- •Мазмұны
- •Такырып 1. Аймақтық экономика және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және типологиясы
- •1.1.Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі міндеттері
- •1.2. Аймақтық экономика мен басқарудың әдістері
- •1.3. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •1.4.Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары
- •1.5. Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 2. Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері
- •2.1. И.Тюненнің ауыл шаруашылық штандорт теориясы
- •2.2. А.Лештің шаруашылықты кеңісті ұйымдастыру туралы ілімі
- •2.3. В. Лаунхардтың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды штандорты
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 3. Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде
- •3.1.Аймақ ұлттық экономиканың ішкі жүйесі ретінде
- •3.2.Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы
- •3.3.Аймақтық (территориялық) еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлері
- •3.4.Аймақтық ұдайы өндіру процесінің ұғымы мен мәні
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Такырып 4. Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау
- •4.1.Аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктері: құрылымы, даму көрсеткіштері
- •4.2.Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары
- •4.3. Салааралық өзара әрекеттесу
- •4.4. Аймақтың орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары
- •4.5.Қарағанды облысының аймақтық дамуының ерекшеліктері
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
- •Такырып 5. Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде
- •5.1.Аймақтық талдау әдістері
- •5.2.Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі
- •5.3.Ұлттық есеп жүйесін аймақтандыру
- •5.4. Аймақтың салааралық байланысы
- •Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 6. Қр аймақтары экономикасының тарихи-географиялық сипаттамасы
- •6.1.Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасының кеңістік құрылымының тарихи және физика-географиялық факторларға тәуелділігі
- •6.2.Қазақстан аймақтарының бұрынғы әкімшілік-әміршіл экономикадағы рөлі және орны қазіргі заманғы аймақтық дамудың негізі ретінде
- •6.3.Белгілі бір аумақтардың шикізат бағыттылығының күшеюі және моносалалық аймақтардың пайда болуы
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 7. Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні
- •7.1.Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
- •7.2.Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық экономиканың орны
- •Такырып 8. Аймақтық даму жүйесін қалыптастыру. Аймақтық менеджмент.
- •8.1.Басқару жүйесін қалыптастыру және оның даму принциптері
- •8.2.Аймақтың дамуын басқару жүйесін құрудың әдістемелік негіздері
- •8.3.Аймақтық менеджмент және оның формалары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •9.1.Аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
- •9.2. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау-болжамдаудың жетілдірілуіне бағытталған негізгі әдістемелік бағыттар
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 10. Аймақтық бағдарламалар
- •10.1.Аймақтық бағдарламалардың теориясы мен тәжірибесі
- •10.2.Бағдарламаның қалыпты құрылымы
- •10.3.Бағдарламаны басқару, бағдарламаны жүзеге асыру механизмі
- •11.2.Аэа деңгейі берілетін территорияларды таңдау критериялары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 12. Аймақтық саясатты жүзеге асырудағы экономикалық механизмдер
- •12.1.Бюджеттік жүйе мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде
- •12.2.Бюджетаралық трансферттер және олардың аймақтық дамудағы ролі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 13. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі
- •13.1.Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше
- •13.2.Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттары
- •13.3.Аймақтық саясаттың құқықтық негіздері мен макро-микро құралдары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі:
1.5. Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі
Мәселелік (проблемалық) аймақтар — бұл мемлекет тарапынан белсенді қолдаудың көрсетілуін талап ететін өзінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін дербес шешу немесе өзінің жоғары потенциалын жүзеге асыруға қабілетсіз территория. Мәселелік аймақтардың негізгі сапалық белгілері:
- елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына, саяси тұрақтылығы мен экологиялық теңдігіне қауіп төндіретін ірі мәселенің көрініс табуы;
- ұлттық экономика үшін қолданылуы аса маңызды болып табылатын ресурстық потенциалдың болуы (өндірістік, ғылыми-техникалық, еңбектік, табиғи);
- елдің стратегиялық қызығушылықтары үшін аймақтың геосаяси және геоэкономикалық жағдайының аса маңыздылығы;
- аймақта жалпыұлттық және әлемдік маңызы бар мәселелерді шешу үшін қаржылық ресурстардың жеткіліксіздігі.
Аймақтық саладағы түрлі ғылыми институттардың мамандарымен аймақтар жіктемесінің (типология) үлкен көлемі өңделген. Негізгі типология 3 өлшемге ие:
- әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі;
- даму қарқыны;
- табиғи-географиялық жағдайлар (климат, ел орталығына қатысты орналасуы, әлемдік нарық аймақтарына тартылуы).
Аталмыш өлшемдерге сәйкес аймақтардың мынадай типтерін атап өтуге болады:
Артта қалған (әлсіз дамыған) аймақтар. Мәселелік аймақтардың аталмыш типіне ел аймақтарының жалпы массасымен салыстырғанда дәстүрлі түрде өмір сүрудің төменгі деңгейіне ие аймақтарды жатқызуға болады. Аталмыш топ аймақтарының басым бөлігі ұзақ мерзімді тұрып қалу жағдайына ие; оларға шаруашылық іс-әрекетінің төменгі интенсивтілігі, өнеркәсіптік аз диверсификацияланған салалық құрылымы, әлсіз ғылыми-техникалық потенциал, нашар дамыған әлеуметтік сала тән.
Салыстырмалы түрде ең артта қалған аймақтар – кәсіпорын өндірісі өнімінің көлемі шектеулі, мардымсыз, сондай-ақ тек бір салаға басымдық беріп, басқасы дамымаған, әртараптандырылмаған аймақтар. Кей жердің басты кәсібі ауыл шаруашылығына бағытталғанымен, сол саланың өзінде қордаланған мәселе көп, шешімі жоқ (Жамбыл, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары).
Дамуға аяқ басқан, бірақ артта қалушы аймақтар – әртүрлі қазба байлығы бар, ірі өндіріс орындары жұмыс істейді, дамудың даңғыл жолына түсуге дайын, алайда осыған жағдай жасалмаған, нақтырақ айтқанда, көлік пен байланыс тораптары әртараптандырылмаған, қажетті инфрақұрылымдар салынбаған аймақтар (Қызылорда, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары), бюджеттен қаржы бөлінгенімен, ол мақсатсыз жұмсалып кетуде.
Жағдайы жақсы аймақтар – үлкен көлемдегі инвестиция құйылып жатқан ірі мұнай мен газ, әртараптандырылған басқа да өндіріс ошақтары бар аймақтар (Астана мен Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау облыстары).
Депрессивті аймақтар. Депрессивті территориялар – жағдайы ұзақ уақыт бойы тұрақты түрде нашарлаған бұрындары әлеуметтік және экономикалық дамыған территориялар.
Депрессивті аймақтарға облыстар, аудандардың жекелеген бөліктерін, немесе көршілес территориялық бірліктердің бөліктерін жатқызуға болады. Бұл мемлекеттік реттеуді жүзеге асырып, мұқтаж территорияларға мақсатты көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Депрессивті аймақты дамытуда мемлекеттік реттеудің негізгі құралы ретіне ресми қабылданған Бағдарлама маңызды орынды иеленеді. Тәртіп бойынша, бағдарламалар төмендегілерді қамтуы тиіс:
- мәселенің нақты сипаттамасын, негізгі мақсаттар, олардың орындалу мерзімдері мен негізгі кезеңдерінің көрсетілуін;
- бағдарламаны қаржыландыру көлемін;
- аймақаралық және халықаралық еңбек бөлінісіндегі аймақтың күтілетін орнын;
- экономиканың әлеуметтік қайта бағдарлануының есепке алынуын;
- әрекет етуші ресурстық, өндірістік, инфрақұрылымдық, ғылыми, еңбектік, қаржылық потенциалды тиімді қолдана отырып, нарық жағдайындағы аймақ өнімінің бәсекеқабілеттілігін арттыру жағдайларын;
- қоршаған ортаны қорғау және аймақ экономикасының тұрақты дамуына жағдай жасау бойынша шаралар жүйесін;
- қажетті инвестициялар ауқымы, құрылымы жайлы мәліметтерді;
- бағдарламаны басқаруды, жүзеге асыру процесі мен құқықтық ілеспелілігін ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды.
Қазіргі таңда мұндай бағдарламалар неғұрлым мұқтаж аймақтарға көмек көрсету үшін қаражаттардың жұмсалуын бақылау, координациялау, реттеу және жүйелеу қызметін атқара алады.
"2002-2006 жж. Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының Тұжырымдамасы туралы" ҚР Үкіметінің 2001 жылдың 7 желтоқсанындағы №1598 Қаулысына сәйкес шағын қалаларды анықтау үшін оларды депрессивті қалаларға жатқызудың сәйкес критериялары қолданылған болатын:
- халықтың жан басына шаққандағы өнеркәсіптік өнімді өндіру көлемі орташа республикалық деңгейдің 20%-нан төмен;
- ресурстық базаның болмауы немесе сарқылуы;
- қаланың өнімді өткізудің ірі нарықтарынан алшақтығы;
- соңғы үш жылдағы жұмыссыздықтың орташа деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 50 және одан жоғары пайызға жоғары болуы;
- өнеркәсіптегілердің орташа айлық жалақысы республика бойынша орташамен салыстырғанда 1,5 есеге төмен;
- өндірістік инфрақұрылымның дамымауы;
- жағымсыз экологиялық жағдайлар.
Аталмыш критерияларға байланысты депрессивті қалалар категориясына Державинск, Степняк (Ақмола облысы), Алға, Шалқар (Ақтөбе облысы), Абай, Қарқаралы (Қарағанды облысы), Арқалық, Жетіқара (Қостанай облысы), Арал (Қызылорда облысы), Форт-Шевченко (Маңғыстау облысы) жатқызуға болады.
Дағдарыстық аймақтар. Дағдарыстық аймақтарға табиғи және техногенді апаттардың ықпалына алынған территорияларды, жинақталған экономикалық потенциалын бұзып, халықтың мәжбүрлі эмиграциясына әкелетін қоғамдық-саяси жанжалдар болған аймақтарды, экономикалық дағдарыстың тереңдігі қалпына келтірілмейтін әлеуметтік және саяси деформацияларға әкелуі мүмкін аймақтарды жатқызуға болады.
Шекаралас аймақтар. Бұл мемлекеттік реттеуге аса мұқтаж аймақтар. «Шекаралас аймақ» түсінігі оған енуші территория мемлекеттік шекараның айтарлықтай ықпалына алынатынын білдіреді.
Мемлекет экономикалық әлсіз аймақтарға өндірістік инфрақұрылымды дамыту, жеке инвестициялар ағынын ынталандыру, несиелік жеңілдіктер мен преференцияларды ынталандыру, кәсіпорындарды іріктеулі түрде дотациялау формасында қолдау көрсете алады. Алайда осындай экономикалық қолдаудың ауқымдары жақын жылдары қаржылық ресурстардың шектеулілігіне байланысты айтарлықтай көлемді бола алмайды.
Сондықтан қазіргі таңдағы басты жол — бұл өзіндік потенциал мен бәсекелік артықшылықтарын пайдалана отырып, аймақтардың өзін-өзі дамытуы.
Жалпы, Қазақстанның әкімшілік бөлінісіне келетін болсақ, ҚР-да 14 облыс бар, олар: Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан.
Қазақстанның аталған 14 облысының 12-сі шекара маңында. Дамыған және серпінді дамып келе жатқан елдердің тәжірибесі шекара маңындағы аймақтар осы мемлекеттердің өсу аймақтарына айналғанын көрсетті. Шекара маңындағы аймақтар экономикалық белсенділік орталықтары болып табылады және бүкіл елдің әлемдік экономикалық жүйеге ойдағыдай кірігуіне ықпал етеді.
Республикалық маңызы бар қалалар: Астана және Алматы қалалары.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында тұрғын халқының саны 50 мыңнан аспайтын 60 шағын қалалар бар. Олардың ішінде, 41 шағын қалалар сәйкес ауылдық аудандардың әкімшілік орталығы болып табылады, бұл, өз кезегінде, шағын қалалар санының 68 %-ын және ауылды аудандар санының 25 %-ын құрайды.
19 шағын қалалар ауылды аудандардың орталықтары болып табылмайды: Степногорск, Темір, Ембі, Жем, Қапшағай, Текелі, Шар, Серебрянск, Курчатов, Шу, Шахтинск, Саран, Приозерск, Қаражал, Лисаковск, Арқалык, Ақсу, Қазалы, Жаңаөзен. Олардың жартысы облыстық маңызы бар қалалар болып табылса, ал жартысы аудандардың бірігуі салдарынан аудан орталықтары мәртебесін жоғалтқан (кесте 1).
Кесте 1.1
Қазақстан Республикасының облыстары шеңберіндегі шағын қалалардың тізімі
Облыс |
Шағын қалалар саны |
Шағын қалалардың атаулары |
Ақмола |
9 |
Ақкөл, Атбасар, Державинск, Есіл, Ерейментау, Макинск, Степногорск, Степняк, Щучинск |
Ақтөбе |
7 |
Алға, Жем, Қандыағаш, Темір, Хромтау, Шалқар, Ембі |
Алматы |
9 |
Есік, Жаркент, Қаскелең, Қапшағай, Сарканд, Талғар, Текелі, Үшарал, Үштобе |
Атырау |
1 |
Күлсары |
Шығыс Қазақстан |
7 |
Аягөз, Зайсан, Зыряновск, Курчатов, Серебрянск, Шар, Шемонаиха |
Жамбыл |
3 |
Жаңатас, Қаратау, Шу |
Батыс Қазақстан |
1 |
Ақсай |
Қарағанды |
6 |
Абай, Қаражал, Қарқаралы, Приозерск, Саран, Шахтинск |
Қостанай |
3 |
Аркалық, Жетіқара, Лисаковск |
Қызылорда |
2 |
Арал, Қазалы |
Маңғыстау |
2 |
Жаңаөзен, Форт-Шевченко |
Павлодар |
1 |
Ақсу |
Солтүстік Қазақстан |
4 |
Булаево, Мамлютка, Сергеевка, Тайынша |
Оңтүстік Қазақстан |
5 |
Арыс, Жетісай, Ленгер, Сарыағаш, Шардара |
Өндіру өнеркәсібін дамытушы қалалар саны 14:
Көмір өндіру - Абай, Шахтинск;
Мұнай мен газ өндіру – Жаңаөзен, Күлсары, Ақсай;
Металл рудаларын өндіру - Зыряновск, Қаражал, Лисаковск, Арқалық, Текелі, Хромтау;
Шикізат ресурстарының өзге түрлерін өндіру - Жанатас, Қаратау, Жетікара.
Өңдеуші өнеркәсіпті дамытумен сипатталатын қалалар саны 9:
Химиялық өнеркәсіп - Саран, Алға, Степногорск;
Металлургиялық өнеркәсіп - Ақсу;
Машина құрылысы, құрылыс, тоқыма және тамақ өнеркәсібі - Макинск, Ерейментау, Қапшагай, Ленгер, Арал.
Қайта өңдеуші ауылшаруашылық өнімдері салаларын дамытушы қалалар саны - 19:
Ақкөл, Арқалык, Атбасар, Есіл, Степняк, Сарканд, Жаркент, Қаскелең, Үштөбе, Есік, Үшарал, Талғар, Шемонаиха, Зайсан, Булаево, Мамлютка, Сергеевка, Тайынша, Жетісай.
Электр энергиясын өндіру бойынша салалардың дамуымен сипатталатын қалалар - Шардара, Серебрянск.
Өнеркәсіптік-көліктік орталықтар - 8 қала: Қандыағаш, Ембі, Шалқар, Аягөз, Шар, Шу, Арыс, Қазалы.
Ғылыми-эксперименталды орталықтар - Курчатов, Приозерск, Степногорск.
Сауықтыру орталықтарының қызметін атқаратын қалалар - Сарыағаш, Щучинск, Қарқаралы.
Бұрынғы өнеркәсіптік және өнеркәсіптік емес қызметтерін біртіндеп жоғалтушы қалалар - 4 қала: Жем, Темір, Державинск, Форт-Шевченко.
