- •Мазмұны
- •Такырып 1. Аймақтық экономика және басқару пәні. Аймақтар ұғымы және типологиясы
- •1.1.Аймақтық экономика мен басқаруды зерттеудің пәні, негізгі міндеттері
- •1.2. Аймақтық экономика мен басқарудың әдістері
- •1.3. Аймақтық экономика мен басқарудың экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны
- •1.4.Аймақтық экономиканың негізгі ұғымдары
- •1.5. Аймақтарды типтерге бөлу қажеттілігі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 2. Аймақтық экономика және басқарудың теориялық негіздері
- •2.1. И.Тюненнің ауыл шаруашылық штандорт теориясы
- •2.2. А.Лештің шаруашылықты кеңісті ұйымдастыру туралы ілімі
- •2.3. В. Лаунхардтың өнеркәсіптік кәсіпорынның рационалды штандорты
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 3. Аймақ шаруашылық жүргізу және басқару объектісі ретінде
- •3.1.Аймақ ұлттық экономиканың ішкі жүйесі ретінде
- •3.2.Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы
- •3.3.Аймақтық (территориялық) еңбек бөлінісінің түрлері және деңгейлері
- •3.4.Аймақтық ұдайы өндіру процесінің ұғымы мен мәні
- •Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- •Такырып 4. Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау
- •4.1.Аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктері: құрылымы, даму көрсеткіштері
- •4.2.Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары
- •4.3. Салааралық өзара әрекеттесу
- •4.4. Аймақтың орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары
- •4.5.Қарағанды облысының аймақтық дамуының ерекшеліктері
- •Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
- •Такырып 5. Аймақ макроэкономикалық талдау объектісі ретінде
- •5.1.Аймақтық талдау әдістері
- •5.2.Аймақтық макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі
- •5.3.Ұлттық есеп жүйесін аймақтандыру
- •5.4. Аймақтың салааралық байланысы
- •Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 6. Қр аймақтары экономикасының тарихи-географиялық сипаттамасы
- •6.1.Қазіргі заманғы Қазақстан экономикасының кеңістік құрылымының тарихи және физика-географиялық факторларға тәуелділігі
- •6.2.Қазақстан аймақтарының бұрынғы әкімшілік-әміршіл экономикадағы рөлі және орны қазіргі заманғы аймақтық дамудың негізі ретінде
- •6.3.Белгілі бір аумақтардың шикізат бағыттылығының күшеюі және моносалалық аймақтардың пайда болуы
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 7. Аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі мен мәні
- •7.1.Аймақтық теңсіздіктердің объективті негіздері және аймақтар дамуын мемлекеттік реттеу қажеттігі
- •7.2.Жалпы ұлттық экономикалық саясаттағы аймақтық экономиканың орны
- •Такырып 8. Аймақтық даму жүйесін қалыптастыру. Аймақтық менеджмент.
- •8.1.Басқару жүйесін қалыптастыру және оның даму принциптері
- •8.2.Аймақтың дамуын басқару жүйесін құрудың әдістемелік негіздері
- •8.3.Аймақтық менеджмент және оның формалары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •9.1.Аймақтық дамудың жоспарлануы мен болжануының объективті шарттылығы, олардың әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
- •9.2. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау-болжамдаудың жетілдірілуіне бағытталған негізгі әдістемелік бағыттар
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 10. Аймақтық бағдарламалар
- •10.1.Аймақтық бағдарламалардың теориясы мен тәжірибесі
- •10.2.Бағдарламаның қалыпты құрылымы
- •10.3.Бағдарламаны басқару, бағдарламаны жүзеге асыру механизмі
- •11.2.Аэа деңгейі берілетін территорияларды таңдау критериялары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 12. Аймақтық саясатты жүзеге асырудағы экономикалық механизмдер
- •12.1.Бюджеттік жүйе мен бюджетаралық қатынастар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде
- •12.2.Бюджетаралық трансферттер және олардың аймақтық дамудағы ролі
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Такырып 13. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі
- •13.1.Әлем елдеріндегі аймақтық экономикадағы мәселелері: жалпы және ерекше
- •13.2.Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттары
- •13.3.Аймақтық саясаттың құқықтық негіздері мен макро-микро құралдары
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі:
13.2.Әлемдік экономикадағы аймақтық дамуды реттеу институттары
Бірде бір елде аймақтық дамуды реттеуге жауап беретін қандай да бір орталық органның монополиясы жоқ. Мемлекеттің аталмыш қызметі бірнеше немесе көптеген орталық ведомстволар арасында бөлінеді. Тәртіп бойынша, бір-екі координациялаушы орган бөлінеді. Мысалы, Германияда — бұл көлік, құрылыс және тұрғын үй шаруашылық Министрлігі, Италияда — аймақтар істері бойынша Министрлік, Испанияда — жоспарлау бойынша Бас әкімшілік кеңес, Нидерландыда — тұрғын үй шаруашылығы, жеке жоспарлау және қоршаған ортаны қорғау Министрлігі, Австралияда — қалалар жөніндегі Комитет. АҚШ-та федералдық деңгейде аймақтық саясатты өңдеу мен жүзеге асыру жауапкершілігі әртараптандырылған. Мұнда сауда Министрлігінің құрамына енетін экономикалық даму Әкімшілігі әрекет етеді. Аталмыш органның негізгі іс-әрекеті артта қалушы және депрессивті аудандарды дамыту бағдарламаларын жүзеге асырумен байланысты. Сондай-ақ аймақтық мәселелермен ел Президенті қарамағындағы әкімшілік-бюджеттік басқарма, экономикалық даму бойынша Федералды консультациялық кеңесі, штатаралық сауда жөніндегі Комиссия айналысады. Федералды аймақтық саясатты өңдеу мен жүзеге асыруда АҚШ Президенті зор өкілеттікке ие: федералды және жергілікті биліктердің ынтымақтастығы туралы Заңға сәйкес Президент қандай да бір аймақтардың экономикалық дамуына ықпал ететін федералды бағдарламалар мен жобаларды өңдеу және қарастыру ережелерін бекітеді.
Елдердің басым бөлігіндегі жоғарғы заңнамалық органдар аймақтық саясатқа қатысты арнайы комитеттерге (комиссиялар) ие, ал екі палаталы жоғарғы заңнамалық органдарда жоғарғы палаталар көбінесе аймақтардың палаталары да болып табылады. Осылайша, АҚШ-ғы Сенатқа әр штаттан екі өкілден сайланады, ГФР Бундесратына әр федералды жерлерден тұрғын халық санына пропорционалды түрде үштен алтыға дейінгі өкілдер сайланады. Францияда қала мэрлері парламенттің жартысын құрайды.
Мемлекеттің биліктің әкімшілік және заң шығарушы органдарынан басқа аймақтық дамуды реттеуде консультациялық, жобалық, эксперттік зерттеу ұйымдары маңызды рольге ие болады.
Германияда кеңістіктік ұйымдастыру жөніндегі Комитет әрекет етеді, оның төрағасы – ГФР канцлері, ал мүшелері — аймақтық дамудың негізгі аспектілеріне жауап беретін федералды министрлер.
Францияда аймақтарда координациялық қызметтерді атқарып, ұсыныстарды өңдейдін өкілетті органға территорияны жайластыру және аймақтық даму бойынша Делегацияны (ТЖАДД) жатқызуға болады.
Италияда аймақ істері бойынша Министрліктен басқа «Мемлекет – аймақтар» Конференциясы маңызды рольге ие. Айына екі рет шақыртылатын Конференцияның жұмысына елдің барлық аймақтарының өкілдері қатысады. Конференцияның басты міндеттері – бюджет жобасына қатысты келісілген ұсыныстарды дайындау, әлсіз дамыған аймақтарға мемлекеттік көмек көрсету.
Испаниядағы аймақтық экономикалық саясатты жүзеге асыруда жоспарлау бойынша Бас әкімшілік кеңес, автономды қауымдастықтардың қаржылық саясаты бойынша Кеңес, жергілікті әкімшілік бойынша ұлттық комиссия маңызды орынды иеленеді. Аталмыш институттармен қатар аймақтық дамудың белгілі аспектілерін реттейтін орталық үкімет пен автономды қауымдастықтың бірлескен комиссиялары қызмет етеді.
Елдердің көпшілігінде мемлекеттік меншікті басқару және мемлекеттік реттеу мақсаттарын жүзеге асыруда аймақтық дамудың мемлекеттік корпорация (компаниялары) маңызды рольге ие. Олардың міндеттері:
- қоғамдық сектордың (мемлекеттік және муниципалды) мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындар, аралас капиталы бар фирмалардың мақсатты іс-әрекетуі арқылы аймақ дамуына ықпалын күшейту;
- аймақтық инфрақұрылымды жетілдіру, әлеуметтік және экологиялық ортаны сауықтыру жобаларын жүзеге асыру;
- инвесторларды тарту, жеке кәсіпкерлерге, әрекет етуші фирмаларды қайта құрылымдауға қаржылық, құқықтық көмек көрсету, инновациялық іс-әрекетті ынталандыру;
- даму банктері қызметін атқару.
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірдің түрлі мәселелерін шешуде аймақтардың артып отырған салиқалылығы координациялаушы ассоциация-ұйымдарды құрудан өз көрінісін табады. Германияда — бұл муниципалитеттердің Ұлттық ассоциациясы, Италияда — аймақтардың Тұрақты кеңесі мен коммуналардың Ассоциациясы, Нидерландыда — жергілікті билік органдарының Ассоциациясы, Швецияда — қала кеңестерінің Ассоциациясы мен муниципалитеттердің Ассоциациясы. Аталмыш ассоциациялар басқару және шаруашылық ету тәжірибесімен алмасады, орталық биліктерге қатысты аймақтардың мүдделерін қорғайды.
