- •Мазмұны
- •Такырып 1. Аймақтық экономика және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және типологиясы
- •1.1.Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі міндеттері
- •1.2. Аймақтық экономика мен басқарудың әдістері
- •1.3. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •1.4.Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары
- •1.5. Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 2. Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері
- •2.1. И.Тюненнің ауыл шаруашылық штандорт теориясы
- •2.2. А.Лештің шаруашылықты кеңісті ұйымдастыру туралы ілімі
- •2.3. В. Лаунхардтың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды штандорты
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 3. Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде
- •3.1.Аймақ ұлттық экономиканың ішкі жүйесі ретінде
- •3.2.Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы
- •3.3.Аймақтық (территориялық) еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлері
- •3.4.Аймақтық ұдайы өндіру процесінің ұғымы мен мәні
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Такырып 4. Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау
- •4.1.Аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктері: құрылымы, даму көрсеткіштері
- •4.2.Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары
- •4.3. Салааралық өзара әрекеттесу
- •4.4. Аймақтың орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары
- •4.5.Қарағанды облысының аймақтық дамуының ерекшеліктері
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
- •Такырып 5. Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде
- •5.1.Аймақтық талдау әдістері
- •5.2.Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі
- •5.3.Ұлттық есеп жүйесін аймақтандыру
- •5.4. Аймақтың салааралық байланысы
- •Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 6. Қр аймақтары экономикасының тарихи-географиялық сипаттамасы
- •6.1.Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасының кеңістік құрылымының тарихи және физика-географиялық факторларға тәуелділігі
- •6.2.Қазақстан аймақтарының бұрынғы әкімшілік-әміршіл экономикадағы рөлі және орны қазіргі заманғы аймақтық дамудың негізі ретінде
- •6.3.Белгілі бір аумақтардың шикізат бағыттылығының күшеюі және моносалалық аймақтардың пайда болуы
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 7. Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні
- •7.1.Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
- •7.2.Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық экономиканың орны
- •Такырып 8. Аймақтық даму жүйесін қалыптастыру. Аймақтық менеджмент.
- •8.1.Басқару жүйесін қалыптастыру және оның даму принциптері
- •8.2.Аймақтың дамуын басқару жүйесін құрудың әдістемелік негіздері
- •8.3.Аймақтық менеджмент және оның формалары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •9.1.Аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
- •9.2. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау-болжамдаудың жетілдірілуіне бағытталған негізгі әдістемелік бағыттар
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 10. Аймақтық бағдарламалар
- •10.1.Аймақтық бағдарламалардың теориясы мен тәжірибесі
- •10.2.Бағдарламаның қалыпты құрылымы
- •10.3.Бағдарламаны басқару, бағдарламаны жүзеге асыру механизмі
- •11.2.Аэа деңгейі берілетін территорияларды таңдау критериялары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 12. Аймақтық саясатты жүзеге асырудағы экономикалық механизмдер
- •12.1.Бюджеттік жүйе мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде
- •12.2.Бюджетаралық трансферттер және олардың аймақтық дамудағы ролі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 13. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі
- •13.1.Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше
- •13.2.Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттары
- •13.3.Аймақтық саясаттың құқықтық негіздері мен макро-микро құралдары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі:
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Аймақтық экономика пәніне не кіреді?
"Территория", "аймақ», "кеңістік" түсініктерінің айырмашылықтары қандай?
"Райондау" деген не және оның қандай түрлерін білесіздер?
Ірі экономикалық аудандар мен экономикалық ықпалдасудың аймақаралық ассоциациялары арасында қандай байланыс бар?
Мәселелік аймақтарға мысал келтіріңдер.
Такырып 2. Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері
2.1. И.Тюненнің ауыл шаруашылық штандорт теориясы
2.2. А.Лештің шаруашылықты кеңісті ұйымдастыру туралы ілімі
2.3. В. Лаунхардтың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды штандорты
2.1. И.Тюненнің ауыл шаруашылық штандорт теориясы
Орналастыру теориясының қалыптасуын неміс экономисті Й.Тюненнің есімімен байланыстырған жөн. Оның ғылыми еңбектерінің басты мазмұны – ауылшаруашылық өндірісті орналастыру заңдылықтарын айқындау.
Өзінің зерттеулерінде Й.Тюнен өзге әлемнен экономикалық оқшауланған мемлекеттің болуын қарастырған, оның шеңберінде ауылшаруашылық өнімді өткізудің жалғыз нарығы және өнеркәсіптік тауарлармен қамтамасыз ету көзі болып табылатын орталық қала болады. Кеңістіктің әр нүктесіндегі әр өнімнің бағасы жүк салмағы мен тасымалдау алшақтығына тура пропорционалды болып табылатын қаладағы бағадан тасымалдау шығындарының құнына айрықшаланады. Й.Тюненнің орналастырудың оңтайландыру критериялары — тасымалдау шығындарын минимизациялау.
Й.Тюнен мынадай мәселені алға қойған болатын: анықталған алғышарттар барысында ауылшаруашылығы қандай формаларға ие болады және оның орналастырылуына қаладан алшақтық қандай ықпал етеді? Аталмыш сұраққа жауапты ол өндіру орнынан нарыққа дейін өнімді жеткізудің тасымалдау шығындарын салыстыру жолынан іздеп, нәтижесінде қандай да бір ауылшаруашылық өндіріс түрлерін орналастыру үшін неғұрлым қолайлы зоналар айқындалды (тасымалдау шығындарын минимизациялау тұрғысынан).
Тюненнің сақиналары. Й.Тюнен ауылшаруашылық өндірісті орналастырудың оптималды сызбасы – бұл ауылшаруашылық іс-әрекеттің алуан түрлерін орналастыру зоналарын бөлетін орталық қала маңайындағы шеңберлер (поястар) жүйесі екенін дәлелдеді.
Өнімділік неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сәйкес өндіріс қалаға жақын орналастырылуы тиіс, және салмақ бірлігіне шаққандағы қандай да бір өнім неғұрлым қымбат болса, соғұрлым оны қаладан алыстау орналастырған жөн. Нәтижесінде шаруашылықты жүргізудің интенсивтілігі қаладан алшақтау шамасына қарай төмендейді.
Өзінің Мекленбургтегі жерінде шаруашылық жүргізу шарттарына негізделе отырып, Й.Тюнен ауылшаруашылық іс-әрекетті орналастырудың 6 поястарын (сақиналар) бөліп қарастырды. Олар:
- өнімділігі жоғары қала шетіндегі шаруашылық;
- орман шаруашылығы;
- тұқым шаруашылық өндірісі;
- мал шаруашылығы;
- тұқым себу алқаптары;
- мал шаруашылық өндірісінің зонасы.
Өзге жағдайларда поястардың нақты құрамының өзгеше болуы мүмкін, дегенмен олардың кезектесу қағидасы сақталады.
Сондай-ақ Й.Тюнен орналасқан жері бойынша жер рентасы теориясының негізгі ережелерін негіздеген болатын. Белгілі бір өнім өндірілген жерінен тәуелсіз түрде бірдей баға бойынша сатылады. Жер рентасы орталыққа салыстырмалы жақын орналастырылған шаруашылықтардағы тасымалдау шығындарын үнемдеу көлеміне тең. Ол бірінші сақинада максималды және жер телімінің орталықтан алшақтауына қарай төмендейді. Ауылшаруашылығы жүргізілетін неғұрлым алшақ сақинада рента көлемі нөлге тең. Ауылшаруашылық өнімдерді жеткізуге қатысты тасымалдау шығындарының минимумы жер рентасының максимумына тең болады.
