- •Такырып 8. Аймақтық даму жүйесін қалыптастыру. Аймақтық менеджмент. Дәріс жоспары (2 сағат):
- •8.1.Басқару жүйесін қалыптастыру және оның даму принциптері
- •8.2 Басқарудың еуропалық және азиялық модельдері
- •8.3.Аймақтың дамуын басқару жүйесін құрудың әдістемелік негіздері
- •8.4.Аймақтық менеджмент және оның формалары
- •8.5 Аймактық менеджментке әсер ететін ішкі және сыртқы орта факторлары
8.4.Аймақтық менеджмент және оның формалары
Аймақтық менеджмент – аймақтың шаруашылық іс-әрекетіне ықпал ету қағидалары, әдістері, формалары мен құралдарының жиынтығы.
Қазіргі таңдағы тәжірибеге сәйкес аймақтық менеджмент — бұл шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуі жағдайында аймақтағы әлеуметтік-экономикалық процестерді басқару.
Аймақ шаруашылығын басқарудың жоспарлы-директивті жүйесінен аймақтық менеджментке өтудің мәні мынадай өзгерістерден құралады:
- Аймақ дамуының әлеуметтік мәселелердің шешілуіне, қоғамның жоғарғы құндылығы ретіндегі адам өмірінің жоғарғы сапасы мен жоғарғы деңгейін қамтамасыз ететін жағдайларды жүзеге асыруға бағдарлануы;
- Аймақтың барлық шаруашылық субъектілерінің экономикалық еркіндік пен шаруашылық дербестік қағидаларын жүзеге асыруы үшін ұйымдық-экономикалық шарттардың қалыптасуы;
- Аймақтың инвестициялық және құрылымдық саясатының нарық сұранысы мен қажеттілігіне, аймақішілік және аймақтан тыс тұтынушылар сұраныстарына бағдарлануы, аймақаралық және шетелдік нарықтарда сұранысқа ие өнім түрлерінің өндірілуін ұйымдастыру;
- Аймақтың ағымдық және стратегиялық даму бағдарламаларын өңдеу мен жүзеге асыру негізі ретіндегі аймақтық маркетингтің қалыптасуы мен дамуы;
- Аймақтағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және экологиялық жағдайды жүйелік талдау мен бақылау үшін аймақтық статистикадан қазіргі таңдағы ақпараттық базаны қолдана отырып, аймақтық мониторингке өту;
- Аймақтың экономикалық даму деңгейі мен халықтың өмір сүру деңгейінің сәйкес келу дәрежесіне байланысты аймақтық менеджменттің соңғы нәтижесін бағалау (әлеуметтік стандарттар, бюджеттік қамтамасыз етілу, жанұялардың кірістер мен шығыстар құрылымы, экология, демографиялық жағдай, экологиялық қауіпсіздік).
Аймақтық менеджменттің ғылыми негіздері — бұл теориялық базасы болып табылатын ғылыми білімдер жүйесі: аймақтық менеджменттің қағидалары; аймақтық менеджменттің әдістері мен модельдері; аймақтық менеджменттің механизмдері; аймақтық менеджмент жүйесі.
Аймақтық менеджменттің негізгі міндеттері:
- Аймақ халқының өмірлік іс-әрекетінің кеңейтілген ұдайы өндірісін, өмір сүрудің жоғарғы сапасы мен деңгейін қамтамасыз ету;
- Аймақ шаруашылығының экономикалық және әлеуметтік трансформациясы, аймақтық дамуды талдау, болжамдау және бағдарламалау;
- Аймақтың қаржылық ағындарын оңтайландыру, оның экономикалық базасын нығайту;
- Аймақтағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- Аймақтағы құрылымдық, инвестициялық және ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру.
Аймақтық менеджменттің объектілері аймақтың барлық шаруашылық бірліктерін жатқызуға болады. Аталмыш объектілерге аймақтық менеджмент тікелей ықпал етеді.
8.5 Аймактық менеджментке әсер ететін ішкі және сыртқы орта факторлары
Территориялық басқару тәжірибесінде қолданылатын модельдер территориялық басқару деңгейінің саяси шешімдерді қабылдау барысында орталық биліктен қаншалықты ерікті болып, оған қажетті ресурстарға қаншалықты ие болу белгісі бойынша айрықшаланады.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың идеалды автономды моделі горизонталды басқаруы бар жүйе болып табылады, онда әрбір территориалды билік деңгейі өкілеттіктер мен міндеттер шеңбері бойынша жоғарыдағы басқару деңгейлерімен шиелініспейтін өзіндк өкілеттіктерге ие.
Осындай басқару жүйесінде жергілікті билік әрекетін бақылау жоғарғы басқару деңгейлерінде жүзеге асырылады, ал халық – не тікелей референдумдар, сайлаулар, тікелей демократия формаларының жолымен, не бомаса тікелей дауыс беру жолымен өкілетті органдар мен лауазымды тұлғалар арқылы жүзеге асырады. Мұндай жағайда атқарушы биліктің орталық органдары - министрліктер, әкімшілік ведомстволар – негізінен әдістемелік, болжамды, сараптау сипаттағы қызметтерді атқарады, ал олардың шешімдері төменгі құрылымдар үшін ұсынушылық сипатқа ие.
Сол уақытта әлемнің ешбір елінде толық горизонталды басқару жоқ. Территориалды басқарудың осындай сызбасына максималды жақын болып табылатын Америка Құрама Штаттарының өзінде жанама түрде жүзеге асырылатын министрліктер мен ведомстволар тарапынан штаттар мен қалалардың билік органдарының әрекеттерін мемлекеттік реттеу байқалады: түрлі ұлттық бағдарламаларды қаржыландыру жолымен.
Вертикалды басқаруға мысал ретінде жергілікті өзін-өзі басқарудың интеграцияланған кеңестік жүйесін келтіруге болады, онда маңызды саяси шешімдер жоғарғы билік деңгейінде қабылданып, кейіннен «бір каналды» сызба бойынша территориалды басқарудың барлық вертикалы бойынша берілген.
Матрицалық басқару сызбасы басқару буындарына «көп каналды» өзара әрекет ету мүмкіндігін бере отырып, вертикал бойынша да, горизонтал бойынша да биліктердің өзара әрекет етуін болжайды. Мұнда горизонталды әрекет ету маңызды болып табылады: басқарудың бір құрылымының ішіндегі бөлімшелер арасында, басқарудың түрлі автономды деңгейлері арасында (муниципаларалық кооперация).
Осыған байланысты жергілікті басқарудың төрт жүйесін бөліп қарастыруға болады:
- англосаксондық модель;
- Француздық немесе наполеондық модель;
- Германдық немесе аралас модель;
- кеңестік интеграцияланған модель [2].
Жергілікті басқару органдарының қызметтері төменде келтірілген:
Жергілікті өмірдің негізгі мәселелері бойынша шешім қабылдау (бюджетті, салық ставкаларын қабылдау);
Өкілетті орган жұмысына басшылық ету (отырыстарға қатысу, күн тәртібін қарастыру, регламенттің сақталуын бақылау);
Өкілетті орган сессиясының аралығында белгілі шешімдерді қабылдау;
Атқарушы билікті жалпы басқару (лауазымдарға тағайындау, өкілетті орган шешімдерін іске асыру);
Атқарушы билікті техникалық күнделікті басқару (нақты шараларды өңдеу, тұтастай саясатты қамтамасыз ету, шешімдерді келісе қабылдау);
Жергілікті қауымдастық қаржыларының басқарылуын қамтамасыз ету (кірістер мен шығындарды күнделікті басқару, бюджетті ағымдық басқару);
Жергілікті полицияға басшылық ету;
Өкілетті және атқарушы билік актілерінің заңнамаға сәйкес келуін тексеру;
Қаржылық бақылау (аудит, жергілікті билік органдары операциялырының заңға қайшы келмейтінін тексеру);
Қабылданатын шешімдердің техникалық, құқықтық сараптамадан өткізілуі;
Қабылданатын шешімдердің саяси алдын ала сараптамадан өткізілуі;
Жергілікті билік органдарындағы арнайы қызығушылықтардың өкілдігі (кәсіби, конфессиялық, территориялық);
Жекелеген сала шеңберінде салалық басқару;
Заңға қайшы әрекеттері үшін жергілікті билік органдарына санкциялар салу (шешімді жоққа шығару, лауазымнан босату).
Осы тізімнен біздің арнайы орган немесе арнайы мәртебесі бар лауазымды тұлғаның құрылуы тиіс болатын барлық қызметтерді қарастырып отырғанымыз көрініп тұр. Осы қызметтердің барлығы біртұтас ретіндегі жергілікті басқару жүйесінің элементтері болып табылатыны маңызды.
Тәжірибеде түрлі қызметтер түрлі басқару органдары арасында былайшы бөлінуі мүмкін:
- әр қызметке белгілі орган сәйкес келеді;
- қызметт түрлі органдар арасында бөлінген;
- түрлі қызметтер бір орган шеңберінде үйлеседі.
Осымен қатар, жергілікті басқарудың түрлі жүйелері арасындағы айтарлықтай айырмашылықтар мынадай факторлар есебінен қалыптасады:
- органды қалыптастыру тәсілі (тікелей сайлаулар, тікелей емес сайлаулар, тағайындаудың түрлері немесе аралас қалыптастыру);
- аталмыш органдағы коллегиялылық пен бірауыздылықтың ара-қатынасы;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың классикалық органдары жүйесінде тікелей мемлекеттік басқару мен өзге органдардың ара-қатынасы
