі қызметкер еңбектен қанағат табады. Оның ойлауынша, жеке шешім қабылдауға, оның қызметінің мамандануына, қызмет бабының өсуіне т.с.с қызметкерге мүмкіндік жасау керек.
Басқалай айтқанда, қызметкердің жұмыс орнын жобалаушылар қызметкерлер айтқан 6 факторды орындауға жағдай жасауды ынталандыру керек. Ф.Герцберг міндеттің кеңеюінен, еңбектің мазмұнын сапаландыруды айыра білу керек екенін ескертті. Еңбектің мазмұнын сапаландыру арқылы жұмыс қызықты болады. Солай болғандықтан жұмыскерлерге кең еркіндік беріледі, міндеттің шеңберін кеңейту жұмыс көлемін ұзартады.
Қызметкерлердің еңбегін қанағаттандыруға қарсы факторларды Ф.Герцберг ұйымдағы әлеуметтік психологиялық ахуалмен байланыстырады. Егер кейбіреуінің тепе-теңдігі болмаса, онда жұмысшылар наразы болады, еңбектегі тәртіптің жағымды мотиві әлсірейді, жұмыста қанағаттанғысыздықты туғызады. Егер осы факторлар тепе-тең болса, онда ол жұмысшылардың белсенділігін арттырады. Ф.Герцберг осындай мотивацияның 8 түрін бөліп көрсетті:
жұмысты сақтауға кепілдік беру;
әлеуметтік мәртебе;
ұйымдағы еңбек саясаты;
еңбек жағдайы;
бастықпен тура қарым-қатынас;
жеке бейімділігі;
өзара қарым-қатынасы;
еңбек ақысы.
Бихевиоризм принципі оны жақтаушылардың көзқарасы бойынша практика жүзінде ғана қолдану, тек эксперименттік жағдайда тиімді әсер етеді, шағын топтарда, ал қоғам көлемінде жарамсыз.
Қоғамдағы саяси және басқару қарым-қатынасы әрбір адамның психологиялық дүниесімен анықталмайды, ал керісінше қоғамдық қатынас адамның әлеуметтік-психологиялық құрылымына байланысты анықталады.
Бихевиоризм қарым-қатынасына байланысты жаңа ағым – «пост бихевиоризм», «модернизм» және «функционализм құрылымы» екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дамыды.
Пост бихевиоризм пікірі бойынша МБТ негізгі мақсаты – басқару процесін талдау және бейнелеу, олардың көзқарасы бойынша әлеуметтік саяси құндылығын терең мағынада түсіндіру. «Қолдану» және «әрекет» сияқты басты категорияға маңызды орын беру.
Кең мағынадағы пост бихевиорализм мемлекеттік-әкімшілік өзгерту кезінде оның негізгі принциптерін сақтау керек екендігін анықтау болып табылады.
Мемлекеттік әкімшілік тәсілді модернистік бағыт ұсынады. Бихевиоризм идеясын толық бекерге шығармай шектігін анықтау және ол әдістің кемшілігін зерттеу. Соның ішінде, модернистік бағыт ұсынған институционалдық бағытқа, мемлекеттік-әкімшіліктік зерттеу кезінде ерекше көңіл аудару керек.
Модернистер теориялық және кибернетика, эмпирикалық, физика және математика әдістерін кеңінен пайдаланады. Математикалық статистиканың әртүрлі әдістері өтпелі кезеңдегі факторлық талдау, әртүрлі модернистік бағыттың негізгі әдіс құралдары, әртүрлі институционалдық модельдер, талдау әдісі, вербальды абстрактылық әдістер, оның теориялары қолданылады.
50 ж. ортасында МБТ құрылымдық-функционалдық әдісінің даңқы шыға бастады. Бұл бағыттың негізін салушылар өздерінің көзқарасын мемлекеттік-әкімшілік басқарудың дамуы және оған кедергі келтіретін және сол жүйенің тұрақтылығын сақтайтын факторларға арнады.
Мемлекеттік басқарудың ағылшындық мектебі. Мемлекетті басқару ағылшынның қоғамдық білім жүйесінде өткен жүз жылдықтың аяғына қарай зерттеле бастады, Мелдан университетінің экономика және саясат ғылымдарының Лондон мектебінің негізі қаланды. Бұл мектепте, содан кейін Оксфорд, Кембридж, Манчестер, Липерпуль және басқа университеттерде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жинақталған түрде сабақ беру, мемлекеттік басқаруды, саяси институттар мен мемлекеттік қызметті, ағылшын конституциясын, әкімшілік құқықтарды оқып білу, зерттеу жұмыстары қолға алынды.
Ағылшынның экономикалық бағыттағы әкімшілік мемлекеттік басқару мектебі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жаңа даму кезеңін бастады. Социологтардан айырмашылығы, олардың зерттеу өлшемі дәстүрлі мәдени және құндылық жүйе болды. Ағылшынның белгілі саясаткері Б. Барри мемлекеттік биліктің экономикалық түрінің тұжырымдамасын жасады. Ол уәде беру және қорқыту арқылы іске асады. Қоғамдағы ұтудан шығынданатын биліктік қатынасты Б.Барри қарастырды. Оның ойынша биліктік қатынас орын алады, егер басқаға қарағанда оны сақтау арқылы ұтса. Соңғысы көнудің мүмкіндігіне байланысты ең аз бағамен шығынға ұшырауды қолдайды. Мемлекетті басқарудың екі конституциясын іске асыру жобасын жасады: Б. Барри қарастырған қоқан-лоқы не уәде беру арқылы қоғамдағы үстемдік қарым-қатынаспен байланысты ұтылу, не ұту. Үстемдік қарым-қатынасты сақтау үшін бір жағы ұту керек, екінші жағы аздап ұтылады.
Ырқына көнуді өлшеу жолдарын Б. Барри келесі тұжырымдамасында ұсынады: ырқына көнудің А мен Б арасындағы айырмашылығы, олардың арасындағы сұрақтың ағымдағы айырмашылығына байланысты. Сонымен А ымыраға асады, егер оған арзан беру құны жоғалған мүмкіншіліктен кем болса, егер Б жағы санкция қолданса Б сол жағдайда жүзеге асады. Кезінде әкімшіл мемлекеттің басқарушылық: мақсатты және азаматтық екі тұжырымдамасын жасады. М.Оукшоттаның ойынша әкімшілік мемлекеттік басқарудың түрлері таза түрде кездеспейді, себебі тамаша теориялық құрылым болып көрінеді.
Бұл жағдайда А-ның Б ырқына көнуі сол жағдайдағы құндылықтың қандай мөлшерде екеніне байланысты. Жоғалту санкциясын қолданудың ықтималдық мөлшері, сол шығынды пайдалану мөлшеріне байланысты шығынмен жабылады.
Ағылшынның белгілі философы М. Оукшотт 50-60 жылдары Лондонның экономика мектебінің саяси ғылымдар кафедрасын басқарды. Еуропа халқы «Ессіз мақсаты – тілектестік бірлестік» жолдан бастап соңғы ортағасырлық дәуірдегі саналы азаматтық қайымдастыққа дейінгі жолдан өтті деп айтуға болады. Бүгінгі күнге дейін бұл процесс біткен жоқ, бір мемлекеттерде (батыстық демократиялық) «азаматтық қауымдастықтар» үлкен дәрежеде, басқа бір мемлекеттерде Батыс демократиясында болуы мүмкін мақсатты мемлекеттік басқару тәртібінде аз дәрежеде іске асырылуда.
Мақсатты мемлекеттік басқаруға М.Оукшотт сипаттама береді. Осындай мемлекеттің азаматтары кәсіпорынның жұмысшылары ретінде қаралады, өзінің мақсаттарына (әл ауқатына, өзгеріс деңгейіне, мәдени бірлестікке т.с.с.) жету жолын көздейді.
Немқұрайды тепе-теңдік жоқ – адамдардың құндылығы олардың жалпы салымымен анықталады «Жалпы іс» арқылы корпаративтік жекеше бағынуды білдіреді. Заңдылық, әкімшілік реттеуші, қолданбалы сипаттаманы білдіреді.
Әділеттілік түсінігі теңдік болу мақсатында бөлу мәселесін шешу үшін, әкімшілік басқару жүйесі тиімділігінің негізгі міндеті – тең бөлу міндетін мойындайды.
Француздық басқару мектебінің қалыптасуы мемлекеттік (не Конституционалдық) құқық ғылымының даму қорытындысы ретінде дамиды. Францияда әкімшілік-мемлекеттік басқару теориясының негізін салушы Анри Файола осылай деп есептейді. Оның «Әкімшілік теориясы» 1916 ж. басылған «Жалпы және өнеркәсіпті басқару» кітабында баяндалған. Өзі негізін қалаған Әкімшілік орталықты басқарды.
ХХ ғасырдың 30 жылдарында ғылыми зерттеу негізінде мемлекеттік-құқықтық институттарды бейнелеп түсіндіреді, өйткені әкімшілік басқаруды оқып үйренуде институционалдық жақындау жолының үстемдік етуі басым еді.
30-шы жылдардың басында әкімшілік-мемлекеттік басқаруда бихвиоралдық әдіс үстемдік ете бастайды. Мемлекеттік әкімшілдік басқарудағы Бихевиоралдықтың алғашқы даму кезінде екі үрдіс – мемлекеттік және экономикалық бағыт өріс алды, адам табиғатындағы тәртіпті екі жағдайда түсіну оның қайнар көзі болатын.
Экономистердің түсінігіндегі саясат пен мемлекеттік басқару –адамдардың басқару қызметінің аясы, негізгі механизмі болып саналады.
Экономикалық талдаудың формалды әдісі қолданылған, ХІХ ғ. 50-ші жылдарына дейін, экономикалық тұрғыдан келу екінші кезекте болды.
Соңғы онжылдықта әлеуметтік бағыттағылардың еңбектерінде орташа мемлекеттік институттардың тұрақты даму проблемасы өзекті тақырып болып көтерілуде.
Ағылшын саясаткерлерінің көбі елдегі саяси-мәдени тұрақтылықтың негізі неде деген проблеманы зерттеуге ден қоюда. Негізгі талдау демократиялық рәсім сияқты косинус түсінігі ретінде қызмет етуде.
Дж. Баджаның ойынша консенсустың дәрежесі саяси мәдениет пен белсенділік деңгейіне байланысты. Сайланған адамдар мен шенеуніктердің пікірлері бойынша, қазіргі бар институттар қарапайым азаматтардың сұрақтарына сезімтал, бұл институттар сондай-ақ соңғының қолдауына ие, оларды сақтау, әрбір қайшылық саяси партияларға пайдалы.
Д. Кэвэней еңбегінен мемлекеттік құрылымдағы лидерлік форманың, мәдени фактордың әсері туралы өте қызықты ойды табуға болады. Бұл М. Вебер ұсынған харизматикалық лидерлікке сәйкес келмейді.
1) Ұлыбританиядағы жеке лидерлік қабілеттілікті іске асыру дәстүрлі институттарға толық байланысты. Тек сол барлық саяси әлеуметтендіру курсынан өткен қарапайым парламент мүшесінен бастап фракция лидеріне дейін елдің басшысы бола алады. Британияның саяси жүйесінде «жоғары» көтерілудің басқа жолы жоқ.
2) лидерліктің жағдайы, оның ерекшелігі дәстүрлі институттарға бағынышты, ұлыбританияның саяси жүйесінде одан «жоғары» жол жоқ. Премьер-Министрдің сайлаушылар алдында беделді болуы оның беделділігінен, не оның қызмет орны не азаматтық ар-намысынан емес, оның белгілі дәстүрлі партиялық құрамында болуынан. Елдің басшысы парламенттің қарапайым мүшесінен фракция лидеріне дейінгі әлеуметтендірудің барлық курсынан өтуі керек.
Дәстүрлі осындай ойын ережесі тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қолданыла бастады, ол бойынша сирек кездесетін сапаға ие жаңашыл, премьер орнын алуға тиіс (Черчиль).
Ол дәлелдеген, оның тұжырымдаған басқару туралы қағидаттарын жан-жақты түрде іс жүзінде барлық практикада: экономикада, мемлекеттік қызметте және мекемеде, әскерде және флотта қолдануға болады.
А.Файоль ғылыми басқаруға мынадай классикалық анықтама берді: «Басқару, болжам жасау, бұйрық беру, үйлестіру, ұйымдастыру және бақылау жасау:
- болжау, яғни болашақпен санасу және іске кірісуге бағдарлама жасау;
- ұйымдастыру, яғни екі есе жасау, материалдық және әлеуметтік-мекеменің организмі;
- үйлестіру, яғни бір-біріне байланыстыру қызметін біріктіру, барлық қызметті үйлестіру және қадағалау;
- жарлық беру, яғни жұмыс жағдайын жасау арқылы қызмет істеушілерді жұмысқа жұмылдыру;
- бақылау, яғни оның қамын ойлау арқылы барлық ереже мен жарлық беру толық орындалуы керек.
Файольдің пайымы бойынша кез келген ұйымды басқару (оның ішінде мемлекеттік ұйым) негізгі алты топтың қызметін құрайды: техникалық, коммерциялық, қаржылық, сақтандыру, есептеу және әкімшілік. Ең бастысы әкімшілік қызмет, ол жалпы жұмыстың бағдарламасын жасайды, мамандарды іріктейді, орындауға күш салады. Осы жұмысты толығымен басқарушы ұйымдастырады. Сондықтан ол лидерлік рөл атқарады:
А.Фаойль басқарудың жалпы 14 қағидатын қалыптастырды:
1. Еңбек бөлінісі – барлық ниет пен қызмет объектінің санын азайтуға бағытталады, сол ниет сапалы, әрі аз шығынмен орындалуы тиіс.
2. Үкімет – жарлық және күш беруге құқылы, оны орындауға ықтиярлы. Сонымен бірге жауапты, санкциясыз – марапаттайды және жазалайды – барлық істі жүзеге асырады.
3. Тәртіп – ырқына көну, ынталы атқару, ішкі жағдайға байланысты өзін ұстау, сыйлау, кәсіпорын мен қызметкерлердің арасындағы келісімді орындау.
4. Басқарушылықтың бірлігі – қызметкерлерге белгілі бір қызметті атқару үшін шешімді тек бір бастықтың беруі керек.
5. Бастықтың бірлігі – бір бастық және тұтас операцияны орындау үшін бір бағдарлама болуы керек, бар мақсатты орындауға жұмылдырылған.
6. Жеке ықылас жалпыға бағынады – қызметкерлердің ынталығын ұйымдастырады, оны іске асырады.
7. Қызметкерлерді марапаттау - әділ болуы тиіс және қызметкерді, жалданушыларды, кәсіпорын мен жұмысшыларды қанағаттандыруы керек
8. Орталықтандыру – қабылдануы не қабылданбауы мүмкін. Кәсіпорын жақсы жағдай жасау үшін бастықтың үрдісіне қарай шешілуі керек.
9. Иерархия – басқарушы мамандықтың қатары жоғарыдан төменгі сатыға дейін өтеді, жоғарғы жақтан келеді, оның мекен жайы арқылы жіберіледі.
10. Тәртіп – әрбір адамның орнын анықтау, сол орында болу.
11.Әділеттілік – өзіне берілген міндетті орындау кезінде мүмкіндігін толық және асыра орындағаны үшін мейірімділікпен, ақ көңілмен қарау.
Әділдік – мейірімділік пен әділ шешімнің үйлестілігі.
12.Жұмыскер құрылымының тұрақтылығы кәсіпорындағы жағдайдың жақсы жағын, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, кәсіпорындағы жағдайдың жаман жағын сипаттайды.
13.Бастама (ынта) – ұсыныстың еркіндігі және жоспардың орындалуы.
14.Қызмет істеушінің бірлігі – егер барлығының қабілеттілігін толық пайдаланса, әрқайсысының жұмысын әділ бағаласа, қарым-қатынас үйлесімін бұзбаса, кәсіпорнының күші сонда.
Файоль тұжырымдаған ереже бірнеше он жылдар бойы кадрларды дайындау мектебінде сабақ ретінде өткізіліп, сонымен бірге практикада пайдаланылып келеді.
Файоль идеясы көп жағдайда американың классикалық менеджмент теориясымен үндес (Ф.Тейлор, Г.Эмерсон, Г.Форд). Ғылыми менеджмент «Алтын қор» мектебін негіздейді. Адамдардың басқарудағы рөлін көп жағдайда механикалық көзқараспен қарастырады.
Француздың мемлекетті басқару мектебінің кейбір ерекшелігі бар. Басқа мектептерден ажыратып тұратын әкімшілік-мемлекеттік басқару теориясының екі кезеңінің эволюциялық дамуында институт теориясы дамыды және дәстүрлі формализмді жеңді. Француз авторлары алғашқы кезден бастап заңдық нормаларды шешумен шектелмей, сол заңдылықтың саяси институтта қолданылу, іске асу жолдарын зерттеді.
Теория институтының кең мағынада қолданылуына байланысты, француз мектебінің шеңберінде институттар туралы айтыстар одан әрі жалғасты. «Институт» түсінігін М.Прело «институттар – организмдер» және «институттар – заттар» деп айырады. Оның ойынша, институт-организм – бұл «адамдар ұжымдары, идеологиялық бірігу не жалпы тұтыну немесе беделділікке бағыну не жазылған ережеге бағыну». «Институт-затқа қатысты, оның ойы» мынадай: адам капитал емес, бірыңғайландырылып үндестірілген заңдылық және құрылымданған құқық нормасының қарапайым жүйесі.
ХХ ғ. 70 жылдарының басында М.Дюверже институт туралы жаңа түсінік берді: «институт адамдар арасындағы белгілі қарым-қатынас моделі, нақты қатынасқа еліктейді, сонымен бірге тұрақты, нық, ұйымшылдық сипатқа ие болады. Әкімшілдік-мемлекеттік басқарудың француздық мектебінде институционалдық теорияның негізі қаланды, мемлекеттің институционалдық тұжырымдамасы өз шешімін тапты. Мемлекетті конституционалдық билік ретінде, терең мағынада – іске асырылған билік институты ретінде қарастыра бастады.
Институционалдық билік биліктік басқаруды институтқа айналдыратынын, содан бастап жалпы бірден бір оның иесі болып есептелетінін білдіреді. Әлбетте, басқару жоғалмайды, мемлекетті басқаруда оның орны өзгереді. Егер ертеде билік өзінің шексіз құқығы (прерогативі) ретінде басқарса, енді ол тек жоғары біліктіліктің агенті ретінде қатысады, жеке биліктің тоқталуын білдіреді, басқару құқықтық шеңберде іске асырылады.
Нақты билік құқыққа айналады. Сонымен, мемлекеттің қазіргі мемлекеттік даму теориясы мемлекеттің институционалдық негізгі бағыты болып саналады.
Франциядағы әкімшілік-мемлекеттік теория абстрактілі теория жасау арқылы дамыды, елдегі мемлекеттік-әкімшілік басқаруды одан әрі дамытуға сипаттама берді. М.Дюверже өзінің «Шах Кароло» деген кітабында президентке, премьер министрге, мемлекеттік және саяси қайраткерлерге саясаткерлердің теориялық тұжырымдамасын пайдалану керек деген пікір айтады.
Франциядағы әкімшілік мемлекетті басқарудың ерекше бағдарламасының негізгі мақсаты мемлекеттік аппарат пен азаматтар арасындағы байланыстың оңтайлы өзара байланысын табу болып саналады, ондай байланыстың болмауы қоғам дамуының барлық деңгейінде қатер тудыруы мүмкін.
Зерттеудің көбеюі мемлекет үкіметінің феноменіне және оны қолданатындарға: президентке, үкіметке арналған 70-ші жылдардан бастап солшыл партия мен мемлекет бағдарламасына біріккен бітім жасаумен үкімет туралы сұрақтың туындауына байланысты Э.Фордың тұжырымдамасы аса түбегейлі болып шықты. Автордың өзі оны социализм ілімімен бір қатарға қойды: «Шындығында сөз социализмге қатысу идеясы туралы» болып отыр деп жазды Э.Фор. Ол жергілікті басқарудағы өкілдікті кеңейту керектігін айтты.
Шарттарды зерттеу туралы комитет құрылды. Ол социализмге қатысу үшін деген ойларды насихаттауға арналды, әрине комитет кең мағынада дамыған жоқ, сондықтан біраздан кейін ұмыт болды.
Белгілі француз философы Алэнның тұжырымдамасы шынайы көрінеді. Өзінің еңбегінде ол «Радикалдық доктринаның элементтеріне» талдау жасау арқылы француздың әкімшіл мемлекеттік жүйесіне анықтама береді: қазіргі франциядағы – нағыз қызметшілер үстемдігі, қазіргі кездегі жоғарғы басқару аппаратында отырғандар, негізінен, шенеуніктер, саяси қайраткерлер емес. Қаржы министрінің бас басқарушыларының бастығы, қорғаныс кеңесінің мүшелері дәулетті адамдар үкіметі.
Алэн француз бюрократтығының компоненттігін жоғары бағалайды. Мемлекеттік қызметке тек конкурс арқылы алу керек. Жоғары білімі барларды баламалы негізде таңдау арқылы, қызметке қою керек, ол, қызметкердің білім дәрежесін көтеруге әсер етеді деген пікір айтады. Басқарушылардың біліміне белгілі баға беру арқылы, Алэн оны одан әрі суреттейді.
Бұнымен бірге мемлекеттік қызметкерлерде ерекше сақтықтыққа бейімділік, сенбеушілік, адамдарды жек көрушілік ерекше сипат пайда болады.
Алэн тағы басқа ғалымдар сияқты, аппараттың адал еместігі, тиімсіздігі қаржыны тиімсіз ысырап етеді. Осының бәрі салық төлеушілерге қымбатқа түседі дегенді айтады.
Мемлекеттік аппаратта сыбайластықтың барын, бюрократтар жұмысты жаман істегендері туралы бірін-бірі көре алмайтынын философ аса бір ашумен жазады.
Қаржыны дұрыс бөлмеу, оны артық жұмсау мемлекеттік бағдарламаның жаман жасалуынан болады.
Алэн жоғарғы бюрократтық аппараттың бастықтарына шенеуніктер өзінің билеушілік шеңберін арттыру үшін өзінің кәсіби ықпалын арттыратынына, жауапты лауазым иесі ерекше элита құрайтынына, абсолюттік билеушілік демократиялық принципті тұйыққа тірейтініне ерекше назар аударады.
Алэн осы жағдайдан шығу жолын ұсынады. Ол анархияны уағыздамайды, оның ойынша билік қажет және оған бағыну керек. Үкіметтік қарым-қатынастың енжарлығына философ қарсы: басқару аппаратындағы диспотизмді тоқтату үшін азаматтар өзіне байланысты барлық жағдайды жасау керек. Ол үшін өзінің сайланған азаматтары арқылы бюрократияны жан-жақты бақылауда ұстау керек.
Алэннің ойынша, сайлауда дауыс беру заң шығарушыларды сайлау емес, мемлекеттік аппаратқа сайлаушылардың тілегін орындау үшін, басқару органдарының актысын тиянақты түрде бақылау үшін сайлау болып саналады. Министр сол саланың маманы болу керек. Басқарудағы Министрлерді олардың есебін қою арқылы және белгілі коммисиялардың бақылау қоюы арқылы парламенттер бақылау керек.
Сонымен, парламент пен министрлерді сайлаушылардың бақылау жасауы бірден-бір тиімді жол.
Басқарудың неміс мектебі, Еуропадағы мемлекетті басқару мектебі беделді орында. Философиялық сипаттағы (фундаментальды) теориялық зерттеу әкімшілік басқару теориясының еркешелігі болып саналады. Институцоналдық шеңберді философтар жасады, соның бастауымен Германияда әкімшілік мемлекеттік басқару теориясы қалыптасты.
Л.Эрхардтың әкімшілік-мемлекеттік басқару тұжырымдамасына ерекше тоқталу керек. Алғашқы экономика министрі, содан кейін вице-канцлер және Германия канцлері. Ірі ғалым және саяси қайраткер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізе отырып, ғылыми орталықты дамыту арқылы Германияда философиялық сипаттағы мемлекеттік биліктің теориясын жасады.
Эрхардтың тұжырымдамасы мемлекеттік әкімшіліктің әлеуметтік рөлін арттырады. Ол әлеуметтік құрылымның консервативтілігін жеңуге тырысты. Ол үшін ірі жағдайлар жасау арқылы меншікті тарқату және капиталды демократияландыру, экономикалық дағдарысты баяулату және таптық қарама қайшылықты жою, экономиканы жоспарлау арқылы жүргізуге байланысты. Германияда мемлекеттік заң негізінде Германияның жалпы экономикасының дамуына баға беретін, оның мүшелері болып ірі ғалымдар кіретін экспорттық кеңес құрылды.
Эрхард мемлекеттік бюджетке ерекше көңіл аударды, онда тәртіп орнату жүйелі түрде шығын мен кірісті азайтып, жаңа қызметкерлерді жұмысқа алатын, еңбек ақыны көбейтетін қоғамды қалыптастырды, қоғам дамуында мемлекеттік әкімшілік біліктілікті іске асыруда белгілі рөлге ие болды. Мемлекет және оның институттары жалпы игіліктің қорғаушысы деп қабылдады.
Мемлекетте қызмет атқаратын адам, негізінен, екі бағытты таңдаған маман болуы тиіс және ол елдің саясатын анықтайды. Эрхард мемлекетті басқарудағы жаңа техниканың мәнін ашып көрсетті.
Мемлекеттік шенеуніктер әлеуметтік топтардың бар мүддесін жақсы білу керек. Мемлекеттік қызметке алған кезде, осы жағдайға көңіл аудару қажет болады. Осыған байланысты мемлекеттік әділеттілікті орнықтыру үшін, құқықтық емес институттарды дамыту керек.
Әкімшілік мемлекет басқарудағы құрылымдық функционалдық бағыттағылар монаистік бағытты ұсынады. Бұл көзқарасты өз еңбегінде Н.Луман дәлелдеді. Ол батыстағы Т.Парсонның «Функционалист» теориясы түсінігінің функция түсінігіне бағынышытылығын сынға алды. Луманның ойынша Парсонның батыс рационалдығы болып есептеледі. Ол ұсынуы бойынша басқару функциясының құрылымын әр тұрғыда зерттеу Луманның құрылымдық-функционалдық теориясының арықшылығы болып саналады.
Германияның саясаткері Р.Дарендорф өзінің әлеуметтік теориясын дамытуда қызықты жағдайды ұсынады. Батыс Еуропадағы әлеуметтік шындықты ол, талдау арқылы пайымдайды. Қазіргі қоғамдағы биліктің бөлінуі, аморфтық жағдайда қазіргі бәсекелес топтардың мүддесін әрбір үстем тап іске асыратын саяси үстемдікпен алмастырады.
Бюрократизм Дарендорфтың ойы бойынша ықпалды жағдайға келмейді, бюрократизмді айналып өте алмайды. Бюрократизмді билей алмайды. Ол үшін үстемдік тап ретінде шектеледі. «Резервтік армиясы бар билік» «Қолбасшысыз армия емес» деген Дарендофтың ойы бойынша саяси үстемдікті іске асыра алмайтын болса, кескінсіз бюрократия биіктейді.
Қоғамдық әлде табиғи, техникалық әлде жалпы, бір де бір бірдей ғылым жоқ. Олар өздерінің ерекше айналымы бар заңдарын ашады, таниды және білу арқылы дамиды. Егер белгілі бір заңдардың айналымы жоқ болса, онда ғылымның пәні жоқ және сол ғылымның өзі де жоқ. Мысалы, Ньютонның үш заңы элементарлық физиканың негізгі пәні болып есептеледі. Мемлекеттік экономиканы басқару теориясы экономикалық айналым заңдарын қолданғанда, айқындайтын факторларды қайталау кезінде факторларды сақтамаса, қандай өзгеріс бар, не олар кездейсоқ ұстаным ба деген ойға әсер етеді. Сондықтан, жалпы экономикалық теорияның пәні айқындауға әсер ететін тұрақты, маңызды, факты аралық байланыс, қоғамдағы экономикалық өмірдің себеп-салдары мен нәтижелерін анықтайды. Осындай байланыстарды экономикалық заңдар дейді. Экономикалық заңдар объективтік сипатта адамдардың сана сезіміне және қайрат-жігеріне бағынбайды, оларды адамдар жақсы, жаман деп бағаламайды. Олар факты ретінде уақыт бойында әрекет етеді. Адамға, қоғамға бәрі қалады – бұл заңдардың әсер ету механизмін зерттеу болып саналады. Экономикалық шешімді қабылдау кезінде экономикалық заңдар қандай талап, тілек қояды, осы жағдайларды зерттеу арқылы стратегиялық бағдарламаны жасау кезінде солар ескеріледі және қолдану арқылы сараптама жасалынады. Егер біз оның механизмін айқындасақ және білсек, ол біздің қайрат-жігерімізден және ол біздің санадан тәуелсіз екендігін білдіреді. «Біз – табиғаттың мырзасымыз!» - деп жазды В.И.Ленин. Әрбір объективтік экономикалық заңдар экономикалық болмыстар арасындағы байланысты білдіреді. Егер сол болмыстар жоғалса, экономикалық заңдар да жоғалады, сол экономикалық заңдардың ішкі байланысын, мазмұнын білдіреді. Мысалы, еңбек уақытын үнемдеу заңы қажеттіліктің шексіздігіне байланысты ресурстардың шектеулігін білдіреді. Бұл заңның мағынасы айқын және кеңдік принципті білдіреді. «Минимум шығын-максимум нәтиже». Егер ұлттық экономикалық шаруашылық осы қағиданы толығымен орындаса, бәсекелік артады, экономика гүлденеді. Жан-Жак Руссоның пайымдауынша: «Уақытты жақсы пайдалану уақытты одан бетер бағалы етеді!».
4.Экономикалық өсудің, тұрмысты дұрыстаудың негізі осында жатыр. Барлық іс-қимылды терең есептеп, оның тиімділігін арттыруды, осылайша, экономикалық програматизм дейміз. 2007-2009 жылдары мемлекет қарамағына біршама мүлік ауысты, экономикада «қолдан басқару» тәсілдері күшейді, бәсекелестіктің арнасы тарылды. Тағы бір қолдайтын жағдай, Елбасы «ең жаңа агротехнологияларды қолдануға бағытталған орта және ірі тауарлық ауылшаруашылық өндірістерін құру жөніндегі заңнамалық және экономикалық ынталандырулар жүйесін» жасауды Үкіметке тапсырды. Осы тапсырма іске асса, ауыл экономикасында елеулі, оң нәтиже беретін өзгерістер болмақ. Өте шағын жекешелендірілген фермерлік шаруашылықтардың басын біріктіріп, өндірістік кооператив құру керектігі жөніндегі мәселе Үкімет алдында көтеріліп келеді. Бұрынғы колхоз, совхоздардан тиісті үлесін алып, жеке шаруашылық құрған фермерлер бар; кең көлемді жерлер сатып алып, өндірістік бірлестіктер құрған қалталы азаматтар да бар; бірақ ауылдағылардың дені кішігірім ғана шаруа қожалықтары. Сондықтан егін алқабынан да, малдарынан да түсім төмен.
Қазіргі таңда Еуроодақ елдеріндегі ІЖӨ өсуінің тек 10%-ы ғана жұмыс күшіне байланысты, 40%-ы жиналған негізгі активтерге, ал 50%-ы инновацияға байланысты. Дәлірек айтсақ, ІЖӨ-нің Франция 50%-ын, Финляндия, Швеция 63-64%-ын, Германия мен Австрия 67 пайызын инновациялық факторлар негізінде алады. Елбасы Стратегиясы туралы айтқанда, экономика төңірегімен ғана шектелуге болар еді. Бірақ Стратегияда көрсетілген, болашақ үшін үлкен маңызы бар бір салаға тоқтамай өтуге болмайды. Ол – әлеуметтік сала. Осыдан аз ғана бұрын Елбасы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жол көрсеткен 20 қадамды ел назарына ұсынды. «Қазақстан-2050» Стратегиясында осымен қатар әлеуметтік саясаттың жаңа қағидалары ұсынылып отыр. Басты міндет – кедейшіліктің өсуіне жол бермеу. «Кедейшілік ешбір қазақстандық үшін әлеуметтік перспективаға айналмауы керек», дейді Президент. Ең алдымен тұрмыс деңгейін анықтайтын ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер қолданысқа енгізілуі керек.
Қазақстанда 25 жастағы және одан үлкен азаматтардың 25,5%–ы жоғары білім иегерлері. Осы көрсеткіш деңгейімен біз әлем елдерінің орта шебіндеміз. Ал Ұлыбритания мен Данияда жоғары білімді азаматтар жалпы халықтың – 33,5%, Оңтүстік Кореяда – 31,6% , АҚШ-та – 38,6%, Канадада – 43,9% құрайды. ҚХР-ның ХХІ ғасырдың ортасына дейінгі жобасында жоғары білімділер тобын халықтың 80%-на жеткізу көрсетілген. Қазақстанда әрбір 10 мың адамға шаққанда 374 студент. Малайзия мен Түркияда – 399 студент, Данияда – 409, Ұлыбританияда – 414, АҚШ-та – 633, Оңтүстік Кореяда – 665 студент келеді. Соңғы ширек ғасырда жоғары білім алушылар қатарының үдемелеп өсуі әлемде орын алып отырған феномен. Елбасының жоғары білімді дамыту туралы ұсыныстары да осы әлемдік үрдіспен жалғасуда. Адами капиталға қайта оралсақ, оны дамытудың маңызды бір саласы денсаулық сақтау жүйесінде жатыр. «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі», дейді Елбасы. Қазақстанда әрбір 10 мың адамға 39 дәрігер және 78 медбике мен акушер келеді екен. Соңғы жылдарда заман талабына сай көптеген емхана мен ауруханалар салынды. Стратегияда осылармен қатар еліміздің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізу, сондай-ақ, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыру көзделген.
