- •Мазмұны
- •Такырып 1. Аймақтық экономика және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және типологиясы
- •1.1.Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі міндеттері
- •1.2. Аймақтық экономика мен басқарудың әдістері
- •1.3. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •1.4.Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары
- •1.5. Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 2. Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері
- •2.1. И.Тюненнің ауыл шаруашылық штандорт теориясы
- •2.2. А.Лештің шаруашылықты кеңісті ұйымдастыру туралы ілімі
- •2.3. В. Лаунхардтың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды штандорты
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 3. Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде
- •3.1.Аймақ ұлттық экономиканың ішкі жүйесі ретінде
- •3.2.Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы
- •3.3.Аймақтық (территориялық) еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлері
- •3.4.Аймақтық ұдайы өндіру процесінің ұғымы мен мәні
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Такырып 4. Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау
- •4.1.Аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктері: құрылымы, даму көрсеткіштері
- •4.2.Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары
- •4.3. Салааралық өзара әрекеттесу
- •4.4. Аймақтың орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары
- •4.5.Қарағанды облысының аймақтық дамуының ерекшеліктері
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
- •Такырып 5. Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде
- •5.1.Аймақтық талдау әдістері
- •5.2.Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі
- •5.3.Ұлттық есеп жүйесін аймақтандыру
- •5.4. Аймақтың салааралық байланысы
- •Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 6. Қр аймақтары экономикасының тарихи-географиялық сипаттамасы
- •6.1.Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасының кеңістік құрылымының тарихи және физика-географиялық факторларға тәуелділігі
- •6.2.Қазақстан аймақтарының бұрынғы әкімшілік-әміршіл экономикадағы рөлі және орны қазіргі заманғы аймақтық дамудың негізі ретінде
- •6.3.Белгілі бір аумақтардың шикізат бағыттылығының күшеюі және моносалалық аймақтардың пайда болуы
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 7. Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні
- •7.1.Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
- •7.2.Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық экономиканың орны
- •Такырып 8. Аймақтық даму жүйесін қалыптастыру. Аймақтық менеджмент.
- •8.1.Басқару жүйесін қалыптастыру және оның даму принциптері
- •8.2.Аймақтың дамуын басқару жүйесін құрудың әдістемелік негіздері
- •8.3.Аймақтық менеджмент және оның формалары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •9.1.Аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
- •9.2. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау-болжамдаудың жетілдірілуіне бағытталған негізгі әдістемелік бағыттар
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 10. Аймақтық бағдарламалар
- •10.1.Аймақтық бағдарламалардың теориясы мен тәжірибесі
- •10.2.Бағдарламаның қалыпты құрылымы
- •10.3.Бағдарламаны басқару, бағдарламаны жүзеге асыру механизмі
- •11.2.Аэа деңгейі берілетін территорияларды таңдау критериялары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 12. Аймақтық саясатты жүзеге асырудағы экономикалық механизмдер
- •12.1.Бюджеттік жүйе мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде
- •12.2.Бюджетаралық трансферттер және олардың аймақтық дамудағы ролі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 13. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі
- •13.1.Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше
- •13.2.Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттары
- •13.3.Аймақтық саясаттың құқықтық негіздері мен макро-микро құралдары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі:
1.4.Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары
Қарастырып отырған білім саласының бастапқы түсінігі болып территория табылады — белгілі ауданмен, географиялық орналасумен және өзге де белгілермен сипатталатын Жердің қатты бөлігінің шектелген бөлігі. Толықтырушы түсініктер ретінде қарастырылатындар акватория — Жердің су бетінің шектелген бөлігі және аэротория — белгілі территориямен немесе акваториямен үйлестірілетін Жердің әуе бетінің бөлігі. «Территория», «акватория», «аэротория» түсініктерінің мазмұнын біріктіретін түсінікке геоторияны жатқызуға болады.
Әрі қарай «территория» түсінігі басым қолданылатын болады, алайда «акватория» және «аэротория» түсініктері де экономикалық кеңістікті зерттеу барысында қолданылады.
Түрлі белгілер бойынша территорияның біртекті болмауы немесе белгілі зерттеу мақсаттары тұрғысынан территорияның шамадан тыс көлемі территорияның бөліктерге бөлу қажеттілігін тудырады — яғни аймақтар.
Аймақ — бұл бірқатар белгілер бойынша өзге территориялардан айрықшаланатын және белгілі тұтастықпен, құраушы элементтердің өзара байланыстылығымен сипатталатын белгілі территория. «Аймақ» сөзі — латын тілінен аударғанда (regio түбірінен) ел, өлке, облыс дегенді білдіреді.
Түрлі ғылымдар мен тәжірибелік іс-әрекет салаларында аймақтарды бөліп қарастырудың өзіндік қағидалары болатыны анық. Жекелей алғанда, экономика үшін әкімшілік және экономикалық басқару тұрғысынан, территориялық еңбек бөлінісіндегі орны тұрғысынан, еңбек нарығы, тауарлар мен қызметтер нарығы тұрғысынан, әлеуметтік-экономикалық мәселелер тұрғысынан аймақтарды бөліп қарастырудың маңызы зор.
Э.Б. Алаевтың анықтамасына сәйкес, «аудан — бұл өзге территориялардан айрықшаланып, құраушы элементтердің бірлігі, өзара байланыстылығы және тұтастығымен сипатталатын территория». Шетелдік ғылыми әдебиетте көбінесе «аймақ» түсінігі қолданылады. Аудан, аймақ, ареал, зона — зерттеу объектісі ретінде, оның соңғы нәтижесі ретінде, әрекет ету объектісі ретіндегі зерттелетін территорияны бөлудің өлшемі ретінде қолданыла алады.
География мен аймақтық экономикада «аймақ» термині көптеген анықтамаларда қолданылады, және ғылыми әдебиеттер мен периодикалық басылымда ол біртіндеп «аудан» терминін ығыстырады. Бұл, мүмкін, аудан терминінің көбінесе «экономикалық аудан», «әкімшілік аудан» түсініктерімен ұқсастырылатындығында шығар. Ал «аймақ» термині неғұрлым иілмелі түсінік болып табылады.
Еуропалық Одақ (ЕО) құжаттарында «аймақ» түсінігіне келесідей сипаттама берілген: «аймақ» — географиялық көзқарас тұрғысынан тұтастықты білдіретін территория. Немесе халқы мәдени, экономикалық және әлеуметтік прогресті ынталандыру мақсатында өздерінің тұрмыс-тірлішігі мен құндылықтарын сақтауға ұмтылатын территориялық бірлік.
Сонымен, территорияларды аймақтарға бөлуді райондау (аудандау) деп атауға болады. Тәжірибеде райондау нақты даму кезеңі үшін айтарлықтай тұрақты территориялық құрылымдарды бөліп қарастыру үшін қажет. Ол алға қойылған мақсаттарға сәйкес жүзеге асырылады, яғни үнемі мақсатты немесе мәселелі бағдарланған болып табылады.
Қандай да бір ірі территорияны табысты басқару оны райондаусыз немесе әкімшілік-территориялық бөлініссіз мүмкін емес, яғни аталмыш территорияны құраушы бөліктерге бөлу. Райондау мәселелері кең территорияға, түрлі табиғи жағдайларға, өндіргіш күштердің зор потенциалына ие мемлекеттер үшін аса өзекті. Ондай мемлекеттердің қатарына, ең алдымен, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Қытай, Үндістан, Мексика, Бразилия мен бірқатар өзге мемлекеттерді жатқызуға болады. Сондай-ақ, райондау Беларуссия мемлекетін жатқызуға болатын орта мемлекеттер үшін де аса өзекті.
Райондау мен әкімшілік-территориялық бөліністің қажеттілігі территорияның ауқымы, онда қалыптасқан шаруашылық байланыстар, ұлттық, діни және өзге де ерекшеліктермен байланысты болатын аймақтық-аудан құрудың объективті процесін сипаттайды. Райондау 2 деңгейде жүзеге асырылады:
- танымдық;
- қайта құраушы.
Танымдық деңгейде біртекті территорияларды бөліп қарастыру жолымен елдің табиғи, демографиялық және экономикалық потенциалы зерттеледі. Ол қайта құраушы деңгейге өту базасын құрай отырып, статистикалық материалды жинақтауға мүмкіндік береді.
Райондаудың қайта құраушы деңгейі табиғи, демографиялық және экономикалық потенциалды рационалды пайдалану перспективаларын өңдеу және жүзеге асырумен, сонымен қатар ресурстарды максималды тиімді пайдалану мақсатында аймақтарды бөліп қарастырумен ерекшеленеді.
Райондаудың түрлері:
- экономикалық – территорияны табиғи және әлеуметтік-экономикалық белгілер жиынтығы бойынша бөлу, ол территориялық еңбек бөлінісі негізінде жүзеге асырылады (ірі экономикалық аймақтар (зоналар); ірі экономикалық аудандар; территориялық өндірістік кешендер, өнеркәсіптік тораптар);
- әкімшілік – территорияларды әрекет етуші әкімшілік тор негізінде бөлумен сипатталады, оның мақсаты – бірлік пен орталықтан басқаруды қамтамасыз ету (республика, облыс, облыстың әкімшілік ауданы, қала, қала ауданы, поселок);
- бағдарламалық – мемлекеттік аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру объектілері ретінде территориялық құрылымдарды бөлу (депрессивті аудандарды дамыту бағдарламасы, экономикалық бағдарламалар, АЭА);
- кешенді – аралас.
Мысалы, Қазақстан 5 ірі экономикалық аудандардан құралады. Солтүстікте егін шаруашылығы, темір рудаларын және көмір өндіру, машина құрылысы, мұнай өнімдерін, ферроерітінділерін өндіру мен энергетика дамыған. Шығыс Қазақстанда түсті металлургия, энергетика, машиа құрылысы және орман шаруашылығы дамыған. Батыс Қазақстан – тек Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ ТМД-ң да ірі мұнай-газ өндіруші аймағы. Ал Орталық Қазақстан шаруашылығының негізгі салалары – қара және түсті металлургия, машина құрылысы, мал шаруашылығы. Оңтүстік Қазақстанда мақта, күріш, жүн, астық, жеміс-жидектер, көкөністер өндіріледі; түсті металлургия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, балық және орман шаруашылығы дамыған. Өнеркәсіптің орналастырылуы пайдалы қазбалардың кен орындарына, ірі қалалар мен су ресурстарына байланысты. Тау-кен өнеркәсібінің жоғары деңгейде шоғырлануы экологиялық жағдайдың нашарлауымен байланысты, бұл әсіресе Шығыс, Орталық және Оңтүстік Қазақстанның қалаларына тән.
Райондаудың негізгі ережелері: райондаудың факторлары анықталады (табиғи, экономикалық); әр фактор бойынша критериялар анықталады (тұтастай территорияға тән және аталмыш аймаққа тән белгілер); олардың сандық параметрлері белгіленеді; шекаралары анықталады.
Райондау басқару мүмкіндігін қамтамасыз етіп, оны басқару объектілеріне жақындатуға (халық, кәсіпорындар, т.б.), болжамдау мен жоспарлауды жеңілдетуге, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге арналған.
Райондаудың негізгі қағидалары:
Экономикалық — аймақты қосымша және қызмет көрсетуші өндірістерінің белгілі көлемі бар елдің бірегей халықшаруашылығы кешенінің маманданған бөлігі ретінде қарастырады. Аталмыш қағидаға сәйкес аймақтың мамандануын еңбек шығындары, өнімнің өндірілу және тұтынушыға жеткізу шығындары өзге аймақтармен салыстырғанда неғұрлым төмен болатын салалар анықтауы тиіс.
Ұлттық — аймақ халқының ұлттық құрамын, оның еңбек етуінің тарихи қалыптасқан ерекшеліктерін, дәстүрлері мен ғасырлық тәжірибесін ескереді.
3. Әкімшілік — елдегі экономикалық райондау мен территориялық саяси-әкімшілік құрылымының бірлігін анықтайды. Аталмыш қағида аймақтардың дербес дамуы мен территориялық еңбек бөлінісінде аймақтар ролінің нығаюына жағдай жасайды.
Территориялық дамуды мемлекеттік реттеу мақсаттары үшін мәселелік аймақтардың түрлі типтері бөлініп қарастырылады. Мысалы, әлеуметтік-экономикалық саясатта артта қалған (әлсіз дамыған), депрессивті, дағдарыстық сияқты мәселелік аймақтар бойынша арнайы шаралар қарастырылады; әсіресе шекаралас аймақтарға назар аударылады. Осындай аймақтарда қалыптасқан жағдай тек өзіндік экономикалық ресурстарға ғана сүйене отырып, дамуға мүмкіндік бермейді, сондай-ақ оларға мемлекеттік қолдау қажет. Аталған аймақтар әкімшілік-территориялық бірліктерге сәйкес келмеуі мүмкін.
Еуропада шекаралас мемлекеттердің территорияларын қамтитын еуроаймақтар құрылуда. Мысалы, "Сарлотлюкс" еуроаймағы Саар (ГФР), Лотарингияны (Франция) және Люксембург елін қамтиды; "Нейсе" еуроаймағына ГФР бірқатар шығыс елдері, Польшаның батыс жерлері мен Чехияның батыс округтері енеді. Еуроаймақтар мемлекеттердің құқық қорғау заңдарының шеңберінен шығатын өздерінің басқару органдарына ие болады.
«Аймақ» түсінігін халықаралық қауымдастық та қолданылады — әлемнің аймақтары. Олардың кейбіреулері координация мен басқарудың ұлттықтан басым институттарына ие — мысалы, ЕО аймағы, ТМД аймағы, еркін сауданың Солтүстік-Америкалық ассоциациясы.
Тауарлар, еңбек, капитал, ақпараттың ұлттық нарықтарын ырықтандыру негізінде экономикаларды біріктіруші ретінде әлем аймақтарының дамуы ұлттық аймақтар арасында қатынастардың дамуын ынталандырып, трансұлттық аймақтардың қалыптасуына жол ашады.
Аймақтық экономиканың негізгі түсініктерінің бірі территория жөніндегі бастапқы көріністі дамытатын экономикалық кеңістік болып табылады. Экономикалық кеңістік — бұл көптеген объектілер мен олардың арасындағы байланыстарды қамтитын тығыз территория: тұрғылықты пункттер, өнеркәсіптік кәсіпорындар, шаруашылық игерілген және рекреациялық аудандар, көлік және инженерлік желілер және т.б. Әр аймақ өзінің ішкі кеңістігі мен сыртқы кеңістікпен байланыстарға ие болады.
«Экономикалық кеңістік» түсінігіне келесі түсініктер жақын болып табылады: экономиканың кеңістіктік (территориялық) құрылымы және шаруашылықтың кеңістіктік (территориялық) ұйымдастырылуы.
Экономикалық кеңістіктің сапасы көптеген сипаттамалармен және параметрлермен анықталады. Олардың ішінде, ең алдымен, келесілерді бөліп қарастырған жөн:
- тығыздық (халық саны, жалпы аймақтық өнім көлемі, табиғи ресурстар, негізгі капитал және т.б.);
- орналасу (орналасу теңдігінің көрсеткіштері, халық бөлінуінің және экономикалық іс-әрекеттің көрсеткіштері, оның ішінде шаруашылық игерілген және игерілмеген территориялардың болуы);
- байланыстылық (кеңістік бөліктері мен элементтері арасындағы экономикалық байланыстардың интенсивтілігі, көлік және коммуникациялық желілердің дамуымен анықталатын тауарлар, қызметтер, капитал мен адамдар мобильділігінің шарттары).
Экономикалық кеңістіктің қызмет етуі үшін оның элементтері арасындағы ара-қашықтықтың да маңызы зор. Физикалық тұрғыда километр, мильдермен өлшенетін өлшемдерге қарағанда «экономикалық кеңістік» физикалық алшақтықты жеңу үшін көлік және трансакциялық шығындармен сипатталады. Сондықтан бір географиялық нүктелер арасындағы экономикалық ара-қашықтық түрлі тауарлар, қызметтер және мигранттар топтары үшін бірдей болмайды.
Экономикалық кеңістікте шаруашылықты ұйымдастыру мен орналастыру формаларының көптеген түрлері әрекет етеді.
Кеңістіктің негізгі объектісі — локалитет — бір объектісі бар жергілік («шағын территория»). Бұл шағын тұрғылықты пункт, кәсіпорын, коммуникация бола алады, яғни локалитет тұрғылықты, өнеркәсіптік, көліктік, рекреациялық және т.б. бола алады. Локалитеттердің үйлесуі шаруашылық пен орналасудың кеңістіктік ұйымдастырылуының нақты формаларын құрайды:
- өнеркәсіптік торап — бұл өнеркәсіптік кәсіпорындардың, бір немесе бірнеше тұрғылықты пункттердің шағын территорияда орналастырылған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның ортақ объектілерімен үйлесуі;
- көліктік торап — өндіріс пен халықтың шоғырлануымен үйлесетін көлік коммуникациясының қиылысуы;
- территориялық-өндірістік кешен (ТӨК) — түрлі технологиялық байланысқан өндірістердің өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының ортақ объектілерімен үйлесуі. ТӨК аймақаралық, ұлттық және тіпті әлемдік нарықтар ауқымдарында өндірістік мамандануға ие болады. ТӨК табиғи ресурстарға бай жаңа территорияларды шаруашылық игерудің қалыпты формасы болып табылады.
Агломерация — өнеркәсіптік және көліктік тораптарды, коммуникация жүйелерін, қалалар мен тұрғылықты пункттерді біріктіретін территориялық құрылым. Агломерациялар шаруашылық пен халықты шоғырландырудың жоғары деңгейімен сипатталады. Оған мысал ретінде Қазақстан Республикасындағы Алматы қаласын жатқызуға болады.
Агломерация орналастыру формалары қалалық және ауылдық болып жіктеледі.
Қалалық тұрғылықты пункттер, ең алдымен, халық саны бойынша айрықшаланады. Қазақстанда қала халқының саны 10 мың адамнан кем болмауы керек, ал өзге қалалық құрылымдарда (қала типіндегі поселкілер) — 2 мыңнан кем емес. Үлкен қалалар 100 мың адамдай халық санына ие (оның ішінде аса ірі — 500 мыңнан астам, ірі — 100-500 мың адам). Орта қалалар — 50-100 мың адам. Жартылай орташа — 20-50 мың адам. Шағын қалалар — 10-20 мың адам.
Қалалық тұрғылықты пункттер шаруашылықтың кеңістіктік ұйымдастырылуында түрлі қызметтерді атқарады (аталмыш қызметтерді қала тұрғызушы деп атайды). Көп функционалды қалалар шаруашылық немесе іс-әрекеттің қандай да бір саласын шоғырландырады: өнеркәсіп, көлік қызметтері, сауықтыру мекемелері (курортты қала) және т.б. Кейбір қалаларға тек бір кәсіпорын ғана қызмет көрсетеді (қауіпсіздік зауыты, кен орны, гидроэлектростанция, кеме порты және т.б.). Өнеркәсіп, құрылыс, көлік, сауда, қаржы, білім беру мекемелері, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, басқару және т.б. шоғырландыратын көп функционалды қалалар неғұрлым кеңінен тараған.
Сонымен, «агломерация» латын тіліндегі «agglomero» сөзі – «қосамын», «шоғырландырамын», «бірге қоршаймын» деген мағынаны білдіреді. Яғни, бір қаланың ірілену нәтижесінде өзінің бұрынғы шекарасынан шығып, айналасындағы елді мекендерді, соның ішінде ауылдар мен шағын қалаларды жұтып қоюы немесе тең дәрежедегі екі үлкен қаланың араларында бос жер қалмауына байланысты бір-біріне қосылып кетуі. Қазақстанда қазір қалалық агломерацияның дамуы, ең алдымен Алматы қаласының бет бейнесінен байқалады. Бұл қала өзіне Талғар, Николаев, Қалқаман секілді бірнеше елді мекенді қосып алу арқылы байқалады. Астананың қазіргі өсу, кеңею деңгейі де агломерациялану үрдісін байқатады. Ол маңайындағы Көктал, Мичурин, Кірпішті секілді елді мекендерді өзіне қосып алды.
Қарағанды-Теміртау қалаларының да бір-біріне жақын келуі тағы бір қызықты құбылыс. Бұл жерде екі орталықты қалалық агломерацияның пайда болу құбылысы байқалады.
Қалалық агломерациялардың бірігуі бірнеше ондаған миллион адамдарды біріктіретін мегаполистерді құрайды.
Қалалыққа қарағанда ауылдық пункттердің типтері табиғи, тарихи, халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктері мен мұраларын неғұрлым толығырақ сипаттайды.
Бірнеше ғасырлар бойы жүзеге асып жатқан халық пен өндірістің қалаларға шоғырлану процесі — урбандалу — ауылдық пункттер мен ауыл халқының айтарлықтай бөлігін жұтатын қалалар жүйесін құру нәтижесіне ие. Ауыл халқының азаюы оның қалаға көшуі, ауылдық жерлерді өспелі қалалардың қалалық сипатына енгізу, ірі ауылдық жерлердің қалалық поселкілерге өзгеруі салдарынан болады.
Дамыған елдердегі урбандалудың қазіргі таңдағы қарқыны – қала орталықтарындағы неғұрлым жақсы қамтамасыз етілген халық бөлігінің неғұрлым ыңғайлы қала шеті мен көлікпен қамтамасыз етілуі жақсы поселкілерге көшуі (субурбанизация мен дезурбанизация процестері).
Шаруашылық пен орналастырудың кеңістіктік ұйымдастырылуының қарастырылып отырған формалары үлкен елдердің территориялары бойынша тең түрде бөлінбейді (Ресей, АҚШ, Канада, Бразилия, Қытай).
Әлем елдерінің басым бөлігі біртекті емес экономикалық кеңістікке ие. Бірақ тіпті біртекті емес экономикалық кеңістік шекараларында анклавтар мен эксклавтар сияқты ерекше бөліктер бөлініп қарастырылады.
Анклав (лат. inclavatus — «жабық, қамалған», лат. clavis — «кілт») — өзге мемлекеттің территориясымен қоршалған мемлекет территориясының бөлігі. Өзге елмен толығымен қоршалған мемлекет бөліктері толық анклавтар деп аталады. Анклав-мемлекеттерге Италиядағы Ватикан және Сан-Марино, ОАР-ғы Лесото жатқызылады. Ал анклав-территорияларға мысалы, Бангладеш территориясында 106 үндістан ауылдарын қамтитын үндістанның анклавтарын атап өтуге болады.
Жартылай анклав — өзге мемлекеттің территориясымен жазық далада қоршалған, бірақ теңізге шыға алатын мемлекеттің бөлігі. Осындай типті анклавтарды жағажайлық анклавтар деп те атайды. Осындай жартылай-анклав елдеріне Малайзия мен Оңтүстік Қытай көлі қоршап жатқан Брунейді, Испания және Атлант мұхитымен қоршалған Португалияны жатқызуға болады.
Эксклав — бұл елдің негізгі территориясынан бөлінген оның бөлігі.
Таза эксклав — елдің негізгі территориясынан алшақтатылған және бір немесе бірнеше мемлекетпен қоршалған (анклав болып табылмайтын) егеменді емес аймақ. Таза эксклав өзге мемлекеттерге қатысты анклав болып табылмайды, бірақ елдің негізгі территориясына қатысты эксклав болып табылады.
Өзге территориямен толық қоршалмай, теңізге шыға алатын эксклав жартылай эксклав деп аталады.
Ресейдегі Калининград облысы Балтық теңізі, Польша және Литвамен қоршалған, ендеше ресейлік жартылай эксклав болып табылады, бірақ жартылай анклав болып табылмайды.
Аляска штаты АҚШ-ң жартылай эксклавы және Канадаға қатысты американдық жартылай анклав болып табылады, себебі сонымен ғана шекаралас.
Сеута және Мелилья — Мароккоға қатысты испандық жартылай эксклавтар және жартылай анклавтар.
Мәскеудің өзі Мәскеу облысы территориясындағы анклав болып табылады.
Өзбекстанның Ферғана облысы да Қырғызстанмен қоршалған 3 анклавты қамтиды: Шахимардан эксклавы, Соха ауданы мен Чон-Гара.
