Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
normo_kontrol_tek_bakal_2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
652.8 Кб
Скачать

Құрылымы

Дипломдық жұмыс

6

Нормативтік сілтемелер

-

7

Анықтамалар

-

8

Белгілер мен қысқартулар

-

Нормативтік сілтемелер

Стандарт тізімі көрсетіледі, жұмыс мәтінінде сілтеме жасалады

«Берілген диссертацияда келесі стандарттарға сілтеме жасалған» деп жазылады.

Анықтамалар

Жұмыста қолданылатын терминдерді нақтылауға арналған.

«Берілген диссертацияда анықтамалары көрсетілген келесі терминдер қолданылады» деп жазылады.

Белгілер мен қысқартулар

Жұмыста қолданылатын белгілер мен қысқартулар тізімінен тұрады. Алфавитті реттілікпен жазылады, анықтамасы жазылады.

Белгілер мен қысқартулар

АҚ - антиоксиданттық қорғаныс

АОЖ - антиоксиданттық жүйе

ББҚ - биологиялық белсенді қосылыстар

ДНҚ - дезоксирибонуклеин қышқылы

ИО - инкубация ортасы

ЛАТ - липидтердің асқын тотығуы

МДА - малонды диальдегид

ОБФ - оттегінің белсенді формасы

ОБТ - оттектің белсенді түрлері

ТБҚ - тиобарбитур қышқылы

ТХМ - тетрахлорметан

ТХК - төртхлорлы көміртек

ЭОГ - эритроциттердiң осмостық гемолизi

ЭАТГ - эритроциттердiң асқын тотығу гемолизі

ЭАТГ - эритроциттердiң асқын тотығу гемолизi

ЭС - эритроциттер суспензиясы

ФП - фитопрепарат

S - силимарин

Құрылымы

Дипломдық жұмыс

9

КІРІСПЕ

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыста

Жұмыстың негіздемесі, оның мақсаты мен міндеттері, өзектілігі

Магистерлік диссертациядағыдай жасауға да болады.

Шешілетін мәселенің қазіргі таңдағы күйін бағалау мазмұны, тақырыпты өңдеудің негіздемесі мен мәліметтер, ғылыми-зерттеу жұмысты жүргізудің қажеттілігін көрсететін негіздеме беріледі.

Кіріспеде

  • жұмыстың өзектілігі мен жаңалығы,

  • теориялық және практикалық құндылығы,

  • объект және зерттеу затына анықтама,

  • зерттеудің әдістемелері мен тәсілдері,

  • мақсаты мен міндеттері көрсетіледі.

Дипломдық жұмыста

КІРІСПЕ

Теориялық мәліметтер

Жұмыстың мақсаты:

Жұмыстың міндеттері:

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Ғылыми жаңалығы:

КІРІСПЕ

Ғылыми-техникалық прогрестің алға өсуінен қазіргі таңда өндірістер күрделене түсті. Өндірісте механизацияланған еңбек құрал-саймандарын кеңінен қолдану, жүк көтергіш пен жүйрік транспорт құралдарының көбеюі вибрациялық әсерге душар болатын адамдардың санын көбейтіп жіберді. Қазіргі таңда вибрация негізгі зиянды факторлардың бірі болып есептеледі, машина жасау, тау-кен рудасы, станок жасау, авиа- және кеме жасау, тағы басқа да өндірістерде кеңінен кездеседі. Пәтерлер мен қоғамдық орталарда вибрация көзі ретінде инженерлік және санитарлы-техникалық құрал-жабдықтарды, өндірістік саймандарды, сондай-ақ жұмыс істеу кезінде жер арқылы және ғимараттардың құрылыстық конструкциялары бойынша вибрацияның таралуын қамтамасыз ететін күшті динамикалық жүктемелерді тудыратын транспорттық құралдарды (метро, ауыр жүк машиналары, теміржолдағы поезд т.б.) жатқызуға болады.

Вибрация сонымен бірге динамикалық факторлар компоненттерінің бірі болып есептеледі, оның әсерінен авиациялық және космостық ұшу жағдайында адам және жануарлар организмінің функциялауында өзгерістер пайда болуы мүмкін. Технологиялық құрылғылар мен механизацияланған құрал-саймандармен жұмыс істегенде, транспорт құралдарының қозғалысында немесе ғимараттардың сілкіністерінде пайда болатын күрделі тербеліс процестерін вибрацияға жатқызады.

Қазіргі кезде хронобиология адам және жануарлардың мүшелер мен мүшелер жүйесіндегі периодты тербелістерді сипаттай алады. Жүрек-қан тамырлар мен тыныс алу жүйесіндегі, ас қорыту мен зәр шығару мүшелеріндегі, бас миындағы, нерв-бұлшық ет аппаратындағы, жұмыс жасау қабілеттілігіндегі тәуліктік және басқа да ырғақтары жайында мәліметтер көптеп жиналған.

Биологиялық активті нүктелер (БАН) дегеніміз – физиологиялық бейімделушілік процесінде негізгі функцияны атқаратын, «дене жабыны – ішкі мүшелер» арасындағы өзара әсерлесу жүйесінің аса белсенді қасиеттерінің тері жабынында кескінделген рефлекторлық аймағы. Қазіргі таңда мұндай нүктелерді дәрігерлер диагностикалық мақсатта қолданылып келеді.

Ағзаның физиологиялық қызметтерін реттеуде терінің қасиеттері өте ерте уақыттан белгілі. Терідегі рефлекторлық аймақтарға жататын биологиялық активті нүктелер арқылы тиесілі мүшелердің физиологиялық күйін анықтауға, алдын ала болжам жасауға, қажетті әсерлерді беру мақсатымен әртүрлі тітіркеністерді тудыруға болады. Ал әдеби деректерде БАН-ның физиологиялық қасиеттері мен оларға әсер ету шаралары жайында мәліметтер жеткілікті. Биоактивті нүктелермен байланыс жасайтын ішкі мүшелердің «өмірлік энергиясының» 24 сағаттық ырғақпен қозғалысы ежелгі қытай әдеби деректерінде көрсетілген, рефлексотерапия нұсқауларынан кездестіруге болады.

Жалпы вибрацияның әсері ең бірінші нерв қызметі мен вегетативті функцияларының - тыныс алу, жүрек-қан тамырларының қызметіне, асқорыту динамикасына әсер ететінін, талдағыштардың - есту, көру, сезу, дәм сезу функциялары мен эндокринді бездерінің қызметтері өзгеріске ұшырайтынын дәлелдейтін зерттеу жұмыстарының мәліметтері әдеби деректерде жеткілікті. Вибрация тері талдағыштарына, перифериялық қан тамырларына, қолдардың дірілдеуі мен қақсап ауруына, омыртқа аралық диск пен сүйектердің зақымдалуына, кеуде-көкірек қуысындағы мүшелердің орнынан ығысуына ықпалын тигізеді

Вибрацияның организмге әсері әртүрлі. Вибрацияны диагностикалық және емдік мақсатта қолдануға болады, бірақ ол белгілі бір жағдайда организмге керісінше әсер етуі де мүмкін. Мұндай әртүрлі қасиеттері вибрацияның сипаты мен параметрлеріне, оның әсер ететін жеріне, ең негізгісі организмнің ерекшелігіне, орталық нерв жүйесінің функционалды күйіне, реактивтілігіне байланысты болады. Вибрацияның жоғары амплитудасы мен төмен жиілігі жеке органдардың уақытша немесе тұрақты ауытқуын тудырады, ал төмен амплитуда мен жоғары жиіліктегі вибрация нерв ұштарына, тамырқозғалтушы нервтерге бірінші әсер етіп «вибрация ауруының» пайда болуына себепші болуы мүмкін.

Жұмыстың мақсаты: жануарлардың терісіндегі биоактивті нүктелердің биопотенциал көрсеткіштері бойынша вибрацияның әсерін зерттеу.

Жұмыстың міндеттері: қалыпты жағдайдағы қояндардың аурикулярлы биологиялық активті нүктелерінің биопотенциалын зерттеу.

Стресс фактор әсеріне түскен қояндардың аурикулярлы биологялық активті нүктелерінің биопотенциалының көрсеткіштерін анықтау.

Қалыпты және стресс факторындағы қояндардың терісіндегі аурикулярлы биологиялық активті нүктелердің биопотенциал көрсеткіштерінің динамикасын айқындау.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: хронофизиологиялық зерттеу жұмыстарының соңғы жылдарындағы жетістіктері тірі жүйелердегі биологиялық ырғақтарды зерттеуге, оның уақыт бойынша параметрлік құрылымдарындағы көрсеткіштеріне болжам жасап бағалауға және алдын алу шараларын жүргізуге мүмкіндіктер тудырып отыр. Қазіргі таңда биоырғақтар жіктелуінің ішінде күн мен түннің алмасуына тәуелді периодты өзгеріп отыратын циркадианды ырғаққа ерекше көңіл бөлінуде, себебі циркадианды ырғақ пейсмекерлік функциясымен ырғақтардың басқа түрлеріне, әсіресе ультрадианды ырғақтардың қалыптасуына тигізетін ықпалы белгілі. Тіршілік әрекетіндегі биологиялық құрылымдар мен жүйелердің тәуліктік динамикасы мен хроноқұрылымдық параметрлерін біле отырып, қоршаған ортаның стресс тудырушы факторларына бейімделу кезіндегі тірі жүйелерде өтіп жатқан физиологиялық үдірістерді жете зерттеу және олардың қалыпты күйін реттеуге көмектесетін шараларды іздеп табу өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.

Сонымен, жоғарыда берілген мәліметтер вибрация әсерлеріне бейімделуге түскен тірі ағзалардың терісіндегі биологиялық активті нүктелердің хроноқұрылымдық параметрлерін зерттеуге арналған біздің тәжірибеміздің өзектілігін көрсетеді.

Ғылыми жаңалығы: қалыпты жағдайдағы және вибрация кезіндегі қояндардың терісіндегі аурикулярлы биоактивті нүктелердің хронофизиологиялық ерекшеліктеріне жүргізілген кешенді зерттеу жұмыстарына сүйене отырып, қалыпты және вибрация әсеріндегі қояндардың терісіндегі аурикулярлы биоактивті нүктелердің биопотенциалының көрсеткіштерінің тәуліктік динамикасының ерекшеліктері талданды.

Бұл жұмыстың нәтижелері хронофизиология саласына қосқан үлес болып табылады. Биоырғақтардың хроноқұрылымдық параметрлерінің өзгерістерін анықтайтын ақпараттық индикаторды вибрация әсерлеріне ағзаның бейімделу мүмкіндіктерін анықтауда пайдалануға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]